Тассай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Тассай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда N 5-15-106 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4 тармағына сәйкес, Тассай ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Тассай ауылындағы төмендегі көрсетілген көшелердің атауы өзгертілсін:
      "Ленин" көшесінің атауы – "Мухамади Төлегенов" көшесіне;
      "Горный" көшесінің атауы - "А.Я. Булгак" көшесіне.
      2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
 

Тассай селолық



округ әкімі

С. Далбин

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады