Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне теріс әсер ететін шаруашылық қызметтер мен тиісті аумақтарды белгілеу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 мамырда № 3080 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, ерекше табиғи кешендерді сақтау, қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне теріс әсер ететін шаруашылық қызметтер мен тиісті аумақтарды белгілеу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 тіркелген, 2010 жылғы 6 сәуірдегі "Орал өңірі" газетінің № 37 жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулы қосымшасының 7-тармағында:
      1) "Жергілікті маңызы бар "Орда" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін ландшафтты табиғат ескерткіші" сөздері "Жергілікті маңызы бар "Орда" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы" сөздеріне ауыстырылсын;
      2) "Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретiн немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндiру, үңгiрлердi бүлдiру, жер қазу жұмыстарын жүргiзу, табиғи гидрологиялық режимдi өзгертетiн әрекеттер, мемлекеттiк табиғи қаумалдың табиғи құрама бөлiктерiн бүлдiру немесе қиратуға байланысты iзденiстер мен ғылыми зерттеулер" сөздері "Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретiн немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: мал жаю, шөп шабу, ағаш кесудiң барлық түрлерi, гүлдер теру, өсiмдiктердiң тамырларын, түйнектерiн және жуашығын қазып алу, от жағу, көлiк құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келiп кiруi және жүруi, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiру, сол сияқты өсiмдiктердiң бүлiнуiн және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттер" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Н. Ноғаев

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 25 февраля 2010 года № 31 "Об установлении видов хозяйственной деятельности, отрицательно влияющих на режим особо охраняемых природных территорий и прилегающих территорий области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 16 апреля 2012 года № 65. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 11 мая 2012 года № 3080

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях", в целях сохранения, восстановления и дальнейшего развития особых природных комплексов акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Западно-Казахстанской области "Об установлении хозяйственных деятельностей, отрицательно влияющих на режим особо охраняемых природных территорий и прилегающих территорий области" от 25 февраля 2010 года № 31 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов на государственном языке № 3039, опубликовано 6 апреля 2010 года в газете "Орал өңірі" № 37) нижеследующие изменения:
      в пункте 7 приложения к указанному постановлению:
      1) слова "Ландшафтный памятник природы "Урда" местного значения с регулируемым режимом хозяйственной деятельности" заменить на слова "Государственный ботанический природный заказник "Урда" местного значения с регулируемым режимом хозяйственной деятельности";
      2) слова "Деятельности угрожающие сохранению объектов государственного природно-заповедного фонда или ухудшающие их воспроизводство, в том числе: добыча камня, гравия, песка и других полезных ископаемых, разрушение пещер, производство земляных работ, действия, которые могут вызвать изменение естественного гидрологического режима, изыскания и научные исследования, связанные с нарушением или разрушением природных компонентов государственного природного заказника" заменить на слова "Деятельности угрожающие сохранению объектов государственного природно-заповедного фонда или ухудшающие их воспроизводство, в том числе: пастьба скота, сенокошение, все виды рубок леса, сбор цветов, выкапывание корней, клубней и луковиц растений, разведение костров, заезд и передвижение вне существующих дорог транспортных средств, интродукция чужеродных видов растений и животных, равно как и другие действия, вызвавшие или которые могут вызвать повреждение и уничтожение растительности".
      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Западно-Казахстанской области" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Салыкова Е. Г.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким области                     Н. Ногаев