Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Малеевка селолық округінің Быково, Богатырев ауылдарының, Ново-Калиновск елді мекенінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Малеевка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 23 мамырдағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 маусымда N 5-12-145 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аймақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Быково, Богатырево ауылдарының, Ново-Калиновск елді мекенінің тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Малеевка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Быково ауылындағы Быково өзенінің ар жағындағы атауы жоқ көшеге - Заречная;
      Быково ауылындағы Быково өзенінің сол жағындағы Заречная көшесіне қатар жатқан атауы жоқ көшеге - Зеленая;
      Быково ауылындағы Зеленая көшесімен қатар ауылдың солтүстік батысына қарай орналасқан атауы жоқ көшеге - Школьная;
      Быково ауылындағы Школьная көшесімен қатар ауылдың солтүстік батысына қарай орналасқан атауы жоқ көшеге - Мараловод;
      Быково ауылындағы шығыстан батысқа қарай Бұқтырма өзеніне перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көшеге - Лесхозная;
      Быково ауылындағы оңтүстіктен солтүстікке қарай Лесхозная көшесіне перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көшеге - Центральная;
      Быково ауылындағы шығыстан батысқа қарай Центральная көшесіне перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көшеге – Окраинная;
      Богатырево ауылындағы батыстан шығысқа қарай Бұқтырма өзенінің ағысымен орналасқан атауы жоқ көшеге – Боровая;
      Богатырево ауылындағы ауылдың солтүстігінен батысқа қарай атауы жоқ көшеге – Центральная;
      Богатырево ауылындағы ауылдың солтүстігінен оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ көшеге – Солнечная;
      Богатырево ауылындағы ауылдың оңтүстігінен солтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ көшеге – Молодежная;
      Богатырево ауылындағы ауылдың оңтүстігінен солтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ көшеге - Прохладная;
      Богатырево ауылындағы ауылдың оңтүстік-шығысына қарай орналасқан атауы жоқ көшеге – Заречная;
      Ново-Калиновск ауылындағы аты жоқ көшесіне – Центральная атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Малеевка селолық
      округінің әкімі                            Н. Зайцева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады