Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (55-шығарылым) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 23-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қаңтарда № 8296 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 366 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.10.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Е.Қ. Егембердіге жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Әбденов


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 23-ө-м бұйрығымен бекітілді

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (55-шығарылым) "Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері", "Полиграфиялық өндірістің қалып процесі", "Баспа процесі", "Брошюра жасау-беттеу және өңдеу процесі", "Шрифт өндірісі" бөлімдерінен тұрады.

      2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.

      3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. "Білуге тиіс" бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

      4. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

      5. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

      6. "Білуге тиіс" бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

      8. Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

      9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары алты разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

      10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

      11. "Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері", "Полиграфиялық өндірістің қалып процесі", "Баспа процесі", "Брошюра жасау-беттеу және өңдеу процесі", "Шрифт өндірісі" бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 55 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1997 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері

      1. Бейімдеуші

      Параграф 1. Бейімдеуші, 1-разряд

      12. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы айлабұйымдар арқылы және жасыру жолымен бейімдеу құрылғысында кіші форматты (54х70 см) баспа және гуммирленген қағазды бейімдеу: бейімдеу құрылғысын қағазбен немесе оны іліп қойып зарядтау;

      бейімдеу құрылғысының жұмысын бақылау;

      қағазды алу, оны айшық бойынша бөлшектеу және штабельге қалау, қағазды кесетін машинаға жіберу.

      13. Білуге тиіс:

      бейімдеу құрылғысын қағазбен зарядтау жолдары;

      қағазды іліп қою ережесі.

      Параграф 2. Бейімдеуші, 2-разряд

      14. Жұмыс сипаттамасы:

      орташа және үлкен форматтағы баспа және гуммирленген қағазды бейімдеу.

      15. Білуге тиіс:

      қағаз талшықты бағыттау ережесі;

      бейімдеу режимдері.

      2. Таңдаушы

      Параграф 1. Таңдаушы, 1-разряд

      16. Жұмыс сипаттамасы:

      төсеніш қағаздан жасалған қатаң есептелмей басылған өнімді қолмен іріктеу, бұрыштыққа түйістіріп қалау;

      құжаттаманы белгіленген тәртіп бойынша толтыру;

      төсеніш қағазды түйістіру;

      басылған өнім мен төсеніш қағазды есептеуге жіберу.

      17. Білуге тиіс:

      орындалатын операцияға қойылатын техникалық талаптар;

      басылып шыққан өнімді ұстау ережесі мен оның түрлері.

      Параграф 2. Таңдаушы, 2-разряд

      18. Жұмыс сипаттамасы:

      төсеніш қағаздан жасалған қатаң есептеліп басылған өнімді және көркемөнер бұйымдарын қолмен іріктеу, бұрыштыққа белгілер, бір жағына қарай бақылау жолы бойынша басылымды жағып жібермей, түйістіріп қалау.

      19. Білуге тиіс:

      орындалатын операцияға қойылатын техникалық талаптар;

      басылып шыққан өнімді ұстау ережесі мен оның түрлері.

      Параграф 3. Таңдаушы, 3-разряд

      20. Жұмыс сипаттамасы:

      төсеніш қағаздан жасалған ақша бұйымдарының, арнайы бұйымдар мен маркалардың басылып шыққан парақтарын қолмен іріктеу.

      21. Білуге тиіс:

      басылып шыққан өнімді ұстау ережесі мен оның түрлері.

      3. Бояу үйлестіруші

      Параграф 1. Бояу үйлестіруші, 3-разряд

      22. Жұмыс сипаттамасы:

      эталонды үлгімен тиражды басылып шыққан қағаздағы бедерлерді салыстыру жолымен оның түс реңкін түзетпей, бояудың үйлесу қасиетін бағалау;

      баптау;

      түзету;

      басып шығару;

      сынақ басып шығару станогын тазалау және майлау.

      23. Білуге тиіс:

      баспаның түрлі тәсілдері технологиясының негіздері;

      бояулардың қасиеті;

      бояулар мен бедерлердің үлгілерін ұстау ережесі;

      сынақ басып шығару станоктарын реттеу жолдары.

      Параграф 2. Бояу үйлестіруші, 4-разряд

      24. Жұмыс сипаттамасы:

      бояудың баспалық қасиетін түзетпей түпнұсқада бояулардың түсіне, реңкіне және қанықтығына сәйкес тираж басып шығаруға арналған бояу құрастыру;

      үштік бояу таңдау және бастапқы бояулардың сандық қатынасын айқындау;

      бояудың түсті тонының бекітілген үлгіге сәйкестігін тексеруге арналған шкалалық және біріктірілген бедер жасау;

      эталонның түсіне сәйкес терең басып шығаруға арналған бояу құрастыру;

      бояуды оның құрамын төмендету мақсатында еріткіш қосу;

      тиражды басып шығарудан кейін бояуды түзету;

      баспа машиналарына арналған бояуды орталықтандырылған жіберу станциялары жабдықтарының жұмысын қадағалау;

      эталонды үлгімен тиражды басылып шыққан қағаздағы бедерлерді салыстыру жолымен оның түс реңкін және бояудың үйлесу қасиетін бағалау;

      эталондық үлгіге сәйкес бояу тонының түсін түзету;

      деколь бедерлерін басып шығаруға арналған берілген рецептура бойынша бояуларды іріктеу және құрастыру;

      бояу құрастыруға қажетті компоненттерді есептеу;

      деколь бедерлерін басып шығаруға қажетті бояудың тоны мен қасиетін алу үшін бояғыштарды өңдеу процесін жүргізу;

      бояу кетіргіштің жұмысын бақылау.

      25. Білуге тиіс:

      құрғақ пигменттердің, байланыстыратын және басып шығаратын бояулардың қасиетін;

      түсті бояулардың эталондарын; баспа бояуларының рецептурасы мен құрастыру технологиясы, станция жабдықтарының құрылысы мен пайдалану ережесі;

      бояғыштарды өңдеу технологиясы мен бояуға қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Бояу үйлестіруші, 5-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      эталонның түсті тонына сәйкес тираж баспасына арналған баспа бояуларын құрастыру, тираж қағазының қасиетіне, өндірілетін өнімнің сипатына, тираж басылымының шарттарына байланысты баспалық-техникалық қасиеттеріне сәйкес бояуларды дайындау;

      қолда бар бояу түрлерінен бастапқы бояуларды іріктеу және қажет түсті алу үшін олардың ара салмағын айқындау;

      тон түсін түзету;

      құрастырылған бояудың бедерлерін жасау.

      27. Білуге тиіс:

      баспа бояуының құрамын;

      олардың компоненттерінің қасиетін және қызметін;

      бояуларға қойылатын технологиялық талаптар;

      баспаның барлық тәсілдерін басып шығару процесінің технологиялық ерекшеліктері;

      қосымша заттарға қойылатын талаптар;

      басып шығарудың денситометриялық нормалары туралы ұғым;

      денситометрді, түстерді араластыру жүйесі атласын және бояу жүйесін пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Бояу үйлестіруші, 6-разряд

      28. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары дәлдіктегі қайта молықтыруды талап ететін жоғары көркемдік жұмыстарды, ақша бұйымдарын және картографиялық басылымдарды басып шығаруға арналған түсті тон және баспа-техникалық қасиеттері бойынша бояуларды құрастыру және дайындау;

      шкалалық бедерлер бойынша бояу рецептілерін құрастыру, қайталама тираждарды басып шығару кезінде бедер сапасының ұқсастығын қамтамасыз ету үшін түстерді түзету.

      29. Білуге тиіс:

      баспа тәсілдері технологиясының негіздері;

      түс тану негіздері, көпшілік баспа бояуларының қасиеттері мен техникалық сипаттамалары.

      4. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы

      Параграф 1. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 2-разряд

      30. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес кітап-журнал басылымдарының жартылай фабрикаттарын, таза жазылған және картонаждық бұйымдарды, қағазды, картонды, дедеринді, техникалық маталарды, квитанциялық-бланкалық бұйымдар мен қатаң есептіліктегі өнімдерді сұрыптау, бақылау, қабылдап алу және іріктеу;

      іріктелген парақтарды немесе даналарын анықтау және жою, үлгілерін таңдау, қолмен және есептеу машинасында есептеу, бақыланатын бұйымдарды өру және орау;

      баспа түрлеріне бойынша ақауларды паспорт – жапсырмаға бөлу;

      баспа машиналарындағы баспаның сапасын, нөмірленуін бақылау және ақауларды жою шараларын қабылдау; іріктеу кітапшасында немесе бақылау картасындағы жазбаны жүргізу;

      өнімді орау және таңбалау сапасын тексеру;

      будаға оралған еркін есептеу бұйымдарын түпкілікті тексеру;

      паспорт жапсырманы ресімдеудің дұрыстығын, орам сапасын және пломбалардың бүтіндігін тексеру.

      31. Білуге тиіс:

      бақыланатын бұйымдарды сұрыптау, есептеу және орау тәсілдері;

      материалдар мен бақыланатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, оны жасау технологиясы мен ақау түрлері;

      будаларды орау түрлері мен өру тәсілдері;

      операциялар бойынша шектеулер.

      32. Жұмыс үлгілері:

      1) қатаң бақылаудағы билеттер – сұрыптау, есептеу және бандерольдеу;

      2) бланктік билеттер – нөмірлерін салыстырып тексеру және сапасын тексеру;

      3) кітап, брошюра және журнал блоктары – дәптер бойынша бақылау;

      4) гуммирленген қағаз – сұрыптау;

      5) қатаң бақылаудағы қағаз, жартылай фабрикаттар және даяр өнім – есептеп бақылау;

      6) газеттер – бақылау;

      7) квитанциялық-бланкілік бұйымдар – бақылау;

      8) таза жазылған және картонды бұйымдар (дәптерлер, блокноттар, қораптар) – бақылау;

      9) беттеу қақпақтары мен папкалар – бақылау;

      10) деколь бедерлері – сұрыптау;

      11) картографиялық өнім – сұрыптау;

      12) бұқаралық басылымдардың кітап-журнал (даяр) өнімдері – бақылау;

      13) кітап-журнал өнімі, афишалар, плакаттар – парақ бойынша бақылау;

      14) рұқсатнамалар, куәліктер – бақылау;

      15) чектер, ярлыктар – бақылау.

      Параграф 2. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 3-разряд

      33. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес жоғары көркемдік кітап-журнал, көркем-репродукциялық басылымдарды, иллюстрацияларды, ашық хаттарды, қатаң бақылаудағы өнімдер мен күрделі квитанциялық-бланкілік Мемлекеттік белгі бұйымдарын, жаппай шығарылым маркаларын сұрыптау, бақылау, қабылдау және іріктеу;

      будаларға оралған қатаң есептегі бұйымдарды түпкілікті тексеру;

      паспорт жапсырманы ресімдеудің дұрыстығын, орау сапасын, пломбаның бүтіндігін және сотня сапасын тексеру;

      бақыланатын бұйымдарды партиялары бойынша іріктеу, посылкаларда көрсетілген мекенжайларын тексеру;

      посылкаларды бандерольдау, пломбылау және тиісті жазуларын ресімдеу, посылкаларды поштаға және арнайы байланыспен жіберу үшін тапсыру;

      мемлекеттік белгі бұйымдарын тізімдемемен салыстырып тексеру;

      тапсырыс және айрықшалығына сәйкес жинақтаудың бекітілген кестелері және жинақ саны бойынша шрифтілік өнімді жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

      қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес құйылған сызғыштар мен ашық жер материалдарының сапасын бақылау, оларды іріктеп шығару.

      34. Білуге тиіс:

      бақыланатын материалдар мен өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

      бақыланатын өнімді актілеу тәртібі;

      Мемлекеттік белгі бұйымдарының номенклатурасы;

      баспа түрлерінің ерекшеліктері;

      брошюралық-беттеу операцияларының технологиясы;

      өлшеудің типографиялық жүйесін;

      барлық графикалық негіздер мен қалып қаріптері;

      қаріптердің мемлекеттік стандарттары;

      сызғыш және ашық жер материалының түрлері, жинақтау кестесі;

      сызғыш және ашық жер материалы жарамсыздық түрлері.

      35. Жұмыс үлгілері:

      1) жоғары көркемдік альбомдар – бақылау;

      2) билеттер, нөмірленген арнайы белгіленген өнімдер, рұқсатнамалар, куәліктер, арнайы есептегі квитанциялар – бақылау;

      3) грамоталар, дипломдар, аккредитивтер, азаматтық ахуал актілері туралы куәліктер, жинақтау кітапшалары – жартылай фабрикаттарды бақылау;

      4) иллюстрациялар, көп бояулы ашықхаттар, көркем маркалар – парақ бойынша бақылау;

      5) көп парақты карталар мен плакаттар – бақылау;

      6) сызғыштар мен ашық жер материалдары – бақылау;

      7) қатаң есептегі парақтар – есепті бақылау;

      8) картографиялық (топографиялық және арнайы карта үлгісіндегі күрделі емес) өнім – парақ бойынша бақылау;

      9) жоғары көркемдік (даяр) кітап-журнал өнімдері – бақылау;

      10) қаріптік өнім – жинақтау сапасын бақылау;

      11) кітап-журнал бұйымдарының баспалық қалыптары – бақылау.

      Параграф 3. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 4-разряд

      36. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік белгі жартылай өнімдері мен даяр өнімдерді: ақша бұйымдарын, чектерді, облигацияларды, төлқұжаттық құжаттаманы, еңбек кітапшаларын, ақшалай-заттай лотерея билеттері мен арнайы шығарылған маркаларды сұрыптау және бақылау;

      іріктелген парақтарды немесе даналарын анықтау және жою, үлгілерін таңдау, қолмен және есеп машинасында есептеу, қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес Мемлекеттік белгі бұйымдарын өру және орау;

      жапсырма – төлқұжатқа баспа түрлері бойынша жарамсыздарын бөлу;

      күрделі картографиялық және басқа да жоғары көркемдік көп бояулы өнімді сұрыптауға арналған үлгілерді бақылау және іріктеу;

      даяр өнімді сұрыптау және орау сапасын бақылау;

      қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес суреті, кегельді, бойы, көзінің тазалығы және басқа да көрсеткіштері бойынша оларды құйғаннан және қолмен жасағаннан кейін қаріптер мен оюлардың барлық түрінің сапасын бақылау;

      жарамсыздыққа шығарылған өнімді алу;

      түрлі диаграммалық өнім (таспа, дискілер, қатталатын таспалар) мөлшері мен баспа сапасын бақылау;

      ақаулықтардың алдын алу шараларын қабылдау;

      қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес ғылыми-техникалық және патенттік материал микрофиш және микрофильмдері негативтері мен позитивтерінің сапасын бақылау.

      37. Білуге тиіс:

      Мемлекеттік белгі бұйымдарын, картографиялық бұйымдарды, микрофиштер мен микрофильмдер жасаудың технологиялық процесі;

      бақыланатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

      картография негіздері;

      қаріптер жасаудың технологиялық процесі;

      қаріптік жарамсыз өнімнің түрлері мен себептері;

      ағаш жыныстары мен оның ағаш литерлерде жіберілетін ақаулықтары;

      қолданылатын өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі.

      38. Жұмыс үлгілері:

      1) ақша бұйымдары, облигациялар, төлқұжаттық құжаттама, еңбек кітапшалары, ақшалай-заттай лотерея билеттері, арнайы шығарылған маркалар – сұрыптау және бақылау;

      2) ғылыми-техникалық және патенттік материалдардың микрофиш және микрофильм негативтері, позитивтері - сапасын бақылау;

      3) картографиялық (әлем атласының күрделі үлгісі) өнім – парақ бойынша бақылау;

      4) барлық түрдегі қаріптер – сапасын бақылау.

      Параграф 4. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 5-разряд

      39. Жұмыс сипаттамасы:

      қаріптерді, пуансондарды және матрицаларды құюға арналған бақылау жетектерінің сапасын кегель, бойы, қалыңдығы, қаріп жолы, көзінің тазалығы және басқа да көрсеткіштер бойынша тексеру;

      қаріп құятын машиналардағы ақаулардың себептерін анықтау және алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;

      картографиялық өнімді басып шығаруға арналған баспалық қалыптардың сапасын оларды жасаудың барлық сатысында тексеру.

      Білуге тиіс:

      матрицалар мен пуансондардағы ақау түрлері;

      қаріптік өнімді құюдағы ақау себептерін жою әдістері.

      5. Мекенжайға жіберу машинасының машинисі

      Параграф 1. Мекенжайға жіберу машинасының машинисі, 2-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      жіберілетін құжаттардың мекенжайларының мәтінін теру және стенсельдерді қалыптау мекенжайға жіберу машинасында қалыптау;

      баспа мекенжай машинасында мекенжайын басу;

      қалыпталған стенсельдерді берілген тәртіпте арнайы жәшіктерге қалап және жәшіктерді шкафтарға орната отырып таңдау;

      қалыптайтын мекенжайға жіберу машинасын реттеу, тазалау және майлау.

      41. Білуге тиіс:

      поштаны жіберу жоспарының терминологиясы;

      латын әліпбиі, қалыптайтын мекенжайға жіберу машинасын реттеу тәсілдері.

      6. Іріктеу машинасының машинисі

      Параграф 1. Іріктеу машинасының машинисі, 3-разряд

      42. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары білікті іріктеу машинисінің басшылығымен іріктеу машинасында төсеніш қағаздан жасалған басылып шыққан өнімді іріктеу;

      іріктеу машинасын жұмысқа дайындау;

      стапельді арбаға қағазды итеріп салу және қалау;

      қағаз артқан стапельді арбаны толтыру;

      төсеніш және тираждық қағазға арналған қабылдау стапелінің жұмысын қадағалау және оларды реттеу;

      қабылдау стапельдерінен төсеніш және тираждық қағазды түсіру.

      43. Білуге тиіс:

      басылып шыққан өнімді іріктеуге техникалық талаптар;

      іріктеу машиналарын пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Іріктеу машинасының машинисі, 4-разряд

      44. Жұмыс сипаттамасы:

      төсеніш қағазынан жасалған басылып шыққан өнімді іріктеу машинасында іріктеу;

      іріктеу машинасын жұмысқа дайындау, фотоэлементтерді, өзі салатын және көлік шығару жүйесін, парақ шығарып тастайтын құрылғыны реттеу;

      бұйымның форматын өзгерту кезінде іріктеу машинасы құрылғысын орнату және реттеу;

      іріктеу машинасы тораптарын реттеу, іріктеу машинасының жұмысындағы бұзушылықтарды жою.

      45. Білуге тиіс:

      іріктеу машинасы механизмдерінің құрылысы, қолдану принципі мен реттеу ережесі;

      электронды құрылғыларды реттеу тәсілдері, іріктеу машинасын пайдалану ережесі;

      басып шығарылған өнімнің техникалық шарттары.

      7. Сұрыптау автоматының машинисі

      Параграф 1. Сұрыптау автоматының машинисі, 4-разряд

      46. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым білікті сұрыптау автоматы машинисінің басшылығымен сұрыптау автоматында ақшалай бұйымдарды сұрыптау, есептеу және бандерольдау;

      сұрыптау автоматын жұмысқа дайындау, бандерольдауға арналған таспа орамын реттеу, желімді желімдеу аппаратына құю;

      бандерольдайтын секцияның жұмысындағы ақаулықтарды жою, бандерольдардың сапасын тексеру;

      бумаларды орау, пломба орнату және сығу;

      ақауды жою;

      сұрыптау автоматын тазалау және майлау.

      47. Білуге тиіс:

      ақшалай бұйымдарды сұрыптау автоматында және қолмен өңдеудің технологиялық процесі;

      ақшалай бұйымдардың сапасына және бандерольдауға қойылатын техникалық талаптар;

      сұрыптау автоматын пайдалану және бандерольдайтын секцияны реттеу ережесі.

      Параграф 2. Сұрыптау автоматының машинисі, 5-разряд

      48. Жұмыс сипаттамасы:

      сұрыптау автоматында ақшалай бұйымдарды сұрыптау, есептеу және бандерольдау;

      сұрыптау автоматын жұмысқа дайындау, өзі қалағышты тираждық және ауыстыратын қағазбен зарядтау;

      бандерольдайтын механизмнің ауа жіберуін, көлік шығару жүйесі мен тораптарын реттеу;

      сұрыптау автоматының жұмысындағы ақауларды жою;

      сұрыптау сапасын тексеру;

      ілеспе құжаттаманың түрлерін және ақау санын тіркеу.

      49. Білуге тиіс:

      сұрыптау автоматы тораптарының құрылысы, пайдалану және реттеу ережесі.

      8. Орау машинасының машинисі

      Параграф 1. Орау машинасының машинисі, 2-разряд

      50. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап бумаларын шпагатпен орап байлау және орау станоктарында металл қапсырмамен түйінді бекіту;

      кітаптарды полиэтилен таспамен орап байлау және орау машиналарында термоқұрылғының көмегімен түйінді бекіту;

      орау станоктарын жұмысқа дайындау;

      шпагатты, болат, полиэтилен таспаны толтыру;

      шпагат, пышақ, қапсырма жасайтын құрылғыларды игіш, термоқұрылғы жүйелерін реттеу;

      кітап бумаларының оралу сапасын бақылау.

      51. Білуге тиіс:

      кітап бумаларын ораудың технологиялық процесі;

      орау станоктарын пайдалану және реттеу ережесі.

      Параграф 2. Орау машинасының машинисі, 3-разряд

      52. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап бумаларын қағазға, қорап картонға, термоотырғызу пленкасына орау машинасында орау;

      орау машинасын жұмысқа дайындау;

      қағаз орамын, қорап картонды, термоотырғызу пленкасын орнату;

      желім аппаратын, кітап бумаларын орау және қағаз кесу механизмдерін баптау және реттеу;

      ярлык жапсыру;

      кітаптарды орау машинасына қалау, орау машинасының жұмысындағы ақаулықтарды жою, орау сапасын бақылау;

      машинаны тазалау және майлау;

      анағұрлым жоғары білікті орау машинасы машинисінің басшылығымен орау автоматында термоорау пленкасы өнімін орау;

      орау сапасын тексере отырып кітаптың оралған бумасын қабылдап алу, буманы компостерде қысу.

      53. Білуге тиіс:

      орау машинасындағы кітаптарды ораудың технологиялық процесі;

      қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      орау машинасы механизмдерін пайдалану және реттеу ережесі.

      Параграф 3. Орау машинасының машинисі, 4-разряд

      54. Жұмыс сипаттамасы:

      ақша бұйымдарын орау автоматында термоотырғызу пленкасына орау;

      орау автоматын жұмысқа дайындау, пленка толтыру, ақша бұйымдарын орау автоматына жіберу, орау процесін жүргізу, орау машинасының жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      55. Білуге тиіс:

      ақша бұйымдарын ораудың технологиялық процесі, орау сапасына қойылатын техникалық талаптар, орау автоматының құрылысы, пайдалану ережесі.

      9. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы

      Параграф 1. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 3-разряд

      56. Жұмыс сипаттамасы:

      полиграфиялық күрделі емес станоктарды баптау, реттеу, монтаждан алу және монтаждау;

      күрделі емес полиграфиялық станоктарды монтаждан алу және монтаждау;

      күрделі емес полиграфиялық станоктардың бөлшектерін слесарлық өңдеу;

      күрделі емес полиграфиялық станоктардың жұмысын тексеру.

      57. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы және пайдалану, жұмыс істеуін және дәлдігін тексеру ережесі;

      қызмет көрсетілетін станоктардың төлқұжаты;

      сызбаларды оқу ережесі.

      58. Жұмыс үлгілері:

      1) биговальды, жапсыратын, желім жағатын, штрихтайтын, картон кесетін станоктар – баптау;

      2) бір аппаратты сым тоқитын үлгідегі машиналар – баптау.

      Параграф 2. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 4-разряд

      59. Жұмыс сипаттамасы:

      полиграфиялық күрделі станоктарды, күрделі емес полиграфиялық машиналар мен жартылай автоматтарды баптау, реттеу;

      полиграфиялық станоктарды тораптарын монтаждан алу және монтаждау, бөліктері мен бөлшектерін тексеру және жетілдіру;

      кесетін аспапты қайрау;

      полиграфиялық жабдықты теңшеу кезінде қажетті есептерді жүргізу;

      баптағаннан кейін полиграфиялық жабдықты сынамалау;

      жоспарлық-сақтандыру жөндеу жүйесі бойынша полиграфиялық жабдықты профилактикалық байқау, тексеру, жөндеу жүргізуге қатысу.

      60. Білуге тиіс:

      полиграфиялық жабдықтың құрылысы және конструкциялық ерекшеліктері, басқару жүйесі және қызмет көрсету ережесі;

      қызмет көрсетілетін полиграфиялық жабдықтың төлқұжаттық деректері, сызба оқу ережесі;

      қызмет көрсетілетін станокты баптау ережесі, жұмыс істеу және дәлдігін тексеру;

      кесетін аспапты қайрау ережесі;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

      61. Жұмыс үлгілері:

      1) форза желімдеу, жиектеу үлгісіндегі автоматтар – баптау;

      2) қола құю, парақ кесетін, бір пышақты кесетін, көп аппаратты сым тоқитын, жеңіл үлгідегі тигельді баспа, шығаратын, центрифугалы, пленкалы сығымдауға арналған, бобин кесетін, орайтын үлгідегі машиналар – баптау;

      3) алтын жалатылған, алтын жалатылған баспалық, трафареттік баспа жартылай автоматтары – баптау;

      4) фотополимерлік қалыптағы, контактілік-көшірмелік, пневматикалық көшірмелеу рамасына арналған корректуралық, беттеу-корректуралық, офсеттік аудару, офсеттік сынау-баспалық, үлгідегі станоктар, фотополимерлік қалыпты шаюға арналған құрылғылар – баптау.

      Параграф 3. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 5-разряд

      62. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі кинематикалық тәсімді ерекше күрделі полиграфиялық станоктарды, күрделі машиналарды, автоматтар мен жартылай автоматтарды баптау және реттеу.

      63. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық тәсімі және дәлдігін тексеру ережесі;

      негізгі технологиялық және механикалық металл қасиеттері, шектеулер мен отырғызу жүйесі;

      ерекше күрделі полиграфиялық станоктардың бөлшектерін өңдеу параметрлері, оптика, жарық техникасы және электроника негіздері.

      64. Орта кәсіптік білім қажет.

      65. Жұмыс үлгілері:

      1) тікпей бекітетін, қосымша тігетін, кітап үстемелейтін, парақ іріктейтін, жіппен тігетін, іріктеп тігетін, үш пышақты кесетін, кіші форматтағы бүктейтін, бағдарламалық басқарылатын бір пышақты кесетін, кіші форматтағы парақты бір бояулы офсеттік, картон кесетін, орайтын үлгідегі машиналар – баптау;

      2) фоторепродукциялық көлденең екі бөлмелі аппараттар – баптау.

      Параграф 4. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 6-разряд

      66. Жұмыс сипаттамасы:

      көп мөлшерде полиграфиялық операциялар орындайтын ерекше күрделі полиграфиялық машиналарды, жартылай автоматтар мен автоматтарды баптау және реттеу.

      67. Білуге тиіс:

      ерекше полиграфиялық күрделі машиналардың, жартылай автоматтар мен автоматтардың құрылысы, қолдану принципі және конструкциялық ерекшеліктері.

      68. Орта кәсіптік білім қажет.

      69. Жұмыс үлгілері:

      1) кітап, брошюра және журнал жасау жөніндегі автоматты ағынды желілер – баптау;

      2) қақпақ жасайтын (парақ және орам пішу материалдарында жұмыс істейтін), қосымша тігетін-кесетін, жіппен тігетін, тегіс басатын үлгідегі автоматтар – баптау;

      3) блок өңдейтін, тікпей бекітетін, газеттік (баспалық) агрегаттар – баптау;

      4) ротациялық жоғары, офсеттік, терең, флексографиялық, орловск және металлографиялық басылым, жоғары баспалы тегіс басатын үлгідегі машиналар, үш және төрт жерден иетін бүктейтін машиналар – баптау;

      5) офсеттік баспа қалыптарын жасауға арналған лазерлік гравирленген автоматтар – баптау.

      Параграф 5. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 7-разряд

      70. Жұмыс сипаттамасы:

      микропроцессорлық техникамен жабдықталған күрделі қалыптау, баспалық және брошюралық-беттеу жабдықтарын баптау және реттеу;

      арнайы тестілік бағдарламалардың көмегімен басқаратын жабдық жүйелерін диагностикалау.

      71. Білуге тиіс:

      микропроцессорлық техника базасындағы жабдықтарды басқару жүйелерін құру принципі;

      бағдарлайтын контроллерлердің, микро және мини ЭЕМ функционалды және құрылымдық тәсімдері;

      бағдарлау негіздері; технологиялық және тестік бағдарламаларды енгізу тәсілдері;

      статикалық және динамикалық сипаттамаларды алу мақсатында жүйелерді теңшеу әдістері.

      72. Орта кәсіптік білім қажет.

      73. Жұмыс үлгілері:

      1) басқару және бақылау электронды жүйелермен жарақталған офсеттік және терең баспа парақтық машиналары – баптау;

      2) офсеттік төрт бояулы сынау баспалық станоктар – баптау;

      3) парақ есептеу машиналары – баптау;

      4) жоғары, офсеттік және терең арнайы баспалық машиналар – баптау.

      Параграф 6. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 8-разряд

      74. Жұмыс сипаттамасы:

      жүйеге біріктірілген микропроцессорлық техникамен жабдықталған ерекше күрделі және бірегей жабдықтарды қалыптау, баспалық және брошюралық-беттеу жабдықтарын кешенді баптау, реттеу;

      қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын орындау;

      жүйеге біріктірілген микропроцессорлық техникамен жабдықталған ерекше күрделі және бірегей жабдықтарды қалыптау, баспалық және брошюралық-беттеу жабдықтарын басқарылатын жүйедегі арнайы стенділердің көмегімен диагностикалау;

      технологиялық жабдықтардың жұмысын талдау, тоқтап қалуын жүйелеу және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

      75. Білуге тиіс:

      технологиялық жабдықты кешенді баптау және реттеу әдістері; технологиялық процестерді автоматты реттеу теориясының негіздері.

      76. Орта кәсіптік білім қажет.

      77. Жұмыс үлгілері:

      1) мәтінді және қара-ақ иллюстрацияларды қайта өңдеудің автоматтандырылған жүйелері - баптау;

      2) басқару және бақылаудың электронды басқару жүйелерімен жабдықталған кітап жасау жөніндегі автоматты ағынды желілер – баптау;

      3) басқару және бақылау электронды жүйелермен жабдықталған офсеттік және терең баспалық орама машиналар – баптау;

      4) құнды қағаздарды басуға арналған орловск және металлографиялық басылымның арнайы баспа машиналары – баптау.

      10. Бояу станциясының операторы

      Параграф 1. Бояу станциясының операторы, 3-разряд

      78. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары білікті бояу операторының басшылығымен қара және түсті ротациялық бояулар мен бояу станцияларына арналған бояу қоймасына қызмет көрсету;

      сығымдалған ауаның бу өткізетін жүйесі және желісін қадағалау;

      резервуарларды бояумен толтыру, бояудың айналымын, температуралық режимін бақылау;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерінің толтырылуын бақылау;

      резервуарларды тазалау.

      79. Білуге тиіс:

      ротациялық баспа бояуларының эталондары;

      жүкті жылжытуға арналған айлабұйымдардың құрылысы, қызметі және рұқсат берілетін жүктемесі;

      сорғылардың жұмыс істеу принциптері мен құрылғысы;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі;

      резервуарларды бояумен толтыру тәртібі;

      резервуарларды тазалау ережесі.

      Параграф 2. Бояу станциясының операторы, 4-разряд

      80. Жұмыс сипаттамасы:

      қара және түсті газет бояулары мен бояу станцияларына арналған бояу қоймасына қызмет көрсету;

      резервуарларға бояу жіберу және бояумен толтыру жүйесіндегі қысымды бақылау;

      ротациялық баспа бояуларының баспалық қасиеттерін түзету.

      81. Білуге тиіс:

      баспалық бояулардың қасиеттері;

      түзетілетін заттарға техникалық талаптар;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

      резервуарларға бояу жіберу және бояумен толтыру құрылғысы;

      бу өткізгіштердің тәсімдері мен орналасуы.

      11. Білікше құюшы

      Параграф 1. Білікше құюшы, 2-разряд

      82. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғарылау білікті білікше құюшының басшылығымен баспа машиналарына арналған желатинді-глицерин, крахмалды-магний, поливинилхлоридті бояу біліктерін құю жөніндегі жұмысты жүргізу;

      білікшеден бояуды жуу;

      білік массасын және хлормагний массасын қолмен немесе механикалық тәсілмен кесу;

      ылғалданған дәке және шпагат тазалау және өзекшесіне орау;

      құю қалыбын тазалау және майлау.

      83. Білуге тиіс:

      құю қалыптарын білікшелерін құюға дайындау тәсілдері;

      білікшелер мен құю қалыптарын сақтау ережесі;

      білікше қайнату айлабұйымдарын пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Білікше құюшы, 3-разряд

      84. Жұмыс сипаттамасы:

      баспа машиналарына арналған механикалық тәсілмен немесе қолмен бояу білікшелерін құю;

      желатин-глицерин білік массасы дайындау және балқыту;

      крахмал-магний білікшелерін құюға арналған қоспа жасау;

      білік массасын илеуге дайындау;

      поливинилхлоридті массаны дайындау;

      құю қалыптарын дайындау;

      салқындатудан кейін білікшелерді құю және алу;

      түпкілікті илеуге арналған біліктерді өңдеу;

      иленген білік массасын илемдеу;

      резина білікшелердің бетін тегістеу.

      85. Білуге тиіс:

      желатин-глицерин және крахмал-магний білікшелерді құюдың технологиялық процесі;

      поливинилхлоридті масса және білікше массаның, крахмалды-магний қоспасының, иленген білікше массасының рецептурасы;

      білікше массасын құю, илеу және илеуден шығару режимдері, құю қалыптарына арналған майламалардың құрамы және дайындау тәсілі;

      білікшелердің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Білікше құюшы, 4-разряд

      86. Жұмыс сипаттамасы:

      көп бояулы орловск басылымының жіберетін қалыптық білікшелерін құюға арналған шикізаттың (желатин, глицерин, хлорлы магний, поливинилхлорид, крахмал және басқалары) түрлерінен жасалған білікше массасының рецептілерін жасау;

      массаның біркелкілігінің жоғарылатылған талаптарын сақтай отырып белгіленген константаларға дейін құрамды түзете отырып, білікше массасын жасау;

      бояуларды дәл ауыстыруды және басылатын элементтерді қалыпқа жіберуді қамтамасыз ететін білікшеге айнадай бет беру үшін арнайы майлайтын құрамды құю аппараттарын өңдеу;

      білікшелерді құю;

      құю аппараттарынан білікшелерді алу және оларды салқындату;

      білікшелерді өңдеу және сапасын бақылау.

      87. Білуге тиіс:

      қолданылатын материалдардың қасиеті;

      білік массасының рецептілері, білікше жасаудың технологиялық процесі;

      орловск көп бояулы басылымындағы қалыптау білікшелерінің қызметі және оларды жасаудың ерекшеліктері;

      қолданылатын жабдықты реттеу және баптау ережесі;

      білікше сапасына қойылатын талаптар.

      12. Препараторшы

      Параграф 1. Препараторшы, 1-разряд

      88. Жұмыс сипаттамасы:

      операциялардағы химикалийлерді пайдалана отырып қосымша жұмыстарды орындау;

      түрлі материалдардан жасалған пластиналардың бетін механикалық және химиялық жолмен ластықтан тазарту;

      оларды стеллаждарға орнату;

      қызмет көрсетілетін аппараттарды, айлабұйымдарды, құрылғылардың материалдарын зарядтау;

      ерітінділерді дайындау;

      жай ерітінділер мен (бір-екі компоненттерден) препараттарды құрастыру;

      доғалық фонарлар мен басқа да жарық көздерін зарядтау;

      фотоаппарат кассеталарын зарядтау;

      ерітінділерді тұнық құрамаларға құю;

      қалып жасау кезінде шыныларын тазалау.

      89. Білуге тиіс:

      өндірісте қолданылатын материалдардың сипаттамасы мен қасиеті, химиялық зертханалық ыдысты ұстау ережесі;

      техникалық таразыларда өлшеу ережесі;

      қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Препараторшы, 2-разряд

      90. Жұмыс сипаттамасы:

      вишерлік матаны ылғалдықтың белгіленген пайызына дейін арнайы станокта өлшеу және ылғалдау;

      материалдарды (вишерлік жастықтар, қағаз, мата, шұға, декель материалы) дайындау;

      олифаны сынау жасамай оның сапасын пісіру процесінде айқындау бойынша пісіру;

      шикіқұрам мен сиккативтерді есептеу;

      қазандық тазалау;

      жылу және шикіқұрам дайындау.

      91. Білуге тиіс:

      қолданылатын материалдардың түрлері мен оларды пішудің ережесі;

      матаның және оларды ауыстырғыштардың маркалары;

      матаның ылғалдық пайызын айқындау ережесі;

      металлографиялық басылым туралы жалпы мәліметтер;

      сиккативтер мен олифаның қасиеттері, декалькомания басып шығаруда қолданылатын литографиялық бояуға арналған олифаның сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Препараторшы, 3-разряд

      92. Жұмыс сипаттамасы:

      фотоматериалдарды (айқындағыштар, фиксажды ерітінділер, химиялық әлсіретуге арналған ерітінділер) өңдеуге, пигментті қағазды сезімталдандыру, цилиндрлерді күмістету, клишені және терең басылым қалыптарын және басқа да процестерді, баспа машиналарының кетіретін біліктерінен металлографиялық бояуларды кетіруге арналған ерітінділерді жасау;

      жасалатын препараттардың ара салмағы мен концентрациясын бақылау;

      химиялық талдау нәтижелері бойынша құралатын ерітінділерді түзету;

      бекітілген әдістеме бойынша қағазды және беттеу материалдарын сыну, қысылу, желімдеу, шаршы метр массасы, деформациялану, формат, қисаюын сынау;

      қағаздың қалыңдығын өлшеу;

      қағаздағы қоспаны айқындау;

      бекітілген әдістеме бойынша материалдарды (білік массасын, шайыр, сиккатив, олифа, желім, еріткіш, крахмал, декстрин, глицерин, желатин, пигмент, лак, езілген бояу) сынау;

      талдауға сынама алу;

      цехтардағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы мен температурасын қадағалау және қағазды сапасы бойынша сұрыптау;

      қосымша материалдар мен ерітінділерді (шайыр, сургуч, резинат, сиккатив, хлорлы темір, крахмалды біліктердің құрамы) берілген технологиялар және рецептура бойынша дайындау;

      зерттелетін материалдар бойынша жазбаны жүргізу;

      олифаны пісіру процесінде оның сапасын айқындау арқылы сынама жүргізіп пісіру;

      оксидтелген олифаны дайындау;

      олифаның құрамын глифталийлі, олифтстирольды және басқаларын белгіленген рецептура бойынша араластыру;

      опалағаннан кейін арнайы машиналарды деколь бедерлерін тазалау; деколь бедерлерін машинаға қалау, бедерлерін тазалағаннан кейін илеу; үйінді мен стеллаждарға қалау;

      тазалауға арналған машиналардың деколь бедерлерін жұмысқа дайындау, тазалау және майлау.

      93. Білуге тиіс:

      жасалатын материалдар мен ерітінділердің қызметі, қағазға арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

      қағаз талшықтарын және жіп негіздерін айқындау тәсілдері;

      қағазды, материалдарды сынауға, ерітінділердің ара салмағы мен тығыздығын айқындауға арналған аспаптармен жұмыс істеу ережесі;

      талдау таразыларында өлшеу ережесі; қарапайым есептерді жүргізу;

      ерітіндінің қышқылдығын потенциометрде өлшеу ережесі;

      түрлі олифаны араластыру технологиясы мен пісіру режимі;

      олифа сапасының көрсеткіштері;

      олифа сапасын айқындау жөніндегі сынамаларды жүргізу әдістемесі;

      хлорлы темір ерітіндісін дайындау тәсілі;

      деколь және тигельді машина бедерлерін тазалауға арналған машиналардың құрылысы мен пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Препараторшы, 4-разряд

      94. Жұмыс сипаттамасы:

      материалдарды: қышқыл, сілті мен тұз, зығыр және машина майы, шайыр, электролит, гарт және металлдарды сынау;

      түрлі талшықты материалдар мен қағаздың тегістігін және иілгіштігін, ақтығын сынамалау;

      қағаздан, талшық материалдардан сынама алу;

      су белгісімен сапасын тексере отырып қағазды сұрыптау.

      95. Білуге тиіс:

      талдау химиясының негіздері, қағаздан сынама алу ережесі;

      су белгісі сапасын тексеру тәсілдері;

      материалдарды сынауға арналған аспаптарды пайдалану ережесі.

      13. Престеуші

      Параграф 1. Престеуші, 2-разряд

      96. Жұмыс сипаттамасы:

      дәптерлерді, кітап блоктары мен кітаптардың механикалық, пневматикалық және гидравликалық престерде престеу;

      оларды кареткаға қалау;

      кареткаларды престен алу және транспортерге орнату;

      дәптерлерді, кітап блоктарын және кітаптарды престен алу;

      престерді тазалау, майлау, реттеу;

      мемлекеттік белгі парақтарын ылғалданғаннан кейін берілген өзгеріске дейін сығымдағыш гидравликалық престе қолмен престеу; парақтарды престерге қалау; қағаз қалдықтарын прессшпанмен немесе металл пластинамен қайта қалау; престегеннен кейін парақтарды алу;

      қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу.

      97. Білуге тиіс:

      дәптерлерді, блоктар мен кітаптарды престерге қалау ережесі;

      престеу қызметі мен режимдері;

      каретка және тасымалданатын механизм құрылғысы;

      металлографиялық басылым операцияларын орындау ережесі;

      гидравликалық престердегі қысымды реттеу жолдары және оларды қысымда ұстау уақыты;

      пайдаланатын қағазға қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Престеуші, 3-разряд

      98. Жұмыс сипаттамасы:

      металлографиялық машинада басылып шыққан ақшалай бұйымдардың парақтарын гидравликалық престерде престеу;

      қолданылатын престі, компрессорды, электр тиегішті тексеру;

      ақша бұйымдары парақтарын преске қалау және электр тиегіш көмегімен престеуден кейін алу.

      99. Білуге тиіс:

      гидравликалық престі реттеу жолдары, электр тиегішті пайдалану ережесі мен реттеу жолдары.

      14. Машиналар мен агрегаттарда қабылдаушы

      Параграф 1. Машиналар мен агрегаттарда қабылдаушы, 2-разряд

      100. Жұмыс сипаттамасы:

      баспа машиналарынан бедерлердің сапасын қаңылтырға тексере отырып қабылдау;

      біліктер мен резинаны шаю;

      қаңылтыр жөніндегі баспашының басшылығымен баспа машиналарына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау;

      қаріптік өнімді құю машинасынан қабылдау;

      қаріптік өнімді кегель және стандарт бойынша гранкаларға орнату және гранкаларды бақылауға жылжыту;

      бақылау жүргізгеннен кейін қаріптік өнімді қабылдау, оны жинақтау бөлімшесіне және қоймаға жіберу;

      қаріптік өнімді стандартқа сәйкес қалау;

      қабылданған қаріптік өнімді есептеу.

      101. Білуге тиіс:

      қаңылтырға арналған баспа сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      қаріптік өнім түрлері;

      таңбалау белгілері;

      есептеу құжаттамасын жүргізу ережесі;

      қаріптің өнімді жылжыту және өлшеу ережесі;

      баспа машинасы немесе агрегат орындайтын технологиялық операциялар;

      қабылдау құрылғысында жұмыс істеу әдістері.

      15. Қабылдаушы-жөнелтуші

      Параграф 1. Қабылдаушы-жөнелтуші, 2-разряд

      102. Жұмыс сипаттамасы:

      полиграфиялық өнімді және үстемелердің биркасын, тізбесін таңдау, сондай-ақ әрбір бағыт бойынша жүк орындарын салыстырып тексеру;

      жүкті тізбе бойынша қабылдап алу, жүкті алып жүру, сұрыптаудан алу, темір жол станцияларында құжаттамаға сәйкес тапсыру; жүкті станцияда түсіру;

      газеттер мен журналдарды даналап есептеу;

      мекенжайлар бойынша қалау;

      газет пен журналдардың стандартты бумаларын түпкілікті есептеу;

      жөнелту құжаттамасын алу және тарату;

      транспортерден бумалар мен қаптарды қабылдау, жүк тізбесінде оларды қабылдап алу туралы белгілеу және жүк орындарын бағыт бойынша есептеу, жүкті құжаттамаға сәйкес қалау;

      жүкті көлік құралдарын тиелуінің және газет пен журнал бумалары есептелуінің дұрыстығын бақылау;

      жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді, оның ішінде қатаң бақылаудағы, микрофиштер мен микрофильмдерді таңдау, жинақтау, және аралас цехтарға және қажетті жөнелту құжаттамасын ресімдей отырып экспедицияға жөнелту.

      103. Білуге тиіс:

      жөнелтілетін өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      өнімді есептеу жолдары;

      жүкті түсіру және қоймалау ережесі;

      жөнелту құжаттамасын ресімдеу ережесі;

      жүкті мекенжайларға тарату ережесі;

      көлік құралдарына арналған жүкті тиеу ережесі.

      16. Штемпель құрастырушы

      Параграф 1. Штемпель құрастырушы, 1-разряд

      104. Жұмыс сипаттамасы:

      каучук штемпельдерді құрастыру жөніндегі жекелеген операцияларды орындау;

      штемпельдерді құрастыру;

      ағаш немесе металл негізге штемпельдерді желімдеу;

      тұтқаларын бекіту;

      даяр штемпельдерді тапсырыс бойынша іріктеу және оларды бақылауға жіберу;

      күнтізбеге арналған вулканизацияланған сақиналарды кесу.

      105. Білуге тиіс:

      тапсырыс берушінің құжаттамасын;

      күнтізбедегі сақиналардың орналасу тәртібі;

      штемпельдердің қызметі;

      желімнің түрлері мен қасиеті.

      106. Жұмыс үлгілері:

      Құрастыру

      1) резина сақиналы күнтізбелер;

      2) дөңгелек және үш бұрышты мөртабандар;

      3) түрлі мөлшердегі мөрлерді құрастыру.

      Параграф 2. Штемпель құрастырушы, 2-разряд

      107. Жұмыс сипаттамасы:

      каучук штемпельдерді (мөртабандар, мөрлер және тағы басқа) құрастыру жөніндегі операциялар кешенін орындау;

      ағаш тұтқа дайындамаларын және негіздерді циркулярлы арамен аралау;

      ұяшықтарды негізінен аралау орнын бояу және бұрғылау станогында бұрғылау, станоктарды реттеу және баптау;

      тапсырыс берушінің эскиздері бойынша вулканизацияланған қалыптарды іріктей отырып, жекелеген штемпельдерге кесу;

      вулканизациялау сапасын бақылау;

      штемпельдерді тапсырыс бойынша жинақтау.

      108. Білуге тиіс:

      вулканизациялау сапасына қойылатын талаптар;

      штемпельдерді жинақтау ережесі;

      циркулярлы арамен және бұрғылау станогында жұмыс істеу ережесі.

      17. Есепші

      Параграф 1. Есепші, 1-разряд

      109. Жұмыс сипаттамасы:

      қағазды, картонды, жартылай фабрикаттар мен баспалық қатаң бақылаудағы даяр өнімді қолмен және есептеу машинасының көмегімен есептеу;

      баспа өнімдері жартылай фабрикаттарын және баспалық материалдарды жұмыс орындарына қабылдау және тапсыру, қоймаға тапсыру немесе жөнелту;

      жартылай фабрикаттар мен даяр басылған өнімді жіберу, орау және орамын ашу;

      накладнойларды толтыру және тиісті қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу;

      парақтық баспа өнімдерін (ақшалай бұйымдардан басқа) жіберіп, бекітілген белгіге инемен түйрей отырып есептеу.

      110. Білуге тиіс:

      қағаздың, картонның, баспа өнімдерінің жартылай фабрикаттарының түрлері мен олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      бұйымды жіберу, түйреу, байлау және орау жолдары, инеге түйреу сапасының баспаға әсері, кесу және перфорациялау ережесі;

      есептеу машинасында жұмыс істеу ережесі;

      қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу тәртібі.

      Параграф 2. Есепші, 2-разряд

      111. Жұмыс сипаттамасы:

      қағазды, картонды, түрлі қатаң есептегі жартылай фабрикаттарды және даяр баспа өнімін қолмен және есептеу машинасының көмегімен есептеу;

      жұмыс орындарына ығыстыру, қабылдау және беру, жартылай фабрикаттар мен даяр баспа өнімін қоймаға тапсыру немесе жөнелту;

      макулатуралық белгілі бедерлерді есептеу;

      бедерлерді қабылдау және беру, сұрыптау;

      жарамсыз бедерлерді есептеу және будаларға жинақтау;

      қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жою бедерлерін тапсыру;

      өнімді басқа цехтарға тапсыру кезіндегі бедер сапасын бақылау;

      ақша ұйымдарын басуға арналған парақтық қағазды түйістіріп, бекітілген белгіге белгіленген белгіге дәл инемен түйрей отырып және накладноймен ресімдей отырып, есептеу.

      112. Білуге тиіс:

      баспалық материалдарды, жартылай фабрикаттарды, даяр өнімдерді, қатаң есептегі баспалық өнімдердің жарамсыздарын және қалдықтарын ұстау ережесі;

      есептеу, есептілігі мен қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеуді жүргізу тәртібі.

      Параграф 3. Есепші, 3-разряд

      113. Жұмыс сипаттамасы:

      ақшалай бұйымдарды, арнайы бұйымдарды, төлқұжаттық құжаттамаларын, облигацияларды, лотерея билеттерін басуға арналған қағазды түйістіріп есептеу;

      қатаң бақылаудағы жартылай фабрикаттар мен даяр баспа өнімдерін және көркемөнер бұйымдарын қолмен және электронды құрылғылы ақша есептеу машинасының көмегімен есептеу;

      жартылай фабрикаттар мен даяр баспа өнімдері жарамсызын есептеу, қағаз кедергілерін парақтың тұтастығына қарай тексеру және жарамсыздарын орау.

      114. Білуге тиіс:

      баспа өнімдерін есептеу жолдары, орау түрлері мен тәсілдері, жергілікті белгісі бар қағаздың қасиеттері, ақша есептеу машинасының құрылысы, пайдалану және реттеу ережесі.

      Параграф 4. Есепші, 4-разряд

      115. Жұмыс сипаттамасы:

      ақшалай бұйымдарының жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерін, арнайы бұйымдарды, төлқұжаттық құжаттамаларын, облигацияларды, лотерея билеттерін басуға арналған қағазды түйістіріп қолмен және электронды құрылғылы ақша есептеу машинасының көмегімен есептеу.

      116. Білуге тиіс:

      есептеу жолдары;

      ерекше жауапты бұйымдарды орау тәсілдері, ақша есептеу машиналарын пайдалану және реттеу ережесі.

      18. Электрофотограф

      Параграф 1. Электрофотограф, 3-разряд

      117. Жұмыс сипаттамасы:

      қағаздағы мәтіндік және штрихтық көшірмелерін электр репродукциялық аппараттарда жасау; аппаратты жұмысқа дайындау;

      селенді пластинаны зарядтау;

      экспонирлеу;

      айқындайтын құрамды жасау;

      бейнесін айқындап шығару;

      селенді пластинадағы бейнені түзету, қағазға аудару және түрлі тәсілдермен бекіту;

      селенді пластинаны шаю.

      118. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін электр репродукциялық аппараттардың жұмыс істеу принципі, электрография негіздері;

      селенді пластинаға, айқындап шығарғышқа, қағаз және көшірмелерге қойылатын техникалық талаптар;

      бейнені қағазға экспонирлеу, анықтап шығару және бекіту режимдері.

      Параграф 2. Электрофотограф, 4-разряд

      119. Жұмыс сипаттамасы:

      электр репродукциялық аппараттарда мәтіндік және штрих түпнұсқалардан баспалық қалыптар жасау;

      суретті пластинадан гидрофильді қапталған фольгаға, қағазға және басқа да қалыпты материалға ауыстыру;

      қалыпты түзету;

      суретті қалыпқа түрлі тәсілдермен бекіту;

      қалыпты өңдеу;

      электр репродукциялық аппараттағы ақаулықтарды жою.

      120. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін электр репродукциялық аппараттардың құрылғысы;

      қалыпты материалдағы суретті бекіту технологиясы;

      баспалық қалыптың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Электрофотограф, 5-разряд

      121. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай тонды және растрлық бейнелі түпнұсқалардың көшірмелерін және баспалық қалыптарды жасау;

      микрофильмдердің көшірмесін қағазға немесе шексіз формулярлардың көшірмесін ЭЕМ-ге электр репродукциялық аппараттарда жасау;

      тондық бейнелерді шығару;

      пленкаларды немесе шексіз формулярлардың еселігін таңдау және оларды желімдеу;

      электр репродукциялық аппаратты микрофильмі бар кассетамен немесе шексіз формулярды орамамен зарядтау;

      экспонирлеу режимін таңдау;

      қағазды зарядтау;

      көшірмелеу.

      122. Білуге тиіс:

      электр репродукциялық аппараттардың, оның ішінде автомат құрылғылармен (парақтың екі жағында көшіру, іріктеу үшін) аппараттардың құрылғысы; жартылай тондарды шығару принципі;

      растр түрлері және линиатурасы;

      растрлық және жартылай суретті қалыптарды өңдеу ерекшеліктері;

      электроника негіздері;

      микрофильмдерге, шексіз ЭЕМ формулярларына, масштаб өзгерту еселігіне қойылатын техникалық талаптар.

3-бөлім. Полиграфиялық өндірістің қалып процесі

      19. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы

      Параграф 1. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 2-разряд

      123. Жұмыс сипаттамасы:

      баспалық қалыптарды вулканизациялау жөніндегі дайындық жұмыстарын орындау;

      матрицалық масса дайындау және матрицаларды металл штампылардан немесе жиынтықтан сығымдау;

      матрицаларды кептіру шкафтарына орнату.

      124. Білуге тиіс:

      матрицалық массаның құрамы және компоненттерінің пропорциясы;

      матрицаларды сығымдау режимі мен матрицаларға қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 3-разряд

      125. Жұмыс сипаттамасы:

      баспалық қалыптарды қол пресінде вулканизациялау;

      индикаторлық биіктік өлшегіш бойынша клишені шығару;

      матрицаларды престеу;

      матрица көздерін өңдеу;

      кептіру;

      матрицалардан эластикалық бедерлерді шешу және олардың сапасын тексеру;

      баспалық қалыптарды вулканизациялау;

      престерді реттеу, тазалау және майлау.

      126. Білуге тиіс:

      каучук қасиеті;

      эластикалық бедерлерге қойылатын техникалық талаптар және олардың сапасын бағалау әдістері;

      баспалық қалыптарды вулканизациялау режимі.

      Параграф 3. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 4-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      гидравликалық вулканизациялау пресінде матрицаларды престеу және баспалық қалыптарды вулканизациялау;

      престеу кезіндегі қажетті қысымды есептеу;

      престеудің қажетті температурасы мен уақытын айқындау;

      индикаторлық биіктік өлшегіш бойынша эластикалық қалыптарды тексеру;

      эластикалық қалыптарды тегістеу.

      128. Білуге тиіс:

      қалыпқа қажетті қысымды есептеудің тәсілдері;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесі;

      гидравликалық вулканизациялау пресін реттеу жолдары.

      Параграф 4. Баспа қалыптарын вулканизациялаушы, 5-разряд

      129. Жұмыс сипаттамасы:

      қатаң есептегі өнімді басуға арналған резина басылым қалыптарын жасау жөніндегі операция кешенін орындау;

      матрицаларды престеу;

      басылым қалыптарын вулканизациялау және тегістеу;

      технологиялық картаға сәйкес баспа қалыптарын монтаждау.

      130. Білуге тиіс:

      қатаң есептегі өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      қатаң есептегі өнім жасауға арналған технологиялық картаны пайдалану ережесі;

      өңдеу және баспа қалыптарын өңдеу жөніндегі станоктарды реттеу жолдары.

      20. Гальванотипист

      Параграф 1. Гальванотипист, 3-разряд

      131. Жұмыс сипаттамасы:

      өңделген қалыптардан мыс, никель немесе хром қабатты шешу;

      қалыптық пластиналарды оксидтеу және өңдеу; пластиналарды ластықтан тазалау және химиялық өңдеу; пластиналарды қысқыштарға бекіту және гальваникалық бұлауларды толтыру; пластиналарды өңдеу және оксидтеуге арналған электролит құрастыру, сүзгілеу және түзету, металл қабатын алу;

      электролиз процесін жүргізу;

      электролиз режимін аспаптар бойынша бақылау;

      гальвандық бұлауларды, штоктар мен анодтарды тазалау;

      гальваникалық шөгінді алуға арналған матрицалар дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау;

      матрица қабырғаларын кесу, графиттеу және аралау;

      матрица айналымына қорғау лагын немесе балауыз жағу.

      132. Білуге тиіс:

      басып шығаратын және бос орын элементтерін тиісінше тегіс және жоғары баспада құру принципі;

      қалыптық пластиналарды, матрицаларды, металл жабындардың сапасына қойылатын технологиялық талаптар;

      электролиз негіздері;

      қалыптық пластиналардан металл қабатын алу және оксидтеуге арналған электролит құрамы;

      ерітінді рецептурасы;

      гальваникалық бұлауларды жұмыс істеу режимі;

      техникалық талаптар;

      қолданылатын электролиздік аспаптармен жұмыс істеу ережесі.

      Параграф 2. Гальванотипист, 4-разряд

      133. Жұмыс сипаттамасы:

      алюминий фольга, цилиндрден жасалған пластиналар мен қалыптық пластиналардың гальваникалық қаптау (никельдеу, мыстау) процесін жүргізу; процесс жүргізу режимін таңдау;

      электролиз процесін жүргізу;

      цилиндрлерді қолмен күмістеу. Металл қабат жағудың алдында қалыптық пластиналар немесе цилиндрлерді майсыздандыру, декапирлеу және шаю;

      қалыптық пластиналарды қысқыштарға бекіту және гальваникалық бұлауды толтыру;

      гальваникалық бұлауға қалыптық цилиндрді орнату;

      қалыптық пластиналарды немесе қалыптық цилиндрлерді мыстау және никельдеуге арналған электролит құрастыру, сүзгілеу және түзету;

      металмен қаптауға жататын алаңды есептеу;

      тегіс баспаға арналған қалыптық пластиналарды кешенді дайындау;

      пластиналарды майсыздандыру, декапирлеу, электрохимиялық түйіршіктеу және анод қабатты толтыру, алюминий фольгадан жасалған қалыптық пластиналардың жұмыс бетін электрохимиялық түйіршіктеу арқылы қалпына келтіру;

      бетін металмен қаптағаннан кейін шаю.

      134. Білуге тиіс:

      терең баспа қалыптық цилиндрлер жасаудың технологиялық процесі, терең баспадағы басып шығаратын және орын қалдыратын элементтердің пайда болу принципі;

      металмен қаптауға түсетін тегіс баспа қалыптық пластиналарына және қалыптық цилиндрлеріне қойылатын техникалық талаптар;

      никельдеу және мыстауға арналған электролит құрамы;

      ерітінді рецептілері;

      гальваникалық бұлау жұмысының режимі;

      электролиттердегі зиянды қоспалар мен олардың гальваникалық қабатқа әсері;

      электролиттен жасалған зиянды қоспаларды жою тәсілдері;

      гальваникалық бұлау электр жабдығын басқару ережесі.

      Параграф 3. Гальванотипист, 5-разряд

      135. Жұмыс сипаттамасы:

      терең баспа қалыптық цилиндрлерін, орловск басылымы қалыптарын, металлографиялық және стереотипті қалыптарды гальваникалық қаптау (хромдау) процесін жүргізу;

      қалыптық цилиндрлерден хром қабатын гальваникалық жолмен шешу;

      терең басылым қалыптық цилиндрлерінің гальваникалық қабатын (мыстау) бағдарламалық басқарылатын гальваникалық құрылғыларда жүргізу;

      орловск, металлографиялық және жоғары басылымға арналған матрицалар мен штемпельдерден темір, мыс және никель гальваникалық шөгінділер алу;

      көміртекті болаттан немесе алюминийден жасалған пластиналарды негіздерін дайындау; пластиналарды майсыздандыру, декапирлеу; пластиналарды қалайылау, никельдеу, мыстау, хромдау және кептіру;

      тегіс басылымның күрделі емес биметалл қалыптарын жасау үшін алдын ала полиметалл пластиналарда операциялар кешенін орындау; пластиналарды жандандыру, көшірмелерін жасау (экспонирлеу, автоматты және жартылай автоматты құрылғыларда немесе қолмен шығару);

      көшірілген қабатты химиялық немесе термиялық илеу;

      көшірмелерді өңдеуге дайындау;

      автоматты, жартылай автоматты құрылғыларда немесе гальваникалық бұлауларда химиялық өңдеу немесе гальваникалық бұлауда анодты өңдеу;

      қалыптың ашық жер элементтерінен иленген қабатын жою;

      ашық жер және басылып шығатын элементтерді өңдеу;

      бояу қабатын жағу;

      коллоид қорғау қабатын жағу.

      136. Білуге тиіс:

      бағдарламалық басқарылатын автоматты гальвандық құрылғыларда гальванопластикалық таптаурындар жасау, терең баспа қалыптық цилиндрлеріне мыс қабат өсірудің, полиметалл пластиналар жасау, биметалл офсеттік баспа қалыптарын жасаудың технологиялық процестері;

      тегіс, жоғары және терең баспадағы мәтіндік және иллюстрациялы қара-ақ және көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      биметалл қалыптарда көшіру қабатын, химиялық және анодты өңдеудің қосымша өңдеу тәсілдері;

      электролиттерді хромдау, мыстау және анодтық өңдеу құрамы;

      ерітінді рецептісін түзету тәсілдері;

      автоматты немесе жартылай автоматты құрылғыларда және гальваникалық бұлаулардың жұмыс режимі, гальванотехника бойынша қажетті есептеулер;

      қолданылатын жабдықты реттеу жолдары.

      Параграф 4. Гальванотипист, 6-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы:

      алдын-ала жандандырылған немесе жандандырылмаған полиметалл пластиналарда тегіс баспалық күрделі биметалл қалыптар жасау жөніндегі операциялар кешенін орындау;

      полиметалл пластиналарға гальваникалық қабат жағу және оларға күрделі биметалл тегіс баспалық қалып жасау жөніндегі операциялар кешенін орындау; пластиналар жасау, қалыптарды көшірмелеу, өңдеу;

      күрделі баспалық басылымдарды ресімдеу жөніндегі матрицалардан гальваникалық шөгінділер алу;

      нөмірленген дөңгелектерді гальваникалық қаптау, түпнұсқа штемпельдерден және жоғарылатылған түпнұсқалық матрицалардан темір, мыс және никель гальваникалық шөгінді алу жөніндегі операциялар кешенін орындау.

      138. Білуге тиіс:

      синтетикалық материалдардан, желатиннен, камедиден жасалған түрлі көшірме қабаттарын пайдалана отырып көшірмелеу ерекшеліктері, қолданылатын материалдардың және цех жағдайлары өнімдерінің сипатына байланысты көшірмелеу процесінің режимдері;

      негативтерді, диапозитивтерді, көшірмелерді, қалыптық пластиналар мен баспалық қалыптарды түзету техникасы;

      контактілік ерітінділерді пайдалана отырып көшірмелеу әдістері, басылым қалыбындағы суреттердің сапасын бақылау әдістері.

      Параграф 5. Гальванотипист, 7-разряд

      139. Жұмыс сипаттамасы:

      мемлекеттік белгі жоғары көркемдік арнайы бұйымдарды басып шығаруға арналған жоғары, тегіс, металлографиялық баспаның ерекше күрделі түпнұсқалық қалыптарын жасау жөніндегі кешен операцияларын орындау.

      140. Білуге тиіс:

      баспа қалыбындағы суреттің сапасын бақылау әдістері;

      ерекше күрделі баспалық қалыптарды түзету техникасы.

      141. Орта кәсіптік білім қажет.

      21. Гильошир

      Параграф 1. Гильошир, 4-разряд

      142. Жұмыс сипаттамасы:

      сынамалық пластиналарда үлгілер бойынша торлар мен бордюрлер жасау және оларды гильоширлі (тегіс, рельефтік, тік сызықты) машиналарда мыстан, шыныдан және басқа да материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға жағу;

      тік сызықты машинада көлденең, тігінен және айқасатын сызықтар жасау;

      гильош жағуға арналған пластиналарды грунттау;

      түпнұсқалық штемпельдердегі күрделі емес бөлшектер жасауға қатысу;

      гильоширлі машинаны реттеу.

      143. Білуге тиіс:

      қарапайым гильоширлі машинаның негізгі тораптарын реттеу жолдары;

      грунттау тәсілдері;

      түпнұсқалық штемпель жасау технологиясы.

      Параграф 2. Гильошир, 5-разряд

      144. Жұмыс сипаттамасы:

      сынама пластиналарда суретшінің эскиздері, альбом үлгілері және жеке композициялары бойынша шілтер, розеткалар, бордюрлар, корро және ассюре жасау және қосымша аспаптарды пайдаланбай мыстан, шыныдан және басқа да материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға оларды гильотинді машиналарда (тегіс, рельефтік және тіке сызықты) жағу;

      түпнұсқалық штемпельдердің күрделі бөлшектерін жасауға қатысу;

      гильоширлік машинаны реттеу.

      145. Білуге тиіс:

      барлық жүйедегі гильоширлік машиналарды реттеу жолдары;

      грунт құрамы мен қасиеті.

      Параграф 3. Гильошир, 6-разряд

      146. Жұмыс сипаттамасы:

      сынамалы пластиналарда суретшінің эскиздері, жеке композициялары бойынша гильоширлік сурет контурлары мен тығыздығын жасау және шілтер, сопақша және басқа да аспаптарды пайдалана отырып, оларды түрлі конструкцияларының гильоширлі машиналарында мыстан, шыны және басқа да материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға жағу;

      берілген композицияны орындауға арналған гильоширлі машиналарды есептеу және орнату;

      түпнұсқалық штемпельдердің ерекше күрделі бөлшектерін жасауға қатысу.

      147. Білуге тиіс:

      шілтерлі, сопақша және басқа да аспаптармен жұмыс істеу техникасы;

      формулаларды пайдалана отырып берілген композицияны есептеу әдістері.

      148. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 4. Гильошир, 7-разряд

      149. Жұмыс сипаттамасы:

      альбомдағы және жеке композициядағы суретшінің эскиздері, үлгілері бойынша бір бояулы репродукцияларына арналған гильоширлік суреттердің контурлары мен тығыздығын жасау және автоматты гильоширлік машиналарда түрлі материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға оларды жағу.

      150. Білуге тиіс:

      гильоширлік автоматты машиналарда жұмыс істеу ерекшеліктері.

      151. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 5. Гильошир, 8-разряд

      152. Жұмыс сипаттамасы:

      суретшінің эскиздері және жеке композиция көп бояулы репродукцияларына арналған гильоширлі сурет контурлары мен тығыздығын жасау және автоматты гильоширлік машинада түрлі материалдардан жасалған қалыптық пластиналарға оларды жағу.

      153. Білуге тиіс:

      гильоширлік автоматты машиналарды реттеу жолдары.

      154. Орта кәсіптік білім қажет.

      22. Баспалық қалыптарды оюшы

      Параграф 1. Баспалық қалыптарды оюшы, 3-разряд

      155. Жұмыс сипаттамасы:

      ірі масштабты карта диапозитивтері (пластика) мен қалыптарында "құймаларды" және "жақпаларды" орындау, негативтердегі, позитив монтаждағы, баспалық қалыптар мен тұрақты сақтау позитивтеріндегі түзету ескертпелері; белгілері мен мәтіні алдын ала белгіленген дайындамаларда сургуч, пломбир және компостерге арналған плашкалар үшін металл мөртабан пуансондарын ою және кіргізу.

      156. Білуге тиіс:

      тегіс және жоғары басылымның басып шығаратын және ашық жер элементтерінің пайда болу принциптері, орыс және латын графикалық негіздегі қаріптер стандарты;

      түрлі белгілер мен қаріптердің пуансондары;

      дайындама алаңшасындағы мәтіннің орналасу тәртібі;

      диапозитивтердегі (пластикалар) "құймалар" мен "жақпа" принциптері мен тәсілдері, картаның шартты белгілері мен олардың түсті бедерлердегі бейнелері;

      қышқылдың қызметі және оларды оюда пайдалану шарттары;

      ою аспабымен, штангенциркульмен, микрометрмен жұмыс істеу ережесі.

      Параграф 2. Баспалық қалыптарды оюшы, 4-разряд

      157. Жұмыс сипаттамасы:

      фрезерлік станокта және қолмен күрделі емес штрихті және растрлық клише, фотополимерлік, стереотиптік және литоофсеттік қалыптарды ою жолымен түзету;

      бейнелеудегі артық элементтерді жою және жетіспейтінін қалпына келтіру;

      тонды күшейту және төмендету;

      биметалл қалыптардың ашық жер элементтерін қалпына келтіру;

      металға, ағашқа, линолеумге, резинаға және басқа да материалдарға қолмен ірі бөлшек бейнелерін салып, күрделі емес жұмыстары, сызбалар, эскиздер, суреттер мен үлгілер бойынша ою.

      158. Білуге тиіс:

      баспа тәсіліне сәйкес штрихті, жартылай тонды, бір және көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      штрихты, растрлық клише, стереотиптік және литоофсеттік қалыптардың, қалыптық материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      берілген мазмұндағы жазбаларды, суреттерді, сызбалар мен мәтінді құрастыруды есептеудің тәсілдері,баспалық қалыптарға жекелеген қолжазбалар мен шартты белгілерді қою техникасы;

      шартты топографиялық белгілер;

      түзету және басып шығару процестері туралы негізгі мәліметтер;

      ою аспабын қайрау және жетілдіру техникасы;

      көшірмелер мен трафареттердің қызметі.

      159. Жұмыс үлгілері:

      Қалыптарды түзету

      1) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі штрихты және растрлық линиатуралы клише;

      2) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі штрихты иллюстрациялар және линиатуралы растрлық гальваностереотипті мәтіндік қалыптар;

      3) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі штрихты иллюстрациялар және линиатуралы растрлық литоофсеттік мәтіндік қалыптар;

      4) күрделі емес карталардың литоофсеттік шртихты қалыптары;

      5) кез келген күрделіктегі жоғары баспалы фотополимерлік қалыптарды түзету.

      Қолмен ою.

      1) екі жақты белгілер;

      2) масштаб бойынша ноталық (блоктар) және мәтіндік белгілер;

      3) түрлі кескіндегі сызғыштар, плашкалар;

      4) ірі бейнелі бөлшектерімен суреттер;

      5) 3 мм-ден жоғары бөлінбейтін қаріптер.

      Параграф 3. Баспалық қалыптарды оюшы, 5-разряд

      160. Жұмыс сипаттамасы:

      станокта және қолмен күрделі штрихті және растрлық клише, гальваностереотиптік, металлографиялық және литоофсеттік қалыптарды, жоғары баспаға арналған микромырыш икемді қалыптарды, тегіс баспа монометаллдық және биметалл қалыптарды, терең баспалық қалыптарды ою жолымен түзету;

      диапозитивтерде (пластика), ұсақ масштабты, арнайы және күрделі карта қалыптарында "құймаларды" және "жақпаларды" "бозғылт" түс бойынша орындау;

      жұмыс позитивтерінде, баспа қалыптарында және тұрақта сақталатын позитивтерде жаңа шартты белгілерді және күрделі сурет қаріптерін жаза отырып, түзету ескертпелері жасау;

      контур қалыбына координат торын салу;

      металға, ағашқа, линолеумге, резинаға және басқа да материалдарға қолмен ұсақ штрихты бөлшек бейнелерін салып, күрделі емес жұмыстарды, сызбалар, эскиздер, суреттер мен үлгілер бойынша ою;

      техникалық шарттарға және мемлекеттік стандарттар бойынша ою және басқа тәсілдермен жетілдіре отырып барлық операцияларда баспаның барлық тәсілдеріне арналған көркем және маркалы жұмыстардың машина және түпнұсқалық қалыптарын жасау сапасын тексеру;

      жарамсыздық түрлері бойынша жарамсыз қалыптарды есептеу.

      161. Білуге тиіс:

      шығыңқы және ойық беттерде көркем фигуралар, күрделі суреттер, қаріптер мен жазбаларды графикалық жасау принциптері мен тәсілдері, металға сурет салу және сызу техникасы;

      қағазға, картонға және түрлі маталарға басу және ою процесі; гальваностереотиптер мен терең баспалы қалыптарға қойылатын техникалық талаптар;

      көп түсті баспаға арналған келтіру және түзету ерекшеліктері;

      бояудың араластыру шектеулері;

      баспа бояуларын жағу тәртібі;

      картографиялық қаріптерді жазу;

      диапозитивтерде (пластиктер) "құйма" және "жақпа" тәсілдері мен принциптері.

      162. Жұмыс үлгілері:

      Қалыптарды түзету

      1) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі растрлық линиатуралы клише;

      2) бір түсті және көп түсті баспаға арналған 36 лин/см-ге дейінгі линиатуралы растрлық иллюстрациялар және гальваностереотипті қалыптар;

      3) күрделі карталардың литоофсеттік қалыптары;

      4) бір түсті және көп түсті баспаға арналған гильоширлік және орнаметтік суретті, 36 лин/см-ге дейінгі линиатуралы растрлық иллюстрацияларымен литоофсеттік қалыптар;

      5) гильоширлік және орнаменттік суреті бар стереотиптік және гальваностереотиптік қалыптар;

      6) терең баспа қалыптары;

      7) микроцинктегі мәтіндік қалыптар;

      8) тегіс баспалық қалыптар.

      Қолмен ою

      1) масштабы бойынша белгілер (блоктар) мен мәтін;

      2) ірі суретті көркем орнаменттер;

      3) жай графикалық суретті конгрев жұмыстары – түрлі кескіндегі сызғыштар мен плашкалар, сондай-ақ қаріптер;

      4) ірі бейнелі суреттер;

      5) 1,5-3 мм бөлінбейтін қаріптер;

      6) 3 мм-ден жоғары бөлінетін қаріптер.

      Параграф 4. Баспалық қалыптарды оюшы, 6-разряд

      164. Жұмыс сипаттамасы:

      үлкен репродукциялық дәлдікті талап ететін бір және көп бояулы жұмыстарға арналған терең баспа қалыптарын қолмен ою арқылы түзету. Факсимильді өндіруді талап ететін жұмыстарды, жоғары көркемдік жұмыстарды қолмен металға, ағашқа, линолеумге және басқа да материалдарға ою, сондай-ақ берілген мазмұндағы граверлік жұмыстарды шығармашылық жолымен орындау;

      субтитрлік материалды жасау;

      мырыш шаблондарды ою;

      пантографта жұмыс орындау;

      клишені түрлі қышқылдармен өңдеу;

      терең және жоғары баспаға арналған матрица штемпельдері мен шөгінділерін өңдеу;

      матрицаларды арнайы балқымалармен жоғарылату;

      техникалық шарттарға және мемлекеттік стандарттар бойынша ою және басқа тәсілдермен жетілдіре отырып барлық операцияларда баспаның барлық тәсілдеріне арналған ақшалай бұйымдар мен төлқұжаттық құжаттама машина және түпнұсқалық қалыптарын жасау сапасын тексеру;

      жарамсыздықтың түрлері бойынша жарамсыз қалыптарды есептеу. 35 мм және 16 мм фильм көшірмелерін механикалық және физикалық-химиялық субтитрлеуге арналған түрлі материалдардан (мырыш, мыс, латунь) жасалған клишені дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау;

      матрицалардағы өңдеу ақаулықтарын түзету;

      түпнұсқаға сәйкес клишені тазарту;

      өңделген қаріптерге түзетулер енгізу;

      престердегі жекелеген клишелерге пластина кесу;

      штампыларды ауыстыру;

      клишелердегі қылтанақтарды алу;

      техпаспортқа сәйкес клишелер таңдау;

      оларды фильм бөлшектері бойынша орау;

      ғылыми-анықтамалық карталар мен фундаментальды атлас карталарының пластикті диапозитивтері мен қалыптарында абрис бойынша "құймаларды" орындау.

      165. Білуге тиіс:

      терең қалыпты көп бояулы қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      ақшалай бұйымдардың баспалық қалыптарына қойылатын талаптар;

      клишеге қолданылатын металдың қасиеттері, субтитрлік түпнұсқалар жасау мен клише өңдеу технологиясы, металға әріптерді ою техникасы, оятын аспаптар мен штампылардың қызметі;

      клишенің геометриялық өлшемдері;

      престердің құрылысы мен пайдалану ережелері.

      166. Жұмыс үлгілері:

      Қолмен ою

      1) гравюралар (техникалық және репродукциялық);

      2) ұсақ бөлшекті және қанық суретті жоғары көркемдік орнаменттер;

      3) күрделі суреттермен конгревті жұмыстар және портреттік ұқсастық жұмыстары (барельеф және тағы басқа);

      4) портреттік ұқсастықты талап ететін суреттер;

      5) 1,5-3 мм бөлінбейтін қаріптер;

      6) 3 мм-ден жоғары бөлінетін қаріптер.

      Параграф 5. Баспалық қалыптарды оюшы, 7-разряд

      167. Жұмыс сипаттамасы:

      елтаңбалық мөртабандарға, сертификаттарға, чектер мен төлқұжаттық құжаттамаларға арналған түпнұсқалық штемпельдерді қолмен ою; пантографта жұмыс істеу.

      168. Білуге тиіс:

      пантографта жұмыс істеу кезінде есептеу техникасы;

      елтаңбалық мөртабандарға, құнды қағаздарға арналған түпнұсқалық штемпельдер ою ерекшеліктері.

      169. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 6. Баспалық қалыптарды оюшы, 8-разряд

      170. Жұмыс сипаттамасы:

      ақшалай бұйымдардың, маркалардың (оның ішінде портреттермен және композициясы бойынша күрделі суреттермен) және облигацияларының түпнұсқалық штемпельдерін қолмен ою.

      171. Білуге тиіс:

      ақшалай бұйымдардың түпнұсқалық штемпельдерін ою ерекшеліктері;

      сурет композициясы негіздері.

      172. Орта кәсіптік білім қажет.

      23. Қалып жинақтаушы

      Параграф 1. Қалып жинақтаушы, 2-разряд

      173. Жұмыс сипаттамасы:

      макетке сәйкес тапсырыс бойынша мырыш клишені жинақтау;

      тапсырыс бойынша баспалық қалыптарды жинақтау; қабылдау, қарау, орау және сақтауға орау.

      174. Білуге тиіс:

      клише сыныптауышын; оларды қабылдау және орау тәсілдері мен ережесі;

      клише, баспалық қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      арта номенклатурасы мен шартты белгілері, масштабтар бойынша қаріп, карта сыныптауышы.

      Параграф 2. Қалып жинақтаушы, 3-разряд

      175. Жұмыс сипаттамасы:

      масштабтар, номенклатура және жекелеген тираждар бойынша негативтер мен позитивтерді жинақтау, оларды қабылдау, қарау және есептеу;

      карта түпнұсқаларын тапсырыс бойынша жинақтау;

      қалыптарды тапсырыс және бояулары бойынша жинақтау;

      негізгі мәтін және телнұсқалық диапозитивтерді тапсырыс бойынша жинақтау;

      түзетілген гранкалардың түпнұсқаларын беттері бойынша жинақтау;

      басылымға арналған түпнұсқа беттеріне сәйкес диапозитивтерді, жарық көшірмелерін тапсырыс бойынша жинақтау;

      жинақталуын, сапасын тексеру;

      орау, аралас учаскеге тапсыру;

      тапсырыс бойынша тазартуға арналған түпнұсқамен жарық көшірмесін жинақтау.

      176. Білуге тиіс:

      топографиялық және арнайы карталарды бағанға бөлу жүйесі, негативтердің, позитивтер мен баспалық қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      24. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші

      Параграф 1. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші, 3-разряд

      177. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары білікті баспалық қалыптарды көшірмелеушінің жетекшілігімен көшірме және баспалық қалыптар жасау жөніндегі жекелеген жұмыстарды орындау;

      бақылау жарық көшірмелерін жасау;

      көшіру рамасында жұмыс істеу: вакуумды, жарық берушілерді, шынымен жарықтануын реттеу: экспонирлеу, көшірмелеу, раманы тазалау және майлау;

      көшірмелерді қол, жартылай автоматты және автоматты құрылғыларда шығару.

      178. Білуге тиіс:

      монтаждардың, алдын ала сезімталдандырылған пластиналарға немесе басқа да жарық сезгіш материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      оларды ұстау ережесі мен сақтау шарттары.

      Параграф 2. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші, 4-разряд

      179. Жұмыс сипаттамасы:

      пигментті көшірме жасау;

      қағазда, металда және мөлдір негізде, күміссіз қабатта картография жұмыстарына арналған көгілдір және басқа да жарық көшірмелерін жасау;

      түрлі көшірмелеу қабаттарын пайдалана отырып позитивті және негативті көшірмелеу арқылы тегіс офсетті баспаның күрделі емес қалыптарын жасау: көшірмелерді жартылай автоматтарда, автоматты процессорларда және қолмен экспонирлеу, шығару, өңдеу және термоөңдеу, қалыбын өңдеу, қалыптың сапасын бақылау;

      күрделі емес фотополимерлік баспалық қалыптар жасау: пластина дайындау, экспонирлеу, шығару, кептіру, сәулелендіру, түзету, қалып сапасын бақылау.

      180. Білуге тиіс:

      штрихты, жартылай тонды бір бояулы және көп бояулы түпнұсқаларды шығару принципі;

      баспаның барлық түрлеріндегі басып шығаратын және ашық жол элементтерінің пайда болу принципі, бір бояулы және көп бояулы репродукцияларға арналған штрихты және растрлық көшірмелерінің технологиялық процесі, көшірудің негативтік және позитивтік тәсілдерінде көшірмелеу процесінің технологиялық ерекшеліктері;

      негатив пен позитивтің, жарық сезгіш қабатының қасиетіне, жарықталғандық көлеміне байланысты экспонирлеу режимі, көшірме сапасын бақылау тәсілдері;

      фотополимерлік қалыптар жасаудың технологиялық процесі мен оларға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;

      қалыптық жабдықтардағы жұмыс режимі;

      жетектің штифті жүйесін; мөлдір негіздерге, металл негіздерге, негативтер мен диапозитивтерге қойылатын техникалық талаптар;

      ерітінділердің құрамы мен қасиеті;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

      181. Жұмыс үлгілері:

      1) клише жасау көшірмелері;

      2) картографиялық өндіріске арналған көгілдір және басқа да көшірмелер;

      3) қаңылтыр, латунь, никель, тегістелген алюминий фирмалық белгілерге арналған көшірмелер;

      4) көгілдір баспаға арналған пигментті көшірмелер;

      5) тегіс баспа қалыптары (ірі штрихты және линиатурасы 40 мин/см-ге дейінгі растрлық);

      6) тегіс баспа фотополимерлік қалыптары (ірі штрихты, 12 п. кг. шрифтілермен және линиатурасы 40 мин/см-ге дейінгі растрлық).

      Параграф 3. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші, 5-разряд

      182. Жұмыс сипаттамасы:

      көп бояулы жұмыстарға арналған пигментті көшірме жасау;

      түрлі линиатурадағы нүктелік немесе желілік растрларды пайдалана отырып пластикте, силикатты немесе органикалық шыныда контактілік көшірмелеумен күміссіз қабаттарда позитив (негатив) жасау;

      бір пластинаға алдын ала оларды байқау үстелінде құрастыра отырып, топографиялық карта мазмұны элементтерін кейіннен көшіру арқылы бірге жасау;

      бейнені (мәтінді, шартты белгілерді) құрғақтай аудару үшін пресс-бланкі жасау;

      екі және одан да көп түпнұсқалардың күміссіз қабаттарында біріктірілген позитивтер жасау;

      растрлық фондық диапозитивтерді (60 лин/см жоғары) массада бояй отырып, жасау;

      алдын ала сезімталдандырылған пластинада растрлық және фондық диапозитивтер (негативтер) жасау;

      көгілдір немесе басқа да түрлі көшірмелерді шыныда немесе боялған пластикте жасау;

      түрлі көшірмелеу қабаттарын пайдалана отырып, позитивті және негативті көшірмелеу арқылы тегіс баспаның күрделі қалыптарын жасау;

      жоғары баспалық фотополимерлік күрделі қалып жасау;

      көшіргіш-көбейткіш машиналарда есептеп және көшіре отырып тегіс офсеттік баспа қалыптарын жасау, бағдарламалық басқарылатын көшіргіш-көбейткіш машинаны реттеу;

      шыныдан фотоүлгілік қалып жасау;

      шыны пластина дайындау, астыңғы қабатты жағу, жарық сезгіш композициялар құрастыру және оны пластинаға жағу, кептіру, негатив сипатына байланысты ұстауды айқындау, экспонирлеу, шығару, кептіру;

      флексографиялық баспа қалыбын жасау;

      пластинаның екінші жағын экспонирлеу, вакуумды пленканы тарту, суретті экспонирлеу, шаю, кептіру, пластинаны полимерлеуге арналған қорытынды экспонирлеу.

      183. Білуге тиіс:

      алюминий негіздегі алдын ала сезімталдандырылған пластиналарды пайдалана отырып тегіс баспа қалыптарын жасаудың технологиялық процесі;

      флексографиялық баспа қалыптарын жасаудың технологиялық режимдері;

      көшіргіш-көбейткіш машиналарда көшірмелердің кез келген санының есебін;

      контактілік көшірмелеу кезінде сурет шығару принциптері, фотоүлгілік баспа негативтеріне қойылатын техникалық талаптар;

      кептіру және көшіру режимдері;

      негіз бетін бояу принциптері, картаның жекелеген элементтерді ауыстыру дәлдігіне қойылатын талаптар;

      түрлі топографиялық және арнайы карталарының шартты белгілері мен олардың графикалық дәлдігі;

      көшіру-көбейту машинасын реттеу жолдары, проекциялық растр-көшірме жасаудың технологиялық процесі, шыныны декапирлеу, негіз беттерін қарайту әдістері;

      иленген жерлерден қарайған (боялған) заттарды шығарып тастау;

      мөлдір желілерді біріктіру арқылы түзету;

      мөлдір емес желілердің оптикалық тығыздығын айқындау;

      растр және басқа да факторлардың линиатурасына байланысты экспонирлеу режимдері, өңделген пластиналарды желімдеу процесі;

      бақылау әдістері.

      184. Жұмыс үлгілері:

      1) ірі масштабты, ұсақ масштабты және топографиялық карталардың штрихты және құю элементтерінің позитивтері (негативтері);

      2) штрихты біріктірілген позитивтер;

      3) контактілі нүктелік немесе желілік түрлі линиатурадағы растрларды пайдалана отырып жасалған штрихты позитивтер (гидрография + су кеңістігі алаңдары; контур + елді мекен кварталдарының алаңдары және өзгелер);

      4) тік бұрышты және дөңгелек 40 лин/см. –ге дейінгі растр-көшірмелер;

      5) монометалл тегіс офсеттік баспа қалыптары ( ірі емес штрихты және линиатурасы 40 лин/см-ге дейінгі растрлық);

      6) көшіргіш-көбейткіш машиналарда есептеумен және көшірумен жасалған тегіс офсеттік баспа қалыптары;

      7) тегіс офсеттік баспа қалыптары (ұсақ штрихты және линиатурасы 40 лин/см-ден асатын растрлық);

      8) фотополимерлік жоғары баспалық қалыптар (ұсақ бөлшекті штрихты, 10 п-ға дейінгі шрифтермен);

      9) стандартты маркадағы қалыптар;

      10) топографиялық және арнайы карта қалыптары;

      11) тегіс басатын машиналарда басуға арналған фотоүлгідегі қалыптар;

      12) икемді орау материалдары мен картондағы баспаның флексографиялық қалыптары.

      Параграф 4. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші, 6-разряд

      185. Жұмыс сипаттамасы:

      түпнұсқалық (ойылған) растрдан көшіру арқылы СВВ шыныда 40 лин/см-ден асатын линиатуралы проекциялық растр-көшірмелер жасау;

      ұқсас көшірмелеу құрылғыларында түс сынамасын алу;

      позитивті және негативті көшіру тәсілімен күрделі монометалл баспа қалыптарын жасау жөніндегі технологиялық операцияларды орындау;

      түрлі көшіру қабаттарын пайдалана отырып, негативті және позитивті көшіру арқылы көп бояулы баспаға арналған алюминий пластиналарда гильоширлік және орнаментальды қанықтырудың жіңішкерек графикалық элементтері бар тегіс баспаның ерекше күрделі қалыптарын жасау.

      186. Білуге тиіс:

      металлографиялық баспа ерекшеліктері;

      қағазды гуммирлеу және арнайы қабатының бұзылуына қойылатын талаптар;

      көп бояулы баспада сурет элементтерін ауыстырудың шектеулері;

      бояу жағу тәртібі;

      даяр қалыптардың сапасына қойылатын талаптар, бақылау әдістері.

      187. Жұмыс үлгілері:

      1) тік бұрышты және дөңгелек 40 лин/см-ден асатын растр-көшірмелер;

      2) монометалликалық пластиналарда тегіс баспа қалыптары;

      3) ротациялық офсетті баспаға арналған фотоүлгілік қалыптар;

      4) масштабы 1:1 000 000 анықтамалық карталар мен иллюстрациялы карталарға арналған тегіс баспа қалыптары.

      Параграф 5. Баспалық қалыптарды көшірмелеуші, 7-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:

      бағдарламасын құрастырып және көшіргіш-көбейткіш автоматты машинада көшіре отырып, Мемлекеттік белгідегі арнайы бұйымдарға арналған тегіс баспаның ерекше күрделі қалыптарын жасау;

      мемлекеттік белгідегі арнайы бұйымдарға арналған шрифтілік әдіспен қатты композициялардың негізінде ерекше күрделі фото полимерлік баспалық қалыптар жасау.

      189. Білуге тиіс:

      бағдарламалау негіздері;

      фото полимерлік баспалық қалыптар жасау шрифтілік әдісінің ерекшеліктері.

      190. Орта кәсіптік білім қажет.

      191. Жұмыс үлгілері:

      1) ақшалай бұйымдар мен құнды қағаздарды басып шығаруға арналған қалыптар.

      25. Корректор

      Параграф 1. Корректор, 2-разряд

      192. Жұмыс сипаттамасы:

      әдебиеттің барлық түрін оқу;

      анағұрлым жоғары білікті корректордың жетекшілігімен бедерлерге түпнұсқаға және әріп терудің техникалық ережелеріне сәйкес түзетулер енгізу;

      зағип әріп терушіге шет және ұлттық тілдерде көлемді емес мазмұндағы белгілерді және сөздерді, түрлі терминологиялық мәтінді, сандық материалдар мен формулаларды оқып беру.

      193. Білуге тиіс:

      орыс, ұлттық және латын әліпбилерін;

      орыс мәтінінің орфографиясы мен пунктуациясын;

      типографиялық өлшеу жүйесін;

      стандартты түзету белгілерін;

      түрлі гарнитурадағы қаріптердің айырмашылық белгілерін;

      мәтінді терудің техникалық ережесі;

      Брайль бойынша жазу әліппесі мен марбург жүйесін;

      Брайль бойынша формулалардың жазылуын.

      194. Жұмыс үлгілері:

      Зағип әріп терушіге оқып беру

      1) қоғамдық-саяси және ғылыми-кең тараған әдебиет;

      2) көркем әдебиет (проза, өлеңдер, драмалық шығармалар);

      3) бастауыш сыныптарға арналған математика оқулықтары;

      4) әдебиет, тарих, география, анатомия, ботаника және т.б. оқулықтары.

      Параграф 2. Корректор, 3-разряд

      195. Жұмыс сипаттамасы:

      жекелеген шетел сөздерінен тұратын, сандық материал, елеусіз басқа кескіндегі шрифтімен (курсив, жартылай қанық) бөлінген мәтінді түзету;

      түпнұсқаға және терудің техникалық ережесіне сәйкес түзетулер енгізу;

      зағип әріп терушіге күрделі мәтінді, күрделі сандық материалдарды, кестелерді, қорытындылар мен ноталарды оқып беру.

      196. Білуге тиіс:

      қаріп стандарттарын;

      мәтінді, кесте, қорытындылар, акциденция формаларын терудің техникалық ережесі;

      ұлттық тілдердің орфографиясы мен пунктуация ережелері, математикалық және химиялық белгілер;

      ноталар және оларды Брайль бойынша жазудың тәртібі;

      электронды терудің ерекшеліктері.

      197. Жұмыс үлгілері:

      Мәтінді түзету

      1) кеңселік үлгідегі кестелер;

      2) кіші және афишалық-плакатты акциденция формалары.

      Зағип терушіге оқып беру

      1) шахмат-шашка туралы әдебиет;

      2) орфографиялық сөздіктер, кодекстер, әліппелер;

      3) шет тілдердегі оқулықтар, шет тіл сөздіктері;

      4) мәтінді және мәтінсіз түрлі аспаптарға арналған музыкалық шығармалар (ноталар);

      5) алгебра, геометрия, химия, физика оқулықтары;

      6) ұлттық тілдердегі оқулықтар.

      Параграф 3. Корректор, 4-разряд

      198. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы азғантай терминологиядан, қаріптік түрлі бөлінген (бас әріптер, ашық түстегі және жартылай қалың, түзу жартылай қалың және қалың курсив) және шрифтімен бөлінген (сиректетіп терілген, тартылған, сатылап терілген) мәтінді түзету;

      шағын сандық материалы бар қарапайым мәтін, әліпбиі латын графикасына негізделген тілдердегі сөздерден, сондай-ақ түрлі техникалық терминологиялы мәтіннен тұратын брайлерлік (рельефті) теру бедерлерін түзету.

      199. Білуге тиіс:

      түрлі гарнитура қаріптері мен графикалық формалардың жазылуы;

      кітап-журнал және газет беттеу ережесі.

      200. Жұмыс үлгілері:

      1) аудандық үлгідегі, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың газеттері;

      2) қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік, ауыл шаруашылығы туралы, көркем және балалар әдебиеті, өлеңдер;

      3) сақтандыру куәліктері, афишалық-плакаттық акциденция формалары, кеңселік үлгідегі кестелер.

      Параграф 4. Корректор, 5-разряд

      201. Жұмыс сипаттамасы:

      үлкен мөлшерде арнайы терминологиядан, бірнеше әліпби қаріптерінен тұратын, сондай-ақ химиялық, астрономиялық және басқа да қысқартылған белгілері, бір жолды математикалық және химиялық формулалары, фонетикалық транскрипция белгілері, бір жолда екі белгіден артық қаріптер тұратын мәтіннен, шет тілдегі мәтіндерді түзету;

      акциденттік-бланкілік жұмыстарды, шағын және афишалық-плакат акциденция формаларын басудан алдын шкалаларды, мәліметтерді және қол қоятын парақты қайталап оқып беру;

      кітап-журнал, бейнелеу өнім басылымы офсеттік және терең тәсілдерімен басып шығару кезінде машина мәліметтерін қоршау мәліметтерімен, жазылған түзетпелермен салыстырып тексеру;

      әжептәуір сандық материалы бар күрделі мәтін, шет тіл және ұлттық тілдердегі сөздерден, күрделі сандық материалдардан, формулалардан, ноталардан тұратын брайлерлік теру бедерлерін түзету;

      ноталар мен мәтін бедерлерін түзету, сондай-ақ автор қолжазбаларының ноталық жиынтығын және жиынтықтағы белгілерді, ұлттық тілдегі мәтіні бар, орыс және латын графикалық негізде құралған әліпбиі бар күрделі емес музыкалық шығармаларды ауыстыру;

      бөлшектейтін ретушь сапасын бастапқы картографиялық материалдар бойынша және негативтердегі баспа корректурасы бойынша түзетулердің дұрыстығын тексеру.

      202. Білуге тиіс:

      күрделі жиынтықта қолданылатын математикалық, химиялық, астрономиялық және басқа да белгілер;

      нота жазу ережесі;

      түрлі музыкалық шығармаларға арналған нота жазу ерекшеліктері, латын, грек және ерекше графикалық негіздердегі қаріптер;

      жолақ түсіру ережесі;

      техникалық баспа айрықшалықтары мен корректура құжаттамасы;

      нота, математикалық, физикалық, химиялық және басқа да Брайль бойынша белгілерді жазудың тәртібі;

      топографиялық және арнайы карталарды сызу жүйесі мен шартты белгілері;

      түсті бедерлердегі шартты белгілерді бейнелеу;

      құймалар мен бөлшектейтін ретушь макеттері;

      картографиялық қаріптердің сызылуы.

      203. Жұмыс үлгілері:

      1) еңбекке жарамсыздық парақтары, көркем конверттер;

      2) федералды және өңірлік деңгейлердегі газеттер;

      3) күрделі емес картографиялық өнім;

      4) оқу-әдістемелік әдебиет, драмалық шығармалар;

      5) кітап-журнал кестелері, тоғызыншы сыныпқа дейінгі физика, химия, математика оқулықтары, күрделі емес ғылыми-техникалық әдебиет;

      6) шахмат-шашка туралы әдебиет.

      Параграф 5. Корректор, 6-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі күрделі (математикалық, химиялық, физикалық және басқа да белгілерден тұратын) әдебиет, шет тілдердегі барлық әдебиет мәтіндерін түзету;

      басылымға қол қойылған баспа түзетуімен монтаждағаннан кейін формалы қорытындыларды, бедерлерді салыстырып тексеру;

      ноталар мен мәтін бедерлерін түзету, сондай-ақ автор қолжазбасымен ноталар жиынтығын салыстырып тексеру және күрделі музыкалық шығармалар жиынтығындағы белгілерді ауыстыру. тұрақты сақталынатын бедер телнұсқаларды штрих сапасына және мазмұнына қарай түзету.

      205. Білуге тиіс:

      анықтамалық әдебиет және сөздіктерді қолдану ережесі;

      ерекше графикалық форма қаріптері;

      тұрақты сақталатын баспалық формалардың, тираждық бедерлер мен бедер телнұсқалардың сапасына қойылатын талаптар;

      басып шығару кезінде бояу жағу тәртібі;

      түрлі линиатурадағы құймалар мен торшаларды құрастыру кезінде түстердің пайда болу принципі.

      206. Жұмыс үлгілері:

      1) лотерея билеттерінің офсеттік формаларының, "Адам анатомиясы атласы", "Палех" үлгісіндегі жоғары көркемдік жұмыстардың бедерлері;

      2) күрделі картографиялық өнім;

      3) брадис кестесі, орта техникалық және жоғары оқу орындарына арналған физика, математика, химия оқулықтары, электроника, ракеталық техника оқулықтары, күрделі ғылыми-техникалық әдебиет, шет тіл және энциклопедиялық сөздіктер.

      26. Монтажшы

      Параграф 1. Монтажшы, 3-разряд

      207. Жұмыс сипаттамасы:

      плакат үлгісіндегі ұсақ мәтіндік қосымшаларсыз шығарылымның бір бояулы баспасына, фотожиынтықтың мәтіндік жолақтарына арналған түрлі мөлдір негіздердегі макет бойынша негативтер мен диапозитивтерді монтаждау;

      негативтердің немесе диапозитивтердің өлшемдерін таңдау және тексеру, формат бойынша ақ жолдарды тексеру, сызу және кесу;

      монтаждау жоспарын мөлдір негіздегі макет бойынша сызу;

      негізді белгілеу;

      негативтер немесе диапозитивтер негізіндегі мәтін мен иллюстрацияларды, баспа процесін шұғыл бақылау шкаласын орнату және бекіту;

      парақтар мен бүктемелерді жетілдіру, кесуді бақылауға арналған белгілер жасау;

      төлқұжаттарды монтаждауды бақылау, жиектеу және желімдеу, топографиялық карта позитивтерінің монтажды негіздерін шешу және номенклатура бойынша оларды қалау;

      өңделген флексографиялық форманы монтаждан алу, флексографиялық форманы монтаждау, металл білік пен форманы майсыздандыру, даяр форманы орау;

      офсеттік баспа формаларын жасау жөніндегі лазерлік оятын автоматқа арналған бағдарламалық түпнұсқа жасау.

      208. Білуге тиіс:

      жолақ түсіру нұсқалары, монтаждауда қолданылатын мөлдір негіздер мен басқа да материалдардың сипаттамасы және қасиеттері, флексографиялық баспалық форма біліктеріне, штрихты және растрлық негативтер мен диапозитивтердің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      фотокерамикаға арналған монтаж жасау жолдары, тегіс және терең баспа технологиясы негіздері, көшірмелеу рама жұмысының принциптері, қолданылатын материалдардың қасиеті.

      Параграф 2. Монтажшы, 4-разряд

      209. Жұмыс сипаттамасы:

      негативтер мен диапозитивтерді макет бойынша монтаждау немесе жолақ диапозитивтерін монтаждау; сондай-ақ бір бояулы және көп бояулы баспаға арналған шығару құрылғыларында алынған бірнеше жолақтарды монтаждау;

      екі бояуға айналдыратын монтаж;

      көп бояулы жұмыстарды монтаждау жоспарын сызу;

      жекелеген элементтердің алмауын тексеру;

      баспа флексографиялық формаларын монтаждау;

      екі жақты жабысатын таспамен бекіту, флексографиялық форманы орнату, форма орнату сапасын бақылау.

      210. Білуге тиіс:

      тегіс және терең басылымда көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      көп бояулы басылымдарды басып шығаруға арналған бояуларды ауыстыру шектері, суреттерді көшіргіш-көбейткіш машинада көбейту принципі;

      кітап-журнал беттеудің техникалық ережесі;

      қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;

      кітап өнімдерін ресімдеу ережесі, өлшеу және метрикалық аударудың типографиялық жүйесі;

      флексографиялық баспа формаларын жасаудың және оларды баптаудың технологиялық процесі.

      Параграф 3. Монтажшы, 5-разряд

      211. Жұмыс сипаттамасы:

      ұсақ сурет бөлшектері бар көп бояулы басылымдарға арналған түрлі мөлдір негіздердегі негативтер мен диапозитивтерді монтаждау;

      үш және одан да көп бояуға айналдыратын баспаға арналған негативтер мен диапозитивтерді монтаждау, сондай-ақ негативтер мен диапозитивтерді ұшпа-ұш монтаждау;

      кейіннен мәтінді басып шығаруды ескере отырып өнімді басуға арналған мәтіндік және иллюстрациялық формаларын монтаждау;

      топографиялық, арнайы карталары мен ақшалай бұйымдарды басып шығаруға арналған формаларды монтаждау;

      желілік сурет өлшемдері мен топографиялық карта рамкалары өлшемдерін өлшеу;

      бұзылған суреттерді теориялық өлшемдерге дейін жеткізу;

      компьютерлік техниканы пайдалана отырып күрделі флексографиялық формаларды монтаждау;

      теретін-басып шығаратын машинкада басылған газет мәтінің беттеу және түзету.

      212. Білуге тиіс:

      түсті түпнұсқаларды шығарудың технологиялық процесі; негативтер мен диапозитивтерді түзету тәсілдері;

      басып шығару кезінде бояу жағу тәртібі;

      жол сызу жүйесі мен топографиялық және арнайы карталардың шартты белгілері;

      карта басылымдарының технологиялық процесі, топографиялық карта трапециялары рамкаларының өлшемдерін айқындауға арналған кестелер;

      флексографиялық баспа формаларын жасаудың технологиялық процесі мен осы формаларды монтаждауға арналған электронды құрылғының жұмыс істеу принципі.

      27. Қолмен теруші

      Параграф 1. Қолмен теруші, 2-разряд

      213. Жұмыс сипаттамасы:

      барлық түрдегі жиынтықтарды жинақтан шығару;

      азат жол материалдары мен сызғыштарды сақтау орындары бойынша іріктеу, сұрыптан шығару және қалау, сондай-ақ қолмен және машинамен терудің барлық түрін қайта балқытуға жіберу;

      түрлі қаріптік белгілері бар (курсив, жартылай қалың) мәтіндік теру мен акциденция формаларын шрифткассаға бөлшектеу;

      шрифт кассаға үстемелеп салу, кассаны тазарту.

      214. Білуге тиіс:

      өлшеудің типографиялық жүйесін;

      түрлі гарнитурадағы қаріптердің айырмашылық белгілері;

      азат жол материалдары мен сызғыш түрлері;

      жиынтық орнаменттерінің топтары;

      типографиялық балқыту құрамы;

      шрифткассалардың тәсімі мен теру материалдарын сақтау жүйесі;

      шрифткассаларды тазартуға арналған аспаптардың құрылымы мен пайдалану ережесі.

      215. Жұмыс үлгілері:

      Бөлшектеу

      1) акциденция формалары;

      2) газет теру формалары;

      3) әлеуметтік-экономикалық, көркем, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді теру формалары.

      Параграф 2. Қолмен теруші, 3-разряд

      216. Жұмыс сипаттамасы:

      басқаша жазу (курсив, жартылай қалың) қарпімен елеусіз бөлінген және сиректетіп терілген мәтінді, сандық материалды теру және түзету;

      теру жол құю машиналарында терілген жолдарды қолмен теру немесе сиретіп теру; күрделі есептеуді қажет етпейтін теру және сызу жолдарынан тұратын акциденция формаларын және тігінен немесе тек көлденеңінен тұратын формаларды түзету;

      кестелік және формулалық теру, сондай-ақ түрлі әліпби қаріптерінен және көп мөлшерде математикалық, химиялық, астрономиялық және басқа да белгілер мен қысқартылған белгілерден тұратын мәтіндік шрифткассаны бөлшектеу;

      түзету бедерлерін таңдау;

      түзетуден алдын теру шектерін жиынтықтау;

      жол құятын жиынтық шектерін түзету кезінде жолдарды ауыстыру.

      217. Білуге тиіс:

      орфография және пунктуация ережесі;

      мәтіндік түпнұсқаларды белгілеудің техникалық ережесі;

      мәтінді және кіші акциденция формаларын терудің техникалық ережесі;

      стандартты түзету белгілері, математикалық және химиялық белгілер;

      метрикалық шаралардың қысқартылған белгілеулері;

      латын және грек әліпбиі.

      218. Жұмыс үлгілері:

      Теру және түзету

      1) газеттер;

      2) қоғамдық-саяси, ауыл шаруашылығы, көркем және балалар әдебиеті, өлеңдер, сан бағандарын терудің шектері мен жолдары;

      3) акциденцияның кіші формалары: шақыру билеттері, жапсырмалар, бағдарламалар, есептер, анкеталар, өтініштер, анықтамалар, конверттер, ярлыктар, қала көлігінің, кино, театр, стадион билеттері.

      Бөлшектеу

      1) техникалық әдебиет, шет тіл және техникалық сөздіктер, реферативті журналдарды теру формалары;

      2) кесте және формулаларды теру формалары.

      Параграф 3. Қолмен теруші, 4-разряд

      219. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы терминологиядан, математикалық, химиялық, астрономиялық және басқа да белгілерден және бұғанасыз бір жолды формулалардан, сондай-ақ түрлі қаріптік белгілеулер (бас әріппен, ашық және жартылай қалың, тура жартылай қалың және қалың курсивтер) және қаріптік емес белгілеулерден (сатылық теру, сиретіп теру, жиып теру) тұратын мәтінді теру және түзету;

      теретін жол құятын машиналарда терілген жолдарды қолмен теру немесе сиретіп теру, және күрделі есептеуді талап ететін және кестеден тұратын теру жолдары мен сызғыштардан тұратын акциденция формаларын, сондай-ақ кеңселік үлгідегі қорытындылар мен кестелерді түзету;

      беттеуден алдын теру шектерін жиынтықтау;

      жол құйып теру жолдарын түзету кезінде жолдарды ауыстыру.

      220. Білуге тиіс:

      өлең жолдары мен драмалық шығармаларды терудің техникалық ережесі;

      кестелерді есептеудің ережесі; акциденция формаларын ресімдеудің графикалық әдістері мен техникалық жолдары;

      газет беттеу және формаларды баспаға дайындаудың техникалық ережелері.

      221.Жұмыс үлгілері:

      Теру және түзету

      1) қорытындылар;

      2) ғылыми-көпшілік, оқу-әдістемелік әдебиет, драмалық шығармаларды, саты жолдардан тұратын өлеңдерді (Маяковскийдің өлең жолдарына ұқсас), сілтемелерді, колонтитулдарды, тақырыптарды, журнал және газет хабарландыруларын терудің шектері мен жолдары;

      3) акциденцияның кіші формалары: шақыру билеттері, жапсырмалар, банк чектері, есептер, ордерлер, төлем тапсырмалары, түрлі штемпельдер мен үш бұрышты мөрлер;

      4) кеңсе кестелері;

      5) фирмалық бланкілер.

      Параграф 4. Қолмен теруші, 5-разряд

      222. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі гарнитура қаріптері мен әліпбилерден, сондай-ақ химиялық және астрономиялық белгілермен қанықтырылған, қысқартылған белгілермен, бір жолды математикалық және химиялық формулалар мен фонетикалық транскрипция белгілерінен тұратын мәтінді теру және түзету;

      шет тілдердегі (еуропалық) мәтіндерді, кітап-журнал кестелерін, афишалық-плакаттық және кітап-журналдық акциденция формалары мәтіндерін теру және түзету;

      беттеудің күрделі емес түрлері;

      жол құятын машиналарда терілген журнал кестелерін бөлу. әріп құятын машиналарда құйылған шықпа жиынтықтарын түзету;

      жол құю жиынтықтарын түзету кезінде күрделі емес және арнайы белгілерді бөлшектеп және қоса отырып жолдарды ауыстыру.

      223. Білуге тиіс:

      ұлттық әліпбилер, латын және грек графикалық негіздегі қаріптер;

      кітап-журнал кестелерін теру және түзету ережесі;

      машинамен теру және клишеге қойылатын техникалық талаптар, беттеу техникалық құжаттамасы;

      кітап-журнал беттеудің техникалық ережесі;

      кітап-журнал өнімдерін ресімдеудің стандарттары.

      224. Жұмыс үлгілері:

      Теру және түзету

      1) афишалық-плакатты акциденция: афишалар, плакаттар;

      2) кітап-журнал акциденциясы: мұқабалар, титулдар;

      3) теміржол билеттері;

      4) ғылми-техникалық және анықтамалық әдебиет, шет тілдер, техникалық және энциклопедиялық сөздіктердің, физика, химия, математика және грамматика оқулықтары мәтіндерінің шектері мен жолдары;

      5) дөңгелек мөртабандар;

      6) еңбекке жарамсыздық парақтары;

      7) азаматтық ахуал актілерінің куәліктері;

      8) сақтандыру куәліктері;

      9) кітап-журнал кестелері, кестелер-тәсімдер.

      Беттеу

      1) аудандық үлгідегі газеттер;

      2) бір бағанға кітап-журнал жиынтығы.

      Параграф 5. Қолмен теруші, 6-разряд

      225. Жұмыс сипаттамасы:

      формулаларды теру және түзету;

      беттеудің күрделі түрлері;

      ерекше қатаң есептегі формаларды теру және түзету. мәтінді теру және түзету, гранкаларды жиынтықтау және Ерекше графикалық формалы жазу жүйесімен шет тілдерде жазылған мәтінді беттеу;

      жоғары көркем басылымдарды жинақтау және салыстырып тексеру машинасында түзету.

      226. Білуге тиіс:

      ерекше графикалық форма қаріптері, кітап-журнал және газет өнімдерін ресімдеудің графикалық әдістері мен техникалық жолдары, көп бояулы басылым туралы негізгі мәліметтер;

      тегіс және ротациялық машиналарда басып шығару кезінде түсірудің негізгі тәсімдері.

      227. Жұмыс үлгілері:

      Теру және түзету

      1) монографиялық атластар;

      2) мемлекеттік мөртабандар;

      3) формулалық жиынтық;

      4) төлқұжаттық құжаттама;

      5) энциклопедиялық сөздіктер (геологиялық, математикалық, политехникалық үлгідегі);

      6) құнды қағаздар (аккредитивтер, акциялар, қазынашылық міндеттемелер, сертификаттар, облигациялар, сақтандыру полистері және тағы басқа);

      7) энциклопедиялар.

      Беттеу

      1) федералды және өңірлік деңгейдегі газеттер;

      2) клише жиегімен бір бағанда кітап-журнал теру және жоғары көркем басылымдарын көпбағаналы беттеу.

      28. Машинамен теруші

      Параграф 1. Машинамен теруші, 3-разряд

      228. Жұмыс сипаттамасы:

      шет тілдер және ұлттық тілдердегі елеусіз сөздер мәтінін, жай сандық материалдарды брайльдік теру машинасында теру.

      229. Білуге тиіс:

      орыс, ұлттық және латын әліпбилері;

      орфография және пунктуация ережелері;

      Брайль бойынша марбург жазу жүйесі;

      брайльдік теруге арналған мәтіндік түпнұсқаларды белгілеудің техникалық ережесі.

      230. Жұмыс үлгілері:

      Теру

      1) ғылыми көпшілік әдебиет;

      2) көркем әдебиет (проза, өлеңдер, драмалық шығармалар);

      3) бастауыш сыныптарға арналған математика оқулықтары;

      4) әдебиет, тарих, география, анатомия, ботаника оқулықтары.

      Параграф 2. Машинамен теруші, 4-разряд

      231. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі техникалық терминологиялы, сандық материалдары және формулалары бар мәтіндерді брайльдік теру машинасында теру;

      рельефті-нүктелік автоматта және электронды-механикалық теру машинасында брайльдік мәтін матрицаларын жасау;

      бағдарламаны енгізу, штампыға қаңылтыр пластина орнату, даяр матрицаны шешу.

      232. Білуге тиіс:

      Брайль бойынша формулалар жазу тәртібі;

      брайльдік теруге арналған машиналарды реттеу жолдары;

      рельефті-нүктелік автоматты теру және электронды-механикалық теру машинасының құрылысы және жұмыс істеу принципі.

      233. Жұмыс үлгілері:

      Теру

      1) әліппелер;

      2) қоғамдық-саяси әдебиет;

      3) толық емес орта мектепке арналған математика, физика, химия оқулықтары;

      4) грамматика оқулықтары.

      Параграф 3. Машинамен теруші, 5-разряд

      234. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі гарнитуралар мен әліпби қаріптерінен, арнайы терминологиядан тұратын және математикалық, химиялық, физикалық, астрономиялық және басқа да белгілері және бір жолдық формулалары бар мәтінді теретін бағдарламалық машиналарда теру; машина механизмдерінің жұмысын тексеру; қағаз таспамен толтыру; теру белгілерінің (формат, интерлиньяж, кегль, гарнитура) форматын немесе тапсырмасын орнату; мәтін жолдарын теру (кодтау); жұмыс процесіндегі ақауларды жою; машинаны тазалау және майлау;

      Брайльдік теру машинасында шет тілдер мен ұлттық тілдегі мәтіндерді, күрделі сандық материалдарды теру.

      235. Білуге тиіс:

      мәтіндік түпнұсқаларды белгілеудің техникалық ережелер;

      код жүйесін;

      теру және кодтаудың техникалық ережесі;

      перфотаспаға түзету және беттеу, түзету әдістері;

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      теретін бағдарламалық машиналарға арналған өлшеу жүйесі;

      түзету белгілерінің стандарттары мен қаріп гарнитуралар;

      теруді кодтауға арналған қағаз таспаның сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      теру бағдарламалық машиналар мен брайльдік теру машинасының құрылымы мен әрекет ету принципі;

      Брайль бойынша формулалар мен ноталар жазу тәртібі.

      236. Жұмыс үлгілері:

      Теретін бағдарламалық машиналарда теру

      1) газеттер;

      2) әлеуметтік-экономикалық, көркем, балалар, ғылыми көпшілік әдебиеті;

      3) әдебиет, экономика, медицина оқулықтары;

      4) акциденция формалары.

      Брайльдік теру машиналарында теру

      1) шахмат-шашка туралы әдебиет;

      2) шет тілдердегі оқулықтар, шет тіл сөздіктері;

      3) түрлі аспаптарға арналған музыкалық шығармалар;

      4) орфографиялық сөздіктер, кодекстер;

      5) шет тілдер және ұлттық тілдердегі бастауыш және орта мектеп оқулықтары;

      6) орта мектепке арналған алгебра, геометрия, химия, физика оқулықтары.

      Параграф 4. Машинамен теруші, 6-разряд

      237.Жұмыс сипаттамасы:

      математикалық, химиялық, физикалық, астрономиялық белгілермен, формулалармен, қысқартылған белгілермен қанықтырылған мәтіндерді теру; қорытындыларды, кестелерді теретін бағдарламалық машиналар мен брайльдік теру машиналарында теру;

      ерекше графикалық формада жазу жүйесімен тілдердегі мәтінді бағдарламалық теретін машиналарда теру.

      238. Білуге тиіс:

      күрделі теруде қолданылатын математикалық, химиялық, астрономиялық және басқа да белгілер;

      ерекше графикалық формадағы қаріптер мен оларды клавиатурада және рамада орналасуы;

      кестелерді, қорытындыларды, формулаларды есептеу және терудің техникалық ережесі;

      шет тілдердегі Брайль кодтарының жүйесін;

      математика, физика, химия формулаларын жазу ережесі;

      бағдарламалық теру машиналары мен брайльдік теру машиналарының құрылымы мен әрекет ету принциптері;

      машинаның негізгі тораптарының жұмысын реттеу ережесі және жұмыс процесіндегі ақаулықтарды жою.

      239. Жұмыс үлгілері:

      Бағдарламалық теру машиналарында теру

      1) кестелер, формулалар;

      2) реферативтік үлгідегі "Химия", "Физик", "Есептеу математикасы" журналдары;

      3) сөздіктер – энциклопедиялық басылымдар;

      4) әлеуметтік-экономикалық, көркем, балалар, ғылыми көпшілік және техникалық әдебиет;

      5) ерекше графикалық формадағы жазу жүйесімен шығыс және африка тілдеріндегі оқулықтар;

      6) физика, химия, математика, грамматика оқулықтары.

      Брайльдік теру машиналарында теру

      1) қорытындылар, кестелер, формулалар;

      2) жоғары және орта оқу орындарына арналған оқулықтар;

      3) шет тілдердегі көркем және техникалық әдебиет.

      29. Теру-жол құю машиналарында теруші

      Параграф 1. Теру-жол құю машиналарында теруші, 4-разряд

      240. Жұмыс сипаттамасы:

      тақырыптардың, хабарландыру, афишалар мен ірі кегель мәтінінің матрицалық жолдарын қолмен теру және жол құю ірі кегель машинасында жолдарды құю; терілген жолды машинаға орнату; машинаның жұмысындағы ақаулықтарды жою; машинаны реттеу, тазалау және майлау.

      241. Білуге тиіс:

      орфография және пунктуация ережелері;

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      түзету белгілері мен қаріп стандарттары, типографиялық балқыту құрамы, терудің техникалық ережесі;

      ірі кегель теру машинасын реттеу жолдары.

      Параграф 2. Теру-жол құю машиналарында теруші, 5-разряд

      242. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі гарнитура қаріптері мен әліпбилерден, сондай-ақ арнайы терминологиядан, математикалық, химиялық, астрономиялық және басқа да бір қатарлы формулалардан тұратын мәтінді теру-жол құю машиналарда теру және теру-жол құю машиналарда перфолентадан құю;

      барлық түрдегі акциденциялар мен кесте формаларына арналған жолдарды теру;

      қорытындылар мен салыстырып тексерулерді теру;

      қолмен теру.

      243. Білуге тиіс:

      ұлттық әліпбилер, мәтіндік түпнұсқаларды белгілеудің техникалық шарттары;

      жол құю режимі;

      теру жол құю машиналарына арналған қаріптер мен балқыма стандарттары;

      теру жол құю автоматтарының кодтар жүйесі;

      теру жол құю машиналары мен автоматтарының құрылғысы мен пайдалану ережесі.

      244. Жұмыс үлгілері:

      Теру

      1) газеттер;

      2) әлеуметтік-экономикалық, көркем, балалар, ғылыми көпшілік әдебиеті;

      3) әдебиет, экономика, медицина оқулықтары.

      Параграф 3. Теру-жол құю машиналарында теруші, 6-разряд

      245. Жұмыс сипаттамасы:

      математикалық, химиялық, астрономиялық белгілерден және қысқартылған белгілерден тұратын мәтінді теру-жол құю машиналарда теру және теру-жол құю машиналарда перфолентадан құю;

      қорытындылар мен формулаларды теру.

      246. Білуге тиіс:

      күрделі теруде қолданылатын математикалық, химиялық, астрономиялық және басқа да белгілер;

      теру жол құю машиналары мен автоматтарының негізгі тораптарын реттеу жолдары.

      247. Жұмыс үлгілері:

      Теру

      1) "Химия", "Физика", "Есептеу математикасы" үлгісіндегі реферативтік журналдар;

      2) сөздік-энциклопедиялық басылымдар;

      3) әлеуметтік-экономикалық, көркем, балалар, ғылыми көпшілік, техникалық әдебиет шығармалары, оқулықтар, ерекше графикалық формадағы жазу жүйесімен тілдердегі газеттер;

      4) физика, химия, математика, грамматика оқулықтары.

      30. Нота оюшы

      Параграф 1. Нота оюшы, 5-разряд

      248. Жұмыс сипаттамасы:

      қаріптері орыс және латын графикалық негізінде құрылған тілдердегі ноталық мәтін белгілерін, әріп белгілерін және сөздерді қорғасын тақтайларда қолмен ою және пуансондармен қолмен түйреу;

      тақтайларды тазарту;

      басылым форматы бойынша тақтайларды есептеу және белгілеу;

      нота ұстағыштарды жолақ ішінде орналасуын және нота ұстағыштарды тактілерге бөлуді есептеу;

      мәтіндердің, ноталық мәтін белгілерінің, әріптік белгілердің және сөздердің орналасуын есептеу;

      ранжир есептеу;

      растр арқылы нота ұстағыштарды ою;

      кері бейнедегі ноталық түпнұсқаны қайта жазу;

      ноталық белгілердің мәтінін және темптік белгілерді қолмен пуансондармен түйреу, штихельмен штильдерді, байлауларды, копштрихтарды, легатолар, крещендтерді қолмен ою;

      тақтаны түйрегеннен кейін тегістеу;

      түзеткеннен кейін түзету енгізу;

      ою аспабын қайрау және жетілдіру.

      249. Білуге тиіс:

      нота графикасын;

      музыкалық білім және терминологияны;

      берілген форматқа түпнұсқаны есептеу және белгілеу ережесі;

      басылып шығатын музыкалық шығармалардың форматтары;

      ықтимал кескіндер мен кегель орыс және латын әліпбиі қаріптерінің пуансондары мен олардың қалыпта орналасуы;

      музыкалық сүйемелдеуге тиісінше дауыс мәтінінің орналасу ерекшеліктері;

      ою аспабымен жұмыс істеу техникасы;

      ою аспабын қайрау және жетілдіру техникасы.

      250. Жұмыс үлгілері:

      1) түпнұсқалық музыкалық шығарма формалары: аспаптарға, симфоникалық және үрмелі оркестр және халық аспаптары оркестріне арналған дауыстар, романс, ән, фортепьянолы шығармалар мен фортепьяно сүйемелдеуімен барлық мүмкін аспаптарға арналған шығарма жинақтарының формалары.

      Параграф 2. Нота оюшы, 6-разряд

      251. Жұмыс сипаттамасы:

      қаріптері ерекше графикалық форма жазу, сондай-ақ сызбалар, тәсімдер мен суреттер жүйесі бойынша құрылған тілдердегі ноталық мәтін белгілерін, әріп белгілерін және сөздерді қорғасын тақтайларда қолмен ою және пуансондармен қолмен түйреу.

      252. Білуге тиіс:

      ерекше графикалық формадағы қаріп пуансондары (армян, грузин, үнді және тағы басқа) және олардың қалыпта орналасуы.

      253. Жұмыс үлгілері:

      1) түпнұсқалық музыкалық шығарма формалары: дирекцион, квартет, квинтет, клавир, концерт, партитура, мәтіндері грузин, армян, үнді тілдеріндегі әндер мен романстар, секстет, музыкалық шығармаларға арналған сызбалар мен суреттердің формалары.

      31. Нотографшы

      Параграф 1. Нотографшы, 3-разряд

      254. Жұмыс сипаттамасы:

      автор қолжазбасы бойынша күрделі емес музыкалық шығармалардың: үрмелі оркестр аспаптарына, балалар мектебі циклынан шығармаларға, кіші жастағы балаларға арналған фортепьяно сүйемелдеуімен әндерге арналған дауыстардың ноталық түпнұсқасын теру және жасау;

      орыс және латын тілдеріндегі әріп белгілері мен сөздерді жазу;

      тор қағазды нота ұстағышқа есептеу және белгілеу;

      нота ұстағыштарды тактыларға сызу және ноталық такты белгілерінің, легато байлауларын, крещендо және тағы басқа орналасуы;

      пуансондар арқылы бояумен нота мәтіні белгілерін жазу;

      байлауларды, легато, крещендо, штильдерді және тағы басқа сызбалық және арнайы аспаппен сызу;

      түзеткеннен кейін түзетулерді енгізу.

      255. Білуге тиіс:

      ноталық графиканы;

      музыкалық орфография мен терминологияны;

      басылып шығатын музыкалық шығармалардың форматтары мен түпнұсқаны берілген форматқа есептеу және белгілеу ережесі;

      дауысты музыкалық сүйемелдеуге сәйкес орналастыру ерекшеліктері;

      түзету белгілері, музыкалық белгілердің пуансондары және олардың қалыптарда (кассаларда) орналасуы;

      барлық мүмкін кескіндер мен кегель орыс және латын әліпбилері қаріптерінің пуансондары;

      нота мәтінің жазу және көздеуде қолданылатын қағаз бен бояудың қасиеті;

      нотографиялық жұмыстарға арналған сызба аспабымен жұмыс істеу жолдары.

      Параграф 2. Нотографшы, 4-разряд

      256. Жұмыс сипаттамасы:

      автор қолжазбасы бойынша күрделендірілген музыкалық шығармалардың: халық аспаптарына және жеңіл орындалатын симфониялық оркестр аспаптарына,екі және төрт қолмен және екі фортепьянода ойналатын фортепьянолық шығармаларға арналған дауыстардың ноталық түпнұсқасын теру және жасау;

      қаріптері орыс және латын графикалық негізіне құрылған орыс және латын, сондай-ақ ұлттық тілдердегі әріп белгілері мен сөздерді жазу;

      қосымша қосалқы белгілерді есептеу және белгілеу.

      257. Білуге тиіс:

      музыкалық білім;

      орыс және латын графикалық негіздегі әліпби пуансондары мен олардың қалыптарда (кассаларда) орналасуы.

      Параграф 3. Нотографшы, 5-разряд

      258. Жұмыс сипаттамасы:

      автор қолжазбасы бойынша күрделі музыкалық шығармалардың: көп аккордтан тұратын симфониялық оркестр аспаптарына, екі рет бөлінген байлауларға арналған дауыстардың; фортепьяноның сүйемелдеуімен түрлі аспаптарға арналған шығармалардың, баян, гармоника, гитара және басқа да халық аспаптарына арналған шығармалардың, осы аспаптарға арналған ансамбльдердің, әндердің, романстар, хор партитуралары мен тағы басқа ноталық түпнұсқасын теру және жасау;

      шет тілдердегі әріп белгілері мен мәтіндерді жазу;

      қосымша нота мәтінін: саусақтарды, педальдарды, жұлдызшаларды, сілтемелер мен тағы басқа есептеу және белгілеу.

      259. Білуге тиіс:

      күрделі музыкалық шығармалардың түпнұсқа жолағында нота ұстағыштар мен музыкалық мәтіннің орналасуының ең дұрыс композициялық шешімі;

      бір уақытта бірнеше аспаптардың ойнайтын аранжировканы есептеу.

      Параграф 4. Нотографшы, 6-разряд

      260. Жұмыс сипаттамасы:

      автордың қолжазбасы бойынша ерекше күрделі музыкалық шығармалардың: дирекциондар, квартеттер, квинтеттер, концерттер, клавирлер, партитуралар, фортепьянолық академиялық шығармалар, гармония оқулықтары, грузин, армян, үнді тілдеріндегі әндер мен романстардың ноталық түпнұсқаларын теру және жасау.

      261. Білуге тиіс:

      партитураның барлық түрлерінде ойнайтын аспаптарды енгізу және ойнамайтын аспаптарды шығару ережесі;

      күрделі бөлшектердегі ранжира бойынша нотаны қою ережесі;

      ерекше графикалық формадағы қаріптер пуансондары мен олардың қалыптарда орналасуы.

      32. Шығарушы құрылғылардың операторы

      Параграф 1. Шығарушы құрылғылардың операторы, 6-разряд

      262. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды желі бойынша немесе сыртқы жеткізгіш бойынша ақпарат алу және бақылау, растрлық процессорда алынған ақпаратты өңдеу, ақпаратты немесе формалық материалды фотопленкаға шығару; экспонирленген материалды өңдеу, алынған фотоформалар немесе баспа формаларын бақылау;

      экспонирленген материалды өңдеуге арналған шығарушы құрылғылар мен процессорды технологиялық дайындау және теңшеу, құрылғыларды техникалық қызмет көрсету.

      263. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың техникалық ерекшеліктері мен технологиялық теңшеу негіздері;

      бастапқы ақпаратты беру формаларына қойылатын талаптар;

      алынған фотоформаларға немесе баспалық формаларға қойылатын техникалық талаптар.

      264. Орта кәсіптік білім қажет.

      33. Гильош жасау жөніндегі оператор

      Параграф 1. Гильош жасау жөніндегі оператор, 4-разряд

      265. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютерлік технологияны пайдалана отырып суретшінің эскиздері бойынша күрделі емес гильоширлік элементтер жасау.

      266. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың техникалық ерекшеліктері және оларда жұмыс істеу жолдары, гильоширлік элементтер жасауға арналған бағдарламалық қамсыздандыру.

      Параграф 2. Гильош жасау жөніндегі оператор, 5-разряд

      267. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютерлік технологияны пайдалана отырып суретшінің эскиздері бойынша күрделендірілген гильоширлік элементтер жасау, сондай-ақ жеке композициялар жасау.

      268. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтарды технологиялық теңшеу негіздері.

      Параграф 3. Гильош жасау жөніндегі оператор, 6-разряд

      269. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютерлік технологияны пайдалана отырып суретшінің эскиздері, тапсырыс берушінің үлгілері бойынша түпнұсқалық гильоширлік элементтер жасау, сондай-ақ жеке дизайнерлік әзірлемелер жасау.

      270. Білуге тиіс:

      қолданылатын негізгі және қосалқы жабдықтың операциялық жүйесі негіздері;

      түпнұсқалық гильоширлік элементтер жасауға арналған микромәтіндер жасаудың ерекшеліктері, мұрағаттау ережесі.

      271. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 4. Гильош жасау жөніндегі оператор, 7-разряд

      272. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютерлік технологияны пайдалана отырып суретшінің эскиздері, тапсырыс берушінің үлгілері бойынша түпнұсқалық гильоширлік элементтер жасау, сондай-ақ жеке дизайнерлік әзірлемелер жасау; гильоширлік элементтерді монтаждау.

      273. Білуге тиіс:

      күрделі композициялар, жеке дизайнерлік әзірлемелер жасауды бағдарламалық қамсыздандыру;

      гильоширлік элементтерді монтаждау ережесі.

      274. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 5. Гильош жасау жөніндегі оператор, 8-разряд

      275. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютерлік технологияны пайдалана отырып гильоширлік элементтер мен жоғарылатылған дәрежедегі композициялар жасау үшін жасырын бейнеден, мамандандырылған растрдан, сүзгілерден тұратын микромәтіндерді, элементтерді пайдалана отырып көп бояулық орындауда күрделі композициялар жасау.

      276. Білуге тиіс:

      күрделі түпнұсқалық композициялар жасауға арналған бағдарламалық қамсыздандыру, қорғалудың жоғарылатылған дәрежедегі күрделі гильоширлік элементтеріне қойылатын технологиялық ерекшеліктер;

      элементтерді мұрағаттау ерекшеліктері, гильоширлік элементтерді монтаждау әдістері.

      277. Орта кәсіптік білім қажет.

      34. Офсеттік басылым формаларын жасау жөніндегі оператор

      Параграф 1. Офсеттік басылым формаларын жасау жөніндегі

      оператор, 5-разряд

      278. Жұмыс сипаттамасы:

      бір бояулы репродукцияларға арналған офсеттік басылым формаларын пультпен басқарылатын лазерлік ою автоматында жасау процесін жүргізу, автоматты жұмысқа дайындау; түпнұсқа макетті, бағдарламалық түпнұсқаны және формалық пластинаны автоматқа орнату; автоматы штрихты және жартылай тонды бейнелерді жазуға теңшеу;

      түпнұсқаны көзбен бағалау, тиісті қисық градациялық жіберуді таңдау;

      сынамалық бейнені жазу;

      офсеттік баспа формаларын өңдеу.

      279. Білуге тиіс:

      лазерлік ою автоматының құрылысы;

      басатын және азат жол элементтерінің автоматта пайда болу принципі;

      лазерлік техника негіздері;

      ою, офсеттік баспа формалық пластиналары мен даяр формаларына арналған монтаждау және градациялық сипаттамаларының сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      даяр өнімнің сапасын бақылау әдістері мен қолданылатын аспаптардың құрылысы.

      Параграф 2. Офсеттік басылым формаларын жасау жөніндегі

      оператор, 6-разряд

      280. Жұмыс сипаттамасы:

      пультпен басқарылатын лазерлік ою автоматта көп бояулы репродукцияларға арналған офсеттік баспа формаларын жасау процесін жүргізу;

      "Компьютер-баспалық форма" технологиясы бойынша офсеттік басылым формаларын жасау процесін жүргізу.

      281. Білуге тиіс:

      лазерлік ою автоматтың, "компьютер-баспалық форма" электронды жүйе конструкциясы;

      түсті түпнұсқаларды шығару кезінде репродукциялық техниканың негізгі тәсілдерінің ерекшеліктері, диапозитивтердің градациялық және түс бөлетін ретуштарының ерекшеліктері мен түс ажырату принциптері;

      түс ажыратуды маскалау принциптері, түс бөлетін диапозитивтері мен монтаждардың түпнұсқаларының және градациялық сипаттамаларының, формалық цилиндрлер кешені мен баспалық формалардың даяр кешенінің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      баспалық формалардың сапасын бақылау және түзету тәсілдері.

      282. Орта кәсіптік білім қажет.

      35. Фототеру автоматтары мен жүйелерінің операторы

      Параграф 1. Фототеру автоматтары мен жүйелерінің операторы, 5-разряд

      283. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды механикалық үлгідегі фототеру электронды құрылғыларында, лазерлік құрылғыларда мәтін диапозитивтерін (позитивтер) алу процесін жүргізу;

      формат, кегель орнату, пленка дайындау, кассета зарядтау; қызмет көрсетілетін машинаға кассета бекіту; оңтайлы экспозицияны айқындау; қаріп жеткізгіштер орнату;

      перфотаспа немесе дискеттерді есептейтін құрылғыға орнату, фотопленканы (фотоқағаз) өңдеу; жұмыс процесіндегі ақаулықтарды жою; түпнұсқаға және түзетуге сәйкес мәтін диапозитивтерін (позитивтер) таңдау. Фототеру автоматын тазалау және майлау;

      лазерлік экспонирлеу құрылғыларында кейіннен автоматты экспонирлеп және фотоматериалды химиялық өңдей отырып, мәтін диапозитивін алу процесін жүргізу; кассеталарды зарядтау;

      кассетаны құрылғыға бекіту;

      бағдарламаны енгізу;

      дискеттерді дисководқа орнату;

      экспонирлеудің қажетті командаларын беру;

      фототүзету құрылғыларында түзету бедерлерін алу процесін жүргізу.

      284. Білуге тиіс:

      фототеру электронды құрылғысының тәсімі мен құрылысы;

      оптикалық аспаптарды пайдалану, теңшеу ережесі;

      бағдарламалау негіздері, код жүйелері;

      фотоматериалдардың, фотоматериалдарды өңдеу ерітінділерінің сипаттамалары мен қасиеті;

      түпнұсқаларды белгілеудің техникалық ережесі;

      қаріп өлшеу, кегель, гарнитурасының типографиялық жүйесін;

      мәтіндік диапозитивтердің сапасына қойылатын техникалық талаптар және оларды денситометриялық бақылау тәсілдері, қызмет көрсетілетін машинаның жұмысындағы негізгі ақаулықтарды жою әдістері.

      Параграф 2. Фототеру автоматтары мен жүйелерінің

      операторы, 6-разряд

      285. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды сәулелік түтікшелі немесе пультпен басқарылатын лазерлік құрылғы фототеру электронды құрылғысында мәтін диапозитивтерін (позитивтер) алу процесін жүргізу. бағдарламаны әліпбилік сандық басатын құрылғыда ақпаратты беруге арналған бағдарламаны енгізе және теру жүргізілетін тілге (орыс, латын және басқа да тілдер) сәйкес қаріпті орната отырып, бағдарламаны басып шығару; үздіксіз орнату жұмысын қамтамасыз ету;

      түзетілген бағдарламаны дайындау;

      терудің тұрақты белгілері тапсырмасы кезінде теруші жіберген қателерді анықтау және жою;

      мәтін диапозитивтерін алу, кітап журнал және газет теруді бейнетерминалды құрылғыда беттеу.

      286. Білуге тиіс:

      электронды фототеру құрылғысының құрылымы мен блок тәсімі;

      бағдарламалау, электроника және теру ісінің негіздері, клавиатураны тарату және онда жұмыс істеу ережесі;

      екіжақты және сегізжақты есептеу жүйесі, қызмет көрсетілетін машинада жұмыс істеу кезіндегі бағдарламалардың мекенжайлары;

      бейнетерминал құрылғысының жұмыс істеу принципі, беттеудің техникалық құжаттамасы;

      күрделі баған құру, растрлық экспонирлеу жолдары, фототеру электронды құрылғы жұмысындағы қарапайым ақаулықтар және оларды жою тәсілдері.

      287. Орта кәсіптік білім талап қажет.

      Параграф 3. Фототеру автоматтары мен жүйелерінің

      операторы, 7-разряд

      288. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды теруді қайта өңдеу жөніндегі фототеру жүйесіндегі басылған мәтін диапозитивтерін алу процесін жүргізу. бағдарламаларды енгізу, жүйедегі ақпаратты жазу дұрыстығын бақылау; мәтінді лазерлік принтерге және фототеру автоматына шығару; жүйенің жұмысын қадағалау және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      289. Білуге тиіс:

      электронды теруді қайта өңдеу жөніндегі фототеру жүйесінің құрылысы;

      кітап, журнал, газеттерді беттеу бағдарламалары;

      жеке компьютерлер мен есептейтін құрылғыларда жұмыс істеу әдістері, магниттік пленкаға жазу әдістері.

      290. Орта кәсіптік білім қажет.

      36. Жоғары басылым формаларын жасау жөніндегі электронды автомат операторы

      Параграф 1. Жоғары басылым формаларын жасау жөніндегі электронды автомат операторы, 4-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды ою автоматтарында масштабын өзгертпей штрихты ақ-қара түпнұсқа позитивті (фотографиялар, суреттер, мәтіндік баспа бедерлері) мырыш, магний, пластмасса пластиналар мен басқа да материалдарда клише жасау; пластина мен түпнұсқаны автоматқа бекіту және дайындау; ою линиатурасы мен масштабын орнату; түпнұсқа және формалық материалдың сипатына сәйкес кескішті таңдау, орнату, реттеу және бекіту; берілген линиатураға, түпнұсқаның контрастылығына және клише қызметіне (тікелей басу, матрицалау) сәйкес көлеңке және жарық түрлері бойынша автоматты теңшеу;

      арнайы айлабұйымдар арқылы клишені өңдеу;

      қызмет көрсетілетін машинаны майлау және тазалау;

      арнайы фольгадағы бор рельфтік түзетулерді электронды ою автоматтарында жасау;

      ақ-қара және түсті мәтіндік және штрихты түпнұсқалардан электронды жалынды автоматтарда формалар жасау; түпнұсқаның сапасына және жұмыстың түріне қарай автоматтың жұмыс режимін айқындау;

      жарық сүзгісін таңдау;

      дайын формалар ретушы.

      292. Білуге тиіс:

      штрихты бір және көп түсті түпнұсқаларды жоғары басылымда шығару принципі, электронды жарық автоматындағы басатын және азат жол элементтерінің пайда болу принципі;

      жарық сүзгілерінің спектрлік сипаттамасы;

      электронды ою автоматында және электронды жалынды автоматта шығаруға арналған түпнұсқалардың, формалық материалдардың, штрихты клише және басылым формаларының сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      жарық техникасы, оптика және электроника элементтері;

      түзету және жоғары басылым процестері туралы негізгі мәліметтер.

      Параграф 2. Жоғары басылым формаларын жасау жөніндегі электронды автомат операторы, 5-разряд

      293. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды ою автоматтарында масштабын өзгертпей және өзгертіп штрихты ақ-қара түпнұсқа позитивті (фотографиялар, суреттер) мырыш, магний, пластмасса пластиналар мен басқа да материалдарда клише жасау.

      294. Білуге тиіс:

      жартылай тонды ақ-қара түпнұсқаларды жоғары басылымда шығару принципі; бір бояулы баспаға арналған растрлық клишенің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      растрлық клишені өңдеу ерекшеліктері; электронды ою автоматының жұмысындағы қарапайым ақаулықтарды жою тәсілдері.

      Параграф 3. Жоғары басылым формаларын жасау жөніндегі электронды автомат операторы, 6-разряд

      295. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды ою автоматтарында масштабын өзгертпей және өзгертіп штрихты ақ-қара түпнұсқа позитивті (фотографиялар, суреттер) пластмасса, алюминий, магний пластиналарда, фотопленкада және басқа да түсті мөлдір және мөлдір емес жартылай тонды және штрихты түпнұсқаларда материалдарда клише жасау; таңдалған триадаға сәйкес үш бояу бойынша автоматты теңшеу;

      түпнұсқалардың түстеріне және контрастылығына сәйкес қызмет көрсетілетін машинаны реттеу;

      электронды ою автоматын қара бояу бойынша теңшеу;

      қылтанақтарды жою және қосымша түзету жүргізу. электронды ою автоматын баптауға қатысу.

      296. Білуге тиіс:

      түстердің анализі және синтезі туралы ұғым;

      түс түзету әдістері, түсті репродукцияларға арналған клишені өңдеу технологиясы, көп бояулы баспаға арналған клишенің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      электронды ою автоматын теңшеу жолдары.

      37. Терең басылым формаларын жасау жөніндегі электронды ою автоматтарының операторы

      Параграф 1. Терең басылым формаларын жасау жөніндегі электронды ою автоматтарының операторы, 5-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы:

      пультпен басқарылатын немесе компьютерді пайдаланып электронды ою автоматында мәтіндік және иллюстрациялық (штрихты және тонды) бір бояулы репродукцияларға арналған терең басылым формаларын жасау процесін жүргізу;

      формалық цилиндрді автоматқа таңдау, дайындау және бекіту; цилиндр бетін өңдеу, талдау және ою құрылғысының кескішін ауыстыру және теңшеу, автоматтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      түпнұсқа монтаждан көшірмелері диапозитивтерін жасау;

      түпнұсқа сапасын айқындау және жарық, жартылай тон және көлеңке учаскелерінде оптикалық тығыздығын өлшеу;

      түпнұсқа көшірмелерінің техникалық ретушы, қарау цилиндрін орнату және оған түпнұсқа көшірмесін орнату, түпнұсқа көшірмелерін өлшеу деректері бойынша талдау және ою жүйелерін теңшеу;

      электронды ою автоматы мен өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау.

      298. Білуге тиіс:

      электронды ою автоматының құрылысы;

      компьютермен жұмыс істеу принципі, автоматта басатын және азат жолдың пайда болу принциптері, электроника негіздері;

      оюға арналған диапозитивтер мен түпнұсқаларды монтаждау және градациялық сипаттамаларының сапасына, формалық цилиндрлерге және даяр баспа формаларға қойылатын техникалық талаптар;

      терең баспа формаларының сапасын бақылау тәсілдері.

      Параграф 2. Терең басылым формаларын жасау жөніндегі электронды ою автоматтарының операторы, 6-разряд

      299. Жұмыс сипаттамасы:

      пультпен басқарылатын немесе компьютерді пайдаланып электронды ою автоматында көп бояулы репродукцияларға арналған терең басылым формаларын жасау процесін жүргізу.

      300. Білуге тиіс:

      электронды ою автоматының конструкциясы, түсті түпнұсқаларды шығаруда репродукциялық техниканың негізгі тәсілдерінің ерекшеліктері;

      диапозитивтер градациялық және түс ажырату ретуштарының түс айыру принциптер мен ерекшеліктері;

      түс айырудың маскалау принциптері, түс айыру диапозитивтері мен монтаждарының түпнұсқалары мен градациялық сипаттамаларының сапасына, формалық цилиндрлердің жинағына және даяр ойылған баспа формаларына қойылатын техникалық талаптар;

      ойылған басылым формаларының сапасын бақылау және түзету тәсілдері.

      301. Орта кәсіптік білім қажет.

      38. Электронды теру және беттеу операторы

      Параграф 1. Электронды теру және беттеу операторы, 5-разряд

      302. Жұмыс сипаттамасы:

      түрлі қаріптік және қаріптік емес бөлулерден, түрлі гарнитуралық қаріптер мен әліпбилерден, арнайы терминологиядан, математикалық, химиялық, физикалық, астрономиялық және де басқа белгілерден, бейне бақыланатын құрылғылары бар электронды жинақ жүйелеріндегі бір жолды формулалардан тұратын мәтінді теру, түзету және беттеу;

      Брайль бойынша кодтау ерекшеліктерін ескере отырып, бейне бақылайтын құрылғылары бар электронды теру жүйесіндегі жоғарыда көрсетілген мәтінді теру және түзету;

      қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау, теру параметрлерін енгізу, графикалық элементтерді теру, түзету, енгізу, принтерде мәтінді шығару, беттеу, сыртқы ақпарат жеткізгішке файлдарды жазу, компьютер желісінде жұмыс істеу.

      303. Білуге тиіс:

      негізгі және қосалқы жабдықтардың әрекет ету принциптері және оларда жұмыс істеу жолдары;

      түпнұсқаларды белгілеу техникалық ережесі, дизайн элементтері;

      теру, түзету және беттеу техникалық ережелері;

      қаріптерді өлшеудің типографиялық жүйесі, түзету белгілері және гарнитурасы;

      компьютерлік терминологияны, мәтін теруге және беттеуге арналған қолданылатын бағдарламалық қамсыздандыру;

      принтерлерде түзетілген көшірмелерін, деректер базасынан ақпарат алу және желі бойынша және сыртқы жеткізгіштерге ақпарат шығару тәсілдері.

      304. Орта кәсіптік білім қажет.

      305. Жұмыс үлгілері:

      Теру және түзету

      1) газеттер;

      2) әлеуметтік-экономикалық, көркем, балалар, ғылыми көпшілік әдебиет;

      3) әдебиет, экономика, медицина оқулықтары;

      4) акциденция формалары.

      Беттеу

      1) 3-ке дейінгі жолақты түрлі форматтағы, клише жиегімен сызғышты және қарапайым рамкалы бірнеше бағаналы кітап-журнал, газет мәтіні;

      2) жарнамалық өнім.

      Параграф 2. Электронды теру және беттеу операторы, 6-разряд

      306. Жұмыс сипаттамасы:

      математикалық, химиялық, физикалық, астрономиялық белгілерден, формулалардан, қысқартылған белгілерден тұратын мәтінді, сондай-ақ ерекше графикалық формадағы жазу жүйесімен тілдердегі мәтінді теру, түзету және беттеу; бейне бақылайтын құрылғылары бар электронды теру жүйелерінде ресімдеудің күрделі элементтерін енгізу;

      Брайль бойынша кодтау ерекшеліктерін есепке ала отырып, бейне бақылайтын құрылғылары бар электронды теру жүйелеріндегі жоғарыда көрсетілген мәтінді теру және түзету;

      қорытындыларды, кестелерді теру.

      307. Білуге тиіс:

      күрделі теруде қолданылатын математикалық, химиялық, астрономиялық және басқа да белгілер;

      ерекше графикалық форма қаріптері;

      кестелерді, қорытындыларды, формулаларды есептеу және терудің техникалық ережесі, жоғарыда аталған мәтінді теру және беттеуге арналған бағдарламалық қамсыздандыруды қолдану ережесі.

      308. Орта кәсіптік білім қажет.

      309. Жұмыс үлгілері:

      Теру және түзету

      1) "Химия", "Физика", "Есептеу математикасы" реферативтік үлгідегі журналдар;

      2) сөздіктер-энциклопедиялық басылымдар;

      3) әлеуметтік-экономикалық, балалар, ғылыми көпшілік, техникалық әдебиет;

      4) ерекше графикалық формалар жүйесімен шығыс және африка тілдеріндегі оқулықтар;

      5) физика, химия, математика, грамматика оқулықтары.

      Беттеу

      1) 3-тен көп жолақты түрлі форматтағы ресімдеудің (түрлі конфигурациялы элементтер, диагональ бойынша жолдар мен блоктар) күрделі элементтерімен қанықтырылған кітап-журнал, газет мәтіні;

      2) көп бояулы бұқаралық басылымдар мен жарнамалық өнім.

      Параграф 3. Электронды теру және беттеу операторы, 7-разряд

      310. Жұмыс сипаттамасы:

      көп бояулы кітап-журнал басылымдарын, ресімдеудің күрделі элементтерімен газеттердегі жарнамалық жолдарды беттеу және монтаждау; иллюстрацияларды өңдеу және түзету, бейнебақылау құрылғыларымен электронды теру жүйесіндегі басылымдарды қаріптік және графикалық ресімдеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау, түзетілген көшірмелерді алу, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге файл жазу.

      311. Білуге тиіс:

      кітап-журнал, газет және жарнамалық басылымдарды беттеудің техникалық ережесі;

      мәтіндік және бейнелі ақпарат өңдеуді заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету, шығыс ақпаратына қойылатын талаптар, графикалық элементтер жасау тәсілдері.

      312. Орта кәсіптік білім қажет.

      313. Жұмыс үлгілері:

      Беттеу

      1) өнер жөніндегі жоғары көркемдік альбомдар;

      2) көп бояулы иллюстрациялы журналдар;

      3) көп бояулы жарнамалық газет жолдары;

      4) сыйлық және мерейтойлық басылымдар;

      5) құнды қағаздар мен банкнот бұйымдар.

      39. Электронды түс ажырату операторы

      Параграф 1. Электронды түс ажырату операторы, 5-разряд

      314. Жұмыс сипаттамасы:

      монохроматикалық сканерде бір бояулы репродукцияларға және дуплекс репродукциясына арналған түзетілген фотоформалар жасау процесін жүргізу;

      алдын ала көзбен бағалау және түпнұсқаны сканирлеу, түпнұсқа қасиеттеріне және полиграфиялық шығару шарттарына сәйкес градациялық сипаттаманы түзету;

      бейнені фотопленкаға шығару және оны өңдеу.

      315. Білуге тиіс:

      негізгі және қосалқы жабдықтардың техникалық мүмкіндіктері мен технологиялық теңшеу негіздері;

      түпнұсқаға және даяр фотоформаларға қойылатын техникалық талаптар;

      оларды бақылау әдістері;

      полиграфиялық өндіріс технологиясының негіздері.

      316. Орта кәсіптік білім қажет.

      317. Жұмыс үлгілері:

      Фотоформа жасау

      1) бірбояулы репродукциялар;

      2) дуплекс репродукциясы.

      Параграф 2. Электронды түс ажырату операторы, 6-разряд

      318. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды жүйелерде немесе түс ажыратқыш-түс түзеткіштерде көпшілік көп бояулы басылымдарға арналған түстері ажыратылған түзетілген фотоформа жасау процесін жүргізу. негізгі және қосалқы жабдықтарды жұмысқа технологиялық теңшеу және дайындау, түпнұсқа күрделілігін бағалау, түпнұсқа сипатын және полиграфиялық шығару шарттарын есепке ала отырып, бейнені сканирлеу және түзету режимін таңдау.бейне бақылау құрылғысы немесе сандық түс сынамалау арқылы түс ажырату нәтижелерін аралық бақылау;

      кескінді фотопленкаға шығару және оны өңдеу;

      техникалық талаптарға және одан әрі полиграфиялық шығару шарттарына сәйкес алынған фотоформаларды бақылау.

      319. Білуге тиіс:

      негізгі және қосалқы жабдықтардың техникалық мүмкіндіктері және технологиялық теңшеу негіздері, түпнұсқалар мен түстері ажыратылған фотоформаларға қойылатын техникалық талаптар;

      түпнұсқаны оңтайлы полиграфиялық шығаруды қамтамасыз ететін фотоформалар алуға арналған бейнелерді түсті, градациялық және жиілік түзету тәсілдері, көпшілік көп бояулы басылымдардың түпнұсқаларын сканирлеу және бейнелерін түзетуді жүргізуге арналған бағдарламалық қамсыздандыру;

      электронды желіде жұмыс істеу әдістері мен сыртқы жеткізгіш жазбалары.

      320. Орта кәсіптік білім қажет.

      321. Жұмыс үлгілері:

      Фотоформа жасау

      1) афишалар;

      2) балалар әдебиеті;

      3) көп бояулы газеттер;

      4) көп бояулы орайтын өнім;

      5) қабырға күнтізбесі;

      6) плакаттар;

      7) жарнамалық өнім;

      8) оқулықтар.

      Параграф 3. Электронды түс ажырату операторы, 7-разряд

      322. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды жүйелерде немесе түс ажыратқыштар-түс түзеткіштерде көркем басылымдарға арналған түстері ажыратылған түзетілген фотоформа жасау процесін жүргізу.

      323. Білуге тиіс:

      көркем көп бояулы басылымдардың бейнелерін сканирлеу және түзету жүргізуге арналған бағдарламалық қамсыздандыру.

      324. Орта кәсіптік білім қажет.

      325. Жұмыс үлгілері:

      Фотоформалар жасау

      1) күнтізбелер;

      2) проспектілер;

      3) көркем және көп бояулы басылымдар;

      4) этикетка және жарнамалық өнім.

      Параграф 4. Электронды түс ажырату операторы, 8-разряд

      326. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды жүйелерде немесе түс ажыратқыштар-түс түзеткіштерде жоғары дәлдікте шығаруды талап ететін жоғары көркем басылымдарға арналған түстері ажыратылған түзетілген фотоформалар жасау процесін жүргізу.

      327. Білуге тиіс:

      жоғары көркемдік басылымдардың түсті түпнұсқаларын өңдеуге арналған бағдарламалық қамсыздандыру мүмкіндіктері.

      328. Орта кәсіптік білім қажет.

      329. Жұмыс үлгілері:

      Фотоформа жасау

      1) энциклопедиялық және сирек арнайы басылымдарға арналған иллюстрациялар;

      2) мұрағат картиналарынан репродукциялар.

      40. Клише өңдеуші

      Параграф 1. Клише өңдеуші, 3-разряд

      330. Жұмыс сипаттамасы:

      металл емес тұғырға клишені өңдеу және бекіту;

      пластиналарды жекелеген клишелерге аралау және кесу;

      каріптік клишеде азат жолдарды анықтау және растрлық клишедегі фацетті фацеттік станокта шешу;

      саңылау тесу;

      тұғыр дайындау;

      тұғырларға клишені бекіту;

      тақтай кесу;

      тұғырларды кесу;

      қызмет көрсетілетін станоктарды тазалау және майлау;

      фрездер мен кескіштерді қайрау.

      331. Білуге тиіс:

      жоғары баспада қаріптік және жартылай тонды түпнұсқаларды шығару принципі, қаріптік және растрлық клишені өңдеу ерекшеліктері;

      клише және тұғыр жасауда қолданылатын металдың, қорытпалардың, ағаш жыныстары мен басқа да материалдардың негізгі қасиеттері;

      фрез және кескіш қайрау жолдары;

      фацетті, фрезерлік, бұрғылау және сүргілеу станоктарын реттеу жолдары.

      Параграф 2. Клише өңдеуші, 4-разряд

      332. Жұмыс сипаттамасы:

      көп бояулы баспаға арналған мұқабаларды, құрама клишені, сондай-ақ жапсырмалардың күрделі монтажын көрсететін клишелерді өңдеу;

      мәтінге арналған клише бұрыштарын және "терезелерін" кесу;

      растрлық клише ашық жолдары мен фонын фрезерлеу;

      гальваностереотиптер жасауға арналған растрлық клишені өңдеу.

      333. Білуге тиіс:

      көп бояулы баспаның негізгі принциптері, көп бояулы баспаға арналған клише өңдеу ерекшеліктері, бояуларды ауыстыру шектері.

      41. Құюшы

      Параграф 1. Құюшы, 3-разряд

      334. Жұмыс сипаттамасы:

      барлық жүйедегі ашық жол сызғышты құю машиналарында барлық мөлшердегі сызғыштарды, реглеттер, шпондар мен пломбаларды типографиялық қорытпалардан құю;

      машинаға құю формасын және тасымалдайтын механизм қадамын орнату;

      балқу температурасын, су және май жіберу, поршенді қысымды реттеу;

      даяр өнімнің сапасын өңдеу және тексеру;

      жұмыс процесіндегі жабдықтардың ақаулықтарын жою;

      машинаны реттеу, тазалау және майлау.

      335. Білуге тиіс:

      өлшеудің типографиялық жүйесін; сызғыш, реглет және шпон түрлері мен қызметі;

      ашық жол материалдары мен сызғыштарын құю режимі, типографиялық балқыма құрамы;

      ашық жол сызғышты құю машинасын реттеу жолдары.

      Параграф 2. Құюшы, 4-разряд

      336. Жұмыс сипаттамасы:

      құю автоматтарында бабашка, тік төрт бұрыш және шпация құю;

      құю автоматының қақпағын шешу және ысқылау;

      құю формасы мен қазандықты лактау;

      мундштук тазалау;

      балқыма сапасын тексеру;

      балқыма және су температурасын реттеу;

      күйгенін алу;

      қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою;

      құю автоматын реттеу, тазалау және майлау;

      бабашка, тік төртбұрыш және шпация түрлері мен қызметі, құю материалдарының сапасына қойылатын техникалық талаптар; өлшеудің моноүлгілік жүйесі.

      337. Білуге тиіс:

      бабашкалардың, төртбұрыштар мен шпациялардың түрі мен қасиеті, құйылатын материалдардың, моноүлгілік өлшеу жүйесінің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Құюшы, 5-разряд

      338. Жұмыс сипаттамасы:

      барлық жүйедегі әріп құятын автоматтарда барлық күрделілік топтарының жиынтығын құю;

      қаріп гарнитурасы мен кегельдерін ауыстыру;

      рама орнату;

      сет-клинді ауыстыру. формат орнату;

      қаріп сызығын, әріптердің арасындағы ашық жерлерін және тағы басқа жеткізу;

      барлық жүйедегі құю машиналарында 7 тармақтан жоғары кегель қаріпін және күрделі емес орнаменттерді құю; қажетті кескінге қаріпті және кегельді құю машиналарын орнату;

      құю сапасын тексеру;

      сызба немесе бақылау жетек литерлер бойынша жетек операцияларын орындау;

      әріп құятын автомат механизмдерін реттеу.

      339. Білуге тиіс:

      моноүлгілік қаріптердің мемлекеттік стандарты;

      орыс, латын және ұлттық әліпбилер;

      қаріпті жетілдіру ережесі;

      терудің техникалық ережесі;

      қаріп құю және теруге арналған машиналардың негізгі тораптарын реттеу жолдары.

      Параграф 4. Құюшы, 6-разряд

      340. Жұмыс сипаттамасы:

      7 тармаққа дейін кегель қаріптерін, қолжазба қаріптерін, гартты стереотиптерді, қорғасын болванкаларды, сандық және литерлік дөңгелектерді нөмірленген аппараттарға, күрделі орнаменттерді құю;

      өңдейтін аппаратқа және әмбебап машиналардың қалпақтарына кескіштерді орнату және қайрау;

      барлық күрделі топтық теру және ерекше графикалық формадағы қаріптерді құю.

      341. Білуге тиіс:

      өңдейтін аппаратқа және әмбебап машиналардың қалпақтарына кескіштерді орнату және қайраудың жолдары;

      балқыма түзету әдістері; барлық мүмкін матрицалар жасау және түзетудің технологиялық процесі;

      ерекше графикалық формадағы қаріптер.

      42. Терең баспа формаларын аударушы

      Параграф 1. Терең баспа формаларын аударушы, 4-разряд

      342. Жұмыс сипаттамасы:

      бір процесті әдіс бойынша жасалатын формаларға арналған "құрғақтай" және "сулы" тәсілдермен пигменттік көшірмелерді аудару;

      цилиндр бетін өлшеу, белгілеу, ысқылау, майсыздандыру және шаю;

      ерітінділер жасау;

      көшірмелерді белгілеу және шығару;

      пигментті көшірмелерді кептіру;

      лупа және бақылау-өлшеу сызғыштары арқылы көшірмелердің сапасын бақылау;

      аудару станоктарын реттеу, тазалау және майлау.

      343. Білуге тиіс:

      терең баспадағы басып шығаратын және ашық орын элементтерін өңдеу принципі; пигментті қағаз құрамы;

      формалық цилиндрлердің, пигментті көшірмелер мен материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      шығару режимі, баспалық процесс туралы негізгі мәліметтер.

      Параграф 2. Терең баспа формаларын аударушы, 5-разряд

      344. Жұмыс сипаттамасы:

      екі процесті әдіс, көп бояулы баспа формалары және "дуплекс" тәсілі бойынша жасалатын формаларға арналған көшірмелерді аудару.

      345. Білуге тиіс:

      көп түсті түпнұсқалар мен "дуплекс" тәсілі бойынша түпнұсқаларды шығару принципі;

      көп бояулы баспаға арналған формаларды аудару ерекшеліктері.

      43. Терең баспа формалық цилиндрлерін жылтыратушы

      Параграф 1. Терең баспа формалық цилиндрлерін жылтыратушы, 3-разряд

      346. Жұмыс сипаттамасы:

      цилиндрдің негізгі мыс қабатының бетін және "тираж қабатын" жылтырату жөніндегі операцияларды орындау;

      цилиндрді ұзартқыштарға құрастыру және жылтырату станогына орнату, материалды жылтыратуға дайындау, цилиндрді пирамидаға орнату, цилиндр диаметрін микрометрмен тексеру.

      347. Білуге тиіс:

      цилиндрдің негізгі мыс қабатының бетін және "тираж қабатының" сапасына қойылатын талаптар;

      формалық цилиндрлердің өлшемдері;

      жылтырату пасталарының сипаттамалары мен құрамы.

      44. Жоғары баспа сынаушысы

      Параграф 1. Жоғары баспа сынаушысы, 2-разряд

      348. Жұмыс сипаттамасы:

      барлық жүйедегі түзету басу станоктарында түзету бедерлерін теруден, ноталық тақталардан, қаріп жинақтарынан және стереотиптерден алу;

      формалық цилиндрлердегі стереотиптерді бекіту немесе қаріп жиектерін, теру жолдарын немесе жинақтарын түзету басу станогының талеріне бекіту;

      қағазды, бояу және басқа да материалдарды дайындау;

      бояу аппаратын және баспа цилиндрін тексеру;

      станоктарды реттеу, тазалау және майлау;

      ою тақтайларынан және білікшелерінен суреттерді қағазға қолмен және машинада аудару;

      басуға арналған қағаздың жарамдылығын айқындау;

      дайындалған жақпаның сапасын тексеру;

      аз тиражды бланкілік жұмыстарды түзету басу станоктарында басып шығару.

      349. Білуге тиіс:

      өлшеудің типографиялық жүйесін;

      түрлі гарнитурадағы қаріптерді айырмашылық белгілері, ашық орын материалдары мен сызық түрлері;

      жол түсіру нұсқалары; процестер мен басу туралы жалпы мәліметтер;

      бояуға, жақпаға, қағазға және басқа материалдар мен бедерлерге қойылатын техникалық талаптар;

      түзету тасу станоктарын реттеу жолдары.

      Параграф 2. Жоғары баспа сынаушысы, 3-разряд

      350. Жұмыс сипаттамасы:

      бір бояулы баспаға арналған клишеден фотополимерлік формаларды тереңдетіп, түзетіп және тазалап өңдегеннен кейін сынамалық бедерлерді шешу;

      клише жиектерін жабуға арналған шаблон жасау;

      клишеге бояу жағу және оны бедер алып болғаннан кейін жуу;

      күшпен түзетпе жасау, пластиналар мен білікшелерді жуу;

      түзету басу станогын тазалау және майлау;

      аз тиражды мәтіндік жұмыс түзету басу станоктарында теру;

      ерекше графикалық форма жазу жүйесінің қаріп жинақтарынан түзету бедерлерін алу.

      351. Білуге тиіс:

      жоғары баспадағы қаріптік және жартылай тонды түпнұсқаларды шығару принципі, клишенің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      бояу нөмірлері мен құрамы;

      қағаз қасиетінің сұрыптары, жоғары баспа формаларын жасау процесі туралы жалпы мәліметтер, түзету басу станогын реттеу жолдары;

      ерекше графикалық формаларды жазу жүйесімен тіл графикаларының айырмашылық белгілері.

      Параграф 3. Жоғары баспа сынаушысы, 4-разряд

      352. Жұмыс сипаттамасы:

      көп бояулы баспаға арналған клишеден фотополимерлік формаларды тереңдетіп, түзетіп және тазалап өңдегеннен кейін сынама және шкала бедерлерін шешу;

      қажет тондағы түсті құрастыру;

      нөмірлерін, литер, серия, жолдарын ауыстыра отырып, түзету басу станоктарында күрделі емес торшаларды, мәтінді және аз тиражды жұмыстарды басып шығару;

      жол түсірудің түрлі нұсқаларымен клишемен қанықтырылған, энциклопедиялық және жоғары көркемдік басылым формаларынан түзету бедерлерін, офсеттік және терең баспа мәтіндік формаларына арналған мөлдір пленкадан, борланған қағаздан бедер алу.

      353. Білуге тиіс:

      көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      көп бояулы баспаға арналған клише мен фотополимерлік формалардың сапасына қойылатын талаптар; басу кезінде жылжыту ережесі және бояуларды жағу тәртібі;

      көп бояулы баспаны түзету және басу ерекшеліктері;

      терулерден бедерлерді алу үшін вакуумды-діріл станогын реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Жоғары баспа сынаушысы, 5-разряд

      354. Жұмыс сипаттамасы:

      торлармен, ассюре сызғыштарымен және басқа да гильоширлі және өрнектеп басатын элементтерімен қанықтырылған көп бояулы жұмыстарды, сондай-ақ клишеден және фотополимерлік формалардан жоғары көркемдік және мұрағат жұмыстарын түзету басу станоктарында басу.

      Білуге тиіс:

      гильоширлі және өрнектеп басатын элементтері бар формалардың сапасына, сондай-ақ жоғары көркемдік және мұрағат жұмыстарының клишесі мен фотополимерлік формаларына қойылатын талаптар;

      нөмірлі аппараттардың жүйесі және оларды реттеу тәсілдері.

      45. Жазық баспа сынаушысы

      Параграф 1. Жазық баспа сынаушысы, 2-разряд

      355. Жұмыс сипаттамасы:

      кескінді әшекейлі қағаздан бұйымға көшіру;

      жоғары білікті жазық баспа сынаушысының басшылығымен офсет формаларын дайындау жөнінде жекелеген операцияларды орындау.

      356. Білуге тиіс:

      әшекейлі қағазды илемдеу және түсіру тәсілдері;

      басылған жазбаларға қойылатын техникалық талаптар;

      кескінді көшіру кезінде ақаудың алдын алу әдістерін.

      Параграф 2. Жазық баспа сынаушысы, 3-разряд

      357. Жұмыс сипаттамасы:

      литоофсет формаларын дайындау жөнінде жекелеген операцияларды орындау;

      литография тасында немесе металл пластиналарында орындалған түпнұсқа формалардан көшіру қағазында майлы бедерлерді алу;

      бедерлерді орналастырып қою, суретті майлы бедерден литография тасына немесе металл пластиналарға көшіру;

      сынау-баспалық станоктарында түпнұсқа формадан бедерді алу жолымен деколь жапсырмаларын дайындау;

      түпнұсқа форманы станоктың талеріне қондыру және оны жуу;

      жоғары білікті жазық баспа сынаушысының басшылығымен суреттерді көшіру бойынша жекелеген операцияларды орындау;

      көшіру бояын жасау;

      сынау-баспалық станоктың жұмысын тексеру; форманың ақауларын түзету; станокты реттеу, тазалау және майлау.

      358. Білуге тиіс:

      басылым формасы; жолақтарды орналастырып қою нормалары;

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      жазық баспада басу және проблемалы элементтердің пайда болу принциптері;

      көшіргіш қағаздарға, бояулар мен майлы бедерлерге қойылатын техникалық талаптар;

      ерекше жұмыс түрлерін (ноталар, карталар) орындаған кезде кездесетін арнаулы терминдер мен белгілер;

      формалық материалдардың сипаттамасы және олардың бетін дайындауға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын құралдың міндеті және оларды пайдалану ережесі;

      форманы түзеу тәсілдері;

      жапсырмаларды өрнектеу, үзік сызықтар мен оймаларды сақтау ережесі;

      декольға қойылатын техникалық талаптарды;

      сынау-баспалық станокқа қызмет көрсету ережесін.

      Параграф 3. Жазық баспа сынаушысы, 4-разряд

      359. Жұмыс сипаттамасы:

      сынау-баспалық станогында бір бояулы және көп бояулы баспаның машина формасынан сынама бедерлерді (бір және араласқан бояуға) алу; станокты жұмысқа дайындау;

      декельді қондыру, талерлердің дұрыс орнатылғанын бақылау;

      қажетті қысымды айқындау;

      ылғалдаушы және бояйтын аппараттарды даярлау;

      материалдар мен формаларды даярлау;

      алдыңғы және бүйірлі таяныштарды орнату;

      сынау-баспалық станоктардың жұмысын тексеру және оның жұмысындағы ақауларды жою;

      формаларды қайта домалату және өңдеу;

      проблемалық элементтерді гидрофобизациялау;

      басатын элементтерді гидрофобизациялау;

      бояу жағу;

      сынама бедерлерді алу;

      формаға қорғау коллоидті жағу;

      формаларды кептіру;

      офсетті сынау-баспалық станогында күрделі емес басылымдарды басу;

      жоғары білікті жазық баспа сынаушысымен бірігіп көп бояулы баспаға түпнұсқа формалардан сынама бедерлерді алу;

      тест-объектілер мен денситометрді пайдалана отырып сынама бедерлердің сапасын бақылау.

      360. Білуге тиіс:

      кез келген тәсілмен литоофсет формларын дайындаудың технологиялық процесін: баспа формаларына, білікшелер мен материалдарға, деколь бедеріне қойылатын технологиялық талаптарды;

      басу қағаздарының, басу және көшіру бояуларының қасиетін;

      баспа формаларын өңдеуге арналған ерітінділердің рецептін;

      картография элементтерін;

      керамикалық бояулардың және оларды еріткіштердің қасиетін;

      денситометрде жұмыс істеу тәсілдерін;

      офсетті сынау-баспалық станогын реттеу тәсілдерін.

      361. Жұмыс үлгілері:

      1) сурет өлшемі 45х60 см қоса алғанда редакциялық бедерлер;

      2) сынау бедерлері – бір бояулы және көп бояулы басудың машина формасынан;

      3) сурет өлшемі 45х60 см қоса алғанда шағын тиражды жұмыстар;

      4) бір бояулы жұмыстар.

      Параграф 4. Жазық баспа сынаушысы, 5-разряд

      362. Жұмыс сипаттамасы:

      боялаулардың бөлек орналастырып немесе араласқан тонды алу үшін екеуден артық емес бояу жағып, бір-көп бояулы баспалар, бір бояулы растр жұмыстары, дуплекстер, көп бояулы жұмыстар үшін қарапайым штрихты және декоративтік элементтермен, қолжазбалармен, бедерсіз плашкалармен жұмыс істеуге арналған түпнұсқалы және машиналы формалардан қалыпты жағдайларда сынама бедерлерді алу;

      деколь суретін түпнұсқалық тастан қағазға және суретті өңдеп және газ жанарғымен күйдіріп қағаздан тасқа көшіру;

      сынама бедерлерді алу;

      бедерлерді бояумен опалау;

      түсті таңдау кезінде бояулардың дозасын есептеу;

      сурет паспортын жасау. сынау-баспалық станогында карталарды редакциялық түзету және шағын тиражды жұмыстар үшін бедерлерді басу;

      шығарылған карталардың бедерлеріне "арнайы жүктемелерді" басу.

      363. Білуге тиіс:

      көп түсті түпнұсқаларды қайта жасау принциптерін;

      негативтерді, диапозитивтер мен формаларды түзеу тәсілдерін;

      басу бояуларының түржиынын;

      басу кезінде бояуларды жағу тәртібін, оларды араластыру тәсілдерін;

      бояулардың оптикалық тығыздығын.

      364. Жұмыс үлгілері:

      1) декольдің сынама бедерлері;

      2) формалардың түзеуге дейін және кейін сынама бедерлері;

      3) арнайы бұйымдарға, маркаларға, маркалы ашық хаттарға, конверттерге және жоғары көркемдік жұмыстарға арналған машиналы формалардан сынама бедерлер (энциклопедиялық басылымдарға, атластарға және тағы басқа қосымша бет) жапсырмалар;

      4) сурет мөлшері 45х105 см қоса алғанда редакциялы бедерлер;

      5) сурет мөлшері 45х 60 см артық шағын тиражды жұмыстар;

      6) көп бояулы жұмыстар.

      Параграф 5. Жазық баспа сынаушысы, 6-разряд

      365. Жұмыс сипаттамасы:

      ұсақ графикалық бөлшектермен күрделі жұмыстарға арналған, жіңішке айналмалы қаріппен бедерсіз жұмыстарға арналған, көп түсті растр жұмыстары, күрделі түс аужыратумен, көп градациялық ауысымдармен, түпнұсқаның фактурасын тапсырумен жоғары көркемдік көп бояулы жұмыстарға арналған түпнұсқалы формадан қалыпты жағдайларда сынама бедерлерді алу;

      түпнұсқалы суреттерді көбейту жолымен машиналы форма үшін ауыстыруларды жасау;

      түпнұсқалы формада жетіспейтін штрихтар мен кескіндерді қалпына келтіру;

      түпнұсқалы формалардың кітапханасын жүргізу.

      366. Білуге тиіс:

      түс тану негіздері (түсті талдау және синтезі туралы түсінік);

      тұрақты сақталатын бедер-телқұжаттарының сапасына қойылатын талаптар;

      өлшеу жүйесімен жарақтандырылған көп бояулы сынау-баспалық станоктарды пайдалану ережесі және сынама баспаны бақылау;

      түс сынамаларын алу үшін қондырғылардың құрылғысы және пайдалану принципі.

      367. Жұмыс үлгілері:

      1) барлық масштабтағы тұрақты сақтау картасының бедер-телқұжаттары;

      2) винипроздағы, ледериндегі және тағы басқа бедерлер;

      3) ұсақ масштабты карталардың, атластардың, көп бояулы көркемдік этикеткалардың, грамоталардың және тағы басқа түпнұсқалы формалардан сынама бедерлер;

      4) сурет өлшемі 45х105 см артық редакциялық бедерлер.

      46. Ретушер

      Параграф 1. Ретушер, 2-разряд

      368. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ репродукция, сондай-ақ типографиялық әдіспен басылған түпнұсқалар үшін негативтер мен диапозитивтерді техникалық ретуштеу (жолдарды бояу және дақтарды кетіру).

      369. Білуге тиіс:

      фотографиялық кескінді алу принципі;

      ретушерлік бояу қасиеті және оны жағу тәсілдері;

      қолданылатын құралдың міндеті.

      Параграф 2. Ретушер, 3-разряд

      370. Жұмыс сипаттамасы:

      бояу элементтері бөлек орналастырылған көп түсті репродукцияға арналған негативті және диапозитивті штрихтерді ретуштеу; суреттің ірі бөлшектерімен және тондардың күрт градациялық ауысымдары бар қара-ақ және дуплекс-репродукция үшін растрлы және жартылай тонды негативті және диапозитивтерді ретуштеу; жекелеген әріптер мен белгілерді қалыпқа келтіре отырып (түзетіп) мәтінді диапозитивтер мен негативтерді ретуштеу. Нота белгілерінің түкті штрихтарын қалпына келтіре отырып, нота түпнұсқаларын ретуштеу;

      күрделі емес карталардың негативтерін бөліп-бөліп ретуштеу. "Құймаларды" және "бозғылт" бойынша "жақпаларды", сондай-ақ түсіру қабатын ірі масштабты карталардың негативтері мен позитивтеріне пайдаланумен орындау.

      371. Білуге тиіс:

      басу тәсілдері бойынша басылатын және проблемалық элементтердің пайда болу принциптері;

      әр түрлі басу тәсілдері кезінде негативтер мен диапозитивтерге қойылатын техникалық талаптар;

      фотопленка сорттары;

      ерітінділердің рецепттері және оларды ретуштеу кезінде қолдану;

      растрлы фотография негіздері;

      градациялық шәкіл бойынша фотографиялық кескінді бақылау әдістері;

      топографиялық және арнайы карталардың шартты белгілері және түсті бедерлердегі олардың кескіндері;

      "құймалар" және бөліп-бөліп ретуштеудің макеті.

      Параграф 3. Ретушер, 4-разряд

      372. Жұмыс сипаттамасы:

      тонның күрт градациялық ауысуымен және күрделі емес түс ажыратумен көп түсті репродукцияға; суреттің ұсақ бөлшектері бар және тонның ақырын ауысуымен қара-ақ және дуплекс-репродукцияға арналған растрлы және жартылай тонды негативтер мен диапозитивтерді; бояу элементтерін араластыра отырып, көп түсті репродукцияға арналған штрихты негативтер мен диапозитивтерді ретуштеу;

      құрамды жұмыстарға (тор, штрих) негативтерді жабу;

      сурет тіле отырып, топографиялық карталардың бөліп-бөліп ретуштеу;

      контурдың негативтерінде немесе контурдың "бозғылт" кескіні бойынша оюланған негізде координатты торларды кесу;

      түзетуге сәйкес жекелеген шартты белгілерді, қаріптерді, нота белгілерін қоя отырып, позитивтер мен диапозитивтерді түзету.

      373. Білуге тиіс:

      жартылай тонды көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      түс ажырату негативтері мен диапозитивтерінің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      суретті тілу, негативтерге, позитивтерге және формаларға қолжазбаларды қою техникасы;

      бояуларды араластыруға шектеулер;

      картографиялық қаріптер сызықтары;

      оюланған негіздерді жасау принципі және қолданылатын құралдың міндеті.

      Параграф 4. Ретушер, 5-разряд

      374. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай тондарды едәуір жетілдіруді талап ететін түс ажырату күрделі көп түсті репродукцияға, жоғары көркемдік жұмыстардың (энциклопедиялық және тағы басқа басылымдарға қосымша, маркалар) қара-ақ және дуплекс-репродукцияға арналған растрлы және жартылай тонды негативтер мен диапозитивтерді; анықтап салуды қажет ететін суреттің жұқа графикалық элементтері, көркемдік оюлары, тәждері бар көп түсті репродукцияға арналған штрихты негативтер мен дипазитивтерді ретуштеу;

      құю жұмыстарын жүргізу және торларды күрделі карталардың негативтеріне "жағу";

      ұсақ масштабты карталарды бөліп-бөліп ретуштеу.

      375. Білуге тиіс:

      түсті түзеу әдістері;

      атлас ретушерді салу; түс тану элементтерін (түсті талдау және синтезі туралы түсінік);

      басу бояуларының нөмірлері мен эталондары;

      көп бояулы баспа кезінде бояуларды жағу тәртібі.

      Параграф 5. Ретушер, 6-разряд

      376. Жұмыс сипаттамасы:

      фактура түпнұсқаларын (медициналық атластар, кескіндемелер мен графикалар туындыларының репродукциясы, көркемдік басылымдар, теңіз атластары және т.п.) дәл сақтай отырып, кез келген үлгіде орындалған түпнұсқалардан көп түсті репродукцияға арналған жоғары көркемдік жұмыстардың негативтері мен позитивтерінде ретушерлік жұмыстардың барлық түрін, сондай-ақ түс түзеу маскаларын қолдана отырып, бөлшектерді аса жетілдіруді талап ететін күрделі түс ажырату, жартылай тонның үлкен гаммасы бар жұмыстарды орындау;

      аэрографтың көмегімен жетілдіруді талап ететін негативтер мен диапозитивтерде ретушерлік жұмыстардың барлық түрін орындау.

      377. Білуге тиіс:

      денситометрді пайдалана отырып, бақылау шкалалары бойынша негативтер мен диапозитивтердің сапасын айқындау әдістері;

      жарықсүзігінің спектрлі сипаттамасы.

      378. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 6. Ретушер, 7-разряд

      379. Жұмыс сипаттамасы:

      гознак бұйымдарының (ақша бұйымдары, бағалы қағаздар – сертификаттар, аккредиттер, акциялар, сақтандыру полистері, қазыналық міндеттемелер, облигациялар; чек және жинақтау кітапшалары, маркалар, паспорттық құжаттамалар және тағы басқа).

      380. Білуге тиіс:

      Гознак өнімдерінің негативтері мен диапозитивтерінің сапасын айқындау әдістері.

      381. Орта кәсіптік білім қажет.

      47. Стереотипер

      Параграф 1. Стереотипер, 2-разряд

      382. Жұмыс сипаттамасы:

      форма мен матрица материалдарын матрицалауға даярлау;

      жолақтарды түсіру және жайып салу;

      формаларды айналдыра қоршау, аяқтау және тексеру;

      матрицалы картонды ылғалдау;

      пластмасса материалдың табақтарына каучук қою және графит жағу;

      картонды матрицаларды құюға, жабыстыруға және даярлау және матрицаларды картонмен жапсырып тастау.

      383. Білуге тиіс:

      басылым форматтары;

      екі, төрт және сегіз жолақты түсіру түрлері;

      жайып салу нормалары;

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      проблемалық материалдар түрлері;

      теру мен клишеге қойылатын техникалық талаптарды;

      пластмассадан жасалған материалдардың қасиеттері.

      Параграф 2. Стереотипер, 4-разряд

      384. Жұмыс сипаттамасы:

      типографиялық қорытпадан стереотиптерді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындау;

      қол, механикалық және гидравликалық престерде матрицаларды престеу;

      формалар мен материалдарды матрицалауға даярлау сапасын бақылау;

      форманың мәліметтерін алу;

      формаға қажетті қысымды есептеу;

      су өлшеу шыныларында судың деңгейін, пресс плиталарының температурасын тексеру;

      стереотиптерді қол, жартылай автоматты және автоматты станоктарға құйып алу және клишені стереотиптерге құю;

      матрицаларды картонмен желімдеу және жапсырып қою. Қажетті радиус бойынша иілту;

      пышақтарды дәнекерлеу;

      қызмет көрсетілетін станоктың жұмысын тексеру;

      құйып алудың технологиялық режимін және матрицаларды престеуді бақылау;

      типографиялық қорытпадан жасалған клише мен стереотиптерді никельдеу;

      майсыздандыру;

      қысқыштармен бекіту және гальваникалық ванналарға тиеу;

      металмен жабылатын алаңды есептеу;

      процесті жүргізу режимін таңдау;

      клише мен стереотиптерді никелдеу үшін электролитті құру және сүзгілеу;

      гальваникалық прессті бақылау;

      өңдеу үшін ерітінділер даярлау және никельдегеннен кейін стереотиптер мен клишелерді өңдеу;

      гальваникалық ванналарды, штоктар мен анодтарды тазарту;

      стереотиптерді өсетін, фрезерлі, фацетті-шетжақты арнайы және әмбебап станоктарда және қолмен штихелмен, қашаумен және басқа да арнаулы құралдармен өңдеу;

      құйылмаларды кесу;

      өсімі бойынша өңдеу;

      қолданылатын станоктарда тақыр учаскелерді фрезерлеу және бүйір қырларын сүргілеу;

      басу элементтерін дәнекерлеумен қайта қалпына келтіру;

      кате кеткен литерлер мен белгілерді бұрғылап тастау және қажеттерін дәнекерлеу;

      клишені салыстырып тексеру және тіреуіштер мен типографиялық қорытпадан жасалған стереотиптерге бекіту;

      клише мен нота тақталарының тіреуіштері құю және өңдеу;

      қолданылатын жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

      қызмет көрсетілетін станоктарды тазарту және майлау.

      385. Білуге тиіс:

      картоннан жасалатын матрицалар мен типографиялық қорытпадан жасалатын стереотиптерді дайындаудың технологиялық процесі;

      формаларды бақылау әдісі және бақылау-өлшеу аппаратураларын қолдану ережесі;

      формаға қажетті қысымды айқындау тәсілдері;

      матрицалау (ылғалдылық, қысым, температура) режимдері;

      типографиялық қорытпаның құрамы мен қасиеттері;

      стереотиптері құю режимдері;

      ротациялы машиналарда бүктеу түрлері және стереотиптерді түсіру жүйесі;

      стереотиптер мен клишені никельдеу үшін электролит құрамы;

      ерітінділердің рецепті және әр түрлі тираждықты жабу кезінде гидравликалық ванналардың жұмыс режимі;

      металл жабындыларының сапасына қойылатын техникалық талаптарды;

      электролиттегі гальваникалық шөгінділерге зиянды қоспалардың әсер және оларды жою тәсілдері;

      галивано-электр техникаларының элементтері;

      ванналардың электр жабдықтарын басқару ережесін;

      матрицаларды престеу үшін престерді, стереотиптерді құю үшін станоктарды, өсетін, фрезерлі және фацетті-шетжақты станоктарды, стереотиптерді өңдеу кезінде қолданылатын циркульді және дискілі араларды реттеу тәсілдерін.

      386. Жұмыс үлгілері;

      1) картонды матрицалар – престеу;

      2) клише астындағы тіреуіштер – құю және өңдеу;

      3) стереотиптер – клишені бекіту;

      4) стереотиптер мен клишелер – никельдеу;

      5) типографиялық қорытпадан жасалған стереотиптер - өңдеу;

      6) стереотиптер (жазық және ротациялы) – құю.

      Параграф 3. Стереотипер, 5-разряд

      387. Жұмыс сипаттамасы:

      типографиялық қорытындыдан стереотиптерді, бұқаралық басылымды басу үшін гальванопластикалық стереотиптерді дайындау бойынша операциялар кешенін орындау, сондай-ақ жекелеген күрделі операцияларды орындау;

      матрицалау үшін формалар мен матрицалық материалдарды даярлау;

      қол, механикалық және гидравликалық престерде картоннан, пластмассадан, балауыздан және қорғасыннан жасалған матрицаларды престеу;

      матрицаларды қолмен қағып-соғу;

      матрицалық папкалар дайындау;

      типографиялық қорытпалардан жасалған стереотиптерді құю және әр түрлі типті станоктар мен престерде пластмассалы стереотиптерді престеу;

      матрицалар мен металды литерден гальваникалық шөгінділерді алу;

      гальваникалық шөгінділерді матрицалардан бөлу, оларды құюға даярлау және қорытпамен құю;

      стереотиптерді қолданылатын станоктарда және қолмен бөлу;

      стереотиптерді түзеу (қате кеткен литерлер мен белгілерді бұрғылап тастау және қажеттерін дәнекерлеу);

      гальваникалық стереотиптерді тегістеу;

      типографиялық қорытпадан жасалған стереотиптерді, гальваникалық стереотиптер мен клишелерді хромдау;

      гальванопластикалық шөгінділерді алу үшін электролитті жасау, сүзгілеу әрі түзеу және хромдау;

      ерітінділерді дайындау;

      электролиз процесін жүргізу;

      гальваникалық шөгінділер мен металл жабындыларының ақауларын анықтау және түзету;

      қолданылатын жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      қызмет көрсетілетін станоктарды тазарту және майлау;

      гальваникалық шөгінділерді қорытпамен толтыру;

      матрицалардан гальваникалық шөгінділерді бөлу;

      кері жағын қағып-соғу;

      бұрыштарды бүгу;

      тақыр жерлерді декстридті бор қоспасымен өңдеу;

      арнайы престерде ыстықтай сулау, флюс жағу және қорытпалар құю;

      гальванопластикалық стереотиптер үшін картоннан жасалған матрицаларды престеу жөнінде операциялар кешенін орындау.

      388. Білуге тиіс:

      матрицалардың дайындаудың техникалық процестері және пластмассадан, балауыздан, қорғасыннан және металлды литерден жасалған матрицалардан гальваникалық шөгінділерді алу;

      гальваноплатика принциптері;

      хромдау үшін электролиттің құрамын және мыс гальваникалық шөгінділерді алу;

      гальваникалық ванналардың жұмыс режимін;

      гальваникалық техника бойынша қажетті есептеулер.

      389. Жұмыс үлгілері:

      1) матрицалардан гальваникалық шөгінділер – гальваникалық ваннада алу;

      2) гальванопластикалық стереотиптер – құю және бөлу;

      3) гальванопластикалық стереотиптер – түзету;

      4) гальванопластикалық стереотиптерге арналған матрицалар – престеу;

      5) стереотиптер – хромдау.

      Толық дайындау.

      1) бояу элементтерін араластырмай көп бояулы басу үшін гальванопластикалық стереотиптер;

      2) 34 лин/см дейін линиатуралары немесе ірі графикалық элементтері бар гальванопластикалық стереотиптер;

      3) пластмассадан жасалған стереотиптер;

      4) типографиялық қорытпадан жасалған стереотиптер.

      Параграф 4. Стереотипер, 6-разряд

      390. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары линиатурасы немесе жұқа графикалық элементтері бар растрлы бейнелері бар жұмыстар үшін гальванопластикалық стереотиптерді дайындау бойынша операциялар кешенін орындау, сондай-ақ арнайы бұйымдар, энциклопедиялық және жоғары көркемдік басылымдар үшін гальванопластикалық стереотиптерді дайындау бойынша жекелеген операциялар орындау;

      жекелеген матрицалардан немесе стереотиптерден топтық штемпельдер жасау және жекелеген элементтерді штемпельдерге кесу.

      391. Білуге тиіс:

      жоғары басуда жартылай тонды және көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      гальваникалық клишелерді дайындаудың технологиялық процесін;

      бояуларды араластыруға шектеулер;

      жоғары басудағы металл жабындыларың барлық түрі үшін гальваникалық процесті даярлай және жүргізу ережесін.

      392. Жұмыс үлгілері:

      1) арнайы бұйымдарға арналған гальванопластикалық стереотиптер (ақша бұйымдары, паспорттар, куәліктер, азаматтық жағдай актілері) – құю және өңдеу.

      Толық дайындау.

      1) гальваникалық клише;

      2) каучукты гербті мөрлер және үкіметтік органдарға арналған штампылар;

      3) бояу элементтері араласқан көп бояулы басуға арналған арналған гальванопластикалық стереотиптер;

      4) 34 лин/см жоғары линиатуралары немесе ұсақ графикалық элементтері бар гальванопластикалық стереотиптер.

      48. Клишелерді күйдірмелеуші

      Параграф 1. Клишелерді күйдірмелеуші, 2-разряд

      393. Жұмыс сипаттамасы:

      клишелерді күйдірмелеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      көшірмелерді бақылау және ретуштеу;

      көшірмелердің айналмалы жағын қышқылға төзімді лактармен жабу;

      бақылау шәкілдері мен белгі кресттерін сызу, көшірмелерді қыздыру, түзету және салқындату;

      рецепт бойынша күйдіру ерітінділерін жасау;

      клишеден бояулар мен эмальды жуу;

      күйдіру машиналары мен ванналарды тазарту;

      шыны пластиналарды, металлды формалар мен пластикалық фото формаларды, оларды қайта пайдалану үшін күйдірмелеу.

      394. Білуге тиіс:

      штрихты және растрлы клишелерді күйдірмелеудің негізгі принциптерін;

      қолданылатын материалдар мен растрлардың сипаттамасын;

      күйдірмелеу машиналары мен ванналардың құрылғысын және пайдалану ережесін.

      Параграф 2. Клишелерді күйдірмелеуші, 4-разряд

      395. Жұмыс сипаттамасы:

      ірі штрихты элементтері және еркін үлгіде орындалған суреттері бар бір бояулы баспаға арналған штрихты клишелері күйдірмелеу;

      байқау үшін басу;

      корректуралық түзетулерді енгізу;

      ірі және ұсақ штрихты элементтері бар фирмалық белгілерді күйдірмелеу және сызу;

      кинофильмдердің дубляжы үшін матрицалардың субтитрлерін күйдірмелеу.

      396. Білуге тиіс:

      жоғары баспада штрихты түпнұсқаларды шығару принципі;

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      бояуларға және қолданылатын басқа да материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын ерітінділердің рецепттері;

      штрих клишелерін күйдірмелеу режимдері;

      басу процесі туралы негізгі мәліметтерді.

      Параграф 3. Клишелерді күйдірмелеуші, 5-разряд

      397. Жұмыс сипаттамасы:

      эмульсиялық күйдірмелеу машиналарында және қолмен ұсақ штрихты элементтері бар бір бояулы баспаға арналған клишелерді күйдірмелеу, жарнамалық сипаттағы күрделі емес тыстар, плакаттар және тағы басқа типтегі басылымдар үшін 48 лин/см дейін растрлы және көшірмелерде тазартып штрихтау – көп бояулы баспаға арналған клишелерді күйдірмелеу.

      398. Білуге тиіс:

      жоғары басудағы жартылай тонды және көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      растрлардың түрлері мен линиатуралары;

      растрлы клишелер мен көп баспаға арналған клишелерді күйдірмелеу режимі;

      оймалау процесі туралы жалпы мәліметтер;

      эмульсиялық күйдірмелеу режимдері;

      эмульсиялық күйдірмелеу машиналарының жұмыс принципі.

      Параграф 4. Клишелерді күйдірмелеуші, 6-разряд

      399. Жұмыс сипаттамасы:

      аса жауапты басылымдар, жоғары көркемдік альбомдар, мерейтой монографиялары және тағы басқа үшін 54 лин/см жоғары және 54 лин/см дейін линиатурасы бар бір бояулы баспаға арналған клишені күйдірмелеу;

      көркемдік басылымдар үшін 48 лин/см жоғары және 48 лин/см дейін линиатурасы бар көп бояулы баспаға арналған клишені күйдіру;

      эмульсиялық күйдірмелеу машиналарында 54 лин/см жоғары бір бояулы баспаға арналған растрлы клишені және көп бояулы баспаға арналған клишені күйдірмелеу;

      гознак жұмысы үшін жездегі, мыстағы офсет типтік формаларды дайындау;

      көп бояулы баспаға арналған клишелерді түзеу.

      400. Білуге тиіс:

      көп бояулы баспаға арналған клишені күйдірмелеу режимдері;

      көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      түс тану негіздері (түсті талдау және синтездеу негіздері);

      бояуларды араластыру ережесі;

      безендіру және көп бояулы басуға арналған қағаздың сорттары;

      эмульсиялық күйдірмелеу машиналарының құрылғысын және негізгі тораптарын реттеу ережесін.

      49. Терең баспа формаларын күйдірмелеуші

      Параграф 1. Терең баспа формаларын күйдірмелеуші, 4-разряд

      401. Жұмыс сипаттамасы:

      штрихты және мәтінді формаларды қолмен және машиналық әдіспен күйдірмелеу;

      сылау алдында пигментті көшірменің сапасын тексеру;

      белгілерді қарындашпен және сызықтарды рейсфедермен белгілеу;

      жаққышпен сылау және кептіру;

      диапозитивтің түпнұсқасымен, монтажымен және пигментті көшірмелермен танысу;

      рецептура бойынша күйдіру үшін ерітінділерді жасау;

      мәтінді формаларды жуу және өңдеу;

      күйдірмеленген мәтінді формадан жиектерді түсіру;

      күйдірмелеу станоктары мен машиналарын тексеру және тазалау.

      402. Білуге тиіс:

      терең баспада басатын және тақыр элементтердің пайда болу принциптері;

      формалы цилиндрге аударылған пигментті көшіргіштердің, қолданылатын материалдарға, мәтінді және штрихты форманың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      күйдірмелеуге арналған ерітіндінің құрамы;

      күйдірмелеу режимдері;

      күйдірмелеу машиналарын реттеу тәсілдерін.

      Параграф 2. Терең баспа формаларын күйдірмелеуші, 5-разряд

      403. Жұмыс сипаттамасы:

      қолмен және машиналық әдіспен тонды безендірілген және араластырылған бір бояулы баспаға арналған формаларды күйдірмелеу;

      түпнұсқамен, монтажбен және пигментті көшірмемен танысу;

      белгілерді қарындашпен және сызықтарды рейсфедермен белгілеу;

      жаққышпен сылау және кептіру;

      формадағы ақауларды оймалаумен түзету;

      формаларды ажарлағыш көмірмен және зімпара қағазбен жұмсарту.

      404. Білуге тиіс:

      жартылай тонды диапозитивтерге қойылатын техникалық талаптар;

      күйдірмелеуге арналған ерітінділердің қасиеті;

      ерітіндіні концентрациялауды бақылау әдісі және оларды түзету ережесі;

      диапозитивтердің, бояудың, қағаздың сипатына қарай баспа формаларын күйдірмелеу тереңдігін айқындау әдістері;

      түзеуде қолданылатын материалдар мен құралдың сипаттамасы және олармен жұмыс істеу ережесі;

      формалы цилиндрлер мен баспа формаларын өңдеу сапасына қойылатын талаптар;

      формаларды, оларды екі процесте дайындау кезінде күйдірмелеу ерекшеліктері.

      405. Жұмыс үлгілері:

      1) тонды безендірілген бір бояулы кітап-журнал өнімдерін басуға арналған формала.

      Параграф 3. Терең баспа формаларын күйдірмелеуші, 6-разряд

      406. Жұмыс сипаттамасы:

      қолмен және машиналық әдіспен жоғары көркемдік жұмыстардың бір бояулы баспаға арналған формаларын, көп бояулы және екі бояулы (дуплекс) баспаға арналған формаларды күйдірмелеу; күйдірмелеу кезінде формадағы ақауларды жою.

      407. Білуге тиіс:

      терең баспада көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      түс ажырату диапозитивтері сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      баспа бояуларының колористі қасиетін;

      формаларды түзеуге қолданылатын қышқылға төзімді және басқа да материалдардың ерітінділерінің құрамы мен қасиеті;

      көп бояулы баспаға арналған күйдірмелеу формаларының ерекшеліктері.

      408. Жұмыс үлгілері:

      1) жоғары көркемдік альбомдарды, мерейтой монографияларын, мұражай суреттерінің репродукцияларын бір бояулы басуға арналған формалар;

      2) дуплекс тәсілімен және көп бояулы басуға арналған формалар;

      3) маркалардың формалары.

      50. Трафаретші

      Параграф 1. Трафаретші, 3-разряд

      409. Жұмыс сипаттамасы:

      мәтінді және бейнелеудің ірі элементтері бар басуға арналған күрделі емес баспа формаларын қолмен кесу әдісімен дайындау;

      түпнұсқадан "абристі" калька бойынша алу;

      арнайы материалда трафарет кесу;

      трафаретті желімделетін құраммен жабу және оны капрон, нейлон немесе металл електерімен іліктіру;

      формаларды өңдеу;

      торларды рамаларға керу;

      түпнұсқаға сәйкес бояуларды іріктеу;

      байқау үшін басу.

      410. Білуге тиіс:

      трафаретті баспа формаларын дайындаудың технологиясы;

      қажетті түсті алу үшін бояуларды араластыру ережесін;

      трафаретті формадан басудың негізгі принциптері.

      Параграф 2. Трафаретші, 4-й разряд

      411. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі көшіргіш қабаттарды капрон, нейлон немесе металл електеріне тікелей жағу кезінде позитивті көшіру жолымен трафаретті баспа формаларын дайындау;

      диапозитивтерді қайта қарау;

      електерді керу, оған жарық сезгіш қабатты жағу;

      кептіру;

      формаларды өңдеу және түзеу;

      көшіргіш рамалардың жұмысын тексеру;

      елекке кескінді пигментті тәсілмен жағу кезінде трафаретті баспа формаларын дайындау;

      целлулоидті кесу және оған балауыз қабатын жағу;

      диапозитивтердің монтажын көшірмелеу;

      көшірмелерді көрсету;

      формаларды өңдеу және түзеу;

      ұсақ штрихты кескіндері бар мәтінді және безендіру жұмыстарына арналған трафаретті баспа формаларын қолмен кесу әдісімен дайындау.

      412. Білуге тиіс:

      диапозитивтерге қойылатын техникалық талаптар;

      көшіру процесі;

      әр түрлі көшіргі қабаттардағы және формалардағы, материалдардағы көшіру процестерінің ерекшеліктері;

      диапозитивтің ерекшеліктеріне, жарық сезгіш қабаттың және басқа да факторлардың сипатына қарай экспозиция режимдері;

      қолданылатын растарлардың құрамы мен қасиетін;

      көшіргі жабдықтарын реттеу тәсілдерін.

      Параграф 3. Трафаретші, 5-разряд

      413. Жұмыс сипаттамасы:

      кез келген әдіспен (кесу, тікелей, пигментті) тура шығаруды талап ететін трафаретті баспа формаларын дайындау;

      түпнұсқаның сипатына қарай баспа формаларын дайындаудың тәсілдерін таңдау;

      суретшінің шығармашылық пікірін және қолтаңбасын дәл жеткізу үшін құрамды баспа формаларын дайындау;

      тордың нөміріне, сипатына, түпнұсқасына, тиражына қарай жарық сезгіш қабатты таңдау және дайындау;

      әрбір берілген түпнұсқа үшін жарық сезгіш қабаттың тиімді қалыңдығын айқындау және торға қабат жағу;

      аталған тордың нөміріне растрдың линиатурасын іріктеу;

      растрлы жұмыстар кезінде экспозицияны айқындау;

      қажетіне болған жағдайда суреттің масштабын немесе түпнұсқа суретінің жекелеген фрагменттерін өзгерту.

      414. Білуге тиіс:

      әр түрлі әдіспен (кесу, тікелей, пигментті) трафаретті формаларды дайындау технологиясын;

      пигментті қағазға растрлы диапозитивтерді көшірудің технологиялық процесін;

      графика мен сурет өнерінің негіздерін;

      диапозитивтерді дайындаудың және оларды ретуштеудің технологиялық процесі.

      51. Фотограф

      Параграф 1. Фотограф, 3-разряд

      415. Жұмыс сипаттамасы:

      штрихты және растрлы негативтерден фотокескіндерді дайындау;

      айқындауыштар мен фиксажды құрастыру;

      негативтің тығыздығын айқындау;

      негативтің тығыздығы мен градациясына сәйкес фотоқағазды таңдау;

      сынама басуды дайындау;

      экспозиция уақытын айқындау;

      негативтен фотоқағазға басып шығару;

      басуды айқындау және бекіту;

      басып шығарудың сапасын;

      басып шығаруды тапсырыс бойынша іріктеу;

      пленканы дайындау, кассеталарды толтыру және айқындауыш қондырғылар мен автоматтарда фото материалдарды өңдеу, мәтінді диапозитивтерді, микрофиштер мен шағын фильмдерді іріктеу және сапасын бақылау.

      416. Білуге тиіс:

      фотобаспа техникасы;

      айқындаушы және бекітуші ерітінділердің рецепттері;

      негативке және фотобаспаларға, микрофиштер мен шағын фильмдерге, мәтінді диапозитивтерге қойылатын техникалық талапты;

      айқындауыш қондырғылар мен автоматтардың құрылғысын, оларды пайдалану ережесін;

      қолданылатын материалдардың сипаттамасы мен қасиеті.

      Параграф 2. Фотограф, 4-разряд

      417. Жұмыс сипаттамасы:

      екі бояулы репродукция үшін маскасыз басудың және негативтер мен диапозитивтер дайындаудың барлық тәсілдері кезінде қара-ақ репродукция үшін мәтінді, штрихты, жартылай тонды және растрлы негативтер мен диапозитивтер дайындау;

      түпнұсқа сапасын таңдау және тексеру;

      фотоаппарат жұмысын тексеру;

      растрлық қашықтықты, санды және диафрагма өлшемін, экспозиция уақытын және растрлы негативтер мен диапозитивтерді өңдеу шарттарын, сондай-ақ экспозиция уақытын және штрихты және жартылай автоматты негативтер мен диапозитивтердің шарттарын айқындау;

      фотоаппаратпен түсіру;

      негативтер мен диапозитивтерді өңдеу;

      қара-ақ және түсті репродукциялар үшін негативтер мен диапозитивтерді контактылы дайындау;

      фотоаппаратпен түсіру кезінде контакт растрларын қолдана отырып, негативтер мен диапозитивтердің барлық түрлерін жасап шығару;

      картографиялық жазбаларды және арнайы фото теру қондырғыларында атауларды жасау;

      фотоаппаратпен түпнұсқадан (кітап беттерінен, журналдардан) негативтерді жасап шығару, кассеталарды толтыру, жарықтандыру режимін таңдау;

      фотокескіндер үшін штрихты және растрлы негативтерді жасап шығару;

      теруден мәтінді диапозитивтерді дайындау;

      теру жолақтарының сапасын тексеру;

      шаншып тесу;

      бояу бүрку;

      көзілдірікті тазалау;

      теруді фото қондырғыға қондыру және фотоға түсіру;

      пленканы айқындау.

      418. Білуге тиіс:

      жоғары, жазық және терең баспа үшін түпнұсқаға, топографиялық және арнайы карталардың түпнұсқасына және теруге қойылатын техникалық талаптар;

      фотографиялық бейнені алу принципі;

      қолданылатын фото материал мен қаріптің гарнитураларына қарай экспозиция, айқындау және тіркеу режимдері;

      фотографиялық қабаттардың сыныптауышы мен қасиеті; ерітінділердің рецепттері;

      жартылай тонды түпнұсқаны шығару принципі;

      растрлардың түрлері мен линиатурасы;

      қолданылатын материалдардың техникалық сипаттамасы;

      негативтер мен диапозитивтерді реуштеу әдісі;

      бақылау шәкілдері мен денситометр бойынша фотографиялық бейнені бақылау әдістерін;

      фотоаппараттарды реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Фотограф, 5-разряд

      419. Жұмыс сипаттамасы:

      екі бояулы репродукция үшін жартылай тонды және растрлы негативтерді, ақ-қара репродукция үшін градациялық маскалар, түсті репродукция үшін штрихты негативтер мен диапозитивтерді дайындау;

      жоғары жарықтандыру тәсілімен түпнұсқаларды түсіру;

      картографиялық жұмыстар және терең баспаның түсті репродукциясы үшін негативтер мен диапозитивтерді контактылы дайындау;

      түпнұсқалардан (сызбалардан, позитивтерден, мөлдір пленкалардан саңылаулы шағын фото көшіргіш аппараттарда негативтерді (диапозитивтерді) дайындау;

      дуплекс, штрихты түсті репродукция, топографиялық және арнайы карталар үшін негативтер мен диапозитивтердің өңдеудің экспозиция уақытын және режимін айқындау;

      массада нитропленканы бояумен шыны немесе пластикада топографиялық және арнайы карталар, басқа картографиялық өнім үшін бір түсті шағын диапозитивтерді дайындау;

      ақ-қара фото материалдарда контакт тәсілімен топографиялық карталар үшін шағын негативтерді (шағын диапозитивтерді) дайындау.

      420. Білуге тиіс:

      түсті репродукция үшін түпнұсқаларды шығару принципі;

      жарық сүзгілердің спектрлі сипаттамасы, сенситометрия элементтері және фото материал тану;

      градациялық маскалаудың варианттары мен техникасы;

      жарық сүзгілерін таңдау ережесі;

      жарық сүзгілерінің қысқалығын айқындау және сүзгілерді экспозициялауды есептеу;

      растрлы түсірулердің есептеу әдісін;

      фото репродукция және шағын фото көшіргі аппараттарын реттеу тәсілдері;

      нота теру тақталарынан фотоға түсіру ерекшеліктері.

      Параграф 4. Фотограф, 6-разряд

      421. Жұмыс сипаттамасы:

      түсті репродукция, түсті түзеу және градациялық маскалар үшін жартылай тонды және растрлы негативтер мен диапозитивтерді дайындау;

      репродукциялы фото аппараттарда және арнайы бақылау оптикалық және фото электронды қондырғылармен, қондырғылармен, аспаптармен және тіреуіштермен жабдықталған фото түс үлкейткіш бөлгіштерде түсірілген негативтер мен диапозитивтерді дайындау;

      түсті негативтер мен диапозитивтерден, сондай-ақ мұражайлардан және сурет галереясынан түсіру;

      люминесценттік түпнұсқадан түсіру;

      топографиялық және арнайы карталардың, әр түрлі контактілі растрлардың негативтері мен диапозитивтерін дайындау;

      түсті және ақ-қара фото материалдарда (ақ-қара фото материалдарда байланыстыру әдісімен топографиялық карталар үшін шағын негативтермен, шағын диапозитивтерден басқасы) проекциялық және байланыстыру әдісімен топографиялық және арнайы карталар, басқа да картографиялық өнім үшін шағын негативтерді (шағын диапозитивтерді) және шағын фильмдерді дайындау;

      массада нитропленканы бояумен шыны немесе пластикада топографиялық және арнаулы карталар, басқа да картографиялық өнім үшін көп түсті (араласқан) шағын диапозитивтерді дайындау;

      фото көбейткіш аппараттарда әр түрлі жұмыстарды көбейту;

      негативтер мен диапозитивтерді дайындау және бейнені фарфорға көшіру;

      лидоряларда бұйымдарды күйдіруге дайындау.

      422. Білуге тиіс:

      түс тану элементтері; түс ажырату негіздері;

      градациялық және түс бөліп бүркемелеу принципі және тәсілдері;

      түпнұсқалар мен фото формаларға қойылатын техникалық талаптар, оларды бақылау тәсілдері;

      жарықтандыру бағдарламасын құрастыру;

      түсті репродукцияға арналған тон клишесін күйдірмелеу ерекшеліктері;

      түсірудің ерекше түрлеріне (вариомат, көп қабатты түсті кескіндерге арналған оптикалық тіреуіштер) арналған жабықтар мен арнаулы оптикалық аспаптардың құрылғысы және қызмет принциптері;

      таблицалар бойынша топографиялық карта рамаларының теоретикалы өлшемдерін айқындау әдістері;

      фото керамикада қолданылатын бояулар мен флюстердің қасиеті.

      Параграф 5. Фотограф, 7-разряд

      423. Жұмыс сипаттамасы:

      шыны пластиналарда гильоштың күрделі суреттерін түсіру, түсті эскиздерден, күрделі түпнұсқалардан өтетін және шағылысқан жарықта Гознак кескіндерін түсіру және негативтер мен диапозитивтерді дайындау.

      424. Білуге тиіс:

      Гознак бұйымдарын фотоға түсіру ерекшеліктері және негативтер мен диапозитивтерді дайындау.

      425. Орта кәсіптік білім қажет.

      52. Фотоцинкограф

      Параграф 1. Фотоцинкограф, 5-разряд

      426. Жұмыс сипаттамасы:

      байланыс арналары бойынша берілген негативтерден штрихты және растрлы клише дайындау жөнінде операциялар кешенін орындау. Клишені көшіру, күйдірмелеу;

      сынама бедерлер алу;

      клишелерді оймалау;

      тіреуіште клишені өңдеу және бекіту;

      әр түрлі металдардан рельеф кескіні бар фирмалық белгілерді дайындау жөнінде операциялар кешенін орындау;

      пластиналарды даярлау: жарық сезгіш қабат ты жағу; көшіру; күйдірмелеу; цинк, никель немесе нитроэмаль қабатын жабу; лактау.

      427. Білуге тиіс:

      байланыс арналары бойынша түпнұсқаларды шығару принципі;

      байланыс арналары бойынша алынған кескіндерге қойылатын технологиялық талаптар;

      цинкография жабдықтарын пайдалану ережесі;

      фирмалық белгілерді дайындаудың технологиялық процестері;

      қолданылатын растарлардың рецепттері, күйдірмелеу режимдері.

      Параграф 2. Фотоцинкограф, 6-разряд

      428. Жұмыс сипаттамасы:

      бір бояулы және көп бояулы репродукцияға арналған штрихты және растрлы клише дайындау жөнінде операцияларды кешенді орындау;

      негативтер мен диапозитивтерді дайындау;

      көшіру;

      клишені күйдірмелеу;

      сынама бедерлерді алу;

      клишені оймалау;

      тіреуіште клишені өңдеу, бекіту, жұмыс ерітінділерін даярлау;

      барлық түрдегі фото цинкография жабдықтарын реттеу.

      429. Білуге тиіс:

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      штрихты және жартылай тонды бір бояулы әрі көп бояулы түпнұсқаларды шығару принципі;

      түс тану элементтері;

      растрлардың түрлері мен линиатурасы;

      жарық сүзгілері мен фото қабаттардың спектрлі сипаттамасы және оларға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын ерітінділердің рецепттері мен сақтау шарттары;

      клише дайындаудың барлық операцияларында процесс режимі;

      негативтер мен диапозитивтерді түзеу әдісін;

      көп бояулы баспа кезінде операциялардың орындалу және сынама бедерлерінің сапасына, қағазға және қолданылатын басқа да материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      бояулардың нөмірлері мен құрамы, оларды араластыру ережесі;

      фото аппаратын, көшіргі рамаларды, көшіргіш-көбейткіш машиналарды, күйдірмелеу машиналарды және басқа да фото цинкография жабдықтарын реттеу;

      арнайы құрылғыларды (призмаларды, растрларды, диапозитивті тіреулерді және тағы басқа) қолдану шарттары.

      53. Хромолитограф

      Параграф 1. Хромолитограф, 5-разряд

      430. Жұмыс сипаттамасы:

      кескіндерді плюраға, желатинге аударма қағазға, литографиялық тасқа немесе металл пластиналарына жағу жолымен бір бояулы және көп бояулы баспаға арналған түпнұсқалы формаларды дайындау;

      суреттің түпнұсқасымен танысу және формала материалдарды дайындау;

      түпнұсқаны бояуларға ажырату;

      формалық материалда суреттің әр түрлі элементтерінің орналасуын есептеу;

      өндірістің талабына қарай суреттің тонын өзгерту;

      суреттің паспортын құрастыру және бояу тонын іріктеу;

      сынама бедерлерді және деколь бедерлерінің бірінші партиясын бақылау.

      431. Білуге тиіс:

      жазық баспада басу және тақыр элементтердің пайда болу принципі;

      басылым форматы;

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      қаріптердің гарнитурлері;

      кітап-журнал басылымдары мен акцидентті жұмыстарды графикалық рәсімдеу принципі;

      сурет салу және сызу техникасы;

      литографиялық тасқа және металл пластиналарына, аударма қағаздар мен бояуларға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын растрлардың рецепттері; керамика бояларының қасиеті.

      Параграф 2. Хромолитограф, 6-разряд

      432. Жұмыс сипаттамасы:

      кескіндерді плюраға, желатинге аударма қағазға, литографиялық тасқа немесе металл пластиналарына жағу жолымен көп бояулы баспаға арналған түпнұсқалы формаларды дайындау.

      433. Білуге тиіс:

      көп бояулы түпнұсқаларды шығару принципі;

      түс ажырату элементтері (түсті талдау және синтезі туралы түсінік);

      графика мен сурет өнерінің негізгі элементтері;

      түсті баспа туралы негізгі мәліметтер: керамикалық бұйымдарды күйдіру режимі және күйдіру кезінде бояуларды жүргізу.

      54. Литоофсетті формаларды ажарлаушы

      Параграф 1. Литоофсетті формаларды ажарлаушы, 3-разряд

      434. Жұмыс сипаттамасы:

      ажарлау машиналарында, станоктарда және қолмен пластиналар мен литографиялық тастарды ажарлау және түйіршіктеу;

      ерітінділерді даярлау;

      литоосфестті формалардан бояулар мен коллоидты жою;

      жаңа және бұрын қолданылған пластиналарды немесе литографиялық тасты майсыздандыру;

      ажарлау машиналары мен станоктардың жұмысын тексеру;

      түйіршіктеу режимін таңдау;

      пластиналарды жуу және кептіру;

      дайын өнімнің сапасын бақылау.

      435. Білуге тиіс:

      формалы материалдардың түрлері мен оларға қойылатын техникалық талаптар;

      абразивтік материалдардың түрлері мен олардың міндеті;

      түйіршіктеу алдында әр түрлі формалы материалдарды өңдеудің тәсілдері;

      қолданылатын ерітінділердің құрамы мен қасиеттері;

      түйіршіктеу режимдері;

      түйіршіктеу кезіндегі ақаудың түрлері және оларды жою тәсілдері;

      ажарлағыш станоктарды реттеу тәсілдері.

4-бөлім. Баспа процестері

      55. Қоламен зерлеуші

      Параграф 1. Қоламен зерлеуші, 1-разряд

      436. Жұмыс сипаттамасы:

      баспа парақтары-бедерлерін қола және алюминий металл ұнтақтарымен, сондай-ақ қолмен деколь бедерлерін керамикалық ұнтақтармен опалау;

      баспа бедерлерін артық ұнтақтан қағу, кептіру және тазарту;

      баспа парақтарын қабылдау және оларды стабилизаторға салу.

      437. Білуге тиіс:

      қолданылатын металл ұнтақтары мен топырақтың қасиеті;

      баспа бедерлеріне қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Қоламен зерлеуші, 2-разряд

      438. Жұмыс сипаттамасы:

      қоламен зерлеу машиналарында баспа парақтары-бедерлерін қола және алюминий металл ұнтақтарымен, сондай-ақ қолмен деколь бедерлерін керамикалық ұнтақтармен опалау; машинаның жұмысын тексеру;

      камераны опалау ұнтақтарымен толтыру;

      щетка механизмдерін және тасымалдаушы құрылғыларды реттеу;

      жұмыстағы ақауларды жою;

      машинаны майлау.

      439. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін машиналардың жұмыс істеу принципі;

      металл ұнтақтарының рецептурасы;

      қоламен зерделеу машиналарын реттеу тәсілдері;

      майлау ережесі.

      Параграф 3. Қоламен зерлеуші, 3-разряд

      440. Жұмыс сипаттамасы:

      опалау машиналарында декалькомания бедерлерін құрамында алтын бар қорғасынды керамикалы ұнтақтармен опалау;

      опалау машиналарының жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою, оларды реттеу.

      441. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін опалау машиналарының құрылғысы және реттеу ережесі;

      декалькомания шығарудың технологиялық процесі;

      құрамында алтын бар ұнтақтардың рецепттері мен қасиеті.

      56. Баспа машиналарындағы салушы

      Параграф 1. Баспа машиналарындағы салушы, 1-разряд

      442. Жұмыс сипаттамасы:

      бір-екі бояулы баспа жұмыстары кезінде алдыңғы және бүйір таяныштар бойынша тегістеумен баспа машинасының салу тақтасына қағаз парақтарын, қаңылтыр және басқа материалдарды салу;

      жоғары білікті баспа машиналарындағы салушының басшылығымен материалдарды, баспа материалдары мен машиналарды басуға даярлау жұмыстарын орындау;

      бүйір таянышты орнату және реттеу;

      білікшелерді жуу, баспа машиналарын тазарту.

      443. Білуге тиіс:

      қаңылтыр баспа қағаздарының сорттары мен формалары;

      баспа қағаздары мен қаңылтырға қойылатын техникалық талаптар;

      баспа формаларының жетектері мен қоспаларының міндеті;

      негізгі тораптардың міндеті, баспа машиналарына қызмет көрсету ережесі.

      Параграф 2. Баспа машиналарындағы салушы, 2-разряд

      444. Жұмыс сипаттамасы:

      көп бояулы басу және жоғары көркемдік жұмыстар кезінде алдыңғы және бүйір таяныштар бойынша тегістеумен баспа машиналарының салу тақтасына қағаз парақтарын, қаңылтырды және басқа материалдарды салу.

      445. Білуге тиіс:

      көп бояулы баспаға арналған формалардың жетектерінің және қоспаларының ерекшеліктері.

      Параграф 3. Баспа машиналарындағы салушы, 3-разряд

      446. Жұмыс сипаттамасы:

      ақша бұйымдарының бедерлерін металлографика машиналарында белгілер бойынша формалардың графейкаларына салу, форма графейкаларынан басылған парақтарды түсіру және бұрыштамаға салу, төсеме қағазбен қайта салу;

      графеялық аппараттың жетектерін реттеу;

      вишерлерді ауыстыру және вишерлік құрылғыларды реттеу;

      басылған парақтардың сапасын бекітілген үлгімен немесе қол қойылған парақпен салыстыру;

      декольдің көп бояулы бедерлерін басу кезінде баспа машиналарының салу тақталарына қағазды салу.

      447. Білуге тиіс:

      қосалқы операциялардың (ылғалдандыру, кептіру, престеу) металлографика баспасының сапасына әсері;

      вишер құрылғыларын реттеу тәсілдері;

      металлографика машиналарына парақтарды салу ерекшеліктері;

      деколь суреттерінің паспорттары.

      57. Цифрлы баспа операторы

      Параграф 1. Цифрлы баспа операторы, 7-разряд

      448. Жұмыс сипаттамасы:

      шағын форматты цифрлы офсетті машиналарда басу процесін жүргізу;

      формалық цилиндрге жарық сезгіш қабатты иілгіш пленканы орнату; резеңке мата төсемін орнату; цифрлы офсетті машиналарды қосу және қыздыру, (орамды орнату); тапсырысқа сәйкес компьютерлік желіден ақпаратты шығару; цифрлік массивті құрамдау; басу процесін және бояу аппараттарының жұмысын қадағалау; сапаны бақылау және қабылдағыш құрылғыны түсіру; машинаны теңшеу және калибрлеу.

      449. Білуге тиіс:

      басылымның электронды макетін даярлау технологиясы, цифрлы офсетті машиналардың құрылғысы мен реттеу принциптері;

      басу процесін жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      баспа бедерлеріне қойылатын талаптар және өнімді бақылау әдістері.

      450. Орта кәсіптік білім қажет.

      58. Брайль баспасының баспашысы

      Параграф 1. Брайль баспасының баспашысы, 3-разряд

      451. Жұмыс сипаттамасы:

      парақтарды қолмен сала отырып, престер мен тигель машиналарында иллюстрациялы және иллюстрациясыз теретін рельефті формаларда түзету және басу;

      металл рамасында матрицаларды бекіту;

      қағаз парақтарын салу және сапасын тексере отырып бедерлерді қабылдау;

      жұмыстағы ақауларды жою, тигель машиналарын тазарту және майлау.

      452. Білуге тиіс:

      баспа формалары мен қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын қағаздардың сорттары мен қасиеті;

      брайль баспасының формаларын жетектеу және түзету ережесі;

      престерді және тигель машиналарын реттеу ережесі.

      Параграф 2. Брайль баспасының баспашысы, 4-разряд

      453. Жұмыс сипаттамасы:

      тигель автоматтарында иллюстрациялы және иллюстрациясыз теретін рельефті формалардан түзету және басу;

      өздігінен салуды дайындау;

      тигель автомат жұмысындағы ақауларды жою.

      454. Білуге тиіс:

      тигель автоматын реттеу тәсілдері.

      59. Жоғары баспа баспашысы

      Параграф 1. Жоғары баспа баспашысы, 2-разряд

      455. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті жоғары баспа баспашысының басшылығымен формаларды дайындау, клишесіз мәтінді теру және стереотипті (гартты, пластмассалы, резеңкелі) және фотополимерлі формалардан және бір-көп бояулы штрихты және растрлы клишесі бар формалардан үлкен, орташа және шағын жазық баспа машиналарында түзету және баспа жұмыстарын (машина мен материалдарды басуға дайындау, өздігінен салғышты зарядтау, сапасын тексере отырып, бедерлерді салу және қабылдау, қабылдау құрылғысын түсіру) орындау;

      жұмысты қадағалау, ротациялы орама машиналарға қызмет көрсету, сапасын тексере отырып дәптерлерді қабылдау, дәптерлерді орау-қысу престерінде және қабылдау-престеу құрылғыларында престеу және буып-түю.

      456. Білуге тиіс:

      теру, стереотипті (гартты, пластмассалы, резеңкелі) және фотополимерлі формаларды жасап шығарудың технологиялық процесі;

      жолақтарды түсіру түрлері;

      сорттар, форматтар және қолданылатын қағаздарға және техникалық маталарға, басылған бедерлерге, оның ішінде ақша бұйымдары мен қатаң есеп бері өніміне, бүктелген дәптерлерге қойылатын техникалық талаптар;

      үлкен, орташа және шағын форматты жоғары баспаны жазық баспа машиналарында жетектеудің, түзетудің және басудың ерекшеліктері.

      Параграф 2. Жоғары баспа баспашысы, 3-разряд

      457. Жұмыс сипаттамасы:

      теру, стереотипті және иллюстрациялы формаларды басуға дайындау;

      стереотиптер мен клишенің өсімін салыстырып тексеру;

      стереотиптер мен клишелерді әр түрлі тіреуіштерге бекіту;

      жолақтарды түсіру;

      басылым өрісін есептеу;

      тақыр материалды іріктеу және жайып салу;

      жолақ сызықтарын салыстырып тексеру;

      формаларды бекіту, майлау және сүрту;

      тақыр материалды талдау;

      мәліметтерді алу жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен және салыстырып тексеру;

      өздігінен салғышы жоқ тигельді және шағын (54х70 см дейін қоса) жазық баспа машиналарында: клишесі мәтінді теру және стереотип формаларынан; клишесі бар штрихты (бояу элементтері бөлек орналасқан бір бояулы және көп бояулы немесе екеуден артық емес бояуды жағумен) және растрлы (34 лин/см дейін бір және көп бояулы линиатурамен) формадан; плашкалардан түзету және басу;

      стереотипті формалардан шағын билет басатын машиналарда нөмірлеп түзету және басу;

      формаларды орнату;

      жаңа декельді дайындау және орнату, домалатқыш білікшелерді тексеру;

      нумераттарды орнату (билет басу машиналарында);

      формаларды жетектеу және түзету;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      билет басатын машиналарды тазарту және майлау;

      қол әдісімен немесе жазық баспа станогында оймадан керамика бояуларымен өрнекті қағазға басу;

      жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен: 60х92 см және одан жоғары форматты ротациялық парақты және бір-екі орамды машиналарда - клишесіз мәтінді гартты, пластмассалы стереотипті және фотополимер формалардан, клишесі бар, штрихты (ірі графикалық бөлшектермен) және растрлы (34 лин/см дейін линиатурасымен) формалардан; 90х120 см форматты жазық баспа машиналарда – клишесіз мәтінді теру және стереотипті гартты формалардан, клишесі бар бір және көп бояулы штрихты әрі растрлы формалардан түзету және басу жұмыстарын; үлкен, орташа, шағын форматты жазық баспа машиналарда жоғары көркемдік бір бояулы және көп бояулы растрлы жұмыстарды, сирек кездесетін арнайы және бірегей басылымдарды, жоғары көркемдік мәтін жұмыстарын, гильоширлі және ою элементтері бар аса қатаң есептегі бұйымдарды орындау;

      заряд құрылғысын дайындау, қағаз орамдарын дайындау және зарядтау (газет ротациялық агрегаттарында);

      ерекше графикалық формалардың жазу жүйесі тілдерінде терілген формаларды басуға даярлау;

      бұл формалардың мәліметтерін алу және жоғары білікті жазық баспа баспашысымен бірлесіп салыстырып тексеру.

      458. Білуге тиіс:

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      қаріптердің, тақыр материал мен саңылаулардың түрлері;

      басылым форматтары;

      жолақтарды түсіру ережесі;

      бүктеу түрлері;

      жоғары баспада бір бояулы жартылай тонды түпнұсқаларды шығару ережесі;

      баспа формасын айналдыру қоршау, бекіту, жиектеу және түзеу тәсілдері;

      баспа формаларына, қолданылатын материалдар мен баспа машиналарының білікшелеріне, штанкөз бұйымдарына қойылатын техникалық талаптар;

      қатаң есептілік өнімдерін басу ережесі;

      қағаздық қасиеті;

      жетек станогындағы жұмыстардың тәсілі;

      нөмірлеу аппараттарын реттеу тәсілдері (шағын билет басу машиналарында);

      оймаларға бояу жағу тәсілдері;

      оймаларды және өрнекті қағаздарды сақтау ережесі;

      ротациялы парақты және бір-екі орау машиналарды дайындау, жетектеу, түзету және басу ерекшеліктері;

      ерекше графикалық формалардың тілдер жүйесі бар графикалық тілдердің айрықшалық белгілері;

      жолақтардың шығыс түсірулерінің ерекшеліктері.

      459. Жұмыс үлгілері:

      Өздігінен салғыш тигель және шағын жазық баспа машиналарында түзету және басу.

      1) шақыру билеттері;

      2) газеттер;

      3) штрихты иллюстрация;

      4) квитанция-бланк өнімдері (оның ішінде, ерекше қатаң есептегі бұйымдар – нөмірленбеген);

      5) кітап-журнал өнімдері;

      6) парақты өнімдер: бюллетендер, плакаттар, хабарландырулар;

      7) қаптамалар, титулдер, форзацтар;

      8) затбелгілер. Шағын билет басатын машиналарда түзету және басу.

      Билеттер (нөмірленген) - автобус, трамвай, троллейбусқа арналған, ленталы.

      Параграф 3. Жоғары баспа баспашысы, 4-разряд

      460. Жұмыс сипаттамасы:

      мәліметтер мен салыстырмаларды алу;

      жазық машинаға формаларды орнату;

      қағаздар мен бояуларды дайындау;

      формаларды алдын ала жетектеу;

      стереотип бойынша тегістеу түзету;

      сынама бедерлерді алу;

      өздігінен салғыш тигел және шағын жазық баспа машиналарында: клишесі бар – штрихты (дәл жетекті және бояуларды араластыруды қажет ететін, ұсақ графикалық бөлшектері бар көп бояулы), растрлы (34 лин/см жоғары линиатурасы бар бір бояулы) және дуплексті формалардан; гильошир және ою-өрнекті элементтерден құралатын гальваникалық стереотипті формалардан түзету және басу;

      орташа (54х70 см-ден 70х92 см дейін қоса алғанда) және үлкен (70х92 см-ден 84х108 см дейін қоса алғанда) жазық баспа машиналары мен автоматтарында: клишесіз – мәтінді теру, стереотипті (гартты, пластмассалы, резеңкелі) және фотополимер формалардан; клишесі бар – штрихты (бояу элементтері бөлек орналасқан бір бояулы және көп бояулы немесе екеуден артық емес бояуды жағумен) және растрлы (34 лин/см дейін линиатурасы бар бір және көп бояулы) формалардан; плашкалардан; қатаң есептегі және арнайы мақсаттағы нөмірленген бланк өнімдерінің пластмассалы және резеңкелі формаларынан түзету және басу;

      бояу элементтерін араластыра отырып көп бояулы баспа формаларын жетектеу;

      кесінділерді жасау және иллюстрациялы формаларды түзету;

      машинаның бояу аппаратында бояу тондарын түзеу. Ластануға қарсы аппаратты дайындау;

      нумераторды орнату;

      өздігінен салғышта дайындау;

      нөмірлеу процесін жүргізу;

      жұмыстағы ақаулықтарды жою;

      жоғары білікті жоғары баспа баспашысының басшылығымен 60х92 см және жоғары форматты ротациялық парақты және бір-екі орау машиналарда клишесі бар штрихты (ұсақ графикалық бөлшектермен), растрлы (34 лин/см жоғары линиатурасымен) мәтінді гартты және пластмассалы стереотипті әрі фотополимер формаларынан, сондай-ақ клишесіз мәтінді гартты және пластмассалы стереотипті әрі фотополимер формаларынан түзету және басу жұмыстарын; 90х 120 см форматты жазық баспа машиналарында жоғары көркемдік бір бояулы және көп бояулы растр жұмыстарын, сирек кездесетін арнайы және бірегей басылымдарды, жоғары көркемдік мәтін жұмыстарын, гильоширлі және ою элементтері бар аса қатаң есептегі бұйымдарды орындау; жазық баспа машиналарында ұсақ графикалық элементтерден тұратын формалардан басу парағында жиырма және одан артық аппараттар кезінде Гознак бұйымдарын нөмірлеуді; ротациялық парақты машиналарда ақша бұйымдары мен қатаң есеп жүргізу құжаттарын нөмірлеуді; екі бояулы жазық баспа машиналарында – күрделілігі әр түрлі формадан түзету және басу жұмыстарын орындау; ерекше графикалық формалардың жазба жүйесінің тілдеріне терілген формаларды басуға дайындау, жоғары білікті жоғары баспа баспашысымен бірлесіп бұл формалардан мәліметтер мен салыстырмалар алу;

      заряд құрылғысын дайындау;

      орамдарды дайындау және зарядтау (газетті ротациялық жоғары жылдамдықты агрегаттарда).

      461. Білуге тиіс:

      қағаздың құрамын және электростатикалық зарядтары;

      күшпен түзетудің әдістері мен техникалық тәсілдері;

      бояу эталондары, олардың бояу және колористикалық қасиеті;

      жоғары баспада көп түсті түпнұсқаларды шығару принципі;

      көп бояулы баспаға арналған клишеге қойылатын техникалық талаптар;

      бояуларды араластыруға шектеулер;

      басу кезінде былғанудың алдын алу әдістері;

      билеттерге басылатын фонның артикулдары;

      тапсырыс ведомосына сәйкес билеттердің нөмірленуін бақылау ережесі;

      нөмірлеу аппараттарының жұмыс істеу принципі;

      ерекше графикалық формалардың жазба жүйесі бар тілдер графикасының ерекшелік белгілері;

      жолақтардың шығыс түсірулерінің ерекшеліктері;

      тигель және шағын жазық баспа машиналарын реттеу тәсілдері;

      машиналарды дайындаудың, екі бояулы жазық баспа машиналарын жетектеу, түзету және басу ерекшеліктері.

      462. Жұмыс үлгілері:

      Өздігінен салғыш тигель және шағын жазық баспа машиналарда түзету және басу.

      1) оймалар;

      2) грамоталар;

      3) қатаң есеп жүргізілетін құжаттар (төлқұжаттар, жеке куәлік және тағы басқа);

      4) квитанция-бланк және кітап-билет бұйымдары (аса қатаң есеп жүргізілетін);

      5) бір бояулы растрлы иллюстрациялар;

      6) қаптамалар (оның ішінде төлқұжаттың құжаттамаға арналған техникалық матада);

      7) кітап-журнал өнімі;

      8) қатаң есептегі құжаттарға арналған қорғау торлар, жиектер, жазбалар;

      9) зат белгілер.

      Орташа және үлкен жазық баспа машиналары мен автоматтарда түзету және басу.

      1) афишалар;

      2) газеттер;

      3) штрихты иллюстрациялар;

      4) қаптамалар, титулдер, форзацтар (оның ішінде қатаң есептегі құжаттарға арналған техникалық маталардағы нөмірленбеген қаптамалар);

      5) квитанция-бланк және кітап-билет өнімдері (оның ішінде қарапайым торлар, жиектер және тағы басқа нөмірсіз);

      6) кітап-журнал өнімдері;

      7) парақты өнімдер: бюллетеньдер, плакаттар, хабарландырулар.

      Билет басатын автоматтар мен ротациялық машиналарда түзету және басу.

      1) абонемент билеттері (спорт-ойын-сауық іс-шаралары және тағы басқа);

      2) квитанциялар;

      3) жылдамдық өлшегіш ленталар.

      Шағын бір рольді газетті ротациялық машиналарда түзету және басу.

      Газеттер.

      Параграф 4. Жоғары баспа баспашысы, 5-разряд

      463. Жұмыс сипаттамасы:

      мәліметтер мен салыстырмаларды алу, ерекше графикалық форманың жазба жүйесі бар тілдерде терілген формаларды алдын ала жиектеу;

      тигель және шағын жазық баспа машиналарында өздігінен салғышсыз иллюстрациялы растрлы формаларынан көп бояулы жұмыстарды түзету және басу;

      орташа және үлкен жазық баспа машиналары мен автоматтарда: клишесі бар – штрихты (дәл жетектеуді және бояу араластыруды талап ететін ұсақ графикалық бөлшектері бар көп бояулы), растрлы (34 лин/см жоғары линиатурасы бар бір бояулы) және дуплексті формалардан; гильошир және ою-өрнекті элементтерден құралатын гальваникалық стереотипті формалардан; клишесіз, сондай-ақ ерекше графикалық формалар жазбасының жүйесі бар тілдерде терілген штрихты және растрлы клише бар мәтін формаларын түзету және басу. 90х120 см форматты жазық баспа машиналарында бір бояулы және екі бояулы: клишесіз мәтін теру және гартты, пластмассалы стереотипті және фотополимер формаларынан; клишесі бар – штрихты (бояу элементтері бөлек орналасқан бір бояулы және көп бояулы немесе екі бояудан артық жағу), растрлы (34 лин/см жоғары линиатурасы бар бір бояулы) формалардан; плашкалардан; гильошир және ою-өрнекті элементтерден құралатын гальваникалық стереотипті формалардан түзету және басу. Ротациялық парақтарда және бір-екі орам (59,5х84 см және жоғары форматты) машиналарында клишесіз дайын мәтінді және пластмассалы стереотипті және фотополимер формалардан; клишесі бар – штрихты (ірі графикалық бөлшектері бар) және растрлы (34 лин/см дейін линиатурасы бар) формалардан; плашкалардан; нөмірленген қатаң есептегі және арнайы мақсаттағы бланк өнімдерінің резеңкелі формаларынан түзету және басу, жиынтықтарды іріктеу. Формаларды жетектеу және қызмет көрсетілетін машиналардың бүктеу аппараттарын реттеу;

      стереотип бойынша түзету;

      формалы цилиндрге стереотиптерді бекіту;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықты жою;

      жоғары білікті жоғары баспа баспашысымен бірлесіп газетті ротациялық көп орамды агрегаттарда түзету және басу бойынша; үлкен және қос форматты жазық баспа машиналарында Гознак бұйымдарын, қатаң есептегі құжаттарды (парақтың оң немесе теріс жағы) екінші рет нөмірлеу; ротациялық парақтау машиналарында ақша бұйымдары мен қатаң есептегі құжаттарды нөмірлеу жұмыстарын орындау.

      464. Білуге тиіс:

      жазық баспа машиналары мен автоматтарда көп бояулы жұмыстарды жетектеу, түзету және басу ерекшеліктері;

      түс тану элементтері (түсті талдау және синтез туралы түсінік);

      күшпен түзетудің барлық түрлерін орындау әдісі;

      ротациялық машиналарда басуға арналған стереотиптерге, білікшелерге, орама қағаздар мен бояуларға, арнаулы бұйымдарды басу кезінде қолданылатын гальваникалық стереотип формаларына және нөмірлеу аппараттарына қойылатын техникалық талаптар;

      үлкен және орташа жазық баспа машиналары мен автоматтарды реттеу тәсілі;

      тигель және шағын жазық баспа машиналары механизмдері қызметінің принципі;

      газетті ротациялық көп орама агрегаттарды дайындау, түзету, жетектеу және басу ерекшеліктері.

      465. Жұмыс үлгілері:

      Өздігінен салынғышсыз тигель және шағын жазық баспа машиналарында түзету және басу

      1) қатаң есептегі құжаттар (металлографиялы баспадан кейін қолдан құйылған қағаздарда);

      2) каталогтар;

      3) маркалар;

      4) 3-4 бояулы ойлап тапқыш өнімдер, сондай-ақ сирек және арнайы бұйымдарға арналған бір бояулы және бірегей бұйымдарға арналған дуплекстер; иллюстрациялар, ашық хаттар, портреттер, суреттердегі репродукциялар;

      5) проспекттер.

      Орташа және үлкен жазық баспа машиналары мен автоматтарда түзету және басу.

      1) қатаң есептегі құжаттар (нөмірсіз, төлқұжаттар, аккредитивтер және тағы басқа);

      2) ақша белгілері;

      3) бір бояулы растрлы иллюстрациялар;

      4) маркасы бар конверттер мен ашық хаттар;

      5) қаптамалар (оның ішінде қатаң есептегі құжаттарға арналған техникалық маталардағы нөмірленбеген қаптамалар);

      6) квитанция-бланк және кітап-билет өнімдері (ерекше қатаң есептегі);

      7) кітап-журнал өнімдері (сөздіктер, ғылыми-техникалық анықтамалықтар және тағы басқа);

      8) заттаңбалар.

      Жазық баспа (90х120 см форматты бір бояулы және екі бояулы) және ротациялық парақтау машииналары.

      Парақты өнімдер: бюллетеньдер, плакаттар, хабарландырулар.

      1) афишалар;

      2) квитанция-бланк өнімдері (оның ішінде, ерекше қатаң есептегі бұйымдар – нөмірленбеген);

      3) кітап-журнал өнімдері;

      4) парақты өнімдер: бюллетендер, плакаттар, хабарландырулар;

      5) қаптамалар, форзацтар.

      Ротациялы орама машиналарда түзету және басу.

      1) газеттер;

      2) бланк өнімдері;

      3) кітап-журнал өнімдері.

      Параграф 5. Жоғары баспа баспашысы, 6-разряд

      466. Жұмыс сипаттамасы:

      орташа және үлкен жазық баспа машиналарында: көп бояулы жұмыстардың; сирек және арнайы басылымдардың иллюстрациялы растрлы формадан түзету және басу. 90х120 см форматты бір бояулы және екі бояулы жазық баспа машиналарда: клишесі бар штрихты (дәл жетектеуді және бояуларды араластыруды талап ететін көп бояулы), растрлы (34 лин/см жоғары линиатурасы бар бір бояулы) және дуплекс формалардан; гильошир және оюлы элементтерден тұратын күрделі гальваникалық стереотипті формалардан; көп бояулы жұмыстардың; сирек және арнайы бұйымдардың иллюстрациялы растрлы формадан түзету және басу;

      ротациялық парақты бір екі орама (59,5х84 см форматты және жоғары) машиналарда клишесі бар штрихты (ұсақ графикалық бөлшектері бар) және растрлы (34 лин/см жоғары линиатурасы бар); сирек және арнайы басылымдар формасынан түзету және басу;

      баспа парақтарында аппарат саны жиырмаға дейін болған кезде Гознак бұйымдарына жазық баспа машиналарында нөмірлеуді түзету және басу;

      газетті ротациялық көп орама агрегаттарда газеттерді басу;

      формаларды жетектеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      467. Білуге тиіс:

      ротациялық агрегаттарда стереотипті формаларды жетектеу және түзету әдістері;

      бір бояулы (90х120 см форматты) және екі бояулы жазық баспа машиналарды реттеу тәсілдері, орташа және үлкен жазық баспа машиналары мен автоматтар механизмінің қызмет ету принципі.

      468. Жұмыс үлгілері:

      Орташа және үлкен жазық баспа машиналары мен автоматтарда түзету және басу.

      1) каталогтар;

      2) 3-4 бояулы ойлап тапқыш өнімдер, сондай-ақ сирек және арнайы бұйымдарға арналған бір бояулы және бірегей бұйымдарға арналған дуплекстер; иллюстрациялар, ашық хаттар, портреттер, суреттердегі репродукциялар, линогравюрлер;

      3) проспектілер;

      4) энциклопедиялар.

      Бір бояулы (90х120 см форматты) және екі бояулы жазық баспа машиналарда түзету және басу.

      1) қатаң есептегі құжаттар (төлқұжаттар және тағы басқа);

      2) ақша белгілері;

      3) растрлы бір және көп бояулы иллюстрациялар;

      4) каталогтар;

      5) кітап-журнал өнімдері;

      6) квитанция-бланк және кітап-билет өнімдері (ерекше қатаң есептегі бұйымдар, нөмірленбеген);

      7) проспекттер.

      Ротациялық машиналарда түзету және басу.

      1) каталогтар, проспекттер;

      2) кітап-журнал өнімдері;

      3) энциклопедиялық басылым.

      Газетті ротациялық көп орама агрегаттарда түзету және басу.

      Газеттер.

      Параграф 6. Жоғары баспа баспашысы, 7-разряд

      469. Жұмыс сипаттамасы:

      жазық баспа машиналарында ұсақ графикалық элементтерден құралатын формалардан, баспа парақтарында аппарат саны жиырма және одан артық болған кезде Гознак бұйымдарына нөмірлеуді түзету және басу;

      ротациялық парақтау машиналарында ақша бұйымдары мен қатаң есептегі құжаттарға нөмірлеуді түзету және басу.

      470. Білуге тиіс:

      Гознак бұйымдарына нөмірлеуді басу ерекшеліктері.

      471. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 7. Жоғары баспа баспашысы, 8-разряд

      472. Жұмыс сипаттамасы:

      үлкен және қос форматты жазық баспа машиналарында гильошир және оюлы элементтерден тұратын күрделі гальваникалық стереотипті формалардан, Гознак бұйымдары мен қатаң есептегі құжаттарда екінші нөмірлеуді (баспа парағының оң немесе теріс жағында) түзету және басу.

      473. Білуге тиіс:

      бірінші нөмірлік белгілердің парақтың екінші жағына "нөмірдің нөмірге" дәл түсу шартымен екінші нөмірлеуді басу кезінде формаларды жетектеу ерекшеліктері.

      474. Орта кәсіптік білім қажет.

      60. Терең баспа баспашысы

      Параграф 1. Терең баспа баспашысы, 2-разряд

      475. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті терең баспа баспашысының басшылығымен формаларды басуға дайындау жұмыстарын орындау, жұмысты қадағалау, терең баспаның парақтау және орама машиналарына қызмет көрсету;

      сапасын тексеріп, бедерлер мен дәптерлерді қабылдау;

      өздігінен салғышты зарядтау;

      қабылдағыш құрылғыны түсіру;

      дәптерлерді престеу және буып-түю.

      476. Білуге тиіс:

      терең баспада басу және тақыр элементтерінің пайда болу принциптері;

      қолданылатын қағаздың, басылған бедерлердің және бүктемеленген дәптерлердің сорттары, форматы және қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Терең баспа баспашысы, 3-разряд

      477. Жұмыс сипаттамасы:

      суретті мыс клишеден желатин білікшелеріне аудару;

      бояуды жасау және клишеге жағу;

      басу;

      суретті ретуштеу;

      жоғары білікті терең баспа баспашысының басшылығымен терең баспаның парақтау және орама бір-екі секциялы машиналарында бояулар бөлек және аралас орналастырып, бір бояулы және көп бояулы тонды әрі штрихты жұмыстарды түзету және басу бойынша жұмыстарды орындау;

      өздігінен салғышты немесе қағаз орамаларын зарядтау;

      бояу жәшіктерін бояумен толтыру;

      декель картондарын ауыстыру және белгілеу;

      қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және майлау.

      478. Білуге тиіс:

      бір бояулы терең баспаға арналған формаларды шығарудың технологиялық процесі; басылым форматтары;

      қолданылатын қағаздардың сорттары мен бояулардың нөмірлері;

      лак-бояу материалдарының қасиеті, қолдану тәсілдері және сақтау ережесі.

      Параграф 3. Терең баспа баспашысы, 4-разряд

      479. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы мақсатты терең баспа машиналарында керамикалық бояулары бар декоративтік суреттерді басу;

      оймалау және басу біліктерін қондыру;

      бояуды жасау, сүзгілеу және бояу жәшігіне тиеу;

      бояудың деңгейін және созылымдылығын, баспа білігін реттеу;

      ракельді қайрау және орнату;

      бояу білікшелерін жуып шаю;

      қағаз орамаларын орнату және түсіру;

      жұмыстағы ақауларды жою, қызмет көрсетілетін машинаны кептіру;

      жоғары білікті терең баспа баспашысымен бірлесіп парақтау және орама бір-екі секциялы машиналарда жоғары көркемдік жұмыстарды түзету және басу, терең баспаның орама көп секциялы машиналарында түзету және басу бойынша жұмыстарды орындау;

      қағаз төсемін өткізу;

      бүктеу аппараттары мен кептіру құрылғыларын реттеуге қатысу;

      зарядтау құрылғысын дайындау, жоғары жылдамдықты көп рольді агрегаттарға арналған қағаз орамаларын зарядтау.

      480. Білуге тиіс:

      терең баспада мәтін және иллюстрация шығару принципі;

      көп бояулы терең баспаға арналған формаларды шығарудың технологиялық процесі;

      керамикалық бояулардың рецепттері және жасау тәсілдері;

      терең баспаның орама көп секциялы машиналарында баспа формаларын түзету және басу процесі;

      арнайы мақсаттағы терең баспа машиналары мен рольді көп секциялы машиналарда қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті және қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 4. Терең баспа баспашысы, 5-разряд

      481. Жұмыс сипаттамасы:

      терең басудың парақтау, орама бір-екі секциялы машиналарда бояуларды бөлек және араластыра орналастырып, бір бояулы және көп бояулы тонды және штрихты жұмыстарды жетектеу, түзету және басу;

      формаларды немесе формалық цилиндрді, клапандар мен таяныштарды орнату;

      қағаз бен бояуды дайындау;

      бояу аппаратын, бүктеу аппаратын және кептіргіш құрылғыларды реттеу;

      ракельді орнату және ауыстыру;

      баспа цилиндрін реттеу және жетектерді автоматты реттеуге арналған құрылғыларды реттеу;

      кесінділерді жасап шығару және формаларды түзету;

      қағаздың сортына және форманың сипатына қарай бояудың тонын айқындау;

      резеңке төсемді тарту;

      кептіру және бүктеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою;

      жоғары білікті терең баспа баспашысымен бірлесіп терең баспаның орама көп секциялы машиналарында түзету және басу бойынша жұмыстарды орындау.

      482. Білуге тиіс:

      баспа формаларының сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      бояулардың басу және колористік қасиеттері және қағазбен өзара әрекеттесуі;

      түс тану элементтері (түсті талдау және синтез элементтері туралы түсінік);

      қағаздың икемделу шарттары;

      цех жағдайы және оның басу сапасына әсері;

      ракельді қайрауға қойылатын талаптар;

      күшпен түзетудің әдістері мен техникалық тәсілдері;

      терең баспа машиналары механизмдерінің құрылғысы және қызмет ету принциптері, оларды реттеу ережесі.

      Параграф 5. Терең баспа баспашысы, 6-разряд

      483. Жұмыс сипаттамасы:

      терең баспаның парақтау, орама бір-екі секциялы машиналарында жоғары көркемдік жұмыстарды жетектеу, түзету және басу;

      терең баспаның орама көп секциялы машиналарда формаларды жетектеу, түзету және басу;

      қағаз бен бояуды дайындау;

      кептіру және бүктеу;

      қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулықты жою;

      жоғары білікті терең баспа баспашысымен бірлесіп перфорациясы бар маркалау жұмыстарын, терең және металлды графика баспасының орама көп секциялы маркалау машинасында жоғары көркемдік жұмыстарды түзету және басу.

      484. Білуге тиіс:

      терең баспаның орама көп секциялы машиналарында көп бояулы басу формаларының жетектеу тәсілдері;

      бояуларды жасау ережесі;

      рольді көп секциялы машиналар механизмдерінің құрылғысы және қызмет ету принципі, оларды реттеу тәсілдері.

      Параграф 6. Терең баспа баспашысы, 7-разряд

      485. Жұмыс сипаттамасы:

      терең және металды графика баспасының орама көп секциялы маркалау машиналарында тонды әрі штрихты жұмыстарды жетектеу, түзету және басу.

      486. Білуге тиіс:

      терең және металды графика баспасының орама көп секциялы маркалау машиналарын реттеу ерекшеліктері.

      487. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 7. Терең баспа баспашысы, 8-разряд

      488. Жұмыс сипаттамасы:

      терең және металды графика баспасының орама көп секциялы маркалау машиналарында перфорациясы бар маркалау жұмыстарын және жоғары көркемдік жұмыстарды жетектеу, түзету және басу.

      489. Білуге тиіс:

      гуммаланған қағаздарда бір уақытта перфорациямен басылатын маркалау жұмыстарын жетектеу ерекшеліктері;

      перфорация аппараттарына қойылатын техникалық талаптар және оларды реттеу тәсілдері.

      490. Орта кәсіптік білім қажет.

      61. Диаграммалы өнім баспашысы

      Параграф 1. Диаграммалы өнім баспашысы, 3-разряд

      491. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті диаграммалы өнім баспашысының басшылығымен барлық типтегі диаграммалы ротациялық машинада форманы баптау және басу бойынша жұмыстарды орындау. орамаларды орнату және қағаздарды өткізу, баспа, перфорация және басқа да құрылғыларды реттеу, бояу аппараттарын бояумен толтыру, білікшелер мен формаларды жуу, оралған орамалар мен будаларды түсіру;

      орамаларды қораптарға салу.

      492. Білуге тиіс:

      баспа формаларын шығарудың технологиялық процесінің негіздері;

      перфорация аппараттарының жұмыс істеу принципі;

      баспа формалары мен перфорациялы аппараттарын қашау түрлері;

      диаграмма сызбаларын оқу;

      баспа сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      диаграмма өнімдерін шектеу туралы негізгі түсінік.

      Параграф 2. Диаграммалы өнім баспашысы, 4-разряд

      493. Жұмыс сипаттамасы:

      форманы баптау және күрделі емес диаграммалы өнімді, оның ішінде жылдам өлшегіш қағазда, бір-екі лентаға, барлық типтегі диаграммалы ротациялық машиналарда басу процесін жүргізу;

      орамалардың, баспа формалары мен перфорациялы аппараттардың осьтік жетектері;

      диаграммаларға қатысты жолдар мен сағат цифрларының жетектері;

      домалатылған және дөңгелетілген білікшелерді орнату және салыстырып тексеру;

      тегершіктерді, кесу механизмдерін реттеу, диаграммалар мен пневматикалық құрылғыларды орау; жұмыс процесінде қызмет көрсететін жабдықтардағы ақауды жою.

      494. Білуге тиіс:

      диаграммалы ротациялық машиналардың құрылғысы;

      диаграммалы қағаздардың құрылымы мен түрлері;

      қолданылатын флексографиялық және типографиялық бояулардың құрамы мен қасиеті;

      қолданылатын технологиялық жарақтардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      диаграммалы лентаның сызбасы бойынша ротациялық машиналарды реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Диаграммалы өнім баспашысы, 5-разряд

      495. Жұмыс сипаттамасы:

      формаларды баптау және күрделі диаграммалы өнімді: дюйм өлшеміндегі, көп арналы диаграммаларды; күрделі перфорация түрі бар екі-үш бояуда жылу сезгіш және электр термиялық қағазда екі параметрлі диаграммаларды; барлық типтегі диаграммалы ротациялық машиналарда ирек тәрізді бүктемесі бар, салынатын диаграммаларды басу процесін жүргізу;

      метрлік қадамнан дюймді қадамға көшкен кезде және ирек тәрізді бүктеуге көшкен кезде диаграммалы ротациялық машинаны реттеу.

      496. Білуге тиіс:

      диаграммалы ротациялық машиналардың құрылғысы мен қызмет ету принципі;

      арнайы жабыны бар қағазға қойылатын технологиялық талаптар;

      баспа формаларын, оның ішінде фотополимер және перфорациялы аппараттарды өңдеу параметрлері туралы негізгі мәліметтер;

      екі параметрлі диаграммаларға және күрделі перфорация түрлері бар диаграммаларға арналған баспа формаларын жасаудың технологиялық процесінің ерекшеліктері;

      диаграммалардың негізгі параметрлерін бақылау және әмбебап және арнайы өлшегіш құралдың көмегімен жарақтандыру әдістері.

      62. Металлографиялы баспаның баспашысы

      Параграф 1. Металлографиялы баспаның баспашысы, 4-разряд

      497. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті металлографиялы баспаның баспашысымен бірлесіп терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналарында Гознак бұйымдарын түзету және басу бойынша жұмыстарды орындау, машиналарды жуу және тазарту;

      қағазды дайындау және өздігінен салғышты төселетін қағаздармен зарядтау;

      қабылдағыш құрылғыны дайындау;

      вишер төсемін толтыру.

      498. Білуге тиіс:

      ротациялық металлографиялы баспасының негіздері;

      формалардың, қағаздың, бояу мен білікшенің сапасына қойылатын талаптар;

      терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналары негізгі тораптарының құрылғысы және оларды күту ережесі.

      Параграф 2. Металлографиялы баспаның баспашысы, 5-разряд

      499. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті баспашымен бірлесіп терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналарында Гознак бұйымдарын түзету және басу бойынша жұмыстарды орындау; машиналарды майлау; өздігінен салғышты басатын қағазбен (бұйымдармен) зарядтау;

      бояуларды бояу аппараттарына зарядтау.

      500. Білуге тиіс:

      қолданылатын материалдардың құрамы мен қасиеті;

      өздігінен салғыштың құрылғысы және оларды реттеу тәсілдері;

      терең баспаның бояуы бойынша әр түрлі ротациялық металлографиялы машиналарын басуға дайындау ерекшеліктері.

      Параграф 3. Металлографиялы баспаның баспашысы, 6-разряд

      501. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті металлографиялы баспаның баспашысымен бірлесіп терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналарында Гознактың жауапты бұйымдарын түзету және басу бойынша жұмыстарды орындау; машиналарды басуға дайындау;

      вишер төсемін, формаларды, декельдерді, жастықшаларды, жуылатын біліктің ракельдерін жуу;

      бояулардың берілуін және парақ шығару құрылғыларын реттеу.

      502. Білуге тиіс:

      бояудың басу және колористикалық қасиеті;

      терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналарының негізгі тораптарының құрылғысы және оларды реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Металлографиялы баспаның баспашысы, 7-разряд

      503. Жұмыс сипаттамасы:

      терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналарында Гознактың жауапты бұйымдарын бір бояуда түзету және басу;

      формалық цилиндрді және формаларды қыздыруға арналған гидравликалық жүйені, жуғыш құрылғыны, бояуды алдын ала түсіруді реттеу; басу процесін жүргізу;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      504. Білуге тиіс:

      Гознак бұйымдарын жергілікті белгілер бар қағаздарда басу ерекшеліктері;

      терең баспаның ротациялық металлография машиналары механизмдерінің құрылғысы және қызмет ету принципі.

      505. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 5. Металлографиялы баспаның баспашысы, 8-разряд

      506. Жұмыс сипаттамасы:

      терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналарында Гознактың бұйымдарын бір және одан артық бояуда түзету және басу.

      507. Білуге тиіс:

      терең баспаның ротациялық металлографиялы машиналарында көп бояулы жұмыстарды жетектеу және түзету ерекшеліктері.

      508. Орта кәсіптік білім қажет.

      63. Орлов баспасының баспашысы

      Параграф 1. Орлов баспасының баспашысы, 3-разряд

      509. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті Орлов баспасының баспашысының басшылығымен Орлов баспасы машинасында түзету және басу бойынша жұмыстарды орындау; машиналарды, баспа формалары мен материалдарды басуға дайындауға қатысу;

      сапасын тексеріп, бедерлерді қабылдау, қабылдағыш құрылғыны түсіру;

      Орлов баспасы машинасын жууға, майлауға және тазартуға қатысу.

      510. Білуге тиіс:

      Орлов баспасының технологиялық процесі;

      қолданылған қағазға, басылған бедерлерге және баспа форматтарына қойылатын техникалық талаптар;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Орлов баспасының баспашысы, 4-разряд

      511. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті Орлов баспасының баспашысының басшылығымен электронды бағдарламалық басқарылатын көп бояулы машиналарда офсетті тәсілімен немесе "Интаглиосет" тәсілімен бір уақытта басып, Орлов, жоғары офсетті тәсілдермен Гознак бұйымдарын түзету және басу жұмыстарын орындау;

      қағазды өздігінен салғыштарға зарядтауға дайындау;

      өздігінен салғыштың және қабылдағыш құрылғының жұмысын қадағалау;

      қабылдағыш құрылғыны түсіру, тапсыру құжаттамасын рәсімдеу.

      512. Білуге тиіс:

      Орлов баспасының көп бояулы машиналарында жоғары офсетті тәсілмен басу технологиясы;

      өздігінен салғыштар мен парақ шығарғыш құрылғыларды реттеу тәсілдері;

      қолданылатын материалдар мен баспа машиналарының білікшелеріне қойылатын техникалық талаптарды.

      Параграф 3. Орлов баспасының баспашысы, 5-разряд

      513. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті баспашымен бірлесіп Орлов баспасының машинасында шаблонсыз және шаблондармен түзету және басу жұмыстарын орындау. Формалар мен шаблондарды орнату;

      түзетуге қатысу;

      өздігінен салғыш және қағаз шығарғыш құрылғыларын реттеу;

      Орлов баспасы машинасын майлау;

      жоғары білікті Орлов баспасының баспашысының басшылығымен электронды бағдарламалық басқарылатын көп бояулы машиналарда офсетті тәсілімен немесе "Интаглиосет" тәсілімен бір уақытта басып, Орлов, жоғары офсетті тәсілдермен Гознак бұйымдарын түзету және басу жұмыстарын орындау;

      машиналарды басуға дайындау; бояу аппараттарын тиеу; машинаны майлау, жуу.

      514. Білуге тиіс:

      Орлов баспасының машинасын басу жұмыстарына дайындаудың ерекшеліктері;

      қолданылатын материалдар мен шаблондарға, басу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      парақ өткізу жүйелерін реттеу тәсілдері.

      515. Орлов баспасы машинасын майлау жүйесі.

      Параграф 4. Орлов баспасының баспашысы, 6-разряд

      516. Жұмыс сипаттамасы:

      Орлов баспасының көп бояулы машиналарында шаблонсыз түзету және басу; машиналарды басуға дайындау;

      бояуды беруді реттеу. басу процесін жүргізу;

      жұмыстағы ақауларды жою;

      жоғары білікті Орлов баспасының баспашысының басшылығымен электронды бағдарламалық басқарылатын көп бояулы машиналарда офсетті тәсілімен немесе "Интаглиосет" тәсілімен бір уақытта басып, Орлов, жоғары офсетті тәсілдермен Гознак бұйымдарын түзету және басу жұмыстарын орындау;

      формаларды, шаблондарды, офсетті пластиналарды орнату және жетектеу;

      декельдерді жасап шығару;

      баспа сапасын бақылау және қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      517. Білуге тиіс:

      формаларды жетектеу және түзету әдістері;

      боялардың басу және колористикалық қасиеті;

      түс тану элементтері (түсті талдау және синтез туралы түсінік).

      Параграф 5. Орлов баспасының баспашысы, 7-разряд

      518. Жұмыс сипаттамасы:

      шаблондары бар Орлов баспасының көп бояулы машиналарында түзету және басу; машина тораптарын реттеу.

      519. Білуге тиіс:

      шаблондары бар көп бояулы баспаның ерекшеліктері;

      Орлов баспасының көп бояулы машиналарын реттеу тәсілдері.

      Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 6. Орлов баспасының баспашысы, 8-разряд

      520. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды бағдарламалық басқарылатын Орлов баспасының көп бояулы машинасында офсетті тәсілімен немесе "Интаглиосет" тәсілімен бір уақытта басып, Орлов, жоғары офсетті Гознак бұйымдарын түзету және басу жұмыстарын орындау.

      521. Білуге тиіс:

      электронды бағдарламалық басқарылатын Орлов баспасының көп бояулы машинасын реттеудің ерекшеліктері.

      Орта кәсіптік білім қажет.

      64. Басу-ойып жазу автоматының баспашысы

      Параграф 1. Басу-ойып жазу автоматының баспашысы, 2-разряд

      522. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті басу-ойып жазу автоматы баспашысының басшылығымен басу-ойып жазу автоматтарында көркемдік суреті мен затбелгісі бар салмалы қораптардың пішімдерін басу және шауып жазу бойынша жұмыстарды орындау; орамаларды зарядтау және картонды немесе қағазды автоматтарға толтыру; бояу жүйесінің білікшелерін жуу; қорап пішімдерінің сапасын тексеріп қабылдау, әр бір орамадан бақылау дестелерін санап шығару; дестелерді түйістіру және оларды бақылау дестелерінің биіктігі бойынша өлшеу, дестелерді қатарлап салу;

      басу-ойып жазу автоматын тазалау және майлау.

      523. Білуге тиіс:

      формаларды басуға дайындаудың технологиялық процесі;

      қолданылатын қағаздың, картонның және бояудың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Басу-ойып жазу автоматының баспашысы, 3-разряд

      524. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті басу-ойып жазу автоматы баспашысының басшылығымен басу-ойып жазу автоматтарында көркемдік суреті мен затбелгісі бар салмалы қораптардың пішімдерін басу және ойып жазу бойынша жұмыстарды орындау; картонды немесе қағазды автоматтарға толтыру;

      бояу жүйесінің білікшелерін жуу;

      формаларды жетектеуге және декель мен ағаш штампыларын жасауға қатысу.

      525. Білуге тиіс:

      затбелгі форматтары;

      басу-ойып жазу автоматының қағазды өткізгіш жүйесін реттеу тәсілдері;

      басу-ойып жазу автоматын майлау ережесі.

      Параграф 3. Басу-ойып жазу автоматының баспашысы, 4-разряд

      526. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі емес конструкциялы басу-ойып жазу автоматтарында көркемдік суреті бар салмалы қораптардың пішімін басу және ойып жазу;

      штампыларды және ойылған біліктерді аустырып қою;

      баспа аппараттарын, штампылау қалпақшаларының қалпын, қағаз төсемдерін беру механизмін және басқа да механизмдерді реттеу;

      түпнұсқаға сәйкес бояуларды құрастыру;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      527. Білуге тиіс:

      оюланған формаларға және болат штампыларға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын қағаздың, картон мен бояудың сорттары мен қасиеті;

      басу-ойып жазу автоматын реттеу ережесі.

      Параграф 4. Басу-ойып жазу автоматының баспашысы, 5-разряд

      528. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі конструкциялы басу-ойып жазу автоматтарында көркемдік суреті бар салмалы қораптардың пішімін басу және ойып жазу, формаларды керу және жетектеу, декелді жасап шығару;

      ағаш штампыларды орнату және жасап шығару;

      баспа аппараттарын, штампыны қағаз төсемдерді беру механизімін және басқа механизмдерді реттеу;

      түпнұсқаға сәйкес бояуларды жасау;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      529. Білуге тиіс:

      стереотипті формалар мен ағаш штампыларға қойылатын техникалық талаптар;

      бояулардың басу және колористикалық қасиеті және олардың қағазбен және картонмен өзара әрекеттесуі;

      формаларды жетектеу және түзету тәсілдері;

      басу шекіп жазу автоматтарын реттеу тәсілдері.

      65. Жазық баспа баспашысы

      Параграф 1. Жазық баспа баспашысы, 2-разряд

      530. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен бір бояулы шағын форматты (54х70 см қоса алғанда) офсетті машиналарда бір және көп бояулы штрихты және растрлы иллюстрациясы бар басылымдарды баптау және басу бойынша (машина мен материалдарды басуға дайындау, формаларды баптауға қатысу, өздігінен салғыштарды зарядтау, машиналары майлау, сапасын тексеріп бедерлерді қабылдау, қабылдағыш құрылғыны түсіру); формаларды басуға дайындау бойынша жұмыстарды орындау;

      жұмысты қадағалау, офсетті машиналардың барлық түріне қызмет көрсету;

      сапасын тексеріп бедерлер мен дәптерлерді қабылдау;

      қабылдағыш құрылғыны түсіру;

      дәптерлерді престеу және буып түю.

      531. Білуге тиіс:

      жазық баспада басу және тақыр элементтердің пайда болу принципі;

      қолданылатын қағаздың және техникалық маталардың, басылған бедерлердің, оның ішінде қатаң есептегі өнімдердің және бүктелген дәптерлердің, сорттары, форматтары және қойылатын техникалық талаптар;

      суреттердің паспорттары және декольға қойылатын техникалық шарттар;

      қызмет көрсететін жабдықтарды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Жазық баспа баспашысы, 3-разряд

      532. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен: бір бояулы шағын форматты офсетті машиналарда жоғары көркемдік жұмыстарды, гильоширлік және оюлы элементтері бар аса қатаң есептегі бұйымдарды, бедерлерді сапасын тексеріп қабылдау; бір және екі бояулы шағын форматты (60х90 см және жоғары) офсетті машиналарда ірі графикалық бөлшектері бар штрихты, 40 лин/см дейін растрлы иллюстрациясы бар басылымдарды; бір бояулы толық форматты машиналарда жіңішке графикалық бөлшектері бар штрихты, 40 лин/см жоғары линиатурасы бар растрлы иллюстрациясы бар басылымдарды; шағын форматты орама және парақты төрт бояулы офсетті машиналарда ірі және ұсақ графикалық бөлшектері бар штрихты, әр түрлі линиатурасы бар растрлы иллюстрациясы бар жұмыстарды баптау және басу;

      жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен газетті көп орама агрегаттарда газет пен журналдарды баптау және басу;

      жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен күрделілігі әр түрлі фототипті формаларды дайындау бойынша жұмыстарды орындау;

      түпнұсқаға сәйкес бояуларды жасау, формаларды дайындау және баптау, сынамаларды жасап шығару;

      баспа машинасының салу тақтасына қағаз парақтарын салу, қағаздарды баспаға дайындау;

      зарядтау құрылғысын даярлау, қағаз орамаларын даярлау және зарядтау.

      533. Білуге тиіс:

      басылым форматтары;

      қолданылатын қағаздардың сорттары мен бояулардың түржиыны;

      офсетті резеңке-маталы төсемге, бояйтын және ылғалдайтын білікшелерге, баспа формаларына және қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      күрделілігі әр түрлі фототипті және электр графикалық формалардың технологиялық процесі.

      Параграф 3. Жазық баспа баспашысы, 4-разряд

      534. Жұмыс сипаттамасы:

      шағын форматты офсетті машиналарда: иллюстрациясы (бояу элементтері бөлек орналасқан немесе екі бояудан артық жағумен бір бояулы және көп бояулы ірі графикалық бөлшектері бар және 40 лин/см линиатурасы бар штрихты), бедерсіз плашкалар және құймалар бар жұмыстарды баптау және басу;

      формаларды орнату және баптау, резеңке-маталы төсемді орнату;

      бояғыш және ылғалдағыш аппараттарды реттеу, өздігінен салғыштарды зарядтау;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

      жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен бірлесіп: бір бояулы толық форматты офсетті машиналарда ұсақ графикалық бөлшектері бар штрихты, 40 лин/см жоғары линиатурасы бар растрлы иллюстрациясы бар басылымдарды, сондай-ақ картографиялық басылымдарды; бір екі бояулы толық форматты офсетті машиналарда, төрт бояулы шағын форматты офсетті машиналарда көп бояулы және жоғары көркемдік жұмыстарды; төрт және алты және одан артық бояулы парақты толық форматты офсетті машиналарда, орама төрт және одан артық бояулы орташа және үлкен форматты машиналарда күрделілігі әр түрлі басылымдарды; орама, парақты төрт және одан артық бояулы толық форматты офсетті машиналарда жоғары көркемдік көп түсті жұмыстарды; екі төрт алты бояулы парақты офсетті машиналарда Гознак бұйымдарын: күрделі градациялық көшулері бар жұмыстар, бір уақытта металдандырған бояулары бар көп бояулы жұмыстар, тұтастай қанық фонды жұмыстар, гильоширлі және оюлы сипаттағы жіңішке графикалық бөлшектері бар жұмыстар; 60 лин/см дейін растрлы жұмыстар, сондай-ақ баспа парағында аппараттардың саны қырық беске дейін болған кезде бір уақытта нөмірлеуді басумен Гознак бұйымдарын баптау және басу бойынша жұмыстарды орындау;

      зарядтау құрылғысын даярлау, жоғары жылдамдықты көп орама агрегаттарда орамаларды даярлау және зарядтау.

      535. Білуге тиіс:

      негативті және позитивті көшіру тәсілдерімен жазық баспа формаларын жасап шығарудың технологиялық процесі;

      жазық баспада жартылай тонды және көп бояулы түпнұсқаларды шығару принципі;

      қолданылатын ерітінділердің рецепттері;

      қағаздардың икемделу шарттары;

      цех жағдайы және оның басу процесіне әсері;

      шағын форматты офсетті машиналарды реттеу тәсілдері.

      536. Жұмыс үлгілері:

      Офсетті шағын форматты машиналарда баптау және басу.

      1) газеттер;

      2) деколь;

      3) ілеспе құжаттар (бандерольдер, макулатуралық белгілер, накладные және тағы басқа);

      4) сурет өлшемі 47х108 см дейін 1-6 бояуда географиялық, топографиялық және арнаулы карталар;

      5) маркалар;

      6) қаптамалар, форзацтар;

      7) плакаттар;

      8) кітап-журнал өнімі;

      9) ноталық шығармалар (ұру аспаптарына, бұқаралық өлеңдерге және тағы басқа арналған ноталар).

      Параграф 4. Жазық баспа баспашысы, 5-разряд

      537. Жұмыс сипаттамасы:

      шағын форматты офсетті машиналарда: 40 лин/см жоғары линиатурасы бар штрихты және растрлы иллюстрациялы бір бояулы жұмыстарды, сондай-ақ штрихты және растрлы иллюстрациялы көп бояулы жұмыстарды баптау және басу;

      бір екі төрт алты бояулы толық форматты офсетті машиналарда иллюстрациясы (бояу элементтері бөлек орналасқан немесе екі бояудан артық жағылатын ірі графикалық бөлшектері бар және 40 лин/см линиатурасы бар бір бояулы және көп бояулы штрихты) бедерсіз плашкалар және құймалар бар жұмыстарды баптау және басу;

      офсетті цилиндр декелін орнату;

      бір бояулы барлық форматты офсетті машиналарда иллюстрациясы (бояу элементтері бөлек орналасқан немесе екі бояудан артық жағылатын ұсақ графикалық бөлшектері және 40 лин/см жоғары линиатурасы бар бір бояулы және көп бояулы штрихты), күрделі дуплекстері, тұтастай жеңіл немесе ішінара, бірақ қанық фоны бар жұмыстарды баптау және басу;

      бір бояулы шағын форматты офсетті машиналарда түстер күрделі үйлескен және градациялық ауысатын, гильоширлік және оюлы сипаттағы жіңішке графикалық бөлшектері бар жұмыстарды, тұтастай фон жұмыстарын баптау және басу;

      шағын форматты офсетті машиналарда ірі графикалық бөлшектері бар Төрт бояулы штрихты, 40 лин/см дейін линиатурасы бар растрлы иллюстрациясы бар жұмыстарды баптау және басу;

      жоғары білікті жазық баспа баспашысының басшылығымен бірлесіп: бір екі бояулы толық форматты машиналарда техникалық маталарда көркемдік репродукциялық жұмыстарды; төрт бояулы офсетті машиналарда түстері күрделі үйлесетін арнайы бұйымдарды; алты бояулы парақты толық форматты және төрт және одан артық бояулы орама орташа және үлкен форматты офсетті машиналарда күрделілігі әр түрлі жұмыстарды; газетті ротациялық көп орама агрегаттарда газет пен журналдарды және екі төрт және алты бояулы парақты офсетті машиналарда Гознак бұйымдарын; күрделі градациялық ауысулары бар жоғары көркемдік жұмыстарды; баспа парағының барлық алаңы бойынша ұсақ графикалық бөлшектері бар жұмыстарды; линиатура растры 61 лин/см растрлық жұмыстарды, сондай-ақ баспа парақта аппараттар саны қырық бестен артық болған кезде бір уақытта нөмірлеуді басып Гознак бұйымдарын баптау және басу бойынша жұмыстарды орындау.

      538. Білуге тиіс:

      биметаллды баспа формаларын жасап шығарудың технологиялық процесі;

      түс тану элементтері (түсті талдау және синтезі туралы түсінік);

      бояулардың басу және колористикалық қасиеті және қағазбен және техникалық маталармен өзара әрекеттесуі;

      бояуларды араластыру ережесі;

      көп бояулы жұмыстарды жетектеу және басу ерекшеліктері;

      бір бояулы шағын форматты офсетті машиналарды даярлау ерекшеліктері және реттеу тәсілдері;

      газетті орама агрегаттарда баптау және басу ережесі;

      бақылаудың денситометр әдісі.

      539. Жұмыс үлгілері:

      Бір екі төрт бояулы парақты толық форматты офсетті машиналарда баптау және басу.

      1) жапсырмалар, қаптамалар, форзацтар, затбелгілер;

      2) сурет өлшемі 47х108 см дейін 1-6 бояулы географиялық, топографиялық және арнайы карталар;

      3) плакаттар;

      4) кітап-журнал өнімдері;

      5) ноталар шығару;

      6) қатаң есептегі құжаттарға арналған қорғау торлары, жиектер.

      Парақты офсетті шағын форматты және толық форматты машиналарда баптау және басу.

      1) деколь;

      2) қатаң есептегі құжаттар (куәліктер, грамоталар);

      3) бірегей басылымдағы иллюстрация;

      4) маркалар;

      5) ашық хаттар;

      6) плакаттар;

      7) көрнекілік құралдар;

      8) кітап-журнал өнімдері;

      9) ноталар шығару;

      10) қатаң есептегі құжаттарға арналған қорғау торлары;

      11) затбелгілер.

      Төрт бояулы орама шағын форматты офсетті машиналарда баптау және басу.

      1) кітап-журнал өнімдері;

      2) зат белгілер.

      Параграф 5. Жазық баспа баспашысы, 6-разряд

      540. Жұмыс сипаттамасы:

      шағын форматты офсетті машиналарда көп бояулы жоғары көркемдік жұмыстарды баптау және басу;

      толық форматты офсетті екі, төрт және алты бояулы машиналарда иллюстрациясы (екі бояудан артық жағылатын ұсақ графикалық бөлшектері бар штрихты және 40 лин/см линиатурасы бар растрлы – бір бояулы және көп бояулы), күрделі дуплекстері, тұтастай жеңіл немесе ішінара, бірақ қанық реңі бар жұмыстарды баптау және басу;

      барлық типтегі офсетті парақты машиналарда көп бояуы, түстері күрделі үйлесетін және градациялық ауысуы бар жоғары көркемдік көп бояулы жұмыстарды баптау және басу; мәтінді теріс баса отырып, тұтастай рең жұмыстарын; гильоширлік және оюлы сипаттағы жіңішке графикалық бөлшектері бар жұмыстарды баптау және басу;

      жоғары білікті баспашымен бірлесіп екі, төрт және алты бояулы парақты офсетті машиналарында бейнелеудің факсимильді дәлдігімен аса күрделі маркаларды, үш бояудан тұратын Гознак бұйымдарын, люминарлы бояуды пайдаланумен бір уақытта нөмірлеуді және бұйымдарды баптау және басу жұмыстарын орындау;

      форматты төрт бояулы орама шағын машиналарда иллюстрациялы (ұсақ графикалық бөлшектері бар штрихты және 40 лин/см жоғары линиатурасы бар растрлы), сондай-ақ жоғары көркемдік жұмыстарды баптау және басу;

      орташа және үлкен форматты орама төрт және одан артық бояулы машиналарда күрделілігі әр түрлі жұмыстарды баптау және түзету;

      газетті орама агрегаттарда өнімдерді баптау және басу;

      әр түрлі типті офсетті машиналарда кез келген күрделі фототиптік формалардан басу;

      ылғалдау;

      кептіру және қызмет көрсететін машинаға орнату;

      тегеуіріндерді реттеу;

      сынама бедерді алу;

      формаларды өңдеу (қосымша ылғалдау және илеу);

      түпнұсқаға сәйкес бояуларды құрастыру;

      қағазды дайындау.

      541. Білуге тиіс:

      фототиптік формаларға және нөмірлеу аппараттарына қойылатын техникалық талаптар;

      керамикалық бұйымдарды күйдіру режимдері;

      күйдіру кезінде бояулардың өзгеру ережесі;

      рольді, сондай-ақ бір, екі және төрт бояулы шағын форматты офсетті машиналарды реттеу;

      шағын форматты офсетті машиналардың құрылғысы және қызмет принциптері.

      542. Жұмыс үлгілері:

      Екі төрт бояулы парақты офсетті машиналарда баптау және басу

      1) ашық хаттар;

      2) плакаттар;

      3) көрнекі құралдар;

      4) кітап-журнал өнімдері;

      5) зат белгілер.

      Барлық типтегі офсетті машиналарда баптау және басу

      1) деколь;

      2) қатаң есептегі құжаттар (аккредитивтер, куәліктер, чектер);

      3) жоғары көркемдік басылымдар;

      4) энциклопедиялық, сирек, арнайы және бірігей басылымдардың иллюстрациясы;

      5) сурет өлшемі 47х108 см дейін жеті және одан артық бояулы географиялық, топографиялық және арнайы карталар;

      6) маркалар;

      7) портреттер;

      8) мұражай суреттеріндегі репродукциялар;

      9) қатаң есептегі құжаттарға арналған қорғау торлары, жиектер.

      Көп бояулы офсетті орама машиналарда баптау және басу

      1) газеттер;

      2) кітап-журнал өнімдері.

      Параграф 6. Жазық баспа баспашысы, 7-разряд

      543. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару мен бақылаудың электронды жүйелерімен жарақталған парақты көп бояулы офсетті машиналарда кітап-журналды және иллюстрациялы жұмыстарды баптау және басу;

      басқару мен бақылаудың электронды жүйелерімен жарақталған орама көп бояулы офсетті машиналарда газет-журнал және кітап өнімдерін баптау және басу;

      бояу және ылғалдау аппараттарының теңшеу блоктарын реттеу;

      форма баспаларын есептеу;

      жетектерді теңшеу блоктарын реттеу;

      екі, төрт және алты бояулы парақты офсетті машиналарда Гознак бұйымдарын: градациялық ауысымдары бар жоғары көркемдік жұмыстарды, металдандырылған бояулармен бір уақытта басатын көп бояулы жұмыстарды, тұтастай қанық рең жұмыстарын, гильоширлік және оюлы сипаттағы жіңішке графикалық бөлшектері бар жұмыстарды, сондай-ақ баспа парағында аппараттар саны 45 дейін болған кезде бір уақытта нөмірлеуді баса отырып, Гознак бұйымдарын басу жұмыстарын баптау және басу.

      544. Білуге тиіс:

      Технологиялық процесті автоматтық реттеу теориясының негізгі принципі;

      автоматтық реттеу блоктарымен жарақталған бояу және ылғалдаушы аппараттар конструкциясының ерекшеліктері;

      баспа формалары анализаторларының құрылғысы;

      металдандырылған және люминарлы бояулардың басу және колористикалық қасиеті.

      545. Орта кәсіптік білім қажет.

      Параграф 7. Жазық баспа баспашысы, 8-разряд

      546. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару және бақылаудың электронды жүйелерімен жарақтандырылған парақты офсетті көп бояулы машиналарда жоғары көркемдік жұмыстарды баптау және басу;

      бақылау мен басқарудың электронды жүйелерімен жарақтандырылған орама көп бояулы офсетті машиналарда сапасына көп талап қойылатын өнімдерді баптау және басу;

      екі, төрт алты бояулы офсетті машиналарда Гознак бұйымдарын: басу парағының тұтас алаңы бойынша ұсақ графикалық бөлшектері бар жұмыстарды, аса күрделі жетегі бар 60 лин/см жоғары растр линиатурасы бар растрлы жұмыстарды, сондай-ақ баспа парағында 45 артық аппарат саны болған кезде бір уақытта нөмірлеуді басумен үш және одан артық бояулы Гознак бұйымдарын басу жұмыстарын баптау және басу.

      547. Білуге тиіс:

      автоматты басқару және бақылау жүйелерімен жарақтандырылған орама көп бояулы офсетті машиналарды реттеудің ерекшеліктері.

      548. Орта кәсіптік білім қажет.

      66. Қаңылтырдың үстіне басушы

      Параграф 1. Қаңылтырдың үстіне басушы, 3-разряд

      549. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті қаңылтырдың үстіне басушының басшылығымен агрегатты электр пульттан басқара отырып, өздігінен салғышты қаңылтыр стеллаждарымен толтырып, ылғалдаушы аппаратты білікшемен қаптап үш бояулы басу-лактау-кептіру агрегаттарында қаңылтырға баптау және басу;

      қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау.

      550. Білуге тиіс:

      жазық баспада басу және тақыр элементтердің пайда болу принципі;

      затбелгілердің форматтары;

      қолданылатын қаңылтырлардың сорттары мен бояулардың нөмірлері;

      офсетті резеңкеге және басқа да резеңкелі төсемдерге, бояйтын және ылғалдайтын білікшелерге;

      электр пульттің құрылғысы және жұмыс істеу ережесі.

      Параграф 2. Қаңылтырдың үстіне басушы, 4-разряд

      551. Жұмыс сипаттамасы:

      басу-лактау-кептіру агрегаттарында тұтастай рең жұмыстарын әкпен, "алтын түсті" және тағы басқа бояулармен қаңылтырға баптау және басу;

      бояу, лак және эмаль қоспаларын құрастыру;

      электр пульттан агрегатты басқару;

      кептіру процесін жүргізу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.

      552. Білуге тиіс:

      баспа формаларына және қолданылатын техникалық талаптарға қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын ерітінділердің рецепттері, бояу, эмаль және лак қоспаларын құрастыру.

      Параграф 3. Қаңылтырдың үстіне басушы, 5-разряд

      553. Жұмыс сипаттамасы:

      литографты және офсетті машиналарда суреттері (ірі графикалық бөлшектері - бояу элементтері бөлек және араласып орналасқан бір бояулы және көп бояулы), құймалары бар жұмыстарды баптау және басу;

      литографты машиналарда түстердің күрделі үйлесуі, көп графикалық элементтері бар жұмыстарды, тұтастай рең жұмыстарды баптау және басу;

      офсетті резеңкені мауыт астармен офсетті цилиндрге тарту, ылғалдаушы аппараттың жастықшасын керу;

      бояйтын және ылғалдайтын аппараттарды, өздігінен салғышты реттеу;

      бояулар мен қаңылтырларды даярлау;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      басудан кейін қаңылтыр парақтарын қыздыру (күйдіру) және кептіру кезінде пеш жұмысының температуралық режимін бақылау;

      инфрақызыл сәулелендірумен қаңылтырда бедерлерді кептіру үшін қондырғыларды реттеу;

      қызмет көрсетілетін машиналарды тазарту және майлау.

      554. Білуге тиіс:

      жазық баспа формаларын негативті және позитивті кодтау тәсілімен жасап шығарудың технологиялық процесі;

      түс тану элементтері (түсті талдау және синтезі туралы түсінік);

      бояудың эталондары, олардың басу және колористикалық қасиеті және қаңылтырмен өзара әрекеті;

      бояуларды араластыру ережесі;

      көп бояулы жұмыстарды жетектеу және басу ерекшеліктері;

      бояуларды араластыруға қойылатын шек.

      Параграф 4. Қаңылтырдың үстіне басушы, 6-разряд

      555. Жұмыс сипаттамасы:

      офсетті машиналарда түстер күрделі үйлесетін, көп жіңішке графикалық элементтері бар жоғары көркемдік жұмыстарды, тұтастай рең жұмыстарын қаңылтырға баптау және басу;

      үш бояулы басу-лактау-кептіру агрегаттарында қаңылтырға баптау, басу және лактау;

      бояу, лактау және ылғалдау аппараттарын реттеу;

      кептіру;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      556. Білуге тиіс:

      биметаллды офсетті формаларды жасап шығарудың технологиялық процесі;

      "дымқылды дымқылға" тәсілімен қаңылтырға басу ерекшеліктері;

      қызмет көрсетілетін машиналар мен агрегаттардың құрылғысы және механизмдерінің қызмет принциптері;

      литографты және офсетті машиналарды және басу-лактау-кептіру агрегаттарын реттеу тәсілдері.

      67. Трафаретті баспа баспашысы

      Параграф 1. Трафаретті баспа баспашысы, 2-разряд

      557. Жұмыс сипаттамасы:

      ракельдің көмегімен қол станогында күрделілігі әр түрлі трафаретті баспа формаларынан баптау және басу;

      басу алдында трафаретті формалардың жиынтығын тексеру;

      формаларды қол станогында орнату;

      тиражды бұйымда сынама бедерді алу;

      бояуларды құрастыру және оны формаға жағу;

      жоғары білікті трафарет баспасы баспашысының басшылығымен трафарет баспасы машинасында баптау және басу жұмыстарын орындау;

      трафаретті баспа машинасында басудан кейін өнімді қабылдау.

      558. Білуге тиіс:

      баспа формаларына, қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      оларды баспаға дайындау шарттары.

      Параграф 2. Трафаретті баспа баспашысы, 3-разряд

      559. Жұмыс сипаттамасы:

      бір бояулы жартылай автоматтарда трафаретті баспа формаларынан баптау және басу; жартылай автоматтарда басуды ескере отырып, трафаретті формаларды жиынтығын тексеру;

      формалар мен жетектерді орнату.тиражды бұйымда сынама бедерлерді алу;

      бір бояулы жартылай автоматтың тиімді жұмыс режимін таңдау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      трафаретті баспа формаларынан бедерлерді гуммирленген қағазда (қозғалмалы деколь) баптау және басу, жапсырып жабылатын материалды вакуумды ұстайтын станокта әр түрлі конфигурациялы бұйымдарды басу;

      қол станогында трафаретті баспа формалардан полимерлі негіздегі карталардың элементтерін, шартты белгілер мен қаріптерді баптау және басу;

      бедерлерге арнайы желімді жағу.

      560. Білуге тиіс:

      басу бояуларының қасиеттерін, бір бояулы жартылай автоматта басудың технологиялық процесі, оны реттеу тәсілдері;

      бояулардың басу және колористік қасиеті және олардың қолданылатын материалдармен өзара әрекеттесуі.

      Параграф 3. Трафаретті баспа баспашысы, 4-разряд

      561. Жұмыс сипаттамасы:

      трафаретті формалардан көп бояулы жартылай автоматқа баптау және басу;

      көп бояуды ескере отырып, трафаретті формалардың жиынтығын тексеру;

      формаларды орнату және жетектеу;

      тиражды бұйымда сынама бедерді алу;

      жұмыстың тиімді режимін таңдау, көп бояулы жартылай автомат жұмысында ақауларды жою;

      көп бояулы жартылай автоматта трафаретті баспа формаларынан полимер негіздерінде топографиялық және арнайы карталарды, қаріптерді, бір және көп бояулы бейнелерді баптау және басу.

      562. Білуге тиіс:

      бояуларды араластыру ережесі;

      басудың технологиялық процесі және көп бояулы жартылай автоматтың жұмысын реттеудің тәсілдері.

      68. Флексография баспасының баспашысы

      Параграф 1. Флексография баспасының баспашысы, 3-разряд

      563. Жұмыс сипаттамасы:

      қағазда басуға арналған флексография баспасының машиналарында бір-екі бояулы қағазда затбелгілік өнімдерді басу;

      баспа формаларын орнату және баптау;

      флексография баспасының машиналарына ораманы орнату және қағазды толтыру; бояу жәшіктерін бояумен толтыру; машиналарды тазарту және майлау;

      басу аппараттарын реттеу;

      басылған өнімді орамаға орау процесін жүргізу;

      ораманы түсіру;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықты жою;

      жоғары білікті флексография баспасы баспашысының басшылығымен флексографиялық баспаның төрт және алты бояулы әмбебап машиналарында су-спирт бояулармен қағазға басу бойынша жұмыстарды орындау.

      564. Білуге тиіс:

      баспа формаларына қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын бояулардың рецепті мен қасиеті;

      түпнұсқаға сәйкес бояудың түсін түзеу әдістері;

      қолданылатын қағаздың сорттары мен қасиеті;

      флексография баспасының машиналарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Флексография баспасының баспашысы, 4-разряд

      565. Жұмыс сипаттамасы:

      бояудың санына қарамай синтетикалық материалдар мен фольгада, сондай-ақ үш және одан артық бояулы қағазда қағазды басуға арналған флексография баспасының машиналарында затбелгілік өнімді басу;

      флексография баспасының төрт және алты бояулы әмбебап машиналарында су-спиртті бояулармен қағазда затбелгілік өнімдерді басу;

      жетектерді реттеу;

      орау процесін жүргізу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      жоғары білікті флексография баспасы баспашысымен бірлесіп флексография баспасының төрт және алты бояулы әмбебап машиналарында әр түрлі материалдарға лак және пигменттелген бояуларды басу бойынша жұмыстарды орындау.

      566. Білуге тиіс:

      лак бояуларының құрамы мен қасиеттері;

      жапсырып жабылатын материалдарын басу қасиеттері;

      флексография баспасының машинасын реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Флексография баспасының баспашысы, 5-разряд

      567. Жұмыс сипаттамасы:

      флексография баспасының төрт және алты бояулы әмбебап машиналарында әр түрлі материалдарға күрделілігі әр түрлі затбелгілік өнімді басу;

      баспа аппараттарын, кептіру және салқындату құрылғыларын, тарқату-орау аппараттарын және кесу құрылғыларын реттеу;

      флексография баспасының машиналарын электр пульттан басқару;

      кептіру, салқындату;

      кесу және орауыштарға орау процесін жүргізу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      568. Білуге тиіс:

      Түс тану элементтері (түсті талдау және синтез туралы түсінік);

      статикалық электрді алу үшін синтетикалық материалдарды өңдеу тәртібі;

      пленкалар мен фольгаларда басу, кептіру және салқындату режимдері;

      флексография баспасының машинасын реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Флексография баспасының баспашысы, 6-разряд

      569. Жұмыс сипаттамасы:

      басқару мен бақылаудың электронды жүйелерімен жарақтандырылған флексография баспаларының көп бояулы машиналарында әр түрлі материалдарға затбелгілік өнімдерді басу; электр құрылғыларды пайдаланумен машиналардың блоктары мен жүйелерін реттеу.

      570. Білуге тиіс:

      автоматты басқару мен бақылаудың электронды жүйелерімен жарақтандырылған флексография баспасының көп бояулы машиналарын реттеудің ерекшеліктері.

      69. Эстамп баспашысы

      Параграф 1. Эстамп баспашысы, 4-разряд

      571. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші құю әдісімен немесе қалың штрихпен литографиялық таста сиямен, сондай-ақ күрделі емес сиялау әдісімен түпті литографиялық таста орындаған түпнұсқа формалардан бір немесе күрделі араласпаған эстамптарды баптау және басу;

      формаларды күйдірмелеу және домалату;

      сынама бедерлерді алу;

      бояуларды құрастыру;

      суретші линолеумде орындаған түпнұсқа формалардан бір және бірнеше бояулы эстамптарды баптау және басу;

      суретші орындаған және күрделі емес тон ауысымдары бар түпнұсқа фомалардан-оймалардан бірнеше бояулы (беске дейін) эстамптарды түзету және басу;

      суретші офорт техникасымен орындаған түпнұсқа формалардан бір бояулы эстамптарды түзету және басу;

      қара бояуды жасау.

      572. Білуге тиіс:

      жоғары, жазық, және терең баспада басу және тақыр элементтердің пайда болу принципі;

      бояулардың нөмірлері;

      қара бояуларды дайындау технологиясы;

      формалы материалдардың түрлері;

      эстампты, литографты және офсетті қағаздардың түрлері;

      дайын бедерлер мен авторлық қалыптарды кептіру және сақтау ережесі;

      басу станогын реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Эстамп баспашысы, 5-разряд

      573. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші үлкен рең плашкалары бар қарындашпен және сиялаумен түпті таста орындаған түпнұсқа формалардан күрделі араласқан бірнеше бояулы эстамптарды баптау және басу;

      суретші орындаған және бір жақты жазуды қажет ететін күрделі емес тон ауысымдары бар түпнұсқа фомалардан-оймалардан бес және одан артық бояулы эстамптарды түзету және басу;

      суретші формаларды керу, тығындау, сүрту және рең беру жұмыстарын жүргізіп, офорт және акватинта техникасымен орындаған, сондай-ақ керу ментығындауды қолданбай құрғақ инемен орындаған түпнұсқа формалардан бір бояулы эстамптарды түзету және басу.

      574. Білуге тиіс:

      эстамп қағаздарына қойылатын техникалық талаптар;

      түс тану элементтері (түсті талдау және синтез туралы түсінік);

      басу кезінде бояуларды салу тәртібі;

      формаға бликтерді керу және жағу ережелері;

      тақталарды ажарлау және офорт тақталарына қолданылатын материалдардың ерекшеліктері;

      оймаларды қолмен басу кезінде пайдаланылатын папкалардың ерекшеліктері мен міндеті.

      Параграф 3. Эстамп баспашысы, 6-разряд

      575. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші жіңішке қарындаштық сиялаумен немесе жаза отырып үлкен тонды плакаттармен шаюмен литографиялық таста орындаған түпнұсқа формалардан бір және бірнеше бояулы эстамптарды баптау және басу;

      сиямен шау және үндестілігі үлкен диапазонды қарындашпен орындалған жоғары көркемдік жұмыстарды литографиялық тасқа көшіру;

      суретші күрделі тон ауысымдары бар және екі жақты жазуды қажет ететін жіңішке кесік сызық штрихтармен орындаған түпнұсқа форма-оймалардан бір және одан артық бояулы эстамптарды баптау және басу;

      суретші формаларды керу, тығындау, сүрту және рең беру жұмыстарын жүргізіп, кез келген техникамен (офорт, акватинта, меццо-тинто, құрғақ ине, кесіп оймалау және тағы басқа) орындаған бір және бірнеше бояулы эстамптарды баптау және басу;

      кернеуді және тығындауды қолдана отырып, құрғақ инелермен орындалған формалардан эстамптарды түзету және басу;

      кесінділерді жасау және жапсыру;

      әр түрлі оймалардан басу үшін қажетті білікшелерді жасау;

      барлық түстегі және реңкті бояуларды құрастыру;

      түпнұсқа формаларда механикалық бұзылуларды жөндеу;

      суретшімен бірлесіп сынама-түпнұсқалардың барлық жүргізу.

      576. Білуге тиіс:

      барлық түстегі және реңкті бояуларды құрастырудың технологиясы;

      қасиеттердің бояулары және олардың қағазбен өзара әрекеттесуі;

      авторлық формаларды күйдірмелеудің және оймалаудың технологиялық процесі;

      білікшелерді жасау үшін вальцмассаның рецепттері;

      түкті білікшелерді жасау тәсілдері, оймалау құралдарын пайдалану ережесі;

      станоктың көмегінсіз қолмен басу тәсілдері.

5-бөлім. Брошюра жасау-беттеу және өңдеу процесі

      70. Брошюра жасаушы

      Параграф 1. Брошюра жасаушы, 1-разряд

      577. Жұмыс сипаттамасы:

      брошюра жасау операцияларын орындайтын станоктардан жартылай фабрикаттарды қабылдау, сапасын тексеру, түйістіру, престеу және буып-түю. Қолмен брошюра жасаудың жекелеген операцияларын орындау;

      парақтарды ажыратып және ажыратпай, есептеп және түйістіре отырып, бір иінге бүктеу, бандерольдеу;

      дәптерлердің иіндерін (ілмектерді) кесу және парақтардың үлесін жою;

      кітаптарға және бұйымдарға жекелеген бөлшектерді салу;

      бланк блоктары мен ақ өнімдерді жиынтықтау;

      блоктардың түбіршектерін қағазбен немесе матамен жабыстыру;

      бедерлерді одан әрі дәл өңдеу үшін оларды түйреу-тесу;

      брошюра жасау операцияларын орындайтын станокта қағаздар мен баспа парақтарын түйістіру;

      қағаздар мен картонның барлық түрдегі биговкасы;

      пакеттер мен стандартты почта конверттерін (маркасыз) қолмен бүктеу және жабыстыру;

      конверттерді жасау, есептеу және бандерольдеу;

      целлофаннан пакет жасау, мөрсіз.

      578. Білуге тиіс:

      брошюра жасау операцияларының түрлері және оның міндеті;

      қағаздың стандартты форматтары және кітаптың құрама элементтері;

      парақтарды түйістіру, кесу және бүктеу тәсілдері, блоктарды жинақтау;

      брошюра жасау процесінде қолданылатын негізгі материалдардың сипаттамасы;

      жартылай дайын өнімдерге және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      конверттерді тарату, бүктеу, жағу және жапсыру тәсілдері.

      579. Жұмыс үлгілері:

      1) бланктер, блокноттар – салу және іріктеп алумен жинақтау;

      2) иллюстрациялар, сызбалар, кітаптарға және брошюраларға басу – салу;

      3) затбелгілердің, конверттердің бедерлері – түйреу;

      4) плакаттар – іріктеу, бандерольдеу және буып-түю;

      5) ақ өнімдері және тыстар – биговка;

      6) ақ өнімдері, тыстар, форзацтар, сызбалар – бүктеу.

      Параграф 2. Брошюра жасаушы, 2-разряд

      580. Жұмыс сипаттамасы:

      кітаптар шығару жөніндегі автоматты желілер машинисінің басшылығымен кітаптар, брошюралар мен журналдар шығару жөніндегі механикаландырған автоматты ағынды желілерде, брошюра жасау операцияларын орындайтын машиналарда, агрегаттарда жұмыстарды орындау;

      жартылай дайын өнімдерді түйістіріп және сапасын тексеріп тасымалдағышқа немесе жабдықтардың секциясына төсеу және салу, сондай-ақ жартылай өнімдер мен дайын өнімдерді сапасын тексеріп қабылдау, қолданылатын жабдықтардың жұмысын қадағалау;

      брошюра жасаудың жекелеген операцияларын орындау;

      қолмен қағаздарды және басылған парақтарды түйістіру;

      парақтарды бүктеу және қайта бүктеу;

      мәтіннен бөлек басылған күрделі емес бөлшектерді дәптердің сыртқы немесе ішкі бетіне жабыстыру;

      коленкорлы фальцты (тігілген) форзацтарды жасап шығару;

      арнайы бұйымдарды нөмірлеумен қолмен және кітап-журнал басылымдарын салу автоматтарында жинақтау;

      дәптерлерді жиектеу;

      блоктарды қарапайым қаптамалармен жабу;

      кітап-журнал бұйымдарын брошюралау бойынша операциялар кешенін орындау;

      парақтарды бүктеу;

      мәтіннен жеке басылған бөлшектерді желімдеу және жапсыру;

      салумен және іріктеумен жинақтау;

      блоктарды қаптамамен жабу;

      көп парақты карталарды тондары бойынша іріктеп және маталарға желімдеп жинақтау;

      түсті жіңішке астарлары бар және басқа да көркемдік рәсімделген жоғары сапалы сортты қағаздардан жасалған әр түрлі форматты конверттерді, престерде ойып жазылған дайындамаларды және ойып жазылмаған дайындамаларды қолмен жасау;

      конверттерді санау және бандерольдеу;

      престі реттеу;

      шаблондар бойынша қолмен дайындамаларды кесіп, арнайы конверттерді жасау;

      көркемдік және сувенирлік пошта жиынтықтарын жинақтау;

      мөрлі целлофаннан пакеттер жасау.

      581. Білуге тиіс:

      механикаландырған және автоматты ағынды желілерде, машиналар мен агрегаттарда орындалған операциялардың түрлері;

      қолданылатын жабдықтарды пайдалану ережесі;

      жартылай дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар; қолмен бүктеуге арналған жолақтарды түсіру тәртібі;

      форзацтарды, иллюстрацияларды жабыстыру ережесі;

      кітап блоктары мен брошюраларды бекіту тәсілдері;

      түптеу қақпақшалары мен қаптамаларының типтері мен түрлері;

      географиялық карталарды монтаждау кезіндегі шартты белгілер мен шектеулер;

      қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;

      конверттерге арналған стандарттар;

      көркемдік сувенирлік жиынтықтарға қойылатын талаптар;

      ойып жазу процесін реттеу тәсілдері.

      582. Жұмыс үлгілері:

      1) брошюралар, журналдар, кітаптар – автоматты, механикаландырған ағынды желілерде, машиналар мен агрегаттарда жасауға қатысу;

      2) нөмірленген брошюралар, кітаптар мен бұйымдар – салумен және іріктеумен жинақтау;

      3) паспорттық құжаттама – бір иінге бүктеу;

      4) жергілікті және сәуле белгілері бар қағаздардағы нөмірсіз бұйымдар – жинақтау;

      5) ауыстырмалы күнтізбелік – блоктарда жабыстырғаннан, тесіктерді бұрғылағаннан кейін блоктарды ажырату;

      6) кітаптар-кермелер – картондарға беттерді жабыстыру;

      7) паспорттық құжаттамалардың кесік тыстары – биговка;

      8) дәптерлер, бланкілер, квитанциялық кітаптар, құжаттамалық кітаптардың блоктары;

      9) дәптерлер мен иллюстрациялар – бір және одан артық иінге бүктеу;

      10) форзацтар, иллюстрациялар, сызбалар - жабыстыру.

      Параграф 3. Брошюра жасаушы, 3-разряд

      583. Жұмыс сипаттамасы:

      брошюра жасаудың жекелеген операцияларын қолмен орындау;

      иллюстрацияларды паспортқа және өзекшелерге жабыстыру;

      плюрды жабыстыру;

      блоктарды тыспен тарата жабу;

      Гознак бұйымдарына арналған кесік тыстарына күрделі элементтерді жабыстыру.

      584. Білуге тиіс:

      брошюралау және кітаптарды түптеудің технологиялық процесі;

      көркемдік бұйымдарды брошюралау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеті.

      585. Жұмыс үлгілері:

      1) қағазды тыстағы атластар, альбомдар – толық жасау;

      2) паспорттық құжаттамалар – бірнеше иіндерге бүктеу;

      3) сыйлық, мерейтой, факсимильді, энциклопедиялық бұйымдар – жекелеген операцияларды орындау;

      4) жергілікті және сәуле белгілері бар қағаздарда нөмірленген бұйымдар.

      Параграф 4. Брошюра жасаушы, 4-разряд

      586. Жұмыс сипаттамасы:

      көркемдік басылымдарды брошюралау және сигналды нұсқаларын дайындау бойынша операциялар кешенін орындау;

      парақтарды бүктеу;

      рәсімдеу элементтерін жабыстыру;

      парақтарды жинақтау;

      блоктарды қаптамамен жабу;

      бір пышақты кескіш машиналарда блоктарды кесу.

      587. Білуге тиіс:

      көркемдік басылымдарды брошюралау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеті;

      пайдалану ережелері, бір пышақты кескіш машиналарды реттеу тәсілі.

      71. Кітаптарды ерекше тысқа орау автоматының машинисі

      Параграф 1. Кітаптарды ерекше тысқа орау автоматының машинисі, 3-разряд

      588. Жұмыс сипаттамасы:

      автоматта кітаптардың мұқабасын ерекше тысқа және ашық хаттарды тысқа орау;

      кітаптарды ерекше тысқа орау автоматының машинасын жұмысқа дайындау;

      ерекше тыстарды өздігінен салу қалыптарын, кітаптарды беру және ашу механизмдерін, ашық хат жиынтықтарын беру, кітаптар мен ашық хат жиынтықтарын қабылдағыш құрылғыларға шығару механизмдерін, ерекше тыстың сипатына сәйкес қыздырудың температурасын баптау және реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      дайын өнімнің сапасын бақылау;

      кітаптарды ерекше тысқа орау автоматын тазарту және майлау.

      589. Білуге тиіс:

      кітаптарды ерекше тысқа орау автоматының механизмдерін пайдалану және реттеу ережесі;

      кітаптарды ерекше тысқа және ашық хат жиынтықтарын тысқа ораудың технологиялық процесі;

      ерекше тысқа арналған қағазға қойылатын техникалық талаптар.

      72. Кесінді тыстарды дайындау автоматының машинисі

      Параграф 1. Кесінді тыстарды дайындау автоматының машинисі, 3-разряд

      590. Жұмыс сипаттамасы:

      кесінді тыстарды дайындау автоматында тон қағаздарын техникалық маталармен жабыстыру;

      форматтың әр түрлі тыстарын өлшемдік тістегершіктеріне орнату; орама қағаздарды және техникалық маталарды автоматтарға тиеу;

      техникалық матаны, қағазды, пресс білікшелерін, желім аппараттары механизмдерін және кесу пышақтарының механизмдерін реттеу.

      591. Білуге тиіс:

      техникалық матаның әр түрлі түріне арналған желімдердің концентратын;

      түптеме техникалық маталардың түрлерін;

      қаптамаларға қойылатын техникалық талаптар;

      кесінді тыстарды жасау жөніндегі автоматтың конструкциясы және оны реттеу ережесі.

      73. Кітаптарды дайындау жөніндегі автоматтық желілердің машинисі

      Параграф 1. Кітаптарды дайындау жөніндегі автоматтық желілердің машинисі, 3-разряд

      592. Жұмыс сипаттамасы:

      кітаптарды дайындау жөніндегі автоматты желілердің желімдеу және кептіру секцияларына немесе кітап блогының түбін қысу секцияларына қызмет көрсету;

      басқа формат және көлем блоктарын өңдеуге көшу кезінде секциялардың механизмдерін баптау және реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      593. Білуге тиіс:

      әр түрлі тәсілдермен кітаптарды дайындаудың технологиялық процесі; блок пен желімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      желімдеу және кептіру секцияларының немесе блоктарды қысу механизмдерін реттеу ережесі.

      Параграф 2. Кітаптарды дайындау жөніндегі автоматтық желілердің машинисі, 4-разряд

      594. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап блоктарының түбіршектерін өңдеу және блоктарды мұқаба қаптамасына салу;

      жоғары білікті кітаптарды дайындау жөніндегі автоматты желілердің машинисімен бірлесіп кітаптарды дайындау жөніндегі автоматты желілерде дайын кітаптарды қысу және штрихтау;

      басқа форматты және көлемді кітаптарды салуға көшу кезінде салмалы машинаның механизмдерін баптау және реттеу;

      қаптамалар мен блоктарды беру тораптарын, желім аппараттары мен білікшелерін ауыстырып көшіру, салынған кітаптарды көтеру және шығару механизмдерін орнату және реттеу;

      кітаптарды дайындау бойынша автоматтық желілерде секциялардың біреуіне қызмет көрсету: блоктарды үш жақтан кесу; домалату және каширлеу; жапсыру-капталдау, блоктарды мұқаба қаптамасына салу;

      басқа формат және көлем блоктарын өңдеуге көшу кезінде қызмет көрсететін секциялардың механизмдерін баптау және реттеу;

      қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      595. Білуге тиіс:

      брошюралау-түптеу процестерінің негізге технологиясы; салу кезінде қолданылатын материалдардың қасиеті;

      материалдарға (қағазға, картонға, мәрлі мен желімге), блоктың сапасына, қаптамалар мен салынған кітаптарға қойылатын техникалық талаптар;

      салу машиналарының негізгі тораптарының, кесу секцияларының механизмдерін реттеу және жапсыру-капталдау әрі салмалы блоктарды домалату әрі каширлеу ережесі.

      Параграф 3. Кітаптарды дайындау жөніндегі автоматтық желілердің машинисі, 5-разряд

      596. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті кітаптарды дайындау жөніндегі кітаптарды дайындау жөніндегі автоматты желілердің машинисімен бірлесіп кітап блоктарының түбіршектерін өңдеу, блоктарды мұқаба қаптамасына салу, дайын кітаптарды қысу және штрихтау бойынша кітаптарды дайындау жөніндегі автоматты желілердің секцияларына қызмет көрсету;

      басқа форматты және көлемді кітап блоктарын өңдеуге көшу кезінде дөңгелету-каширлеу, жапсыру-капталдау және салмалы машиналарды, сондай-ақ штрихтау-қысу престерін баптау және реттеу.

      597. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машиналарда жасалатын жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      дөңгелету-каширлеу, жапсыру-капталдау және салмалы машиналарды, штрихтау-қысу престерін реттеу.

      Параграф 4. Кітаптарды дайындау жөніндегі автоматтық желілердің машинисі, 6-разряд

      598. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап блоктарының түбіршектерін өңдеу және блоктарды мұқаба қаптамасына салу, дайын кітаптарды қысу және штрихтау бойынша кітаптарды дайындау жөніндегі автоматты желілердің секцияларына қызмет көрсету, сондай-ақ желіге кіретін барлық машиналарға баптау жұмыстарын жүргізу;

      басқа форматты және көлемді кітап блоктарын өңдеуге көшу кезінде қызмет көрсететін машиналардың механизмдерін ауыстырып қою;

      тасымалдағыштың қысқаштарын, дөңгелету, каширлеу механизмдерін, марлі беру, каптал-қағаз секцияларын, қысатын және дөңгелететін құрылғыларын орнату және реттеу;

      барлық тораптарды бөлшектеу және құрастыру, қызмет көрсетілетін машиналардың бөліктері мен бөлшектерін тексеру;

      кесетін құралды қайрау;

      қызмет көрсетілетін жабдықты теңшеу кезінде қажетті есептерді жүргізу;

      алдын алу тексерулерін, жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесі бойынша жөндеулерді жүргізуге қатысу.

      599. Білуге тиіс:

      автоматты желілерде жүргізілетін барлық операциялар кезінде жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      кітаптар шығару бойынша автоматты желілерге кіретін машиналардың құрылғысы және конструктивті ерекшеліктері;

      оларды жұмыстың дәлдігіне тексеру және теңшеу.

      74. Ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасау жөніндегі автоматты желілердің машинисі

      Параграф 1. Ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасау жөніндегі автоматты желілердің машинисі, 3-разряд

      600. Жұмыс сипаттамасы:

      ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілерде ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығаруға қатысу;

      дәптерлерді будаға іріктеу, оларды бандерольдау процесін және сапасын бақылау;

      бандероль орамаларын дайындау және оларды секцияға орнату;

      дәптерлерді кесу секциясынан бандерольдауға беру механизмінің жұмысын қадағалау;

      желім аппараттарын баптау және реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазалау және майлау.

      601. Білуге тиіс:

      ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығарудың технологиялық процесі;

      дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар;

      іріктеу-бандерольдау секцияларының тораптарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасау жөніндегі автоматты желілердің машинисі, 4-разряд

      602. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілердің машинисімен бірлесіп ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілерде ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығарудың процесін жүргізу;

      қағаз орамаларын дайындау және орнату;

      форматты сызу, қағазға кесу процесін жүргізу;

      парақтар мен қаптамаларды іріктеу;

      зарядтау секциясының, сызатын, бояйтын және қысатын білікшелердің механизмдерін орнату және реттеу;

      блоктардың түбіршектердің мәрлімен немесе техникалық матамен тігіссіз бекіту;

      қағаз бен дәптерлерді форматқа кесу үшін өлшемдерін орнату;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жоюға қатысу.

      603. Білуге тиіс:

      қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілерге кіретін машиналардың жекелеген тораптарының құрылғысы және реттеу ережесі.

      Параграф 3. Ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасау жөніндегі автоматты желілердің машинисі, 5-разряд

      604. Жұмыс сипаттамасы:

      кесу секциясыз және оларды бандерольдау секциясы бар ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілерде ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығарудың процесін жүргізу;

      қағаз орамаларын толтыру;

      тігін аппараттарын орнату, оралды баптау және реттеу;

      сымдарды тігін аппараттарына толтыру;

      дәптерлерді тігуді бақылау;

      бояу білікшелерін орнату, қаптаманы басуға арналған формаларды жетектеу және түзету;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарға алдын ала тексеру және жөндеу жүргізуге қатысу.

      605. Білуге тиіс:

      ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілердің құрылғысы, принципті тәсімдері мен механизмдердің өзара әрекеттесуі, автоматтық желілердің негізгі тораптарын реттеу тәсілдері;

      баспа формасына қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарты.

      Параграф 4. Ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасау жөніндегі автоматты желілердің машинисі, 6-разряд

      606. Жұмыс сипаттамасы:

      кесу секциясы және бандерольдау секциясы бар ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілерде ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығарудың процесін жүргізу;

      қағаздар мен бұйымдарды форматқа кесу үшін пышақтарды орнату;

      тасымалдағыштардың қысқаштарын және жұмыс секциялары механизмдерін реттеу;

      басу білікшелерін орнату;

      ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілердің барлық секциялары мен тораптарында баптау жұмыстарын жүргізу.

      607. Білуге тиіс:

      ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасап шығару жөніндегі автоматты желілердің конструкциясы;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы және конструкциялы ерекшеліктері, жұмыстарды дәлдікке тексеру және теңшеу ережесі.

      75. Тігінсіз бекіту агрегатының машинисі

      Параграф 1. Тігінсіз бекіту агрегатының машинисі, 4-разряд

      608. Жұмыс сипаттамасы:

      тігінсіз бекіту станоктарында кітап блоктарын қағазбен, мәрлімен немесе техникалық матамен тігінсіз бекіту және түбіршектерін жиектеу;

      іріктеу секциясыз тігінсіз бекіту агрегаттарында кітап блоктарын тыспен тігінсіз бекіту және жабу;

      басылымның форматы мен көлеміне сәйкес тиеу тораптарын фрезаларды, тысты өздігінен салғышты және басқа да механизмдерді орнату және реттеу;

      жұмыстағы ақауларды жою, қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазарту және майлау;

      жоғары білікті тігінсіз бекіту машинисімен бірлесіп іріктеу секциясы бар тігінсіз бекіту агрегаттарында брошюраларды жинақтау, тігінсіз бекіту, тыспен жабу және үш жақтан кесу;

      басылымның көлемі мен форматына сәйкес дәптерлерді өздігінен салғыштарды, кесу секцияларын, тасымалдағыш және қабылдағыш құралдарды баптау және реттеу;

      пышақтарды ауыстыру және түзету;

      брошюраларды кесу сапасын және дайын өнімді есептеудің дұрыстығын бақылау.

      609. Білуге тиіс:

      тігінсіз бекіту тәсілімен брошюраны жасаудың технологиясы;

      кітап блоктарын пішудің түрлері және кітап блоктарын өңдеудің технологиясы; қолданылатын жартылай дайын өнімдерге, материалдарға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      тігінсіз бекіту агрегатын реттеу тәсілдері;

      дәптерлердің өздігінен салғыштарын, кесу секцияларын, тасымалдағыш және қабылдағыш құлдарын реттеу ережесі.

      Параграф 2. Тігінсіз бекіту агрегатының машинисі, 5-разряд

      610. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап блоктарын жинақтау, түбіршектерін қағазбен, мәрлімен немесе технологиялық матамен тігінсіз бекіту және жиектеу, сондай-ақ іріктеу секциясы бар тігінсіз бекіту агрегаттарында кітап блоктарының тыстарын тігінсіз бекіту және жабу;

      дәптердің өздігінен салғыштарын орнату және реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      611. Білуге тиіс:

      кітап блоктарын жинақтау сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      тігінсіз бекіту агрегаттарының іріктеу секцияларын реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Тігінсіз бекіту агрегатының машинисі, 6-разряд

      612. Жұмыс сипаттамасы:

      тігінсіз бекіту агрегаттарында әр түрлі көлемді және форматты брошюраларды жинақтау, тігінсіз бекіту, тыспен жабу және үш жағынан кесу, секциялы агрегаттарда баптау жұмыстарын жүргізу;

      дәптерлер мен қаптамаларды өздігінен салғыштарды, фрезерлеу секцияларын ауыстыру әрі реттеу және басылымның көлемі мен форматына сәйкес түбіршекті, желім секцияларын, кесу және басқа механизмдерді бедерлеу;

      тораптарды бөлшектеу және құрастыру, тігінсіз бекіту агрегаттарының бөліктері мен бөлшектерін тексеру және жетілдіру;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды теңшеу кезінде қажетті есептеулерді жүргізу;

      жоспарлы-ескерту жөндеу жүргізу бойынша қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала қараулар, тексерулер және жөндеулер жүргізуге қатысу;

      дайын өнімнің сапасын бақылау.

      613. Білуге тиіс:

      тігінсіз бекіту агрегаттарына кіретін машиналардың барлық секциялары мен тораптарының құрылғысы мен конструктивтік ерекшеліктері.

      76. Алфавитті машинаның машинисі

      Параграф 1. Алфавитті машинаның машинисі, 2-разряд

      614. Жұмыс сипаттамасы:

      барлық типтегі алфавитті машиналарда әрбір әріп және алфавит жолын бір уақытта немесе одан әрі басу үшін парақтардың белгілі санын есептеп кітап блоктарының жекелеген беттерін ойып жазу, формаларды орнату және олардың механизмдерін реттеу;

      басу процесін жүргізу;

      дайын өнімнің сапасын бақылау.

      615. Білуге тиіс:

      жазба және алфавитті кітапшаларды жасап шығарудың технологиясы;

      жартылай дайын өнімдерге қойылатын технологиялық талаптар;

      алфавиті бар бұйымдарды шығаруға қойылатын техникалық шарттар;

      алфавитті машиналарды реттеу тәсілдері.

      77. Блок өңдеуші агрегаттың машинисі

      Параграф 1. Блок өңдеуші агрегаттың машинисі, 3-разряд

      616. Жұмыс сипаттамасы:

      блок өңдеуші агрегаттарда кітап блоктарын өңдеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      мәрліні, капталды және қағазды блок өңдеуші агрегаттың секцияларына толтыру;

      желімді желім аппараттарына құю;

      блок өңдеуші агрегаттарды тазарту және майлау.

      617. Білуге тиіс:

      кітап блоктарының түбіршектерін өңдеудің технологиялық операцияларын;

      қолданылатын материалдарға (қағазға, капталға, мәрліге, желімге), өңдеуге келіп түсетін кітап блоктарының сапасына қойылатын техникалық талаптарды.

      Параграф 2. Блок өңдеуші агрегаттың машинисі, 5-разряд

      618. Жұмыс сипаттамасы:

      блок өңдейтін агрегаттарда кітап блоктарының түбіршектерін өңдеу;

      басқа форматқа және көлемге кітап блоктарын өңдеуге көшу кезінде блок өңдеуші агрегаттардың механизмдерін баптау және реттеу;

      тасымалдағыш қысқаштарды, дөңгелету секцияларын, каширлеуді, мәрліні беру, каптал-қағаз, қысқаш және илемдеу жабдықтарын орнату әрі реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      кескіш секциясы өңдейтін агрегатта кітап блоктарын өңдеу;

      тасымалдағыштың қысқаштарын, түбіршектерді желімдеудің секцияларын, блоктарды үш жақтан кескіштерді, кесіндіні бояғыштарды және кептіргіштерді орнату және реттеу;

      басқа көлем мен форматты кітап блоктарын өңдеуге көшу кезінде блок өңдеуші агрегаттардың механизмдерін баптау және реттеу.

      619. Білуге тиіс:

      брошюралау-түптеу процестерінің технологиясы;

      өңделген кітап блоктарының сапасына қойылатын техникалық талаптарды;

      кітап блоктарының сапасын бақылау тәсілдерін;

      қолданылатын материалдар м желім ерітінділеріне қойылатын негізгі талаптар;

      блок өңдеуші агрегаттардың негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.

      78. Салу-тігу-кесу агрегаттарының машинисі

      Параграф 1. Салу-тігу-кесу агрегаттарының машинисі, 3-разряд

      620. Жұмыс сипаттамасы:

      тасымалдағыштарға дәптерлерді қолмен сала отырып, салу-тігу машиналарында брошюраларды, журналдар мен арнайы бұйымдарды жинақтау және тігу; басқа форматта және көлемде өнімдерді тігуге көшу кезінде машиналардың тораптарын реттеу;

      тігін аппараттарын, тасымалдаушы тізбектің шылбырын, шығару құрылғылары мен блок-контакты орнату және реттеу;

      жұмыстағы ақауларды жою, салу-тігу машиналарын тазарту және майлау.

      621. Білуге тиіс:

      брошюраларды дайындау технологиясы;

      қолданылатын жартылай дайын өнімдерге, материалдарға, тігілген брошюраларға, журналдарға және арнайы басылымдарға қойылатын технологиялық талаптар;

      сымдардың нөмірлері және бекітілетін бұйымдардың сипаттамасына қарай қойылатын талаптар;

      салу-тігу машиналарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Салу-тігу-кесу агрегаттарының машинисі, 4-разряд

      622. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен салғыштары бар салу-тігу машинада брошюраларды, журналдар мен арнайы бұйымдарды жинақтау және тігу; басқа форматты және көлемді өнімді тігуге көшу кезінде машиналардың тораптарын реттеу;

      дәптерлер мен қаптамаларды өздігінен салғыштарды-ашқыштарды орнату және реттеу.

      623. Білуге тиіс:

      өздігінен салғыштарды-ашқыштардың конструкциясы және реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Салу-тігу-кесу агрегаттарының машинисі, 5-разряд

      624. Жұмыс сипаттамасы:

      салу-тігу-кесу агрегаттарында брошюралар мен журналдарды, паспорттық құжаттамаларды, құжаттама кітапшаларды жинақтау, тігу және үш жақтан кесу;

      бұйымның форматтары мен көлеміне сәйкес қалыңдық өлшегішті, тегістегіш бұрыштамаларды, автоблоктау құрылғыларын, кесу тораптары мен басқа да механизмдерін баптау және реттеу;

      жұмыстағы ақауларды жою, пышақтарды түзету, салу-тігу-кесу агрегатты тазарту және майлау.

      625. Білуге тиіс:

      кесуден кейін басылымдардың форматы және қойылған шектеулер;

      салу-тігу-кесу агрегаттарының негізге тораптарын реттеу тәсілдері;

      пышақтарды қайрау және түзету техникасы.

      79. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі

      Параграф 1. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі, 3-разряд

      626. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен жұмыс істейін (шабу-буып-түю агрегаттарынан тыс) қызмет көрсетілетін автоматта колодаға ойын карталарын буып-түю;

      алғашқы буып-түю үшін қағаз орамасын орнату;

      багажникті қораптардың пішімдерімен зарядтау;

      колодадағы парақтардың санына сәйкес қораптарды қалыптастыру, колодаларды қораптарға беру механизмдерін, қораптарды желімдеу және кептіру механизмдерін реттеу;

      өздігінен жұмыс істейтін (шабу-буып-түю агрегаттарынан тыс) қызмет көрсетілетін автоматта ойын карталары колодаларын будаға буып-түю;

      баспа формасын орнату;

      қағаз орамасын зарядтау;

      басу, кесу және желімдеу аппараттарын реттеу; қызмет көрсетілетін автоматтарды тазарту және майлау;

      колодаларды будаларға буып-түю;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

      өздігінен жұмыс істейтін (шабу-буып-түйю агрегаттарынан тыс) немесе шабу-буып-түю агрегатына салынған қызмет көрсетілетін автоматта ойын карталарының колодаларын шабу және іріктеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      өздігінен салғышты зарядтау, таяныштарды орналастырып қою және парақ өткізгіш жүйелерді реттеу бойынша басқа да жұмыстар;

      шабу-буып-түю агрегаттарында агрегаттарында ойын карталарының кесінді қалдықтарын жою.

      627. Білуге тиіс:

      қолданылатын агрегаттардың сорттары мен қасиеті;

      басу өніміне қойылатын техникалық талаптар;

      жабыстыру және флексография баспасы процестерінің принципті негіздері;

      қызмет көрсетілетін автоматтарды реттеу тәсілдері;

      шабу-буып-түю автоматының парақ өткізгіш жүйелерді реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі, 4-разряд

      628. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен жұмыс істейтін (шабу-буып-түю агрегаттарынан тыс) қызмет көрсетілетін автоматта ойын карталарының колодаларын шабу және іріктеу;

      шабу штампын жетектеу;

      өздігінен салғышты, парақ өткізгіш жүйені, шабылған колоданы іріктеу механизмін реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою;

      жоғары білікті машинисттің басшылығымен шабу-буып-түю агрегатында ойын карталарының колодаларын шабу, іріктеу және буып-түю.

      629. Білуге тиіс:

      шабылған штампылардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; қызмет көрсетілетін автоматты реттеу тәсілдері;

      ойын карталарын шабу, карталарды колодаға және колоданы будаға буып-түю бойынша автоматтарды агрегаттаудың негізгі принципі.

      Параграф 3. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі, 5-разряд

      630. Жұмыс сипаттамасы:

      шабу-буып-түю агрегатында ойын карталарының колодаларын шабу, іріктеу және буып-түю, циклограмма бойынша агрегаттың өткізгіш жүйесі мен агрегат тораптарын реттеу.

      631. Білуге тиіс:

      циклограмма бойынша шабу-буып-түю агрегатының механизмдері мен тораптарын реттеу ережесі мен тәсілдері.

      80. Каландр машинисі

      Параграф 1. Каландр машинисі, 2-разряд

      632. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті каландр машинисінің басшылығымен ойын карталарының басылған парақтарын каландрирлеу;

      қызмет көрсетілетін машиналарды жұмысқа дайындау;

      қабылдау үстелін және шығару тасымалдағышын реттеу; каландрирлеу сапасын бақылау;

      дайын өнімді түйістіру;

      гренирлеу машиналарында ашық хаттарды, қаптамаларды, ерекше қаптамаларды, форзацтар мен басқа да түрлерін гренирлеу;

      каландрларды қыздыру; өнімді машинаның салғыш тақтаға салу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

      633. Білуге тиіс:

      пайдаланылатын қағаздың қасиеті, ойын карталардың сорттары;

      каландрирлеу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      қабылда үстелін және шығару транспортерін реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Каландр машинисі, 3-разряд

      634. Жұмыс сипаттамасы:

      ойын карталарының баспа парақтарын каландрирлеу;

      қысатын біліктердің, өздігінен салғыштарды, қағаздарды каландр арқылы қағаздарды өткізу механизмдерін реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыстағы ақауларды жою.

      635. Білуге тиіс:

      ойын карталарының сорттарына қарай каландирлеу режимдерін;

      қызмет көрсетілетін машиналардың механизмдерін реттеу тәсілдерін.

      81. Кітап салғыш машинаның машинисі

      Параграф 1. Кітап салғыш машинаның машинисі, 2-разряд

      636. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап салғыш автоматта кітап блоктарының мұқаба қаптамасын салу жөніндегі дайындық жұмыстарды орындау;

      желімдеу аппараттарына желімді құю;

      блоктарды тиеу науасына немесе өздігінен салғыштарға беру, салынған блоктарды түзету;

      кітап салғыш автоматты тазарту және майлау.

      637. Білуге тиіс:

      кітаптарды салу түрлері мен тәсілдері;

      қолданылатын материалдарға, қақпақтар мен өңделген кітап блоктарына қойылатын талаптарды.

      Параграф 2. Кітап салғыш машинаның машинисі, 3-разряд

      638. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап салғыш жартылай автоматта кітап блоктарының мұқаба қалыптарын салу;

      блоктың форматы мен көлеміне сәйкес тиегіш науаны, блокты берушіні тегістеу және блоктау құрылғысын орнату;

      блоктардың сапасын және салынуын бақылау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықты жою;

      жоғары білікті кітап салғыш машина машинисінің басшылығымен энциклопедиялық және жоғары көркемдік басылымдарды кітап блоктарының түптеме кітапшаларына салу.

      639. Білуге тиіс:

      кітап блоктарын өңдеудің технологиялық процесін;

      қолданылатын материалдардың (қағаздардың, желімді ерітінділердің) қасиеті;

      кітап салғыш жартылай автоматтарды реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Кітап салғыш машинаның машинисі, 4-разряд

      640. Жұмыс сипаттамасы:

      кітап салғыш автоматта кітап блоктарының мұқаба қаптамаларын салу;

      басқа көлемді және форматты кітаптарды салуға көшу кезінде кітапқа салу автоматының механизмдерін баптау және реттеу;

      қаптамаларды өздігінен салғыштарды, беру механизмін және блоктарды тасымалдағыш механизмдерін, желім білікшелерін ауыстыру механизмдерін, кітаптарды транспортер канатына көтеру және салынған кітаптарды шығару механизмін орнату және реттеу;

      салынған блоктарды бақылау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      641. Білуге тиіс:

      брошюралау-түптеу процестерінің негізгі технологиясы;

      дайын кітаптардың сапасына қойылатын талаптар;

      кітап салғыш автоматтардың негізгі тораптарын реттеу.

      82. Конверт машинасының машинисі

      Параграф 1. Конверт машинасының машинисі, 3-разряд

      642. Жұмыс сипаттамасы:

      конверт машиналарында конверттерді жасау;

      конверт машиналарына орама қағаздарды орнату, баспа формасын түзету; өздігінен салғышты жартылай дайын өнімдермен зарядтау;

      желім аппараттарын желіммен және бояу аппараттарын бояумен толтыру;

      конверттерді басу, ойып жазу және жабыстыру;

      конверттердің форматы мен қағаздың тығыздығына қарай конверт машинасының жұмысын баптау;

      желім жағу аппараттары мен бүктеу механизмдерінің жұмысын бақылау;

      сапасын тексеру, есептеу, конверттерді будаларға бандерольдау және буып-түю;

      қатаң есептегі жартылай дайын өнімдер мен конверттерді қабылдау және тапсыру;

      жұмыстағы ақаулықты жою, конверт машинасын тазарту және майлау.

      643. Білуге тиіс:

      конверттерді дайындау процесі;

      баспа формаларын орнату және түзету ережесі;

      басу бояуының қасиеті;

      қолданылатын желімдер мен қағаздардың қасиеті;

      конверт машиналарын реттеу тәсілдері;

      қатаң есептегі өнімдерді пайдалану тәсілдері.

      Параграф 2. Конверт машинасының машинисі, 4-разряд

      644. Жұмыс сипаттамасы:

      парақты және орама конверт машиналарында көркемдік конверттерді жасау;

      жоғары білікті конверт машинасының басшылығымен электрлі бақылау-есептеу құрылғылары бар орама ротациялық конверт машиналарында көркемдік конверттерді жасау;

      қызмет көрсетілетін машиналарды баптау, жылдамдықты орама ротациялық конверт машиналарды жөндеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау.

      645. Білуге тиіс:

      конвертті парақты және орама ротациялық машиналардың құрылғысы, қызмет көрсетілетін машиналарды реттеу тәсілдері, қолданылатын басу бояулары мен желімдердің қасиеті.

      Параграф 3. Конверт машинасының машинисі, 5-разряд

      646. Жұмыс сипаттамасы:

      электрлі бақылау-есептеу құрылғылары бар орама ротациялық конверт машиналарында көркемдік конверттерді жасау;

      желімделген орама қағазды зарядтау құрылғысына орнату, қағаз төсемін өткізу, бандерольдау секциясының желімдеу аппараттарын толтыру;

      тарқату механизмін, бандерольдау механизмінің төселетін қалпын автоматты бақылауға арналған құрылғыларды, форматты кесу және бұрыштарды кесу тораптарын, дайындамаларды тасымалдау тораптарын, конверт клапандарын гуммирлеу секциясын, кептіруді, жүгіртуді, бүктеуді, электронды бақылау-есептеу және блоктау құрылғысын баптау және реттеу;

      конвертердің сапасын бақылау;

      жұмыс процесінде ақаулықтарды бақылау.

      647. Білуге тиіс:

      жылдамдықты орама ротациялық конверт машиналарының құрылғысын;

      жылдамдықты орама ротациялық конверт машиналарының тораптары мен секцияларын жұмыс режиміне жүйелеп қосу, машиналардың барлық тораптарын реттеу тәсілдері.

      83. Жабу машиналарының машинисі

      Параграф 1. Жабу машиналарының машинисі, 3-разряд

      648. Жұмыс сипаттамасы:

      жабу машиналарында баспа баспаларын тыспен (қарапайым және таратып) жабу;

      блоктың форматы мен көлеміне сәйкес форматты таяныштарды шәкілдер бойынша, бұрылыс үстелінің құрылғысын, қысу, өздігінен салғыш және басқа да механизмдерді орнату және реттеу;

      жұмыстағы ақауларды жою, жабу машиналарын тазарту және майлау.

      649. Білуге тиіс:

      жабу түрлері; брошюраларды тыспен жабудың технологиялық процесін;

      жабу кезінде қолданылатын қағаздар мен желімдердің қасиеті;

      қолданылатын жартылай дайын өнімдердің және дайын брошюралардың сапасына қойылатын талаптар;

      жабу машиналарын реттеу тәсілдері.

      84. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі

      Параграф 1. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 3-разряд

      650. Жұмыс сипаттамасы:

      қаптама жасайтын машиналарда мұқаба қаптамасын жабу;

      секцияларды картонды жақтармен, түбіршек материалдармен және қалдықтармен тиеу;

      картон мен қалдықты беру тораптарын, пышақ, шеттерін бүгу және өңдеу, каландрирлеу және желім жағу механизмдерін реттеу;

      жоғары білікті қаптама жасайтын машинаның машинисінің басшылығымен қаптама жасайтын машиналарда тұтас жабатын және құрама түптеу қаптамаларын жасау;

      матамен, қалдықтың орамасын орнату;

      секцияларды картонды жақтармен тиеу;

      желім аппараттарына желімді құю;

      жұмыстағы ақауларды жою, қаптама жасайтын машиналарды тазарту және майлау.

      651. Білуге тиіс:

      құрама және тұтас жабатын түптеу қаптамаларын жасаудың технологиялық процесін;

      мұқаба қаптамасының сыныптамасын;

      қолданылатын материалдар мен дайын қаптамаларға қойылатын техникалық талаптарды.

      Параграф 2. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 4-разряд

      652. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен салғышсыз қаптама жасайтын машиналарда тұтастай жабатын және құрама мұқаба қаптамаларын жасау; әр түрлі түрдегі және форматты қаптамаларды жасауға көшу кезінде механизмдерді баптау және реттеу;

      картон мен қалдықты беру тораптарын, шеттерді бүктеу және өңдеу, каландрирлеуші, желім жағушы және пневматикалық құрылғыларды орнату және реттеу;

      сыртқы материалдардың дайындамаларын тиеу;

      қаптама жасайтын материалдардың жұмысындағы ақауларды жою;

      жоғары білікті қаптама жасайтын машинаның машинисінің басшылығымен қаптама жасайтын автоматтарда тұтас жабатын мұқаба қаптамасын жасау;

      секцияларға картондарды, тыстарды тиеу;

      желім аппараттарына желімді құю;

      жұмыстағы ақауларды жою, қаптама жасайтын аппараттарды тазалау және майлау.

      653. Білуге тиіс:

      брошюралау-түптеу процестерінің негізгі технологиясы;

      түптеу материалдарын пішудің ережесі;

      түптеу материалдарын жасау кезінде пайдаланылатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар;

      қаптама жасайтын машиналар мен автоматтарды реттеудің ережесі.

      Параграф 3. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 5-разряд

      654. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен салғыштары бар қаптама жасайтын машиналарда тұтастай жабатын және құрама мұқаба қаптамаларын (оның ішінде поливинилхлоридтен, бумвинилдан және тағы басқа жасалған қақпақтарды, престелген пленкасы бар тұтастай қағаз қақпақтарын) жасау;

      әр түрлі түрдегі және форматты қаптамаларды жасау кезінде қаптама жасайтын машиналарды баптау және реттеу;

      басу қосымшасы бар қаптама жасайтын машиналарда құрама мұқаба қаптамаларын жасау, түбіршек және жақ бойынша бояулармен басу;

      бояу аппараттарын баптау және реттеу, штамптарды орнату;

      басу сапасын бақылау;

      бұрышты пышақтарды, материалдардың бойлық және көлденең бүктеулерін, шеттерді өңдеулерді, каландрирлеуші, желім жағушы және пневматикалық құрылғыларды орнату;

      машинаның жұмысындағы ақауларды жою;

      қаптама жасайтын машиналарда қаптамаларды тыстармен жабу; тыстар мен қаптамаларды өздігінен салғыштарды, тыстарды бүктеу механизмдері мен басқа да механизмдерді орнату және реттеу; машинаның жұмысындағы ақаулықтарды жою;

      картонды, қалдықтар мен тыстарды (әр түрлі материалдардан), кареткаларды, қаптамаларды өздігінен салғыштарды (әр түрлі материалдардан) беру тораптарын орнату және реттеу.

      655. Білуге тиіс:

      басылымның форматына қарай қаптама жасайтын машиналардың механизмдерін орнату үшін таблицаларды құру принципі, өздігінен салғыштарды және басқа да механизмдерді реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 6-разряд

      656. Жұмыс сипаттамасы:

      қаптама жасайтын автоматтарда тұтастай жабатын мұқаба қаптамаларын жасау;

      әр түрлі және форматты қаптамаларды жасау кезінде автоматты баптау және реттеу;

      әр түрлі материалдардан жасалған картондарды, тыстарды беру тораптарын орнату және реттеу.

      657. Білуге тиіс:

      қаптама жасайтын автоматтың құрылғысы мен конструктивтік ерекшеліктері, автомат механизмдерін реттеу тәсілдері.

      85. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі

      Параграф 1. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 2-разряд

      658. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті лактау-гуммирлеу машинасы машинисінің басшылығымен басылған өнімдерді форматы 102х126 см дейін лактау-гуммирлеу машиналарында лактау, сондай-ақ барлық типтегі лактау-гуммирлеу машиналарында маркалар мен басқа өнімдерді гуммирлеу;

      лак пен желімді ваннаға құю;

      парақтарды қабылдау механизмдері мен басқа да механизмдерді орнату, өздігінен салғыштарды зарядтау;

      лактау-гумирлеу машиналарын тазалау, жуу және майлау.

      659. Білуге тиіс:

      лактау және гуммирлеу процестерінің міндеті;

      қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар;

      майлау материалдардың қасиеті;

      баспа бедерлерін қолдану ережесі мен оларды сақтау тәсілдері.

      Параграф 2. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 3-разряд

      660. Жұмыс сипаттамасы:

      форматы 102х126 см дейін лактау-гуммирлеу машиналарында басылған бояу өнімдерін (тыстарды, маркаларды;

      ашық хаттарды, көркемдік репродукциялар мен затбелгілік-буып-түю өнімдерін) лактау;

      барлық типтегі лактау-гуммирлеу машиналарында маркалар мен басқа өнімдерді гуммирлеу;

      жоғары білікті лактау-гуммирлеу машинасы машинисінің басшылығымен басылған өнімдерді ірі габаритті (форматы 130х130 см) лактау-гуммирлеу машинасында лактау;

      декелді даярлау және орнату;

      кептіргіш құрылғыларды, лак қабатының қалыңдығын және бедердегі желімді, ауаны беру және оның температурасын реттеу. лак пен желімді құрастыру;

      лактау-гуммирлеу машиналарының жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      661. Білуге тиіс:

      лак пен желімнің қасиеттері, өнімнің сипаттамасын ескере отырып, оларды қолдану ережесі;

      лактау және гуммирлеу сапасын бақылау әдістері;

      лактау-гуммирлеу машиналарының механизмдерін реттеу ережесі.

      Параграф 3. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 4-разряд

      662. Жұмыс сипаттамасы:

      форматы 102х126 см дейін лактау-гуммирлеу машиналарында жоғары көркемдік өнімдерді: тыстарды, маркаларды, ашық хаттарды, мұражай суреттерінен репродукцияларды ледеринде және басқа техникалық матада, мелованды фототиптік және пластифицирленген қағаздарда лактау;

      ірі габаритті (форматы 130х130 см) лактау-гуммирлеу машиналарында өнімдердің барлық түрлерін лактау;

      жоғары білікті лактау-гуммирлеу машинасы машинисінің басшылығымен ірі габаритті (форматы 130х130 см) лактау-гуммирлеу машиналарында басылған жоғары көркемдік Гознак өнімдерді лактау;

      қосарлы пневматикалық өздігінен салғышты баптау, реттеу;

      инфрасәулелердің лампалары мен желдеткіштерінің жұмысын қадағалау;

      доғалы соплоларды, салқындатқыш құрылғыларды орнату және ірі габаритті лактау-гуммирлеу машиналарында лактайтын өнімге қабылдау.

      663. Білуге тиіс:

      Ледеринге және қағаздың жоғары сортты арнайы түрлеріне лак жабындыларын жағу ерекшеліктері;

      ірі габаритті лактау-гуммирлеу машиналарында механизмдерді реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 5-разряд

      664. Жұмыс сипаттамасы:

      ірі габаритті лактау-гуммирлеу машиналарында жоғары талап қойылатын Гознак бұйымдарының жоғары көркемдік өнімдерін (маркалар, маркаланған ашық хаттар және тағы басқа) лактау.

      665. Білуге тиіс:

      Гознактың жоғары көркемдік бұйымдарын лактаудың ерекшеліктері.

      86. Сызу машиналарының машинисі

      Параграф 1. Сызу машиналарының машинисі, 2-разряд

      666. Жұмыс сипаттамасы:

      орама және парақты сызу машиналарында дәптерлерге арналған қағаздарды және ақ өнімдерінің бұйымдарын сызу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      сызу қағаздарының барлық түріне арналған жиынтықтарды құрастыру;

      орама мен өздігінен салғыштарды қағазбен толтыру;

      бояу аппараттарына бояуларды құю;

      қағаз парақтарын түйістіру;

      сызу машиналарын тазарту және майлау.

      667. Білуге тиіс:

      сызғылардың түрлерін және оларға жиынтықтарды құрастыру;

      қолданылатын қағаздар мен бояуларға қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Сызу машиналарының машинисі, 3-разряд

      668. Жұмыс сипаттамасы:

      орама және парақты сызу машиналарында дәптерлерге арналған қағаздарды және ақ өнімдерінің бұйымдарын сызу;

      сызу жиынтықтарын, резеңке білікшелерді, қағазды шабу өлшемдерін орнату;

      жұмыстағы ақаулықтарды жою, сызу машиналарын реттеу.

      669. Білуге тиіс:

      қолданылатын қағаздар мен бояуларды қолдану қасиеттері;

      сызу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      сызу машиналарын реттеу тәсілдері.

      87. Кітаптарды футлярларға салу машинасының машинисі

      Параграф 1. Кітаптарды футлярларға салу машинасының машинисі, 2-разряд

      670. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті кітаптарды футлярларға салу машинасы машинисінің басшылығымен футлярларды жасау және қызмет көрсетілетін машиналарда кітаптарды футлярларға салу;

      кітаптарды кітап салғыш футлярларға салу үшін машинаға тиеу;

      өздігінен салғышты футлярлар пішімдерімен зарядтау;

      қызмет көрсетілетін машиналардың механизмдерін реттеуге қатысу.

      671. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс істеу принципі;

      қолданылатын материалдардың қасиеті;

      қолданылатын жартылай дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптарды.

      Параграф 2. Кітаптарды футлярларға салу машинасының машинисі, 4-разряд

      672. Жұмыс сипаттамасы:

      футлярларды жасау және кітаптарды футлярларға салу машинасында кітаптарды кітап салғыш футлярларға салу;

      кітаптарды өздігінен салғыштарды және футлярлардың пішімдерін орнату және реттеу, футляр пішімдерін өткізу механизмдерін реттеу, футлярларды, желім аппараттарын қалыптастыру және футлярға салынған кітаптарды шығаруды реттеу;

      басқа форматты және көлемді кітаптарды салуға көші кезінде қызмет көрсетілетін машиналардың механизмдерін баптау және реттеу; машинаның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      673. Білуге тиіс:

      кітаптарды футлярларға салу машинасының құрылғысын;

      кітаптарды футлярларға салу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      қызмет көрсетілетін машиналардың негізгі тораптарын реттеу тәсілдері және оны баптау ережесі.

      88. Желімдеу-каптал машиналарының машинисі

      Параграф 1. Желімдеу-каптал машиналарының машинисі, 3-разряд

      674. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен салғышсыз желімдеу-каптал машиналарында кітап блоктарының түбіршектерін қағазбен желімдеу және капталды жапсыру;

      қағаздар мен капталдарды секцияға толтыру;

      желім аппараттарына желімдерді құю;

      қағаз-каптал мен желім секцияларын, қысу төсемдерін, қысқаш тасымалдағыштары мен қабылдағыш құрылғылардың бұрылыс үстелін реттеу;

      желімдеу-каптал машиналарын баптау; жұмыстағы ақаулықтарды жою, машиналарды тазарту және майлау.

      675. Білуге тиіс:

      желімдеу-каптал машиналарының негізгі тораптарының жұмыс істеу принципі және реттеу ережесі;

      брошюралау-түптеу процесінің технологиясы; қағазға, капталға, желімге, өңделген блоктың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      желімдеу-каптал машиналарының негізгі тораптарын реттеу ережесі.

      Параграф 2. Желімдеу-каптал машиналарының машинисі, 4-разряд

      676. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен салғышы бар желімдеу-каптал машиналарында кітап блоктарының түбіршектерін қағазбен желімдеу және капталды жапсыру;

      өздігінен салғыштарды зарядтау және реттеу. машиналардың барлық тораптарын баптау.

      677. Білуге тиіс:

      желімдеу-каптал машиналарының құрылғысы;

      өздігінен салғышты реттеу ережесі;

      машина механизмдерін жұмыстың дәлдігіне тексеру ережесі және баптау тәсілдер.

      89. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі

      Параграф 1. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі, 3-разряд

      678. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті машинистің басшылығымен 18-30 секцияда парақты іріктеу машиналарында әр түрлі форматты және көлемді блоктарды жинақтау;

      блоктың форматы мен көлеміне сәйкес дәптерлердің өздігінен салғыштарды, іріктеу және жылдамдатқыш тасымалдағыштарды, қысқыштарды, таяныш талшықтарын, сорғылар мен ілгектерді орнату және реттеу;

      қызмет көрсетілетін машиналардың жұмысындағы ақаулықтарды жою, машиналарды тазарту және майлау;

      жоғары білікті іріктеу-тігу машинасы машинисінің басшылығымен 16 секциялы парақты іріктеу машиналарында әр түрлі форматты мен көлемді ашық хаттар жинақтарын іріктеу.

      679. Білуге тиіс:

      кітаптардың элементтерін; ашық хат жинақтарының түрлері;

      дәптерлердің, ашық хаттардың сапасына және ашық хаттарды жинақтау түрлеріне қойылатын техникалық талаптар;

      парақты іріктеу машиналарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері;

      ашық хаттарды басу үшін қолданылатын қағаздың сорттары;

      ашық хаттардың форматы;

      ашық хат іріктеу машиналарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі, 4-разряд

      680. Жұмыс сипаттамасы:

      12 секциялы іріктеу-тігу машиналарында әр түрлі форматты және көлемді блоктарды жинақтау және тігу. 12-30 секциялы тігінсіз парақты іріктеу машиналарында әр түрлі форматтар мен көлемді, әр түрлі форматты плакаттарды, ашық хаттарды, репродукцияларды іріктеулерді жинақтау; машинаның іріктеу және жылдамдатқыш тасымалдағыштардың синхронды жұмыстарын баптау;

      тігін аппараттарын орнату және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      681. Білуге тиіс:

      брошюралау процестерінің технологиясы;

      өнімдерді жинақтаудың және блоктарды тігу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      қолданылатын сымдарға қойылатын талаптар;

      парақты іріктеу машиналарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі, 5-разряд

      682. Жұмыс сипаттамасы:

      қос буланған парақты машиналарда үлкен форматты және көлемді энциклопедиялық, сөздік және жоғары көркемдік басылымдардың блоктарын жинақтау;

      қызмет көрсетілетін машиналардың синхронды жұмысын баптау;

      жұмыс процесіне ақаулықтарды жою;

      электр жабдықтарымен жарақталған парақты іріктеу машиналарында кітап блоктарын жинақтау;

      парақты коллаторларда нөмірлеуді басумен және іріктеулерді бекітумен қатаң есептегі парақтар-бланктер формаларын іріктеуді жинақтау; стапельді коллаторда нөмірлерді басумен сансыз формулярларды іріктеу.

      683. Білуге тиіс:

      энциклопедиялық, сөздікі және жоғары көркемдік басылымдардың блоктарын жинақтаудың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      қос буланған парақты іріктеу машиналарын баптау тәсілдері;

      электр техника негіздері және электр құрылғыларымен жарақтандырылған парақты іріктеу машиналарын баптау тәсілдері;

      кітап өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар, коллатордың негізгі тораптарын және нөмірленген барабандарды реттеудің тәсілдері.

      90. Жабыстырғыш машинаның машинисі

      Параграф 1. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 2-разряд

      684. Жұмыс сипаттамасы:

      жабыстырғыш жартылай автоматтарында дәптерлерге форзацтарды, иллюстрацияларды және парақ бөлігін жабыстыру;

      дәптердің түбіршектерінің иінінен түбіршек форзацтарының бос жерін, енін реттеу және қабаттың қалыңдығына желім жағу;

      дайын жапсырмаларды түйістіру және есептеу;

      жұмыстағы ақаулықтарды жою, жабыстырғыш жартылай автоматтарды тазарту және майлау;

      жоғары білікті жабыстырғыш жартылай автоматтары машинисінің басшылығымен күнтізбелік блокты қаңылтырмен жиектеуге салу;

      пайдаланылатын материалдарды және жабыстырғыш жартылай автоматты жұмысқа дайындау.

      685. Білуге тиіс:

      жабыстыру түрлері;

      қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;

      жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      қаңылтырмен жиектеу сапасына қойылатын талаптар;

      жабыстырғыш жартылай автоматтарды реттеу тәсілдері және күнтізбекті жиектеуге арналған жартылай дайын өнімдерін пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 3-разряд

      686. Жұмыс сипаттамасы:

      жабыстыру автоматында форзацтарды, иллюстрациялар мен парақтардың бөліктерін дәптерлерге жабыстыру, парақты немесе суретті параққа, сондай-ақ парақты суретке салу;

      дәптерлердің форматы мен қалыңдығына сәйкес өздігінен салғыштың сорғыларын, қысқыштарын, кареткаларын, тегістегіштерін, престі қысуды, блоктауды және басқа да тораптарды орнату және реттеу;

      дайын жабыстырмаларды тексеру, есептеу және буып-түю;

      жұмыстағы ақаулықты жою;

      жабыстырғыш автоматтарын тазарту және майлау;

      жабыстырғыш жартылай автоматтарында күнтізбелік блокты қаңылтыр жиектеуге салу;

      жиектерді бүктеу;

      жабыстырғыш жартылай автоматтың тораптарын реттеу;

      жиектеу автоматтарында дәптерлерді, сондай-ақ тігінсіз бекітілген кітап блоктарының немесе терможіптермен, қағазбен немесе матамен бекітілген блоктардың түбіршектерін жиектеу;

      тиеу құрылғыларын дәптердің, өздігінен салғыштың форматы және жиектеу автоматтарының қаптамаларын дәптердің қалыңдығы бойынша орнату және реттеу; өздігінен салғышты және жиектеу ленталарын зарядтау;

      желімді құю;

      дәптерлерді түйістіру және есептеу;

      жабыстырғыш жартылай автоматтарда декоративтік бұйымдар үшін жұқа қағаздарды жабыстыру;

      өздігінен салғыштардың тарту жіптерін, белгілейтін инелердің, парақтар мен басқа да механизмдерді есептеуге арналған құрылғыларды орнату және реттеу;

      өздігінен салғышты қағазбен зарядтау;

      жартылай дайын өнімдерді түсіру;

      желімдеу сапасын бақылау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазарту және майлау.

      687. Білуге тиіс:

      брошюралау операцияларының түрлері мен олардың міндеттері;

      жұқа қағазбен желімдеу және жиектеу технологиясы;

      күнтізбеліктерді дайындаудың технологиялық процесі;

      қолданылатын материалдардың қасиеті;

      жабыстыру автоматтарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 4-разряд

      688. Жұмыс сипаттамасы:

      жабыстырғыш автоматтарда энциклопедиялық, жоғары көркемдік, бірегей басылымдардың дәптерлеріне форзацтарды, иллюстрациялар мен парақтың бөліктерін жабыстыру:

      Гознактың құжаттамалық кітапшаларының: "Еңбек ардагері" куәліктерінің, көшіп-қону билеттерінің, жүргізуші куәліктерінің және басқа бұйымдардың тыстарының барлық алаңын желімдеп және престерде қыса отырып, кесінді қаптамаларына басылған титул парағын жабыстыру;

      қысымды, желім қабатының қалыңдығын тегістеу;

      тыстың әр түрлі форматтарына өлшемдерді және тасымалдағыш жүйелерді орнату;

      жабыстыру процесін жүргізу;

      желім жағу аппараттарының және парақ беру механизмін реттеу;

      желімдеу сапасын бақылау;

      жабыстыру автоматын тазарту және майлау;

      жабыстырғыш автоматтарда форзацтарды бір уақытта желімдеп дәптерлерді жиектеу.

      689. Білуге тиіс:

      қолданылатын желімдердің рецепттері;

      жабыстырғыш автоматтарды реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 5-разряд

      690. Жұмыс сипаттамасы:

      титул-жабыстыру машиналарында, барлық алаңын желімдеп және престерде қыса отырып, Гознак бұйымдарының (паспорттық құжаттама) кесінді тыстарын басылған титул парағын немесе форзацтарды жабыстыру.

      691. Білуге тиіс:

      механизмдерді реттеудің тәсілдері және титул-жабыстыру машиналарының жұмыс істеу режимдері.

      91. Пленканы престеуші машинист

      Параграф 1. Пленканы престеуші машинист, 2-разряд

      692. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті пленканы престеуші машинистің басшылығымен престеу машинасында пленкаларды престеу (ламинирлеу) бойынша жұмыстарды орындау;

      бедерлердің сапасын тексере отырып, оларды қабылдау;

      престеу машиналарын жұмысқа дайындауға қатысу; машиналарды тазалау және майлау.

      693. Білуге тиіс:

      престеу машиналарын пайдалану ережесі және оған қызмет көрсетудің тәртібі.

      Параграф 2. Пленканы престеуші машинист, 3-разряд

      694. Жұмыс сипаттамасы:

      жоғары білікті пленканы престеуші машинистің басшылығымен престеу машинасында изобасылымдарға, қаптамаларға, затбелгілік өнімге пленкаларды престеу (ламинирлеу);

      орамды тарқату және орамнан пленкаларды беруді реттеу;

      престеуден кейін пленкаларды кесу;

      лакты ваннаға құю және лакты беру жүйесін алдын ала реттеу.

      695. Білуге тиіс:

      басылған өнімге пленкаларды престеудің технологиялық процесі;

      қолданылатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар.

      Параграф 3. Пленканы престеуші машинист, 4-разряд

      696. Жұмыс сипаттамасы:

      престеу машинасында изобасылымдарға, картографиялық басылымдарға және қаптамаларға пленкаларды престеу (ламинирлеу);

      әр түрлі және форматты полиграфиялық өнімдерге пленкаларды престеуге көшу кезінде престеу машиналарының механизмдерін баптау және реттеу;

      лактың температурасын және қабатының қалыңдығын реттеу, престеу сапасын бақылау;

      престеу машинасының жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      697. Білуге тиіс:

      престеу машиналарының механизмдерін реттеу тәсілдері;

      дайын өнімге сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      92. Кесу машиналарының машинисі

      Параграф 1. Кесу машиналарының машинисі, 2-разряд

      698. Жұмыс сипаттамасы:

      қол және механикаландырылған кесу станоктарында парақтарға орама қағаздарды, техникалық маталарды тарқату және кесу, картонды кесу және қысқарта кесу;

      пішу форматына шаблондар бойынша материалдарды өлшеу;

      орау;

      кесу (шабу);

      басылған суреттері бар парақтарды кесу және суреттерді бұйымдарға жинақтау;

      жоғары білікті кесу машиналарының машинисінің басшылығымен көп рольді парақ кескіш машиналарда рольді қағаздарды кесу;

      орамдарды кескіш машиналарға әкелу;

      орамдарды зарядтау;

      кескіш қағаздарды қабылдау, түсіру;

      кескіш машиналарды тазалау және майлау.

      699. Білуге тиіс:

      түптеу материалдарының құрылымы және пішу ережесі;

      парақ қағаздарын пішуге және кесуге қойылатын техникалық талаптар;

      кесетін қағаздарды түйістіру және есептеу;

      брошюралау және түптеу операциялардың түрлері және олардың міндеті;

      қағаздың, матаның және түптеу маталарының жалпы сипаттамасы;

      парақ кескіш машиналарды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Кесу машиналарының машинисі, 3-разряд

      700. Жұмыс сипаттамасы:

      бір пышақты, парақ кескіш, тығырық кескіш және картон кескіш машиналарда басылған өнімге сәйкестендіріп қағаздарды, техникалық маталарды, картонды кесу және қысқарта кесу;

      түйіскен парақтарды бір пышақты машина үстеліне салу және оларды затлға итеру;

      кесу сызығын өлшеу және кесу форматына затлды орнату;

      бөліктерге кесу кезінде пышақтарды, өлшемдерді, картон жолақтарын беру қадамдарын орнату. басылған өнім мен матаның қағаз орамаларын орнату;

      берілген өлшем бойынша кесу үшін өнімдерді өлшеу;

      тығырықтарды түсіру және оларды буып-түю;

      кесілген картонды түйістіру және салу;

      бір пышақты, парақ кескіш, тығырық кескіш және картон кескіш машиналардың жұмыс процесіндегі ақауларды жою, машиналарды тазалау және майлау;

      шаблондарды дайындай отырып, бекітілген макеттер бойынша техникалық маталар мен оларды ауыстырғыштарды пішу;

      талшықтар бойынша бағытты ескере отырып және қолдық нормаларын сақтай отырып бекітілген макеттер бойынша қағаз бен картонды пішу.

      701. Білуге тиіс:

      қағаздардың стандартты форматының түрлері;

      парақты қағаздарға қойылатын техникалық талаптар;

      маркалар және картонның қалыңдығын;

      целлофанның қасиеті және оны пайдалану ережесі;

      артикулдар, фондар және өнімдердің түрлілігі бойынша қорғау торлары;

      матаның сорттары, мәрлілер және кесуге келіп түсетін басқа да материалдар және оларға қойылатын техникалық талаптар;

      талшықтар бойынша бағытты ескере отырып, маталарды, қағаз бен картонды пішу және материалдың алаңын барынша пайдалану ережесі;

      бір пышақты, парақ кескіш, тығырық кескіш пен картон кескіш машиналарын реттеу тәсілдері.

      702. Жұмыс үлгілері:

      1) рольдік қағаздар – парақты кескіш машиналарда кесу;

      2) картон – картон кескіш машиналарда жолақтарға және бөліктерге кесу;

      3) қағаздар мен картонның (басуға келмейтін) парақтары, түптеме техникалық маталар – бір пышақты машиналарда кесу және қысқарта кесу;

      4) рең торы бар билеттерді басумен картонның, ойын карталарының парақтары - картон кескіш машиналарда жолақтар мен бөліктерге кесу;

      5) целлофанда басылған өнім, ақшалай белгілерге арналған қағаздар және диаграммалық қағаздар – тығырық кескіш машиналарда тығырықтарға ораумен орамаларды кесу;

      6) техникалық маталар, мәрлі, пластмасса, жабынсыз және арнайы жабыны бар қағаздар (парафинмен, бояумен және тағы басқа) және басылған өнімдер – оралатын тығырық кескіш машиналарында орамаларды кесу.

      Параграф 3. Кесу машиналарының машинисі, 4-разряд

      703. Жұмыс сипаттамасы:

      бір пышақты машиналарда белгілер бойынша түйістіріліп және тегістеліп, басылған өнімнің қағаздарын, сондай-ақ техникалық маталарды кесу және қысқарта кесу;

      бір пышақты және үш пышақты машиналарда атаулары және нөмірленуі бойынша бөліп салынған бланк билеттерін, кітаптарды, журналдар мен ақ бұйымдарын кесу, ою және қысқарта кесу;

      кесінді форматы бойынша бүйір пышақтарын орнату, планкаларды, затла мен ағаш қалыптарын ауыстыру;

      пышақтарды түзету;

      пышақтарды орнату және реттеу;

      нөмірлеу тәртібімен атаулары бойынша өнімдерді жинақтау;

      парақ кескіш төрт орама, жеті орама машиналарда қағаздарды көлденең және бөлшектеп кесу, машиналардың жылдамдығын реттеу;

      форматты өзгерту;

      пышақтарды ауыстыру;

      кесу дәлдігін және қағаздың реңдігін бақылау;

      қызмет көрсетілетін кескіш машиналардың жұмысындағы ақауларды жою.

      704. Білуге тиіс:

      кесуден кейін кітап блоктарының, брошюралар мен журналдардың форматтары;

      нормаларды приветка биіктігіне орнату;

      қолмен және машинамен бүктеу үшін жолақтарды түсіру тәсімі және дұрыс жағын айқындау тәсілдері;

      кесудің жүйелілігі;

      кесудің дәлдігіне қойылатын қажетті шектеулер;

      қатаң есептегі және нөмірленген бұйымдарды кесу сапасына қойылатын техникалық тараптар;

      пышақтарды түзету және қайрау ережесі;

      үш пышақты машиналардың негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.

      705. Жұмыс үлгілері:

      1) брошюралар, кітаптар, журналдар, квитанциялар, күнтізбеліктер мен ақ бұйымдары – бір пышақты және үш пышақты машиналарда 3 жақтан кесу;

      2) қағаздар – парақ кескіш жеті орама машиналарында көлденең және бөлшектеп кесу;

      3) басу мен сызуға, мәтіннің басылған парақтарына, тыстарға, форзацтарға, бланктерге, ашық хаттарға, плакаттарға, карталар мен қатаң есептегі билеттерге арналған қағаздар – бір пышақты машиналарда кесу және қысқарта кесу;

      4) диаграммалық, оның ішінде қағаздардың арнаулы түрлерінде басылған өнімдер – орау-кесу станоктарында бір уақытта кесумен орау;

      5) картон – автоматты баптамай картон кескіш автоматтарда жолақтар мен бөліктерге кесу.

      Параграф 4. Кесу машиналарының машинисі, 5-разряд

      706. Жұмыс сипаттамасы:

      бір пышақты және үш пышақты машиналарда мөлдір және жергілікті белгісі бар қағаздарда басылған орындаулардың жоғары дәлдігін қажет ететін өнімдерді, жоғары көркемдік шығармашылық өнімдердің басылған парақтарын кесу және қысқарта кесу;

      бір-үш пышақты автоматтарда басылған өнімдер мен блоктарды кесу және қысқарта кесу, картон кескіш автоматтарда картонды кесу, автоматтарды баптау;

      үш пышақты кесу машиналарында ерекше күрделі энциклопедиялық, жоғары көркемдік басылымдарды, сондай-ақ осы басылымдардың сигналдық экземплярды кесу.

      707. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілген жабдықтардың жұмыс режиміне қойылатын талаптар;

      көп бояулы басылымдардың сапасына қойылатын талаптар;

      кесу автоматтарында баптау және реттеу тәсілдері.

      708. Жұмыс үлгілері:

      1) суреттерден репродукциялардың энциклопедиялық және сирек басылымдардың жапсырмалары, ұсақ затбелгілер мен карталар, көркемдік маркаланған ашық хаттар және ледериндегі репродукциялар;

      2) ақша белгілерінің, ақша-зат лотереясының бұйымдары, паспорттық құжаттамалар.

      93. Дәптер агрегаттарының машинисі

      Параграф 1. Дәптер агрегаттарының машинисі, 2-разряд

      709. Жұмыс сипаттамасы:

      дәптерлі агрегаттарда мектеп дәптерлерін шығару жасау бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      сызғылардың барлық түріне арналған жинақтарды дайындау;

      бояу ванналарын толтыру;

      тігін аппараттарына сымдарды толтыру;

      пышақтарды орнату;

      жазатын, сорғыш және тыстау қағаздарын орнату;

      дәптерлерді қабылдау, есептеу және сұрыптау; сапасын бақылау;

      дәптер агрегаттарын тазалау және майлау.

      710. Білуге тиіс:

      дәптерлі агрегаттарда жасалған бұйымдардың түрлері;

      формаларды түзетудің міндеттері;

      сымдардың нөмірлері;

      тігін аппараттарына пышақтарды орнату және сымдарды толтыру тәсілдері;

      брак түрлері.

      Параграф 2. Дәптер агрегаттарының машинисі, 3-разряд

      711. Жұмыс сипаттамасы:

      сызу-бүктеу машиналарында тігінсіз мектеп дәптерлерін жасау және сорғыш қағазды салу, сызу жинақтарын машиналарға орнату;

      формаларды түзету;

      пышақтарды және форматқа әрі бүктеуге қағаздарды кесуге арналған өлшемдерді орнату;

      сызу-бүктеу машиналарының жұмысындағы ақауларды жою.

      712. Білуге тиіс:

      дәптерлерді дайындаудың технологиялық процесі;

      формаларды түзету тәсілдері;

      материалдар мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      сызу-кесу машиналарының негізгі тораптарын реттеу ережесі.

      Параграф 3. Дәптер агрегаттарының машинисі, 4-разряд

      713. Жұмыс сипаттамасы:

      кесу секциясыз дәптер агрегаттарында мектеп дәптерлерін жасау;

      сызу-кесу машиналарына сызу және бояу білікшелерінің жинақтарын орнату;

      форматқа және бүктеуге кесу үшін өлшемдерді орнату;

      тігін аппараттарын орнату;

      сызу, басу, қаптау, форматқа кесу, іріктеу және бүктеу процесін жүргізу;

      сапаны бақылау, қызмет көрсетілетін машинаны реттеу.

      714. Білуге тиіс:

      қағаздың сорттары мен басу қасиеттері;

      дәптерлерге қойылатын мемлекеттік стандарттар;

      дәптер агрегаттарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Дәптер агрегаттарының машинисі, 5-разряд

      715. Жұмыс сипаттамасы:

      кесу секциясы бар дәптер агрегаттарында мектеп дәптерлерін жасау;

      дәптерлерді үш жақтан кесу үшін пышақтарды орнату;

      пышақтарды қайрау;

      кесу секцияларын реттеу.

      716. Білуге тиіс:

      пышақтарды қайрау тәсілдері және дәптер агрегаттарының кесу секцияларын реттеу.

      94. Бүктеу машиналарының машинисі

      Параграф 1. Бүктеу машиналарының машинисі, 2-разряд

      717. Жұмыс сипаттамасы:

      шағын форматты кассета-пышақ машиналарында және басқа шағын форматты бүктеу машиналарында иллюстрациялардың, сызбалардың, форзацтар мен басқа да өнімдердің басылған парақтарын бүктеу. өздігінен салғышты, бүйір таяныштарын, тасымалдағыш таспаларды, бүктеу аппараттарын, қабылдағыш құрылғыларды иіндердің санына және бүктеу түріне сәйкес орнату және реттеу;

      бүктелген өнімдерді түйістіру, есептеу және буып-түю;

      жұмыстағы ақауларды жою, шағын форматты бүктеу машиналарын тазалау және майлау;

      жоғары білікті бүктеу машиналар машинасының басшылығымен бүктеу-жапсыру машиналарында лотерея билеттерін бүктеу және жапсыру.

      718. Білуге тиіс:

      кітаптардың негізгі бөлшектерінің міндеті;

      түрлі бүктеу кезінде жолақтардың негізгі түсірулердің негізгі ережелері;

      шағын форматты бүктеу машиналарын реттеу ережесі.

      Параграф 2. Бүктеу машиналарының машинисі, 3-разряд

      719. Жұмыс сипаттамасы:

      басылған парақтарды бір пышақты, кассеталы және кассета-пышақты бүктеу машиналарында бүктеу;

      форматқа, иіндердің саны мен бүктеу түрлеріне сәйкес өздігінен салғыштарды, тасымалдағыш таспаларды, парақтарды бүйірлеп тегістеудің құрылғысын, бүктеу аппараттарын, қабылдағыш құрылғыларды, терможіптер мен басқа механизмдерді орнату және реттеу;

      бүктелген дәптерлерді түйістіру, есептеу және буып-түю;

      бүктеу машиналары жұмысындағы ақауларды жою;

      бүктеу машиналарында нөмірлену жүйелілігін бақылай отырып, иллюстрацияларды бүктеу және дәптерлерді бүктелген суреттерден ажыратып салу, қаптаманы бүктеу және ішкі парақтарды Гознак бұйымдары үшін құжаттама кітапшаларының қаптамасына салу;

      бүктеу машиналарын жұмысқа дайындау;

      өздігінен салғыштарды зарядтау;

      сурет пен парақ қағаздарының форматына, иін санына, бүктеу түрлеріне және тығыздығына сәйкес сорғыларды, ауаның берілуін, бөлгіш щеткаларды, шығару құрылғыларының тасымалдағыш таспаларын қысуды, бүктеу машиналарының басқа да механизмдерін реттеу;

      салынған парақтарды түйістіру, есептеу және буып-түю;

      бүктеу машиналарының жұмысындағы ақауларды жою, тазарту және майлау;

      биговальды-бүктеу машиналарында жабыстырылған титул және Гознак бұйымдарының форзацтары бар басылған кесінді қаптамаларды бүктеу;

      бұйымның форматына сәйкес өздігінен салғыштарды, түзеткіштерді, бигтің ені мен тереңдігін, бүктеу енін, қабылдағыш үстелді және бүктеу машиналарының басқа да механизмдерін орнату және бекіту;

      қаптаманы биговкалау және бүктеу процестерін жүргізу;

      өнімнің сапасын тексеру;

      бүктеу машиналарының жұмысындағы ақауларды жою, тазарту және майлау;

      жоғары білікті бүктеу машиналар машинасының басшылығымен бүктеу-жапсыру-перфорациялау машиналарында лотерея билеттерін бүктеу, жапсыру және перфорациялау;

      жоғары білікті бүктеу машиналар машинасының басшылығымен бүктеу-салу және желімдеу-конверттеу машиналарында конверттерді бүктеу, оларға бүктелген лотерея билеттерін салу, лотерея билеті бар конвертті желімдеу, перфорациялау, металл блокшаларымен бекіту.

      720. Білуге тиіс:

      қағаздардың форматтарына қойылатын мемлекеттік стандарттар;

      жолақтарды түсіру және бүктеу түрлері;

      бүктелген дәптерлер мен иллюстрацияларға, Гознак бұйымдарына, лотерея билеттеріне қойылатын техникалық талаптар және бүктеу сапасын бақылау тәсілдері;

      дәптерлерді престеу режимдері;

      бүктеу машиналарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Бүктеу машиналарының машинисі, 4-разряд

      721. Жұмыс сипаттамасы:

      кескіш құрылғысы бар қосарлы пышақты бүктеу машиналарында басылған парақтарды бүктеу;

      кескіш құрылғылардың пышақтарын орнату және реттеу;

      пышақты, кассеталы және кассета-пышақты машиналарда, оның ішінде терможіпті құрылғысы бар жоғары көркемдік, энциклопедиялық, мерейтой, сыйлық басылымдарының басылған парақтарын, басылған титул парақтарын, паспортты құжаттамаларды бүктеу;

      биговальды-бүктеу машиналарында жапсырылған титул немесе паспортты құжаттама форзацтары бар басылған кесінді қаптамаларды бүктеу;

      бүктеу-жапсыру-перфорациялау машиналарында лотерея билеттерін бүктеу, жапсыру және перфорациялау, сондай-ақ, бүктеу-желімдеу машиналарында лотерея билеттерін бүктеу және жапсыру;

      өздігінен салғышты, бүктеу аппараттарын, жапсыру және перфорациялау механизмдерін орнату және реттеу, өнімнің сапасын тексеру, құжаттаманы рәсімдеу.

      722. Білуге тиіс:

      парақтарды кесуге қойылатын техникалық талаптар;

      үлкен форматты парақтарды бүктеу кезінде өздігінен салғыштарды реттеудің ерекшеліктері;

      кескіш құрылғыларды реттеу тәсілдері.

      Параграф 4. Бүктеу машиналарының машинисі, 5- разряд

      723. Жұмыс сипаттамасы:

      пышақты, кассеталы және кассета-пышақты машиналарда паспортты құжаттамалардың, еңбек кітапшаларының басылған ішкі парақтарын бүктеу, карталарды құрамды көп иінді құрамдау;

      бүктеу-салу және желімдеу-конверттеу машиналарында конверттерді бүктеу, бүктелген лотерея билеттерін салу, лотерея билеті бар конвертті желімдеу, перфорациялау, металл блокшаларымен бекіту, машиналардың механизмдерін орнату және реттеу, өнім сапасын бақылау, құжаттамаларды рәсімдеу.

      724. Білуге тиіс:

      Гознак бұйымдарының сапасына және лотерея билеттерін өңдеуге қойылатын техникалық талаптар.

      95. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі

      Параграф 1. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 2-разряд

      725. Жұмыс сипаттамасы:

      бір аппаратты сымдау-тігу машиналарында кітап-журнал, ақ және картонажды өнімдерді жамау салып және жамап тігу;

      басқа форматтарға және тігу түрлеріне көшкен кезде тігін аппараттарын орнату және баптау;

      сымдардың берілуін реттеу;

      дәптерлерді салу және тігу.

      726. Білуге тиіс:

      кітаптардың, брошюралар мен журналдардың құрама элементтері;

      бұйымның сипаттамасына сәйкес тігіннің түрлері;

      жартылай дайын өнімдерге және тігілген бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;

      сымдау-тігу машиналарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 2. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 3-разряд

      727. Жұмыс сипаттамасы:

      көп аппаратты сымдау-тігу машиналарында тігінжіпте және өнімнің барлық түрлерінде ақ өнімін тігу;

      басылымның көлемі мен форматына сәйкес тігін аппараттарын, салу үстелін, тасымалдағышты, өздігінен салғышты және сымдау-тігу машиналарының басқа да механизмдерін орнату және баптау;

      дәптерлерді салу;

      тігу сапасын бақылау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың ақауларын жою.

      728. Білуге тиіс:

      кітап блоктарын жасау және өңдеу бойынша технологиялық операциялар;

      кітап блоктарын бекіту түрлері мен тәсілдері;

      қолданылатын материалдарға (сымдарға, жіптерге, мәрліге) қойылатын технологиялық талаптар;

      сымдау-тігу машиналарын реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 4-разряд

      729. Жұмыс сипаттамасы:

      тігінжіп машиналары мен автоматтарында кітап-журнал өнімдері мен құжаттамалық кітапшаларды тігу, сондай-ақ оларға баптау жұмыстарын жүргізу;

      көп аппаратты сымдау-тігу машиналарында Гознактың құжаттамалық кітапшаларын тігу;

      дәптердің берілуін және тігілетін блоктардың көлемін бақылау үшін механизмдерді және өздігінен салғышты баптау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың барлық тораптарын бөлшектеу және құрастыру;

      бөлшектер мен бөліктерді тексеру және жетілдіру;

      жоспарлы-ескерту жөндеуінің жүйесі бойынша қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала қарауларға, тексерулерге, жөндеуге қатысу.

      730. Білуге тиіс:

      тігілген блоктарға қойылатын техникалық талаптар;

      тігінжіп машиналары мен автоматтарының құрылғысын, қызмет принциптері, конструктивтік ерекшеліктері, оларды реттеу тәсілдері, тексеру және теңшеу ережелері.

      Параграф 4. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 5-разряд

      731. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды бағдарламалық басқарылатын тігінжіп автоматтарында кітап-журнал және альбом өнімдерін тігу;

      тігілетін блоктың форматы, көлемі, жұмыс режимі туралы деректерді енгізу; технологиялық режимнің бұзылуы, қоршаулардың ашылуы туралы хабарлар ету.

      732. Білуге тиіс:

      Электронды бағдарламалық басқарылатын тігінжіп автоматтарының конструктивтік ерекшеліктері;

      бағдарлама бойынша жұмыс істейтін өздігінен салғыш, желім аппараттары конструкциясының ерекшеліктері;

      электрониканың негіздері.

      96. Нөмірлеуші

      Параграф 1. Нөмірлеуші, 1-разряд

      733. Жұмыс сипаттамасы:

      белгілерді алдын ала тере отырып, оларды жетектеп және түзете отырып конторлы-кеңселік бұйымдарды қолмен нөмірлеу;

      нөмірлегіштің қалпақшасында теру немесе клишені бекіту;

      түзету және басу;

      нөмірлеудің дұрыстығын тексеру.

      734. Білуге тиіс:

      түзетулердің міндеті;

      баспа бояуына және нөмірлеу сапасына қойылған талаптар;

      қаріптердің кеглдері.

      735. Жұмыс үлгілері:

      Нөмірлеу

      1) квитанция;

      2) контор кітаптары;

      3) ленталар;

      4) талондар;

      5) чектер;

      6) жапсырмалар.

      Параграф 2. Нөмірлеуші, 2-разряд

      736. Жұмыс сипаттамасы:

      белгілерді алдын ала тере отырып, оларды жетектеп және түзете отырып, қатаң есептегі құжаттарды және жұмысты қолмен және нөмірлеу станогында нөмірлеу;

      бояу тонын келтіре отырып, негізгі мәтінге жекелеген сөздер мен белгілерді басу;

      қағаздарды есептеп қабылдау және тапсыру;

      нөмірлеу станогын тазалау, майлау және реттеу.

      737. Білуге тиіс:

      қаріптердің гарнитуралары;

      қатаң есептегі құжаттамалармен жұмыс істеу ережесі;

      нөмірлеу аппараттарын реттеу тәсілдері.

      738. Жұмыс үлгілері:

      Нөмірлеу

      1) кәсіподақ билеттері, жинақтар және тағы басқа;

      2) массасы 120-160 қағазда форматы 75х100 см және одан артық теңіз және арнаулы карталар;

      3) квитанция-бланк кітаптары және қатаң есептегі басқа да бұйымдар.

      Параграф 3. Нөмірлеуші, 3-разряд

      739. Жұмыс сипаттамасы:

      белгілерді алдын ала тере отырып, оларды жетектеп және түзете отырып, станоктарда, престерде және қолмен қарапайым тәсілмен және бақылау бедерлеумен ақша бұйымдарын, облигацияларды, лотерея билеттерін, паспорт және орден құжаттамаларын нөмірлеу;

      нөмірлеудің дұрыстығын тексеру;

      ілеспе құжаттамаларды рәсімдеу;

      белгіленген тәртіппен есептей отырып, қағаздарды, жартылай дайын өнімдер мен дайын бұйымдарды қабылдау және тапсыру.

      740. Білуге тиіс:

      жергілікті белгілері бар қағаздардың қасиеті;

      нөмірлеу станоктары мен престерді баптау және реттеу тәсілдері.

      97. Түптеуші

      Параграф 1. Түптеуші, 1-разряд

      741. Жұмыс сипаттамасы:

      түптеу операцияларын орындайтын станоктардан жартылай дайын өнімдердің сапасын тексере отырып қабылдау;

      кітаптарды, папкаларды, ақ және бланк бұйымдарын жасау бойынша жекелеген түптеу операцияларын орындау.

      742. Білуге тиіс:

      түптеу станоктарында орындалатын операциялардың түрлері;

      кітаптарды, мұқаба қаптамаларын, папкаларды, ақ және бланк бұйымдарын жасаудың технологиялық операциялары;

      қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.

      743. Жұмыс үлгілері:

      1) қағаз бен картон – жапсыру;

      2) ақ бұйымдары – кесінділерді бояу;

      3) күнтізбеліктер, жыртылмалы – жабыстыру және кептіру;

      4) клапандар, қалталар, қарындаштар, блокшалар – папкаларға, блоктарға және басқа бұйымдарға жапсыру немесе бекіту;

      5) кітаптар, ақ және бланк бұйымдары – футлярларға салу;

      6) мұқаба қаптамалар – каландрирлеу;

      7) кітаптардың қаптамалары – шпацияны ию;

      8) түбіршек материалы, тыстар, қаптамалар, карталар – желім жағу машиналарында және қолмен желім жағу;

      9) "Бірінші сынып оқушысына сыйлық" типтегі жиынтық – жинақтау;

      10) папкалар – қағазбен алып тастау;

      11) қағаз парақтарының будасы – бұдан кейін өңдеу үшін желімдеу;

      12) репродукцияларға арналған рамалар – құлақшаларды белгілеу және толтыру;

      13) көркемдік репродукциялар - өңдеу.

      Параграф 2. Түптеуші, 2-разряд

      744. Жұмыс сипаттамасы:

      кітаптарды жасау жөніндегі автоматтық желілер машинисінің басшылығымен кітаптарды жасау жөніндегі механикаландырылған және автоматты ағын желілеріндегі, түптеу операцияларын орындайтын машиналар мен агрегаттардағы жұмыстарды орындау;

      жартылай дайын өнімдерді түйістіре отырып және сапасын тексеріп тасымалдағышқа немесе жабдықтардың секциясына төсеу және салу, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдерді сапасын тексеріп қабылдау, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысын қадағалау;

      кітаптарды, папкаларды, ақ және бланк бұйымдарын жасау бойынша жекелеген түптеу операцияларын орындау;

      рәсімделуі қарапайым бланк және ақ бұйымдарды жасау бойынша операциялар кешенін орындау;

      блок түбіршегін жапсыру және жиектеу, тысты жапсыру.

      745. Білуге тиіс:

      механикаландырылған және автоматты ағын желілерінде, қызмет көрсетілетін машиналар мен агрегаттарда орындалатын операциялардың түрлері;

      блок түбіршектерін дөңгелетуге арналған станоктарды және кітаптарды штрихтауға арналған автоматтарды реттеу тәсілдері;

      қағаздың көлемі мен тығыздығына қарай блоктың түбіршегін дөңгелету режимі;

      ақ бұйымдарының түрлері;

      құрама мұқаба қаптамасын жасау және блоктарды салудың технологиялық процестері.

      746. Жұмыс үлгілері:

      1) брошюралар, журналдар, кітаптар – түптеу операцияларын орындайтын автоматты, механикаландырылған желілерді, машиналар мен агрегаттарда жасауға қатысу;

      2) блоктар – желімдеу, желімдеуден кейін ажырату, қаптамаларды таратып салу және іріктеу, түбіршектерді қысу және дөңгелету; кесінділерді бояу; түбіршектерге каптал мен жазық қағазды жапсыру; ленталық бет-белгіні (ляссе) жапсыру; түптеу машиналарына салынған блоктарды түзету;

      3) блокноттарға (қосалқы) арналған блоктар – толық жасау;

      4) рамадағы сурет – кергіштерді бекіту;

      5) клапандар, қалталар, ойын алаңдары – жасау;

      6) кітаптар – түптеу автоматтары мен станоктарында штрихтау;

      7) кесінді түптеудегі жазба кітапшалары, жалпы дәптерлер – техникалық матамен жабу;

      8) фаскасыз тік бұрышты қатты түптемедегі сынақ кітапшалары, рұқсатнамалар және куәліктер – толық жасау;

      9) жиектелген қаптамадағы квитанциялық кітапшалар – толық жасау;

      10) мұқаба қаптамалары – түбіршекпен және қаптамамен жабу;

      11) қаптамалар (құрама түптеу) – толық жасау;

      12) картонды жақтар – фасканы түсіру және бұрыштарды кесу;

      13) алты күндіктер (ашық) – толық жасау;

      14) кітаптардың, брошюралардың, ақ бұйымдарының блоктары – шиыршықтармен қолмен бекіту.

      Параграф 3. Түптеуші, 3-разряд

      747. Жұмыс сипаттамасы:

      кітаптарды, папкаларды және ақ бұйымдарды жасау жөніндегі жекелеген түптеу операцияларын орындау;

      рәсімделуі күрделі ақ және бланк бұйымдарын жасау бойынша операциялар кешенін орындау, қолданылатын материалдарды дайындау;

      блоктың түбіршегін желімдеу және дөңгелету;

      дөңгелек бұрышы, жұмсақ астары мен фаскасы бар түбіршектерді жасау;

      блоктарды қаптамаға салу.

      748. Білуге тиіс:

      мұқаба қаптамаларының типтері;

      тұтастай жабылатын мұқаба қаптамаларын, жұмсақ астары бар рұқсатнамалар мен куәліктерді жасаудың технологиялық процесі;

      үлкен форматты кітап блоктарын салудың ерекшеліктері;

      жартылай дайын өнімдерге, материалдар мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      блокты каширлеу станоктарын реттеу тәсілдері.

      749. Жұмыс үлгілері:

      1) канатпен түптелген, техникалық матамен жабылған фотографияларға, сызуға және тағы басқа арналған массалық альбомдар – толық жасау;

      2) кітаптардың, брошюралардың, журналдардың, ақ бұйымдарының блоктары – түптеу жартылай автоматта шиыршықтармен бекіту;

      3) кітаптардың, жоғары көркемдік, энциклопедиялық басылымдардың блоктары – түбіршекті желімдеу, қысу және дөңгелету, кесінділерді бояу, ленталық бет-белгілерді (ляссе) жапсыру;

      4) массалық басылым кітаптарының блоктары – мұқаба қаптамаларын қолмен салу; түптеу станогында блок түбіршектерін өңдеу: желімдеу, кептіру, дөңгелету, каширлеу, жазу қағаздары мен капталды жапсыру;

      5) үстел үсіне қойылатын блокноттар – толық жасау;

      6) паспартуда иллюстрациялары бар жоғары көркемдік басылымдар – тесіктерді алдын ала сылаумен блок түбіршектерін желімдеу, блоктардың сигнал беру және көрме даналарын толық өңдеу;

      7) суреттер – кергіштерді қолмен және станокта керу және бекіту;

      8) канатты құрама түптеудегі контора кітаптары – толық жасау;

      9) былғары – шерфтау;

      10) тұтастай жабылатын қаптамалар – толық жасау;

      11) ноталарға арналған папкалар – толық жасау;

      12) клапандары мен байламдары бар папкалар – толық жасау;

      13) кесінді папкалар – мәтіні басылған және нөмірленген қағазды алып тастау;

      14) техникалық матадан жасалған, жұмсақ астары, фаскасы және дөңгелек бұрышы бар рұқсатнамалар мен куәліктер;

      15) жұмсақ астары бар жабық алты күндіктер – толық жасау.

      Параграф 4. Түптеуші, 4-разряд

      750. Жұмыс сипаттамасы:

      кітаптарды жасап шығару бойынша жекелеген түптеу операцияларын орындау;

      материалдарды өздігінен дайындай отырып, массалық шығарылымдағы мұқаба қаптамалары мен ақ бұйымдарды жасау бойынша жекелеген операцияларды орындау;

      қаптамаларға арналған, оның ішінде жібек мен барқыттан жасалған материалдарды бояу және кесу.

      751. Білуге тиіс:

      блоктарды өңдеудің және мұқаба қаптамаларын жасаудың технологиялық процестерін;

      тігілген блоктар мен материалдардың (жібек, барқыт) сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      талшықтар мен жіп негіздерінің бағытын ескере отырып, түптеу материалдарын, оның ішінде жібекті, барқытты, жасанды былғарыны пішу тәсілдері.

      752. Жұмыс үлгілері:

      1) жібекпен және барқытпен жабылған альбомдар – толық жасау;

      2) жоғары көркемдік басылым кітаптарының блоктары – қолмен түптеу қақпақшасына салу;

      3) бюварлар – толық жасау;

      4) ақ бұйымдар мен үстел үстіне қоятын ойындардың макеттері – толық жасау;

      5) адрестік папкалар – толық жасау;

      6) клапандары мен қалталары бар жібекпен және сәтенмен қапталған папкалар-портфельдер;

      7) әр түрлі форматты репродукцияларға арналған клапанды папкалар, жоғары көркемдік басылымдарға арналған футлярлар (жабыстырылған, құрама) – толық жасау;

      8) полимерлі жабыны бар әр түрлі негіздегі түптеу материалдарынан жасалған тұтастай жабылған түптеу қақпақшалары – жасау;

      9) мұқаба қаптамалары (массалық) – толық жасау.

      Параграф 5. Түптеуші, 5-разряд

      753. Жұмыс сипаттамасы:

      өздігінен материалдарды дайындап, кесіндіні торшондап және алтын жалатып, былғарыдан, барқыт пен жібектен жасалған көркемдік мұқаба қаптамалары мен ақ бұйымдарды жасау;

      массалық басылымдар мен сигналды даналарға арналған мұқаба қаптамаларының макеттерін жасау;

      дәптерлерді бүктеу және жинақтау;

      форзацтар мен иллюстрацияларды жапсыру;

      бір пышақты машиналарда блоктарды кесу;

      блок түбіршектерін желімдеу және дөңгелету;

      қаптамаларды жасау;

      блокты қаптамаға салу;

      престеу.

      754. Білуге тиіс:

      брошюралау және түптеу операцияларын орындаудың технологиялық процесі;

      желімнің түрлері мен қасиеті, түптеу материалдары мен операциялардың сипаттамасына қарай оларды қолдану тәсілдері;

      блок кесіндісін торшондау және алтын жалатудың техникалық тәсілдері;

      былғарына пішу тәсілдері.

      755. Жұмыс үлгілері:

      Толық жасау

      1) клапандары мен қалталары бар былғарыдан жасалған түптеу қақпақшаларындағы сақиналардағы жазба кітапшалары, былғарыдан жасалған рұқсатнама мен куәліктер;

      2) мұқаба қаптамаларының макеттері;

      3) былғарыдан, барқыт пен жібектен жасалған мұқаба қаптамалары (көркемдік, сыйлықты, мерейтой мен факсимильді басылымдар, атластар мен альбомдар);

      4) көркемдік футлярлар.

      Параграф 6. Түптеуші, 6-разряд

      756. Жұмыс сипаттамасы:

      материалдарды түсі бойынша іріктеп және мозайкалы суреттерді құрастыра отырып, былғарыдан, барқыт пен жібектен жасалған көркемдік мұқаба қаптамаларын жасау.

      757. Білуге тиіс:

      кітап басылымдары мен ақ бұйымдарды рәсімдеуді техникалық тәсілдерін;

      өрнек салудың (бояусыз, фольгамен, рельефті) технологиялық режимі;

      өрнек салу және алтын жалату үшін материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      түптеу материалдарын пішу кезінде қолданылатын жабдықтардың барлық түрлерін реттеудің, мұқаба қаптамасын жасау, өрнек салу және алтын жалату тәсілдері.

      758.Жұмыс үлгілері:

      Толық жасау

      1) факсимильді қол қойылған атаулы билеттер;

      2) көркемдік мұқаба қаптамасының макеттері;

      3) мозайкалы мұқаба қаптамалары;

      4) ерекше көркемдік сирек басылымдардың мұқаба қаптамалары;

      5) сый көркемдік папкалар.

      98. Перфораторлаушы

      Параграф 1. Перфораторлаушы, 1-разряд

      759. Жұмыс сипаттамасы:

      кесу сызығы пайда болу немесе одан кейін бекіту үшін перфораторлау станоктарында қағаздарды, кітап блоктарын, брошюраларды, журналдарды перфораторлау (кесу);

      штампты орнату. жұмыстағы ақауларды жою, перфораторлау станоктарын тазарту және майлау.

      760. Білуге тиіс:

      перфораторлайтын бұйымдардың түрлері;

      перфораторлаудың түрлері және олардың пайда болу тәсілдері;

      перфораторлауға қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Перфораторлаушы, 3-разряд

      761. Жұмыс сипаттамасы:

      перфораторлау машиналары мен станоктарында, есептеумен басылған Гознак маркалары мен маркалы блоктарды перфораторлау;

      алдыңғы операциялардың брактарды анықтау;

      бұйымның форматына сәйкес парақтардың берілу қадамын белгілеу;

      түйреуге арналған рашкеттерді есептеу;

      перфораторлау;

      өнімді есептеу және бақылау;

      перфораторлау станогын реттеу.

      762. Білуге тиіс:

      өнімді есептеу тәсілдері;

      брак түрлері;

      перфораторлау станогын реттеу тәсілдері.

      99. Баспашы-өрнек салушы

      Параграф 1. Баспашы-өрнек салушы, 1-разряд

      763. Жұмыс сипаттамасы:

      мұқаба қаптамасын өрнектеуге дайындау жұмыстарын орындау және қаптаманы өрнектегеннен кейін станокта және қолмен өңдеу.

      764.Білуге тиіс:

      өрнектеуден кейін қаптамаларды сырлау және тазалау тәсілдері;

      тазалауға арналған қызмет көрсетілетін станоктарды реттеу тәсілдері.

      765. Жұмыс үлгілері:

      1) мұқаба қаптамалар және картонажды өндіріс бұйымдар – сырлау;

      2) формалар-штампылар – білікшенің көмегімен бояулар жағу.

      Параграф 2. Баспашы-өрнек салушы, 2-разряд

      766. Жұмыс сипаттамасы.

      қол және жартылай автоматты престерде ақ және картонажды өндіріс бұйымдарына блинтті өрнектеу және езілген бояумен басу;

      форма-штамптарды бекіту және түзету;

      орама және беріліс білікшелерін орнату. жартылай автоматты престерде басу кезінде бояулардың берілуін реттеу;

      престерді тазалау және майлау;

      өрнектеудің күрделі түрі кезінде, сондай-ақ алтын жалатқыш ротациялық автоматтарда өрнектеу кезінде дайындық жұмыстарын орындау.

      767. Білуге тиіс:

      қаптамалар мен затбелгілерге өрнек салу және басу түрлері;

      штамптарға қойылатын техникалық талаптар және оларды орнату тәсілдері;

      өрнектеу режимдері;

      қолданылатын дайын өнімдер мен басу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      алтын жалату престерін реттеу тәсілдері.

      768. Жұмыс үлгілері:

      1) мұқаба қаптамасы – сырлау, фольганың қаптамасын пішу және төсеу, алтынмен, светофольмен, фольгамен, потальмен өрнектелгеннен кейін тазалау;

      2) папкалар, массалық шығарылымның ақ және картонаж өндірісі қаптамалары мен бұйымдары – билнтті өрнек салу және басу;

      3) затбелгілер - билнтті өрнек салу және басу.

      Параграф 3. Баспашы-өрнек салушы, 3-й разряд

      769. Жұмыс сипаттамасы:

      қол және жартылай автоматты престерде кітаптардың, ақ және картонажды өндірістің көркемдік бұйымдарының мұқаба қаптамасына блинтті өрнек салу және езілген бояумен басу;

      тигель машиналарында қоспасыз бір және бірнеше бояуға басу;

      қол және жартылай автоматты престерде затбелгілерді кеспей рельефті (конгревті) өрнек салу;

      матрицаларды бекіту, форма-штамптарды орнату және түзету;

      формат бұйымдарына сәйкес өлшемдерді орнату; бұйымдарды салу және түсіру;

      басу және өрнек салу сапасын тексеру;

      жұмыстағы ақауларды жою, қызмет көрсетілетін тигель машиналары мен престерді тазалау және майлау;

      жоғары білікті баспашы-өрнек салушының басшылығымен алтын жалатқыш ротациялық автоматтарда мұқаба қаптамасына өрнек салу және басу бойынша жұмыстарды орындау.

      770. Білуге тиіс:

      рельефті өрнектеу үшін штамптар мен матрицаларғ, бояуларға қойылатын техникалық талаптар;

      тигель машиналарын реттеу тәсілдері;

      алтын жалатқыш ротациялық автоматтарды пайдалану және қызмет көрсету ережесі.

      771. Жұмыс үлгілері:

      Блинтті өрнектеу және басу

      1) грамоталар (үкіметтік);

      2) мұқаба қаптамалары;

      3) көркемдік ақ және картонаж бұйымдарының папкалары мен қаптамалары.

      Рельефті өрнек салу

      Затбелгілер.

      Параграф 4. Баспашы-өрнек салушы, 4-разряд

      772. Жұмыс сипаттамасы:

      қол және жартылай автоматты престерде кітаптардың, ақ және картонажды өндірістің көркемдік бұйымдарының мұқаба қаптамасына бояу және металды фольгамен, светофольмен өрнек салу, сондай-ақ рельефті (конгревті) өрнектеу (бояусыз немесе басу материалымен);

      кітап блоктарының кесінділерін фольгамен өрнектеу: блоктарды ажарлау, фольгамен өрнек салу;

      қол және жартылай автоматты престерде және жабыстыру машиналарында фольгамен өрнек салу, сондай-ақ затбелгілерді ойып жаза отырып рельефті өрнектеу;

      тигель машиналарында араластыра отырып бірнеше бояуға басу;

      автомат престерде барлық түрді басу және өрнек салу;

      рельефті (конгревті) өрнек салу үшін матрицалар жасау;

      көркем басу үшін баспа білікшелерін алып тастау;

      бұйым форматына сәйкес өлшемдерді орнату. фольганы беруді, қысымды рельеф биіктігін, бояу қабатының қалыңдығын, штамптың қызу температурасын;

      өрнек салу сапасын тексеру;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс процесінде ақауларды жою.

      773. Білуге тиіс:

      қолданылатын материалдардың: сырлардың, фольганың, езілген бояулардың, техникалық маталар мен жасанды былғарының негізгі қасиеттері;

      штампты қыздырудың температуралық режимі және өрнек салу уақыты;

      автоматты престер мен жабыстыру машиналарын реттеу тәсілдері.

      774. Жұмыс үлгілері:

      Фольгамен өрнек салу

      1) барқыттан, жібек маталардан, күдеріден, былғары мен жасанды былғарыдан жасалған көркемдік қораптардың бөлшектері;

      2) мұқаба қаптамалары;

      3) ақ және картонажды көркемдік бұйымдардың папкалары мен қаптамалары.

      Рельефті өрнек салу

      1) конгревті және фольгамен өрнектелген кәдесый және атаулы ашық хаттар;

      2) массалық шығарылымдағы ақ және картонажды бұйымдардың папкалары мен қаптамалары;

      3) барельефі бар куәліктер.

      Параграф 5. Баспашы-өрнек салушы, 5-разряд

      775. Жұмыс сипаттамасы:

      қол және жартылай автоматты престерде жоғары көркемдік және энциклопедиялық басылымдарға арналған қаптамаларда рельефті немесе фольгамен өрнек салу;

      автоматты толық баптаумен және реттеумен автоматты престерде фольгамен және рельефті өрнек салу;

      қол, жартылай автоматты және автоматты престерде ледериннен жасалған мұқаба қаптамасы мен папкаларды алтынмен өрнектеу;

      толық баптаумен және реттеумен алтын жалатқыш ротациялық автоматтарда жұмыстың барлық түрін басу және өрнек салу.

      776. Білуге тиіс:

      рельефті өрнектеуге арналған матрицалардың түрлері және оларды дайындау тәсілдері;

      былғарының, барқыттың, күдерінің, жібектің және көркемдік басылымдарды рәсімдеу үшін пайдаланылатын басқа да материалдардың негізгі қасиеті;

      сұйық және құрғақ сырлардың рецепттері және қолдану ережелері;

      престерді реттеу тәсілі.

      777. Жұмыс үлгілері:

      Фольгамен өрнек салу

      1) грамоталар (үкіметтік);

      2) барельефі мен сюжетті суреті бар мұқаба қаптамалары;

      3) энциклопедиялық, жоғары көркемдік басылымдардың мұқаба қаптамалары; полимерлі жабылатын әр түрлі негіздегі мұқаба қаптамалардан жасалған қаптамалар;

      4) паспорт құжаттамасының кесінді тыстары;

      5) былғарыдан, күдеріден, барқыттан, жібектен жасалған марапаттау және мерейтой папкалары.

      Рельефті өрнектеу

      1) мұқаба қаптамасы;

      2) басудың әр түрлі тәсілдерімен басылған элементтердің араласуын қажет ететін бірнеше иілген конгревті және фольгамен өрнектелген жоғары көркемдік кәдесый ашық хаттары;

      3) былғарыдан, күдеріден, барқыттан, жібек пен ледериннен жасалған марапаттау және мерейтой папкалары;

      4) ақ және картонажды көркемдік бұйымдардың папкалары мен қаптамалары.

      Параграф 6. Баспашы-өрнек салушы, 6-разряд

      778. Жұмыс сипаттамасы:

      қол, жартылай автоматты және автоматты престерде берілген композиция бойынша жоғары көркемдік бұйымдарға арналған былғарыдан жасалған қаптамаларда алтынмен және рельефті өрнектеу;

      визит карточкаларының жиектерін алтындату;

      макетке сәйкес әр түрлі материалдар үшін бояуды, сырды іріктеу;

      терілген жолдарды, оюды немесе штампты картонға теру және жапсыру;

      қолданылатын материалдар мен сырларға сәйкес штампқа әшекейлерді орнату; қыздыру температурасын айқындау;

      өрнек салу және сырлау сапасын тексеру.

      779. Білуге тиіс:

      алтынмен жұмыс істеген кезде техникалық және режим шарттары;

      алтынның сырмен және қолданылатын материалдардың негізімен өзара әрекеттесуі;

      түптеу жұмыстары үшін бекалтындарды жасаудың технологиялық процесі;

      автоматты престерді реттеу тәсілдері.

      780. Жұмыс үлгілері:

      Алтынмен өрнек салу

      1) былғары мұқаба қаптамасы;

      2) орден куәліктері.

6-бөлім. Шрифт өндірісі

      100. Шрифті оюшы

      Параграф 1. Шрифті оюшы, 4-разряд

      781. Жұмыс сипаттамасы:

      қолмен немесе машинамен ою жолымен шрифтер мен оюлардың 16 тармақты және литерден жоғары болатты пуансондарын, түпнұсқаға қарсы өлшемдерді өзгертіп және өзгертпей суреттер мен фотокескіндерді жасау. Фотокескіндерін суреттеу;

      ойма машиналарын азайтудың берілген коэффициентіне орнату;

      пуансондарды қолмен және термиялық өңдеу;

      микроскопты пайдалана отырып, пуансондар мен матрицаларын сапасын тексеру;

      кескіштерді қайрау және ойма құралдарын дайындау;

      ойма машиналарын тазалау және майлау;

      гальванопластикалық тәсілдермен матрицаларды дайындау үшін 16 және одан жоғары тармақтарда шрифттер мен оюларды типографтық қорытпалардан жасалған пластинада ою;

      гартты литерлерде акценттерді дәнекерлеу және ою;

      ілгекпен пуансондар мен нөмірлеу доңғалақтарының цифрлерін түзету;

      қолмен шрифтердің латунды, мыс және қалайы шаблондарды, орыс және латын графикаларының негізінде жасалған алфавитті, сондай-ақ пуансондар мен матрицалар дайындауға арналған оюларды жасау;

      контур ұяшығын болат шпилькамен қыздыру жолымен пластинаға суреттерді ауыстыру;

      контурды суреттеу;

      ұяшықты аралау және шаблондар контурын надфильдермен егеу;

      ұяшық тесіктерін бұрғылау;

      металл пластиналарды өлшеу және жапсыру.

      782. Білуге тиіс:

      типографтық шрифтерге қойылатын мемлекеттік стандарттар;

      өлшеудің типографтық жүйесі;

      шрифтерді құрастыру ережесі;

      қарындашпен және сиямен салу және сызу ережесі;

      пуансондар мен матрицаларды дайындау технологиясы және оларға қойылатын техникалық талаптар;

      болат маркасы, термиялық өңдеу технологиясы;

      ойма машиналарын реттеу тәсілдері;

      қолданылатын құралдар мен аспаптарды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Шрифті оюшы, 5-разряд

      783. Жұмыс сипаттамасы:

      қолмен немесе машинамен ою жолымен шрифттер мен оюлардың 10-нан 14 тармаққа дейін болатты пуансондарын жасау;

      гальванопластикалық тәсілдермен матрицаларды дайындау үшін 16 және одан жоғары тармақтарда шрифттер мен оюларды типографтық қорытпалардан жасалған пластинада ою;

      қолмен ерекше графикалық формадағы (армян, хинди және тағы басқа) шрифтердің латунды, мыс және қалайы шаблондарын жасау.

      784. Білуге тиіс:

      ерекше графикалық формадағы шрифтердің түрлері;

      пуансондарға қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 3. Шрифті оюшы, 6-разряд

      785. Жұмыс сипаттамасы:

      қол немесе машиналы оймалау жолымен шрифттердің болат пуансондарын және 5-тен 9-ға дейінгі тармақтар кеглдерінің оюларын, сондай-ақ барлық кеглдердің ерекше графикалық формалы шрифтерін, гербті мөрлер мен нөмірлеу доңғалақтарын жасау;

      ойма машиналарына арналған пантографты және әр түрлі фрезаларды есептеу;

      ойма машиналарын баптау.

      786. Білуге тиіс:

      арнайы мақсаттағы шрифттерге арналған пуансондарға қойылатын техникалық талаптар;

      ойма машиналарын реттеу тәсілдері.

      101. Шрифт өнімдерін жинақтаушы

      Параграф 1. Шрифт өнімдерін жинақтаушы, 1-разряд

      787. Жұмыс сипаттамасы:

      бос материалды және сызғыштарды түрлері және өлшемдері бойынша жинақтау және оларды буып-түю.

      788. Білуге тиіс:

      бос материал мен сызғыштардың түрлері мен өлшемдері және міндеті;

      жинақтау, буып-түю және будаларды таңбалау тәсілдері.

      Параграф 2. Шрифт өнімдерін жинақтаушы, 2-й разряд

      789. Жұмыс сипаттамасы:

      бекітілген мемлекеттік стандарттар мен жинақтау таблицаларына сәйкес орыс және латын графикасы негіздерінің негізгі сызбаларының 16 тармағынан жоғары кеглдің типографтық шрифттерін жинақтау;

      жинақталған өнімді буып-түю;

      будаларды буып-түю;

      тапсырыстарға сәйкес шрифттер мен басқа теру материалдарын іріктеу.

      790. Білуге тиіс:

      өлшеудің типографты жүйесі;

      орыс және латын графикасы негізіндегі алфавит шрифттерінің түрлері;

      типографты шрифттерге қойылатын мемлекеттік стандарттар;

      сызғыштар мен бос материалдардың түрлері;

      шрифт өнімдерін жинақтау үшін гранкаларды таратып салу тәртібі;

      шрифті жинақтау тәсілдері;

      жинақтау кестелері;

      будаға буып-түю және таңбалау тәсілдері;

      тапсырыстарды рәсімдеу бойынша құжаттамаларды жүргізу ережесі.

      Параграф 3. Шрифт өнімдерін жинақтаушы, 3-разряд

      791. Жұмыс сипаттамасы:

      бекітілген мемлекеттік стандарттар мен жинақтау таблицаларына сәйкес әр түрлі графика негіздерінің 16 тармағына дейін кез келген күрделі кеглде типографтық шрифттерді жинақтау.

      792. Білуге тиіс:

      ерекше графикалық формадағы шрифттердің түрлері.

      102. Шрифт өнімдерін өңдеуші

      Параграф 1. Шрифт өнімдерін өңдеуші, 2-разряд

      793. Жұмыс сипаттамасы:

      латун сызғыштарын ажарлау және түзету;

      сызғыштарды, шпондар мен шпацияларды шабу.

      794. Білуге тиіс:

      сызғыштардың, шпондар мен шпациялардың міндеті және мемлекеттік стандарттары;

      өлшеудің типографиялық жүйесі;

      қолданылатын кескіш және өлшегіш құралдар мен аспаптарды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Шрифт өнімдерін өңдеуші, 3-разряд

      795. Жұмыс сипаттамасы:

      латун сызғыштарын созғылау;

      жүйелі тексере отырып, сызғыштарды аралау;

      сызғыштарды жетектеу және сүргілеу;

      гарт сызғыштарын сүргілеу және тарту;

      барлық кеглді қолжазба шрифтін өңдеу;

      кескіштерді қайрау, пайдаланылатын станоктарды реттеу, тазалау және майлау.

      796. Білуге тиіс:

      қолжазба шрифттің мемлекеттік стандарттары;

      сызғыштар мен қолжазба шрифтіне қойылатын техникалық шарттары;

      сызғыштарды жетектеу ережесі;

      кескіштерді қайрау және пайдаланылатын станоктарды реттеу тәсілдері.

      Параграф 3. Шрифт өнімдерін өңдеуші, 4-разряд

      797. Жұмыс сипаттамасы:

      өңдеу станоктарында төгуден кейін және қолмен орыс және латын графикасы негізіндегі шрифтердің барлық кеглдерін, әшекейлер мен оюларды өңдеу;

      ұзындықты кесу, шрифтерді ажарлау және есептеу.

      798. Білуге тиіс:

      типографтышрифтердің мемлекеттік стандарттары мен қойылатын техникалық шарттарды;

      шрифтерді жетектеу ережесі;

      гарт металлдың құрамы мен қасиеті.

      Параграф 4. Шрифт өнімдерін өңдеуші, 5-разряд

      799. Жұмыс сипаттамасы:

      өңдеу станоктарында және қолмен төгуден кейін ерекше графика формасындағы шрифтерді(армян, хинди және тағы басқа), сериялық оюларды өңдеу.

      800. Білуге тиіс:

      ерекше графика формасындағы шрифтердің түрлері;

      оюдың суреттері және оларға қойылатын техникалық талаптарды.

      103. Ағаш шрифті кесуші

      Параграф 1. Ағаш шрифті кесуші, 1-разряд

      801. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі графика негізіндегі ағаш шрифттерді және гарнитураларды, оюлар мен әшекейлерді өңдеу бойынша жекелеген операцияларды орындау;

      шрифті сіңдіру және сүрту;

      болванкаларды сұрыптау.

      802. Білуге тиіс:

      шрифт өнімін жасауға қолданылатын ағаштардың тұқымы;

      сіңдіретін құрам компоненттерінің мөлшерін;

      шрифт кеглдері;

      сүртуге арналған аспаптардың құрылғысы.

      Параграф 2. Ағаш шрифті кесуші, 2-разряд

      803. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі графикалық негіздегі ағаш шрифттер мен гарнитураларды, сондай-ақ оюлар мен әшекейлерді жасау жөніндегі жекелеген операцияларды орындау.

      804. Білуге тиіс:

      гарнитураларды сызу;

      өлшеудің типографты жүйесі;

      ағаш шрифттерінде бар ағаш ақауларының түрлері;

      шрифт ақауының түрлері;

      литер ұяшығын құрастыру ережесі;

      литер ұяшығын өлшеуге арналған шаблондарды жасау тәсілдері;

      суреттер мен орнаменттерді кесу тәсілдері;

      қолданылатын құралды пайдалану ережесі;

      шыны қағаздың сорттары;

      ажарлау станогының құрылғысы.

      805. Жұмыс үлгілері:

      1) дайындамалар – литер очкосы контурының шаблондары бойынша белгілеу;

      2) шрифт – литер очкосы контурының өңдеу, егелеу, түзету және надфильмен тазалау; литерлерді кеглдері, мемлекеттік стандарты, алфавиті және тілі бойынша бөлшектеу және таратып салу; ажарлағыш станокта ұяшықты ажарлау.

      Параграф 3. Ағаш шрифті кесуші, 3-разряд

      806. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі графикалық негіздегі ағаш шрифттер мен гарнитураларды, сондай-ақ оюлар мен әшекейлерді жасау жөніндегі жекелеген күрделі операцияларды орындау;

      штампылау престе пуансондарды орнату және ауыстыру;

      штамп престері мен циркульді араларды реттеу, тазалау және майлау.

      807. Білуге тиіс:

      ағаштан жасалған шрифт өніміне қойылатын техникалық шарттар;

      бұрыштарды штампылауға арналған пуансондар;

      штампылау престерін реттеу тәсілдері;

      ағаш шрифттерді аралау үшін араларды қолдану ережесі.

      808. Жұмыс үлгілері:

      1) шрифт – ұяшықты өлшегеннен кейін шеттерін аралау; акценттер мен сигнатураларды кесу; шетжақтардан және очко жағынан фаскаларды түсіру; дайындамаларды кегл және белгі ені бойынша аралау; белгі бұрыштарын штампылау.

      Параграф 4. Ағаш шрифті кесуші, 4-разряд

      809. Жұмыс сипаттамасы:

      ағаш дайындамаларын және әр түрлі графика негізіндегі шрифтер мен гарнитураларды, оюлар мен әшекейлерді жасау бойынша ерекше күрделі жекелеген операцияларды орындау.

      810. Білуге тиіс:

      шеткі фрезалар мен көшіру инелерінің типтері;

      бұрауға арналған құралды қолдану және ағаш шрифті өңдеу ережесі;

      өлшегіш құралды, қайрауға арналған құрылғылар мен аспаптарды қолдану ережесі.

      811. Жұмыс үлгілері:

      1) шрифт – обзолдарды кесу; белгілердің фрезерленбеген бұрыштарын кесу; литерлердің жақтарын кегл және ені, шетжақтары және ұзындық өлшемінің жазықтығы бойынша фрезерлеу; ойма машиналары мен фрезерлі станоктарда белгінің ұяшығын фрезерлеу.

      104. Дәлдеуші

      Параграф 1. Дәлдеуші, 5-разряд

      812. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы престе 16 және жоғары тармақты болат немесе мыс матрицалардың ұяшықтар пуансонмен өрнектеу және матрицаларды түзетуші;

      матрицаның жақтарына параллельдікті беру;

      ұзындығы бойынша салыстыру және келтіру;

      ұяшықтың қисықтығын, салмақ асыруын және дұрыс қалпын тексеру;

      гальванопластикалық тәсілмен алынған матрицаларды дәлдеу;

      төгетін қол станогында шрифт өнімдерін сынама төгу;

      қысымының берілген тереңдігіне арнайы престі баптау;

      кескіштерді ауыстыру және қайрау;

      матрицалардың сапасын тексеру.

      813. Білуге тиіс:

      өлшеудің типографтық жүйесі; шрифт гарнитуралары;

      матрицаларды дәлдеуге арналаған құралдар мен құрылғыларды, өлшегіш құралдар мен аспаптарды қолдану ережесі;

      матрицаларды дайындау кезінде қолданылатын жабдықтарды реттеу тәсілдері;

      матрицаларға қойылатын техникалық талаптар.

      Параграф 2. Дәлдеуші, 6-разряд

      814. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы престе 16 тармаққа дейін болат немесе мыс кеглдердің ұяшықтарын пуансонмен өрнектеу және матрицаларды дәлдеу;

      гальванопластикалық тәсілмен алынған матрицаларды дәлдеу;

      төгетін қол станогында шрифт өнімдерін сынама төгу;

      қысымының берілген тереңдігіне арнайы престі баптау;

      кескіштерді ауыстыру және қайрау;

      матрицалар мен пуансондардың сапасын тексеру.

      815. Білуге тиіс:

      шрифт құю матрицаларын жасау үшін пуансондарға қойылатын техникалық талаптар;

      матрицаларды жасау үшін қолданылатын металдың қасиеті және болат маркасы.

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының
(55-шығарылым) қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Р/с

Кәсіптердің атауы

Разряд диапазондары

Беті

1.

Бейімдеуші

1-2

2

2.

Қоламен зерлеуші

1-3

107

3.

Брошюра жасаушы

1-4

147

4.

Баспа қалыптарын вулканизациялаушы

2-5

29

5.

Таңдаушы

1-3

3

6.

Гальванотипист

3-7

30

7.

Гильошир

4-8

34

8

Баспа формаларын оюшы

3-8

36

9.

Шрифті оюшы

4-6

199

10.

Бояу үйлестіруші

3-6

4

11.

Қалып жинақтаушы

2-3

41

12.

Баспалық қалыптарды жинақтаушы

1-3

42

13.

Жартылай фабрикаттар және дайын өнімді бақылаушы

2-5

6

14.

Баспалық қалыптарды көшірмелеуші

3-7

42

15.

Корректор

2-6

46

16.

Кітаптарды ерекше тысқа орау автоматының машинисі

3

150

17.

Кесінді тыстарды дайындау автоматының машинисі

3

151

18.

Кітаптарды дайындау жөніндегі автоматты желілердің машинисі

3-6

151

19.

Ноталарға және сурет салу альбомдарына арналған дәптерлерді жасау жөніндегі автоматты желілердің машинисі

3-6

153

20.

Тігінсіз бекіту агрегаттарының машинисі

4-6

156

21.

Мекенжайға жіберу машинасының машинисі

2

10

22.

Алфавит машинасының машинисі

2

157

23.

Блок өңдейтін агрегаттың машинисі

3; 5

158

24.

Салу-тігу-кесу агрегатының машинисі

3-5

159

25.

Іріктеу машинасының машинисі

3-4

10

26.

Шабу-буып-түю агрегатының машинисі

3-5

160

27.

Каландр машинисі

2-3

162

28.

Кітап салғыш машинаның машинисі

2-4

162

29.

Конверт машинасының машинисі

3-5

164

30.

Жабу машинасының машинисі

3

165

31.

Қаптама жасайтын машинаның машинисі

3-6

166

32.

Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі

2-5

168

33.

Сызу машинасының машинисі

2-3

170

34.

Кітаптарды футлярға салу машинасының машинисі

2; 4

171

35.

Желімдеу-каптал машинасының машинисі

3-4

171

36.

Іріктеу-тігу машинасының машинисі

3-5

172

37.

Желімдеу машинасының машинисі

2-5

174

38.

Пленканы престеу машинисі

2-4

176

39.

Кесу машинасының машинисі

2-5

177

40.

Сұрыптау автоматының машинисі

4-5

11

41.

Дәптер агрегаттарының машинисі

2-5

181

42.

Орау машинасының машинисі

2-4

12

43.

Бүктеу машинасының машинисі

2-5

182

44.

Тігін машинасы мен автоматтарының машинисі

2-5

185

45.

Монтажшы

3-5

50

46.

Қолмен теруші

2-6

52

47.

Машинамен теруші

3-6

56

48.

Теру-жол құю машиналарында теруші

4-6

59

49.

Баспа машиналарында салушы

1-3

109

50.

Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы

3-8

13

51.

Нота оюшы

5-6

61

52.

Нотографшы

3-6

62

53.

Нөмірлеуші

1-3

187

54.

Шығарушы құрылғылардың операторы

6

64

55.

Бояу станциясының операторы

3-4

17

56.

Гильош дайындау жөніндегі оператор

4-8

65

57.

Офсеттік басылым формаларын жасау жөніндегі оператор

5-6

66

58.

Фототеру автоматтары мен жүйелерінің операторы

5-7

68

59.

Цифрлық баспа операторы

7

110

60.

Жоғары басылым формаларын жасау жөніндегі электронды автомат операторы

4-6

70

61.

Терең басылым формаларын жасау жөніндегі электронды ою автоматтарының операторы

5-6

71

62.

Электронды теру және беттеу операторы

5-7

73

63.

Электронды түс ажырату операторы

5-8

75

64.

Клише өңдеуші

3-4

77

65.

Шрифт өнімін өңдеуші

2-5

201

66.

Құюшы

3-6

77

67.

Білікшеле құюшы

2-4

18

68.

Терең баспа формаларын аударушы

4-5

80

69.

Түптеуші

1-6

188

70.

Перфораторлаушы

1; 3

194

71.

Брайль баспасының баспашысы

3-4

110

72.

Жоғары баспаның баспашысы

2-8

111

73.

Терең баспаның баспашысы

2-8

120

74.

Диаграммалы баспаның баспашысы

3-5

124

75.

Металлографиялы баспаның баспашысы

4-8

126

76.

Орлов баспасының баспашысы

3-8

128

77.

Басу-ойып жазу автоматының баспашысы

2-5

130

78.

Жазық баспа баспашысы

2-8

132

79.

Қаңылтырға басу баспашысы

3-6

139

80.

Баспашы-өрнек салушы

1-6

195

81.

Трафарет баспаның баспашысы

2-4

141

82.

Флексография баспаның баспашысы

3-6

143

83.

Эстамп баспашысы

4-6

145

84.

Терең баспа формалық цилиндрлерін жылтыратушы

3

81

85.

Препараторшы

1-4

19

86.

Престеуші

2-3

22

87.

Машиналар мен агрегаттарда қабылдаушы

2

23

88.

Қабылдаушы-жөнелтуші

2

24

89.

Жоғары баспа сынаушысы

2-5

81

90.

Жазық баспа сынаушысы

2-6

83

91.

Ағаш шрифті кесуші

1-4

203

92.

Ретушер

2-7

87

93.

Штемпель құрастырушы

1-2

24

94.

Стереотипер

2; 4-6

90

95.

Есепші

1-4

25

96.

Клишелерді күйдірмелеуші

2; 4-6

95

97.

Терең баспа фораларын күйдірмелеуші

4-6

97

98.

Трафаретші

3-5

99

99.

Фотограф

3-7

100

100.

Фотоцинкограф

5-6

104

101.

Хромолитограф

5-6

106

102.

Литосфетті формаларды ажарлаушы

3

107

103.

Электрофотограф

3-5

27

104.

Дәлдеуші

5-6

205


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады