Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 01 шілдедегі № 200-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 126/НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8617 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.06.2015 № 462 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. «Табиғи монополиялар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымдағы № 139-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 204 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7766 тіркелген, «Казахстанская правда» № 282-283 (27101-27102) және «Егемен Қазақстан» № 540-545 (27618) 2012 жылғы 23 тамызда № 98-99 (25945) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Аламан):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды               Премьер-Министрінің
      реттеу агенттігінің                 бірінші орынбасары -
      төрағасы                            Қазақстан Республикасының
                                          Өңірлік даму министрі
      ______________М. Оспанов            _____________ Б. Сағынтаев

      2013 жылғы «___» _________          2013 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы Табиғи     
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 01 шілдедегі № 200-НҚ және 
Қазақстан Республикасы           
Премьер - Министрінің бірінші орынбасарының
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму   
министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 126/НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген     

Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік
аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

       1. Осы Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Өлшемдер тәуекелдердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын айқындайды, олардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі – Субъектілер) бағалау және тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.
      3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын Субъектілерге (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) қатысты жоспарлы тексерулер олар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл өткен соң жүргізілуі мүмкін.
      4. Осы Өлшемдерде тәуекел деп тексерілетін Субъектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне тарифті негізсіз көтеру, реттеліп көрсетiлетiн қызметтерді ұсынудан заңсыз бас тарту, тұтынушыларды кемсіту және өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздер) жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы танылады және оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріледі.
      5. Субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлу мақсатында тәуекелдерді бағалау осы өлшемдерге қосымшаға сәйкес Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштерінің (бұдан әрі – Сапалық көрсеткіштер) негізінде жүзеге асырылады.
      6. Соңғы тексеру сәтінен бастап Сапалық көрсеткіштерде көрсетілген әрбір бұзушылық фактісі бойынша (оның ішінде жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған) ол болған жағдайда тиісті балл беріледі, ол кейін қосылады және тәуекелдер дәрежесін бағалау кезінде ескеріледі.
      Егер Субъектінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштердің әсеріне тап болған жағдайда, онда балдар қосылады.
      7. Сапалық көрсеткіштер бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.
      8. Жиынтық қорытындының нәтижелері Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін пайдаланылады.
      9. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобына - 30 және одан көп балл;
      тәуекелдің орташа дәрежесінің тобына - 20 бал;
      тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобына - 10 бал жинаған Субъектілер жатады.
      10. Егер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы қандай да бір бұзушылықтар Субъектінің табыс (түсім) алуына әкелген жағдайда, онда осындай Субъект берілген балдың жиынтығына қарамастан жоғарғы тәуекел деңгейіне жатқызылады.
      11. Жоспарлы тексеруден өткен Субъектілер оларды келесі күнтізбелік жылдың тәуекелдер дәрежелеріне бөлу мақсатында Сапалық көрсеткіштердің негізінде тәуекелдерге қайтадан бағалануға тиіс.
      12. Жоспарланып отырған тексерулердің саны Субъектілердің тәуекелдеріне жүргізілген бағалаудың нәтижесіне және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның тексерулерге қатысатын лауазымды тұлғалары санына сүйене отырып белгіленеді.
      13. Уәкілетті орган тәуекелдің бір тобының ішінен Субъектілерді іріктеуді мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырады:
      1) тексеру жоспарына неғұрлым ұзақ уақыт кезеңінде тексерілмеген Субъект кіреді (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде, жоспардан тыс тақырыптық тексерулер ескерілмейді);
      2) тексерулер жоспарына неғұрлым көп балл жиынтығын алған субъектілер енгізіледі.

Табиғи монополиялар саласындағы 
жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымша

Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Талаптардың бұзылуы

Балдар беру шарты

Балдар

1

Табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға ақпаратты, есепті табыс етпеуі не ақпаратты, есепті белгіленген мерзімдерін бұза отырып табыс етуі (заңнама бұзушылығының әрбір фактісі үшін 10 балл беріледі).

иә

10

жоқ

0

2

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтар (1,3-тармақтарда көрсетілген бұзушылықтарды қоспағанда) (заңнама бұзушылығының әрбір фактісі үшін 20 балл беріледі).

иә

20

жоқ

0

3

Негізсіз табыс (түсім) алуға әкелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасы бұзушылықтар (заңнама бұзушылығының әрбір фактісі үшін 30 балл беріледі).

иә

30

жоқ

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады