Байланыс формасы

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8559 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі 96-бабындағы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың Қосымшасына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізімі бекітілсін.
      2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М.Н. Ысқақовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 12 маусымдағы   
№ 162-ө бұйрығына    
Қосымша           

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізімі

      1. Ауа алқабын қорғау:
      1) технологиялық жабдықтан және шаң тозаңды сорып алатын жүйеден бөлінетін газдарды залалсыздандыру (кәдеге жарату), пайдалануға тиімді аулауға арналған шаң газ тазартқыш қондырғыларды енгізу және жөндеу, қайта жаңарту;
      2) баламалы, экологиялық таза қуат көздерін пайдаланылуымен және пайдалы іс әрекеттің жоғарғы коэффиценттігімен энергетикалық жабдықты отандық өндірумен, түтін газдарды жанарғыға шығарындысының қайта айналуымен, жылу жүйелерінің оңтайлануымен, соның ішінде жылу энергиясының қайтарымдалынуымен байланысты жинақтау жұмыстары;
      3) стационарлық және қозғалмалы көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын болдырмау және төмендету іс-шараларын орындау;
      4) өңделген газдарды бейтараптау, ластаушы заттардың шығарындыларын басу және залалсыздандыру және оларды ластанудың стационарлық және қозғалмалы көздерін атмосфераға қосу, ілеспе газдарды кәдеге жарату жөніндегі тазалау құрылғылар мен қондырғыларды, жабдықтарды әзірлеу;
      5) өңделген газдардың уыттылығын және түтіндігін түсіретін, отын ретінде этилді емес бензинді отынға қосатын заттарды енгізумен пайдаланылуымен, автокөліктерде шығарынды газдарды тазалау үшін катализаторлық конверторларды орнату, дизельді отынмен жұмыс істейтін көлік құралдарын шығарынды газдардың бейтараптануымен жабдықтау, автокөліктерді аудару, электр тартымын пайдалануды кеңейту;
      6) өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын, минералды тыңайтқыштарды және өзге де препараттарды тасымалдау, сақтау және пайдалану кезінде атмосфералық ауаның ластануының алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау;
      7) пайдалы қазбаларды өндіру, жарылыс заттарын өндіру, террикондар, үйінділер және қоқыстарды орналастыру және пайдалану кезінде ластаушы заттардың шығарындысын төмендетуді қамтамасыз ететін технологиялық үдерістерді оңтайландыру;
      8) тау-кен және жылу энергетика кәсіпорындарында, жер қойнауын пайдалану және құрылыс алаңдары объектілерінде, сонымен бірге, қалдық сақтағыштар, шлам сақтағыштар, карьерлер мен ішкі кәсіптік жолдарда шаң басу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      9) жобалық құжаттамаларда қарастырылмаған қоршаған ортаға теріс ықпалды төмендетуге мүмкіндік беретін техникалық және технологиялық шешімдерді (өзге де (баламалы) отын түрлеріне, шикізат, материалдар және басқаларға көшуді қоса) енгізу;
      10) қазіргі заманғы жабдықтарды алу, шығарынды көздерінен бөлінетін газдардағы ластаушы заттарды тиімді тазалауды, кәдеге жаратуды, бейтараптандыру, басып тастау және залалсыздандыруды қамтамасыз ететін негізгі жабдықтарды ауыстыру және қайта құру;
      11) атмосфераға ластаушы заттарды шығаруда, соның ішінде жылжымалы көздер үшін де, отынның жану режимін оңтайландыруды (қолданылатын отынның сапасын, отындық баланстың құрылымын өзгерту), уытты заттарды төмендетуді (соның ішінде мырыш, азот тотығының қосылыстарын) қамтамасыз ететін технологиялық шешімдерді енгізу;
      12) парник газдарына шығарындылар көлемін қысқартуға және (немесе) парник газдарын игерілуінің көбеюіне бағытталған іс-шараларды енгізу;
      13) озон қауіпсіз заттарды пайдалану жолымен, озон бұзатын заттарды пайдалануды төмендету;
      14) көздердегі ластаушы заттар шығарындыларына және тұрғын санитариялық-қорғаныш аймағы шекарасындағы атмосфералық ауа сапасына автоматты мониторинг жүйесін енгізу;
      15) шаң газ орнататын қондырғылар жұмысының тиімділігін жоғарылату (олардың модернизациялауын, жаңартуын қоса) және оларды автоматты басқарма жүйесін енгізуімен бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықтандыру;
      16) қазіргі заманғы жабдықтарды алу есебінен бақыланатын құрамдары спектрінің кеңейтуімен атмосфералық ауа жағдайын бақылау посттарының құрылысы, модернизациясы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелеріне ақпарат берудің жергілікті желіні енгізуімен.
      2. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану:
      1) бөлінген судың сапалы құрамын жақсартуды қамтамасыз ететін тазалау құрылғыларының іс-шараларын және салуын ұйымдастыру, жергілікті тазалау имараттарының құрамында (шоғырлау сыйымдылығы, тұндырмалар, суды аэрациялау үшін имараттар мен құрылғылар, пестицидтерді ұстап қалу үшін экрандар) кіші резервті сыйымдылық жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бағдарламаларды іске асыру;
      2) кіші өзендер ағысын реттеу, олардың арнасын немесе су айдынының табанын тазалау, кіші өзендер және көлдер бассейндер экожүйесінің оңтайлы өмір қызметін қамтамасыз ету үшін уақытында су жіберуді, сондай-ақ лайланудың алдын алу, оңтайлы гидрологиялық режимді және кіші көлдер мен өзендердің санитарлық жағдайын ұстап тұру жөніндегі өзге іс-шараларды жүзеге асыру;
      3) ластануды және зиянды әсердің алдын алуға бағытталған табиғи су объектілеріне ағынды суларға төгу көлемін төмендету мақсатында өндіріс үдерістерін жетілдіру;
      4) су ресурстары қоқыстанудың, ластанудың және тозудың алдын алуға бағытталған технологиялық, гидротехникалық, санитарлық және өзге де іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
      5) құрылыс, қайта құру, жетілдіру:
      ағынды суларды тазалау және қайта тазалау жөніндегі құрылғыларын, сұйық қалдықтарды және кубтық қалдықтарды қайта өңдеу;
      су айдының су жинақтағыш алаңында, сондай-ақ ұлттық саябақ, курорттар мәртебесі бар аумақтарда орналасқан кәсіпорындар үшін тазалау қондырғыларын және канализация жүйесін;
      жабық циклдары бар сумен қамтамасыз ету жүйесін, гидрологиялық күлді жою және гидрологиялық шламдарды жою жүйесін, судың өндірістік тағайындалу және қайта пайдаланудың айналма жүйесін қоса алғанда;
      гидротехникалық және өзге де өндірістік мақсаттар үшін су сақтағыштардан өзге, арнайы реттейтін су сақтағыштарды;
      техногенді ластануға шалдыққан грунтты және жер асты суларын тазалау құрылғылары;
      жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін белгіленген нормативтерге дейін оларды тасымалдау және тазалау жүйесімен шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту жөніндегі құрылғылар;
      тазалаудың механикалық, биологиялық және физика - химиялық әдістеріне негізделген тазалау имараттары, ағынды суларды қайта тазарту имараттары, ағынды сулардың қабылдауыштар мен шығаруларын;
      дренажды, шахталық және жауын суларды, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық ағынды сулар мен қалдықтарды (шлам сақтағыштарды, тұндырмаларды, күл үйінділерін, парлау - тоғандарын) тасымалдау үшін желілерді;
      6) тасталған және қызметсіз тұрған ұңғымаларды жою, тапмонаж немесе өзі төгілетін артезиандық ұңғымалардың крандық реттеу режиміне ауыстыру;
      7) апатты су шаруашылығы имараттарын қайта қалпына келтіру және қайта құру, нормативтік сапасына дейін тазалау және сумен қамтамасыз етудің айналма жүйесін және жергілікті тазалау имараттарын салу жолымен дренажды және жауын суларын, шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды технологиялық мақсаттар үшін қайта пайдалану, техникалық қажеттілікке ауыз суды пайдалануды қысқарту жөнінде іс-шараларды енгізу;
      8) ағынды сулар жинақтағыштарын, жер асты суларының ластану ошағын, тарихи ластанулар мен су ресурстарына теріс ықпал ету көздерін жою, су объектілеріне теріс әсерінің салдарын төмендету үшін ластану саласында демеркуризациялау;
      9) трансшекаралық өзендер бассейнінде сандық - сапалық сипаттамаларға мониторинг желісін кеңейту;
      10) тұтынылатын және төгілетін судың сапасына автоматты мониторинг жүйесінің енгізілуі;
      11) қойма соңдары, шахталар және штольнялардан үстіңгі және жер асты сулардың ластануын алдын алу бойынша іс-шараларды орындау;
      12) қазіргі заманғы жабдықтарды алу есебінен бақыланатын құрамдары спектрінің кеңейтуімен атмосфералық ауа жағдайын бақылау посттарының құрылысы, модернизациясы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелеріне ақпарат берудің жергілікті желіні енгізуімен.
      3. Жағалау маңына және су экожүйесіне ықпал етуден қорғау:
      1) антропогендік қызмет нәтижесінде туындайтын, теңіздер деңгейінің тербелісімен, немесе апаттармен негізделген табиғи сипаттағы салдардан су ортасын қорғау жөніндегі іс-шараларды енгізу, Каспий теңізінің жағалау аймағында суға батқан ұңғымаларды консервациялау жөнінде қорғау іс-шараларын орындау;
      2) өзен, су айдыны, порттар акваториясынан мұнай, мазут, қоқыс және өзге де сұйық және қатты қалдықтарды жинау жөнінде:
      кемелерден шаруашылық-тұрмыстық және өзге де ағынды суларды, сондай-ақ кәдеге жарату, қоймалау және тазалау үшін қоқысты қабылдау үшін жағалау имараттары құрылғыларын және жабдықтарын салу, қайта құру, жетілдіру;
      3) су объектілеріне теріс әсер көрсетіп келе жатқан, құрғақ жерде тұрған ластаушы көздерін консервациялау немесе толық жою;
      4) өзендер мен су қоймаларында жағалауларды нығайту жұмысын өткізу жөніндегі іс-шараларды орындау.
      4. Жер ресурстарын қорғау:
      1) қоршаған ортаны ластайтын иесіз өндіріс объектілерін түгендеу және жою;
      2) жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жерлерді аймақтарға бөлу жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ олардың жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды өткізу;
      3) тозған жерлерді, шаруашылық және басқа да қызметтерден бұзылған және ластанған жерлерді рекультивациялау – топырақты және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру, қайта өндеу және құнарлығын арттыру, оны шаруашылық іріктеуге уақытылы тарту, жердің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізген кезде топырақтың құнарлы қабатын алып тастау, ақтау және пайдалану;
      4) жерді таусылудан, тозудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясының кері әсерінен, күшті су тасқындарынан, батпақтанудан, сазданудан, қайта сортаңданудан, құрғаудан және тығыздалудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан қорғау;
      5) эрозияға қарсы гидротехникалық имараттарды салу, қайта құру, жетілдіру, қорғау орман жолақтарын құру, жыраларды бекіту, дөңгелек баурайларды террасалар;
      6) тарихи ластануларды жою, жер ресурстарының ластану көздерін оқшаулау және демеркуризациялау;
      7) табиғи құнарлықты қалпына келтіруге немесе топырақтың гумусын арттыруға бағытталған іс-шараларды орындау.
      5. Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану:
      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыстарды өткізген, мұнайды, газды жер астында сақтаған, зиянды заттарды және өндіріс қалдықтарын көмген, ағынды суларды жер қойнауына шығарындылар кезінде жер қойнауының ластануын алдын алу жөніндегі іс-шараларды енгізу;
      2) ұнғымаларды игеру және келесі пайдалану, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын және ағынды суларды кәдеге жарату кезінде мұнайдың, судың және газдың қабат аралық ағыстары салдарынан жер асты сулары ластануының алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу;
      3) жер қойнауына кері әсер көздерін түгендеу, консервациялау және жою;
      4) жер қойнауын ұтымды пайдалану жөніндегі технологияларды, минералдық шикізатты байыту, сақтау және тасымалдау ресурсүнемдеуіш технологияларын енгізу және жетілдіру.
      6. Флораны және фаунаны қорғау:
      1) орман экожүйелерін қорғау, ормандылықты, орман аңшылық орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, ормандар мен жануарлар әлемі өнімділігінің есебін жүргізу және биологиялық негіздеу, орман экожүйелерінің оңтайлы биологиялық әртүрлілігін сүйемелдеу;
      2) ұлттық және халықаралық маңызы бар қорғалатын аумақтарда (ландшафттық парктері, парктік және сарайлар маңындағы парктік кешендер) биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау және сүйемелдеу;
      3) табиғи ландшафттардың және табиғи мекендерінің жұмыс істеу табиғи шарттарын сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізу, өсімдіктер мен жануарлардың жойылу қаупі төнген және қырылу шегіндегі түрлері (түр тармақтарын, популяцияларды) қырылуының алдын алу жөніндегі шараларды қолдану;
      4) ұлттық өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарының қоймасын салу, шаруашылық және басқа да қызметтердің нәтижесінде олардың жұмыс істеу шарттарының кері салдарына жол бермей майда организмдердің, өсімдік және жануарлар әлемінің, сондай-ақ табиғи экожүйелердің биологиялық әртүрлілігін, барлық көптүрлілігін сақтау;
      5) жабайы жануарлардың өсімін молайту (биотехникалық іс-шаралар, оның ішінде жабайы аңдар мен құстарды жаңа жерлерге орналастыру, жабайы жануарлармен құстарды өсіру жөніндегі питомниктер мен фермаларды құру, сондай-ақ олардың өмірлік іс-әрекеттері үшін азық дайындау);
      6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын көгалдандыру, кәсіпорындардың аумақтарында, ауруханалардың, мектептердің, бала мекемелерінің айналасында және босатылатын аумақтарда, шөлейттену және басқа да кері экологиялық факторларға ұшырама жерлерде жасыл екпелердің, отырғызындылардың ауданын арттыру;
      7) қорғалатын табиғи аумақтарда демалыс шипажай аймақтарын және туристтік орталықтарды дамытқан кезде экологиялық теңдестікті сақтау (рекреациялық аумақтар аудандарын дамыту жоспарын әзірлеу, қазіргі заманғы полигондарды, канализациялық коллекторларды және тазарту имараттарын салу, қазандықтарды отынның экологиялық таза баламалы түрлеріне ауыстыру);
      8) орман қорын қорғау және қайта өсіру жөніндегі жұмыстарды өткізу, аумақтарды орман өрттерінен кейін реабилитациялау және ормандарды қалпына келтіру;
      9) биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау, қайта құру және ұтымды пайдалану.
      7. Өндіріс және тұтыныс қалдықтарымен жұмыс істеу:
      1) байыту қалдықтарын, аршылым және сиятын жыныстарды қайта өңдеу оларды бұзылған және ластанған жерлерді техникалық кезеңдерді қайта өңдеуді жүргізу мақсатында, имараттарды және қорғаныс бөгеттерін карьерлік жолдарына төгу үшін карьер үйінділерін және шахтаның бос қазымдауларын толтыру;
      2) жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, қалдықтардың, соның ішінде иесіз кезкелген түрлерін өңдеу және пайдалану бойынша технологияларды енгізу;
      3) зауыттарды, цехтарды және өндірістерді қайта құру, салу, жабдықтарды алу және пайдалану:
      қалдықтардың кезкелген түрлерін полигондар үшін қоймалау;
      өндіріс қалдықтарын көму және кәдеге жарату және қолдану,қайта өңдеу, сұрыптау, жинау, тасымалдау бойынша;
      материалдық ресурстарды қайталама өңдеу және жинау бойынша;
      ластанушы суқоймалар немесе жер асты суларын, сұйық өндірістік қалдықтарды жою, жинау, тасымалдау, қайта өңдеу туралы;
      өндіріс қалдықтарынан пайдалы компоненттерді алумен байланысты дайын өнімді немесе шикізатты алу туралы (техногенді минералдық, металлургиялық шлактардың, күл шлактардың, аршылым және сиятын жыныстарды, қалдықтарды байытуды қайта өңдеу);
      4) тиым салынған және жарамсыз болған пестицидтердің және олардың ыдыстарын жою және бейтараптау;
      5) түзілімдердің мөлшерін азайтуға бағытталған технологиялық үрдістерді және жабдықтарды жетілдіру, қайта құру;
      6) өндірістік, қатты тұрмыстық және өзге қалдықтармен ластану нәтижесінде бұзылған жерлерді қайта өңдеу, дер кезінде жүргізу, олардың ары қарай пайда болуын болдырмау, санкцияланған(стихиялық) үйінділерін және тарихи ластаушыларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
      7) тұрақты органикалық ластаушылар құрамына кірмейтін жарамсыз болған пестицидтердің және олардың ыдыстарын көму жөніндегі іс-шараларды орындау.
      8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік:
      1) иондаушы сәулеленудің ампульді көздерін қайта көму, көму, коммуналды жекеменшіктік кәсіпорындарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, бұрынғы әскери объектілерді, банкрот кәсіпорындардың радиоактивті қалдықтарын түпкілікті көму;
      2) қоршаған орта объектілерінің радиоактивті ластануын айқындау мақсатында астана, республикалық мәні бар қалалар, облыстар аумақтарына радиоэкологиялық тексерулер жүргізу;
      3) радиоактивті ластану ошақтарын қатерсіздендіру (топырақ табаны, тау рудалық үйінділер, темір-терсек), ионданушы сәулелер көздері және радиоактивті қалдықтарды көму;
      4) радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау орындарын және радиоактивті қалдықтарды көму орындарын салу;
      5) атом энергиясының көздерін және ионданушы сәулелер көздерін пайдалану қызметін жүргізетін ұйымдармен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындау;
      6) радиоактивтік, уыттылық кәсіпорындық қалдықтарды көму аумақтарын оңалту, төзімді органикалық ластаушыларды пайдаланудан шығару, табиғат ортасының биологиялық ластануының алдын алу;
      7) күкірттің жиналған мөлшерін қайталама өңдеу және жою;
      8) радиациялық кернеулікті төмендету мақсатында тарихи ластану қалдықтарын қосқанда ескерілген және ескерілмеген радиация көздерін жою.
      9. Басқару жүйелерін және ең жақсы қауіпсіз технологияларды енгізу:
      1) табиғи ресурстарды қолдану кезінде экологиялық таза су үнемдеу, топырақ сақтау технологияларын және мелиоративтік іс-шараларды енгізу, қоршаған ортаға ластаушы заттардың эмиссияларын төмендетуді қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы техникалық және технологиялық шешімдерді жетілдіру;
      2) өндіріс қалдықтарын тазалау және жою, минералды шикізатты тасымалдау және сақтау, байытудың экологиялық таза ресурс үнемдеуіш технологияларын енгізу;
      3) ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген ілгерілелік, серпінді және тиімді технологиялық шешімдерді енгізу, өндірістік процестерде осы заманғы жабдықтарды және технологияларды қолдану (жаңғыртылған және энергияүнемдеуіш технологияларында орналасқан кәсіпорынды қосқанда, жылу энергоресурстар шикізаттарының түрлері және көздерінің өзгеруі), экологиялық таза(биоэтанол және басқалар) ретінде сипатталатын баламалы энергияүнемдеуіш көздеріне өту;
      4) ғарышта және жерде орналасқан байқаудың жаңа жүйелерін дамыту, серіктік байқау жүйелерінің мәліметтерімен алмасу;
      5) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстар және қызмет көрсету, сапа және өндіріс жүйесі, өнімді сертификациялау, неғұрлым тиімді басқару есебінен табиғатты қорғау талаптарын орындау саласында сертификацияларды және белгілерді енгізу;
      6) мемлекеттік экологиялық сараптамаға сәйкес технологияларды қолдану.
      10. Ғылыми-зерттеулік, ізденушілік және өзге әзірлемелер:
      1) қоршаған ортаның аялы жай-күйін анықтау үшін экологиялық зерттеулерді жүргізу, экожүйеге өнеркәсіп қызметінің мүмкін болатын жағымсыз әсерін анықтау және қоршаған ортаны ластауды төмендету жөніндегі іс-шаралардың бағдарламасын және жоспарын әзірлеу;
      2) шаруашылық қызметпен шарттасқан әдістер және табиғат объектілерін жағымсыз әсерлерден қорғау құралдарын, ілгерілік және серпінді табиғатты қорғау технологияларын, кәсіпорындар және объектілер, имараттар, қондырғылар, табиғатты қорғау жабдықтарын құру жөніндегі ізденушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
      3) тектік қор және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ғылыми, ізденушілік жұмыстарды жүргізу;
      4) табиғи сулар, топырақ және ландшафтты сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін табиғатты қорғау іс-шараларының құрамын негіздеу жөніндегі ізденушілік жұмыстарды жүргізу;
      5) әскери аумақтарда орналасқан және ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарға радиоэкологиялық жағдайды мониторингілеу және зерттеу, әскери-сынақ полигондардың аумағында кешенді гидроэкологиялық және геоэкологиялық зерттеулерді жүргізу;
      6) ауада, суда және топырақта зиянды қоспаларды анықтау жылдам әдістерін әзірлеу;
      7) өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату және тұтыну, өнеркәсіп кәсіпорындарының ағын суларын және бөлінетін газдарды тазалау үшін қондырғыларды және жоғары тиімділікті жүйелерді және дәстүрлі емес әдістерді әзірлеу;
      8) түзілген қалдықтарды кәдеге жарату арқылы шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ететін құралдар және реагенттер, жабдықтар, технологиялық процестерді әзірлеу;
      9) организмдердің қосылыстары үшін ауыр металдардың және ксенобиотиктер - бөгде денелердің табиғи ортаға түсуінің алдын алу мақсатында қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру әдістерін жетілдіру (өндірістік ластаушылар, пестицидтер, тұрмыстық химияның препараттары, дәрі-дәрмектер);
      10) су ресурстарын қорғау саласындағы нормативтердің және шаруашылық өндірістік қызметтерге тартылған, теңіз кемелерінде кеме қатынасы режимдерінің, су шаруашылығы баланстарының сұлбаларын әзірлеу;
      11) табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттардың, сапалы және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер және талаптар) әзірлеу, экологиялық ғылыми-зерттеулік жұмыстарды жүргізу;
      12) уран өндіру кәсіпорындарын радиоэкологиялық бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
      13) қоршаған табиғи ортаға атом электр станцияларының әсерін бағалау жөніндегі кешенді зерттеулерді жүргізу;
      14) трансшекаралық су объектілерін басқару моделін әзірлеу;
      15) су объектілерін тазалаудың ғылыми кешенді негізделген гидротехникалық, химиялық, биологиялық және ихтиологиялық әдістерін әзірлеу.
      11. Экологиялық ағарту және насихат;
      1) экологиялық ағартумен және насихатпен шұғылданатын мамандардың біліктілігін көтеру;
      2) табиғатты қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын тарту үшін қоршаған ортаны қорғау саласында ақпаратты тарату, сайттарды ашу, ақпараттық жүйелерді дамыту және құру;
      3) экологиялық оқу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі семинарлар және ғылыми-тәжірибелік конференцияларды жүргізу және ағарту бағдарламаларын жүзеге асыру, кадрлар дайындау саласында бірлескен бағдарламаларды іске асыру. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады