Өрел ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 03 қаңтардағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда N 5-13-106 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Өрел ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Өрел ауылындағы көшелердің атаулары:
      Предгорная көшесі – «Мерғазы Бекпау атындағы» көшесіне;
      Школьная көшесі – «Оралхан Бөкей атындағы» көшесіне;
      Речная көшесі – «Шоқан Уалиханов атындағы» көшесіне;
      Строительная көшесі – «Бауыржан Момышұлы атындағы» көшесіне;
      Молодежная көшесі – «Қайрат Рысқұлбеков атындағы» көшесіне;
      Кирова көшесі – «Бөгенбай батыр атындағы» көшесіне;
      Зеленый клин көшесі – «Орманшылар» көшесіне;
      Пограничная көшесі – «Шекарашылар» көшесіне;
      Садовая көшесі – «Қаныш Сәтпаев атындағы» көшесіне;
      Заставская көшесі – «Бақанас» көшесіне өзгертілсін.
      2. Енбек ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Баламер Сахариева атындағы» атауы;
      № 2 көшеге – «Садық Түкебаева атындағы» атауы;
      № 3 көшеге – «Таңба» атауы.
      3. Аршаты ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - «Күншығыс» атауы;
      № 2 көшеге - «Бұқтырма» атауы;
      № 3 көшеге - «Мектеп» атауы.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман А. Ахметоваға жүктелсiн.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ауылдық округ әкiмi                        Е. Көбешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады