Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қазандағы N 221 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 қазанда N 2707 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 25.11.2014 N 312 қаулысымен.
 
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, Жарма ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Жарма ауданы әкімдігінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерi үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-10-117 болып тіркелген, «Қалба тынысы» газетінің 2011 жылғы 6 шілдедегі № 53 нөмірінде жарияланған 2011 жылғы 8 маусымдағы № 157) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Жарма ауданының әкiмi

Т. Қасымжанов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады