Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 62 "Жәнібек ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 109 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда № 7-6-144 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 283 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданы әкімдігінің "Жәнібек ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-137 тіркелген, 2012 жылдың 1 мамырында "Шұғыла" газетінде № 19 жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізілсін:
      2 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Қарашинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Б. Есенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады