Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8676 тіркелді

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-К бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 қарашада № 5008 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1480) санында жарияланған);
      2) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 153-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 шілдеде № 5718 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1546) санында жарияланған).
      3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Орынханов

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының 
2013 жылғы 8 тамыздағы 
№ 324 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Осы бұйрықтың және оның қосымшасының барлық мәтіні бойынша «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық» деген сөздері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі» сөздерімен, ал «Нұсқаулық» деген сөз «Көтермелеу» деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Көтермелеу) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес әзірленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Көтермелеу білім және ғылым жүйесі, білім және ғылым саласындағы басқа да ұйымдар қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
      3. Қызметкерлерді еңбектегі табыстары, білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу түрлері белгіленеді:
      1) осы Көтермелеудің 1-қосымшасына сәйкес "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі;
      2) осы Көтермелеудің 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі;
      3) осы Көтермелеудің 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі;
      4) осы Көтермелеудің 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы;
      5) осы Көтермелеудің 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғысы.

2. Марапаттау материалдарын қарау және беру (айыру) тәртібі
(ведомстволық наградалардан)

      4. Білім және ғылым саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдар мен мекемелердің ұсынысы;
      2) осы Көтермелеудің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі марапаттау парағы;
      3) ғылыми (педагогикалық) кеңес, алқа шешімдерінен үзінді (жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен мекемелер үшін).
      Ұсыныс хатқа және марапаттау парағына кандидатураны ұсынып отырған мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
      5. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары марапаттау материалдарын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ұсынады.
      6. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен мекемелер Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына марапаттау материалдарын осы Көтермелеудің 8-тармағында белгіленген мереке даталарынан күнтізбелік отыз күн бұрын жолдайды.
      Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары алынған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде марапаттау материалдарын Министрліктің кадр қызметіне ұсынады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, республикалық білім беру ұйымдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар Министрлікке марапаттау материалдарын ұсынады.
      8. Білім және ғылым саласындағы қызметкерлерді марапаттау туралы ұсыныстар Ұлттық мереке – «Тәуелсіздік күнін», кәсіби мерекелер – «Ғылым қызметкерлері күнін», «Білім күнін», «Еңбек күнін» және «Мұғалім күнін» мерекелеу жағдайы бойынша қаралады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Марапаттау материалдары Министрліктің Ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қаралады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және Министрліктің Жауапты хатшысының қарауына енгізіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Төсбелгімен, Министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттау, Министрліктің Алғысын жариялау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Комиссия білім саласы қызметкерлерін көтермелеуге объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде құрылады. Комиссияның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
      12. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде білім және ғылым саласы қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс енгізілген сәттен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Егер Комиссия мүшелері дауысының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      13. Комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) білім және ғылым саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс қанағаттандырылсын;
      2) білім және ғылым саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс қабылданбасын;
      3) қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныс материалдарды толықтырып ресімдеу үшін кері қайтарылсын.
      14. Комиссияның қарауына ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені енгізу үшін:
      1) мемлекеттік органның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босату;
      2) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуы негіз болып табылады.
      15. Ведомстволық наградалармен марапатталған адамдар осы Көтермелеуде көзделген тәртіппен тиісті ведомстволық наградалардан айырылады.
      16. Ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені шешу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) наградадан айыру туралы ұсыныс;
      2) мемлекеттік органдардың беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі немесе соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің көшірмесі.
      17. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны Министрліктің Жауапты хатшысының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мемлекеттік органға қайтарады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. «Ы. Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, «Еңбек ардагері» медалі, Министрліктің «Құрмет грамотасы», Министрліктің Алғысы Ұлттық мереке – «Тәуелсіздік күнін», кәсіби мерекелер – «Ғылым қызметкерлері күнін», «Білім күнін», «Еңбек күнін» және «Мұғалім күнін» мерекелеу жағдайы бойынша тапсырылады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Ведомстволық наградалармен, Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау, Министрліктің Алғысын жариялау салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының өзіне табыс етіледі.
      20. Әрбір марапатталушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бір мезгілде марапаттау туралы тиісті куәлік беріледі.
      Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларын қоспағанда, Министрліктің және оның ведомстволарының қызметкерлерін марапаттау туралы куәлікке Министрліктің Жауапты хатшысы қол қояды.
      Қалған жағдайларда марапаттау туралы куәлікке Министр қол қояды.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-1. Тиісті бұйрықпен бекітілмеген және осы Көтермелеудің 20-тармағында көрсетілген лаузымдық тұлғалардың қолы қойылмаған ведомстволық наградалармен, сондай-ақ Министрліктің «Құрмет грамотасымен», Министрліктің Алғысымен марапаттау туралы куәліктер жарамсыз болып табылады.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-2. Бiр наградамен қайта марапаттауға жол берілмейді.
      Ескерту. 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-3. «Ы. Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапаттау Министрліктің «Құрмет грамотасы», Министрліктің Алғысы болған жағдайда жүргізіледі.
      Ескерту. 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-4. Төсбелгімен келесі марапаттау кемінде үш жылдан кейін жүргізіледі.
      Ескерту. 20-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-5. Медальдар кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде олар солардан кейiн орналасады.
      Төсбелгілер кеуденің оң жағына тағылады. Нысаны және өлшемі бойынша медальдарға арналған тағандарға сәйкес келетін тағандар болған жағдайда төсбелгілер кеуденің сол жағына тағылады.
      Ескерту. 20-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-6. Ведомстволық наградалар мен олардың құжаттарын қалпына келтіру осы Көтермелеудің ережелерімен реттеледі.
      Ведомстволық наградалар мен олардың құжаттары жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда марапатталған адамдар өздерінің наградалары мен олардың құжаттарына құқықтарын сақтап қалады.
      Ескерту. 20-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-7. «Ы. Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері мен «Еңбек ардагері» медалі, сондай-ақ олардың құжаттары жоғалған (жоғалтқан, ұрланған, бүлінген) жағдайда олардың телнұсқалары Комиссияның шешімімен берілуі мүмкін.
      Ескерту. 20-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-8. Тұлға ведомстволық наградалар мен олардың қосымшалары жоғалған, бүлінген және өзге де жағдайларда табиғи апаттар (өрт, су тасқыны, жер сілкіну) салдарынан болған өзіне байланысты емес мән-жайлар немесе өзіне қатысты заңсыз әрекеттердің (тонау, ұрлау) жасалуы бойынша жоғалу себептерін көрсете отырып, телнұсқаларды беру туралы жазбаша өтінішпен Министрліктің кадр қызметіне жүгіне алады.
      Өтінішке:
      1) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) өтініш иесінің марапатталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      3) өтініш беруші бойынша бұрын марапаттау материалдарын жолдаған білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан немесе жоғары оқу орындарынан немесе ғылыми ұйымдар мен мекемелерден анықтама;
      3) мына жағдайда:
      жоғалса – табылған заттар үстелінен алынған анықтама;
      бүлінсе – форс-мажор жағдайының болғанын растайтын құзыретті органдардың құжатфтары;
      ұрланса – ішкі істер органдарынан құжаттың ұрланғаны туралы анықтама қоса беріледі.
      Ескерту. 20-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20-9. «Ы. Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері және «Еңбек ардагері» медалі жоғалған кезде өтінішке марапаттау туралы куәліктің түпнұсқасы қоса беріледі.
      Марапаттау туралы куәліктің телнұсқасы «телнұсқа» сөзі жазылып, қолданыстағы үлгідегі бланкілерде беріледі.
      Ескерту. 20-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Төсбелгімен марапаттау қайта жүргізілмейді.

3. Ведомстволық наградалармен марапаттаудың негіздемелері
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі

      22. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, облыстық (аудандық), олардың республикалық халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін білім беру органдары мен ұйымдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі

      23. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен отандық ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктер деңгейіне шығуына ықпал ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелері, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік басқа ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, жаңа техника мен технологияларды жасауға және қазіргілерін жетілдіруге қосқан зор үлесі, зор практикалық маңызы бар әзірленген жаңа технологиялары, ғылым мен мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктері аясында ғылыми-зерттеу процестерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі елеулі табыстары, білікті ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлаудағы жоғары жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын нығайту мен дамытудағы жоғары жетістіктері үшін 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

      24. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің өз бетімен дамуын, олардың оқуын дараландыруды қамтамасыз ететін сабақтарды, білімді бақылауды ұйымдастырудың және өткізудің белсенді нысандары мен әдістерін және жаңа интерактивтік технологияларды оқу процесіне енгізгені, білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық қызметіне басшылық жасаудағы табыстары, өңірлік, республикалық, халықаралық білім және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктері, білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулері, білім беру жүйесінің оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық және ғылыми біліктіліктерін арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы сіңірген еңбегі, оқу әдебиетін әзірлеудегі және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы жетістіктері, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырудағы, материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамыту мен нығайтудағы жетістіктері үшін білім және ғылым органдары мен ұйымдарында 10 жыл және одан да көп жұмыс өтілі және жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар (педагог қызметкерлер үшін) қызметкерлер марапатталады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24-1. «Еңбек ардагері» медалімен (нақты салаға байланыстырмай) 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталады.
      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Құрмет грамотасымен марапаттаудың негіздемесі

      25. Министрліктің «Құрмет грамотасымен» білім және ғылым органдары мен ұйымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі зор және жемісті еңбегі, білім беру және тәрбиелеу процесіне оқытудың жаңа технологияларын, нысандары мен әдістерін енгізгені және оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз еткені, іргелі және қолданбалы ғылымның өзекті проблемалары жөніндегі, оның ішінде білім беру проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді дамытқаны, өңірлік, республикалық, халықаралық білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша өңірлік жоғары оқу орындары арасындағы бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, оқушыларды, тәрбиеленушілерді, студенттерді және тыңдаушыларды практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігі мен дербестігін дамытудағы табыстары, оқытудағы зор табыстары, жоғары білікті мамандарды практикалық даярлауда, материалдық-техникалық базаларды дамытуда білім беру ұйымдарына тұрақты және белсенді көмегі үшін марапатталады.
      Министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттау туралы шешімді Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, оның ведомстволары мен аумақтық органдары, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен мекемелер басшыларының ұсынысы бойынша Министр қабылдайды.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25-1. Министрліктің «Құрмет грамотасына» осы Көтермелеудің 20-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалар қол қояды.
      Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Алғысын жариялаудың негіздемесі

      26. Министрліктің Алғысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі немесе білім беруді басқару органдары ұйымдастыратын жекелеген, біржолғы іс-шараларды (конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, көрмелер) өткізгені, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны, еңбек, оқу, тәрбие және әкімшілік қызметіндегі табыстары үшін үздік білім және ғылым саласы қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа ұйымдардың қызметкерлеріне жарияланады.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26-1. Министрліктің Алғысы мәтініне осы Көтермелеудің 20-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалар қол қояды.
      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Білім  
және ғылым министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне 1-қосымша 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН   

КУӘЛІК           
УДОСТОВЕРЕНИЕ        

Ішкі жағы

КУӘЛІК          
УДОСТОВЕРЕНИЕ      
№ _________        

______________________   Осы куәлік жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу
(тегі - фамилия)         ісіндегі елеулі табыстары үшін
                         «Ы. АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен
                         марапатталғандығы туралы
                         берілді.

_____________________   Настоящее удостоверение выдано в том, что
  (аты - имя)           он(а) за значительные успехи в деле обучения
                        и воспитания подрастающего поколения
                        награждена(а) нагрудным знаком
                        «Ы. АЛТЫНСАРИН»

__________________________
(әкесінің аты - отчество)

                         Министр

                         м.п.

Қазақстан Республикасы Білім  
және ғылым министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне 2-қосымша 

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН   

КУӘЛІК            
УДОСТОВЕРЕНИЕ        

Ішкі жағы

КУӘЛІК           
УДОСТОВЕРЕНИЕ       
№ ______          

___________________  Осы куәлік Қазақстан Республикасының ғылым
(тегі - фамилия)     саласында қол жеткен табысы үшін «ҒЫЛЫМДЫ
                     ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен
                     марапатталғандығы туралы берілді.

__________________   Настоящее удостоверение выдано в том, что он(а)
(аты - имя)          за достигнутые успехи в области науки Республики
                     Казахстан награждена(а) нагрудным знаком
                     «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН»

_________________________
(әкесінің аты - отчество)

                      Министр

                      м.п.

Қазақстан Республикасы Білім  
және ғылым министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне 3-қосымша 

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  

КУӘЛІК          
УДОСТОВЕРЕНИЕ      

Ішкі жағы

КУӘЛІК         
УДОСТОВЕРЕНИЕ     
№ ______       

__________________   Осы куәлік Қазақстан Республикасының білім беру
(тегі - фамилия)     саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ
                     ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен
                     марапатталғандығы туралы берілді.

__________________   Настоящее удостоверение выдано в том, что он(а)
(аты - имя)          за особые заслуги в области образования
                     Республики Казахстан награждена(а) нагрудным
                     знаком «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ»

_________________________
(әкесінің аты - отчество)

                    Министр

                    м.п.

Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне 4-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚҰРМЕТ
ГРАМОТАСЫ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА
ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ГҮЛДЕНУІНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСІ ҮШІН

______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________

МАРАПАТТАЛАДЫ

      МИНИСТР                          

                                        «__» _______ 20__ ж.

Қазақстан Республикасы Білім  
және ғылым министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне 5-қосымша 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА
ҚОСҚАН ЗОР ЖЕКЕ ҮЛЕСІ ҮШІН

______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________

АЛҒЫС
БІЛДІРЕДІ

      МИНИСТР                        

                                          «__» _______ 20__ ж.

Қазақстан Республикасы Білім  
және ғылым министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне 6-қосымша 

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны _____________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бөлімшесінің нақты атауын көрсету қажет)
3. Жынысы ___________________________________________________________
4. Туған жылы және туған жері _______________________________________
5. Ұлты _____________________________________________________________
6. Білімі ___________________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен
марапатталған және марапатталған күні _______________________________
9. Мекен-жайы _______________________________________________________
10. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________
11. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________
12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ____________________________
13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (ұйымның атауы, талқылау мерзімі, хаттама №)
______________________________ кандидатура талқыланған және ұсынылған
_______________________________ төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады.

Кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысы
_______________________________
         (қолы)             
_______________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты)   
«___» ________________ ж.
      (толтырған күні)     
мөрдің орны        

Ескерту: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі
бойынша толтырылады және транскрипциясы міндетті түрде қазақ және
орыс тілдерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады