Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8555 тіркелді

      «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және МОИП-да орналастыруды;
      3) осы бұйрықтан шығатын басқа шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          С. Сарсенов

      «КЕЛІСІЛДІ:»
      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері
      агенттігінің Төрағасы
      _______________ Ә. Байменов
      2013 жылғы 14 маусым

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының      
2013 жылғы 14 маусымдағы    
№ 452 бұйрығымен бекітілді   

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің
ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету
сатысы туралы деректер енгізу қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) көрсетілетін қызметті берушілермен қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу тәртібін анықтайды.
      2. Қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізудің мақсаты халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, Бірыңғай байланыс-орталығына қызмет берушілерге жолдануы кезінде қызмет алушыларды тиісті ақпараттандыру болып табылады.
      3. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ);
      2) ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесі – ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны.
      Осы Қағидада қолданылған басқа ұғымдар мен қысқартулар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы
ХҚКО ЫАЖ-ға деректерді енгізу тәртібі

      4. Қызмет берушіде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, қызмет беруші Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелеріне сәйкес өзінің ақпараттық жүйесін ХҚКО ЫАЖ-мен ықпалдастыру жүргізеді.
      5. Қызмет берушіде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізу үшін мемлекеттік қызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда уәкілетті орган қызмет берушілерге ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесін орнатуды жүзеге асырады.
      6. Қызмет берушінің ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға қызмет алушының өтінімі бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің келесі кезеңдері ХҚКО ЫАЖ-да тіркелу және жіберілу қажет:
      1) қызмет алушыдан қабылданды;
      2) орындауға жіберілді;
      3) жұмысқа қабылданды;
      4) орындалды (өтінім бойынша жұмыстар аяқталды);
      5) берудің болжалы;
      6) жабылды (берілді немесе бас тартылды).
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңін жіберу бойынша қызмет берушінің ақпараттық жүйесінің ХҚКО ЫАЖ-мен әрекеттесуі кезінде қызмет алушының өтінімінің келесі мәліметтерін жіберу орындалады:
      1) қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      2) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      3) Мемлекеттік қызмет атауы;
      4) өтінімнің қабылдау орны;
      5) өтінімнің қабылдау күні;
      6) орындаушы;
      7) өтінімді орындаудың жоспарлы күні;
      8) орындаудың күні.
      8. ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөніндегі мәліметтер қызмет беруші уәкілетті органның электронды сандық қолтаңбамен куәландырылады.
      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының тікелей ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесі орнатылған қызмет берушіге жолданымы жағдайында, қызмет алушының өтінімі ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде қызмет берушінің жұмыскерлерімен тіркелуі қажет. Қызмет алушының барлық өтінімдерінің өңдеу және жабу мезгілдері қызмет берушімен ХҚКО ЫАЖ ішкі жүйесінде тіркелуі қажет. Осы кезде қызмет алушының өтінімінің өту кезеңі туралы ақпарат автоматты тәртіпте ХҚКО ЫАЖ-ға келіп түседі.
      ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде өтінімнің тіркелуі және орындалу кезінде қызмет берушінің жұмыскерлерінің іс-қимыл реттігінің сипаттамасы ХҚКО ЫАЖ техникалық құжаттамада көрсетілген.
      10. Қызмет алушының өтінімі қызмет берушінің ақпараттық жүйесінде немесе ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде тіркелуі кезінде өтінімді қабылдау нақты күні бекітіледі, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің жоспарлы күнін автоматты түрде есептейді.
      Қызмет алушының өтінімін одан арғы өңдеуі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кезінде қызмет алушының өтінімінің барлық кезеңдерінің өтілу нақты уақыты көрсетіледі.
      11. Қызмет алушының өтінімінің жоспарлы орындалу күні мен нақты орындалу күні сәйкес келмеген жағдайда автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткені есептеледі.
      12. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ай сайын мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер стандартымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуді орындау мерзімдерін орталық мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен, аймақтық бөлімдерімен және ведомстволық ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, қызмет берушілермен бұзушылықтар саны туралы ХҚКО ЫАЖ арқылы талдамалық есеп береді. Талдамалық есепте мемлекеттік қызметті көрсетудің бекітілген мерзімін бұзушылық саны, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер бөлігіндегі бұзушылық мерзімі көрсетіледі. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады