"Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы" омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8417 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 855 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.12.2016 № 855 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен оны жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі                    Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 27 наурыздағы   
№ 88 бұйрығымен         
бекiтiлген            

«Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы»
омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы
нұсқаулық

      1. Осы «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы туралы ереженің 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Ереже) әзірленді және «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттауды нақтылайды.
      2. «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісімен (бұдан әрі – Омырауға тағатын құрмет белгісі) Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар кен орындарын алғаш ашушы деп танылған жеке тұлғалар марапатталады.
      3. Омырауға тағатын құрмет белгісімен тұлғаларды марапаттау туралы шешім жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Тұлғаларды Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар кен орындарын алғаш ашушы деп тану туралы шешімі негізінде қабылданады.
      Омырауға тағатын құрмет белгісімен тұлғаларды марапаттау туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      4. Омырауға тағатын құрмет белгiсiн тапсыруды уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша марапатталатын адам жұмыс iстейтiн еңбек ұжымындағы заңды тұлғалардың басшылары салтанатты жағдайда жүргiзедi. Тапсыру «Геолог күні» кәсіби мерекесі немесе марапатталатын тұлғаның мерейтойлық күнiне қарсы орайластырылады.
      Омырауға тағатын құрмет белгісінің сипаттамасы осы Нұсқаулықтың  1-қосымшасында келтіріледі.
      5. Омырауға тағатын құрмет белгісімен бірге марапатталатын тұлғаға осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес Диплом беріледі.
      6. Омырауға тағатын құрмет белгісінің телнұсқасы жоғалғанның орнына қайта берілмейді.
      7. Омырауға тағатын құрмет белгісіне берілген Диплом жоғалған жағдайда марапаттаған уәкілетті органның сұрауы бойынша Дипломның телнұсқасы беріледі.

«Қазақстан Республикасының  
кен орнын алғаш ашушы»     
омырауға тағатын құрмет белгісімен
марапаттау туралы нұсқаулыққа
1-қосымша          

«Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы»
омырауға тағатын құрмет белгiсiнiң сипаттамасы

      «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» омырауға тағатын құрмет белгісі диаметрі 30 миллиметр шеңбер түрінде және қалыңдығы 2 миллиметр сары түсті металдан (латунь) жасалады және медальді білдіреді. «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» (Первооткрыватель месторождения Республики Казахстан) омырауға тағатын құрмет белгісінің кескіні осы сипаттамаға қосымшада келтірілген.
      Медальдің бет жағында (аверс) шеңбердiң ортасында Қазақстанның аумағы сұлбасы және үстінен геолог-барлаушылар еңбегінің рәміздері: бұрғылау мұнарасы және айқасқан геологиялық балғалар бейнеленген.
      Медальдің сыртқы жағында (реверс) жалтыраған дөңес әрiптермен 4 қатарда «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» деген жазу жазылған, әріптердің мөлшері 2,0х1,5 миллиметр.
      Медальдің екі жақ шетінен ені 0,8 миллиметр, биіктігі 0,5 миллиметр дөңес жиек жасалған.
      Медаль құлақша мен сақина арқылы ені 25 миллиметр және биіктігі 15 миллиметр тікбұрыш түріндегі сары түсті металдан (латунь) көгілдір түсті муралы таспамен көмкерілген қалыппен жалғасады.
      Қалыптың сыртқы жағына қос құлыпты түйреуіш орналасқан.

«Қазақстан Республикасының 
кен орнын алғаш ашушы»   
омырауға тағатын құрмет  
белгісінің сипаттамасына қосымша

«Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы»
омырауға тағатын құрмет белгiсiнiң үлгісі

      
Аверс     М 1:1    Реверс

«Қазақстан Республикасының  
кен орнын алғаш ашушы»     
омырауға тағатын құрмет белгісімен
марапаттау туралы нұсқаулыққа
2-қосымша            

«Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы»
омырауға тағатын құрмет белгiсiнiң марапаттау туралы дипломның үлгісі

Оң жағы


Диплом

Ішкі жақ

____________________________
(органның атауы)

№ ____
«Қазақстан Республикасының
кен орнын алғаш ашушы»
______________________________
(тегі)
______________________________
(аты)
______________________________
(әкесінің аты)
Берілді _____________________
      (күні, бұйрықтың №)
Бірінші басшысы _______________
              (қолы)

М.О.

_____________________________
(наименование органа)

Диплом № ____
к нагрудному знаку
«Қазақстан Республикасының кен
орнын алғаш ашушы»
(Первооткрыватель месторождения
Республики Казахстан)
_______________________________
(фамилия)
______________________________
(имя)
______________________________
(отчество)
Выдано ________________________
 (дата, № приказа)
Первый руководитель ___________
                     (подпись)

М.П.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады