Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 219-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8681 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи

      монополия субъектілерінің кірістерді, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін бөлектеп есепке алуды жүргізу Ережесін

      бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 қазандағы № 417-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3140 нөмірмен тіркелген);

      2) "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынуды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігі

      төрағасының міндетін атқарушы

      _______________ Ж. Жарқынбаев

      2013 жылғы 25 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрінің міндетін атқарушы

      __________________________ М. Құсайынов

      2013 жылғы 8 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 219-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидаларды әзірлеудің негізгі мақсаты ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді және басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – субъектілер) экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін реттелiп көрсетілетін қызметтердiң түрлерi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуын жүргiзу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Субъектілер қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.

      4. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау және қорыту жүйесін білдіреді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бөлек есептің негізгі қағидаттары:

      1) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде тиісті қызметтер түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығы;

      2) кірістердің, шығындардың және қолданысқа енгізілген активтердің өздері байланысты сол бір қызметтер түрлерімен себеп-салдарлық байланысы;

      3) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттелетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу кезіндегі ашықтығы.

      6. Бөлек есеп осы Қағидаларға сәйкес кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызметтердің түрлері бойынша бөлуге қажетті бөлшектеу деңгейін қамтамасыз етуге тиісті бухгалтерлік және басқарушылық есептің бастапқы құжаттарына негізделуі тиіс. Осы Қағидалар субъектілердің белгілеген қаржылық және салықтық есеп ұсынуының тәртібі мен нысанын өзгертпейді.

      7. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) бөлу базасы - шығындар мен активтердің қолданысқа енгізілу дәрежесін қызметтер түрлеріне бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

      2) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлуге арналған бөлу базасын қолданудың нәтижесінде алынған жанама, бірлескен немесе жалпы шығындардың немесе активтердің үлесі;

      3) бірлескен шығындар - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын шығындар, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді;

      4) бірлесіп қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын қолданысқа енгізілген активтер, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ, алайда олардың қызметтер ұсынудағы қолданысқа енгізілу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;

      5) жалпы активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ активтер, сондықтан да қызметтер ұсынуда олардың іске қосылу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;

      6) жалпы шығындар - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді;

      7) қолданысқа енгізілген активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсыну үшін пайдаланылатын субъектінің негізгі құралдары;

      8) қызметтерге жанама қолданысқа енгізілген активтер - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ белгілі бір қызметтер көрсетуде олардың қолданысқа енгізілу дәрежесі осы себеп-салдарлық байланыстарды көрсететін бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;

      9) қызметтерге жанама шығындар - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жата алмайды, бірақ шығындардың пайда болу себептерін көрсететін бөлу базасының негізінде қызметтерге бөлінуі мүмкін;

      10) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер - белгілі бір қызмет ұсынуға тікелей себеп-салдарлық байланысы бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жатқызылуы мүмкін;

      11) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір жақты жатқызылуы мүмкін;

      12) себеп-салдарлық байланыс негізінде бөлу – реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді шығындардың, кірістердің және қолданысқа енгізілген активтердің белгілі бір қызметтермен байланысын, пайда болу себептерін алдын ала зерттеу негізінде бөлу.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Субъектілердің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу тәртібі

      8. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтер түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуын жүргізу әдiстемесiн әзірлейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бөлу базасы ретінде субъекті көрсетілген қызметтердің көлемін нақты түрінде не осы қызметтерден түсетін кірістерді таңдайды.

      10. Қызметтер көрсетуден алынған кіріс реттеліп көрсетілетін қызметтердің және бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде реттелмейтін қызметтердің түрлері бойынша жеке ескеріледі:

      1) реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлеміне сәйкес;

      2) реттеліп көрсетілмейтін қызмет түрлері бойынша - тиісті қызметтер мен бағалардың көлемдеріне байланысты өзге де қызметтер ұсынудан алынған табыстарға сүйене отырып, осы қызметтер ұсынылды.

      11. Негізгі құралдардың барлық тізбесінен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу мақсаттары үшін:

      1) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер;

      2) қызметтерге жанама қолданысқа енгізілген активтер;

      3) қызметтерге бірлесіп қолданысқа енгізілген активтер;

      4) жалпы активтер бөлінеді.

      12. Тікелей қолданысқа енгізілген активтер белгілі бір қызметке жатқызылады. Жанама қолданысқа енгізілген активтер, бірлесіп қолданысқа енгізілген активтер және жалпы активтер бөлу базасы мен олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттерін қолданылған қызметтеріне жатқызылады. Бірлесіп қолданысқа енгізілген активтердің және жалпы активтердің бөлу базаларын субъект уәкілетті органмен келіседі. Жанама қолданысқа енгізілген активтердің бөлу базалары уәкілетті органмен келісілмейді. Қолданысқа енгізілген активтердің бөлу базалары қаржылық жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет қаралуы мүмкін.

      13. Шығындардың бөлек есебін жүргізудің мақсаттары үшін субъектінің негізгі құралдары технологиялық белгілері бойынша:

      1) электр берілісінің желілеріне (бұдан әрі - ЭБЖ);

      2) трансформаторлық шағын станцияларына (бұдан әрі - ШС);

      3) жөндеу-өндірістік базасына (бұдан әрі - ЖӨБ);

      4) диспетчерлік және техникалық басқару құралдарына (бұдан әрі - ДТБҚ);

      5) ғимараттар мен құрылыстарға;

      6) көлік және арнайы техникаға;

      7) машиналар мен жабдықтарға;

      8) есептеу техникасына;

      9) өзге негізгі құралдарға топталады.

      Бұл ретте трансформаторлық қосалқы станциялар тобына және жөндеу-өндірістік базасының тобына негізгі құралдардың тиісті тобына есепке алынатын ғимараттар мен құрылыстар енгізілмейді.

      14. Қызметтерге қолданысқа енгізілген активтердің құнын бөлу үшін активтердің құны өткен қаржы жылының соңғы есепті күніндегі жағдай бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде айқындалатын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі толтырылады.

      Негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша тұтастай бөлу коэффициенті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тобы бойынша активтерді және шығындарды бөлу коэффициенті есебінің қорытынды жолынан Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесіне (осы Қағидаларға 1-қосымша) қойылады. Әрбір қызметке жатқызылатын негізгі құралдардың топтары активтердің құнын бөлу коэффициентіне қолданысқа енгізілген активтер құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      15. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін Тобы бойынша активтерді және шығындарды бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 2-қосымша) жасалады, оның нәтижесі жалпы негізгі құралдардың тобы үшін бөлу коэффициентін айқындау болып табылады. Тобы бойынша активтерді және шығындарды бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 2-қосымша) негізгі құралдар тобының барлық бірліктері енгізіледі, жанама, бірлескен және жалпы активтердің бөлу базасы айқындалады. Негізгі құралдардың әрбір қолданысқа енгізілген бірліктің коэффициенті бөлу базасының қосынды мәніне белгілі бір қызмет үшін бөлу базасының бөліндісі ретінде айқындалады.

      16. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетумен байланысты шығындар табиғи монополия субъектісінің есептік саясатына сәйкес айқындалады. Бұл ретте тарифтік сметаларды қалыптастырған кезде табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) бекіткен кезде қолданылатын шығындарды қалыптастыру ерекше тәртібінің талаптарын ескере отырып есепке алынады.

      Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      17. Реттелетін және реттелмейтін қызметтерді көрсетуге арналған субъектінің шығындары өзіне мынадай баптарды:

      1) негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясын;

      2) электр энергиясының технологиялық шығыстарын (желілердегі нормативтік ысыраптар);

      3) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстарды;

      5) еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстарды;

      6) әлеуметтік салық бойынша шығыстарды;

      7) кезең шығыстарын;

      8) өзге шығыстарды қамтиды.

      Әрбір баптың ішінде шығындар жете бөлшектелуі мүмкін.

      18. Негізгі құралдардың тозуы осы Қағидалардың 17-тармағында санамаланған негізгі құралдардың әрбір тобы үшін айқындалады және Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген активтерді бөлу тиісті коэффициенттерге сай қызметтерге жатқызылады.

      19. Материалдық емес активтердің амортизациясы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Материалдық емес активтер бойынша шығындарды бөлудің коэффициент есебі бойынша есептелген бөлу коэффициенттері қызметтеріне жатады.

      20. Электр энергиясының технологиялық шығысы (желілердегі нормативтік ысыраптар) электр энергиясын беру кезінде де, электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы берумен технологиялық байланысты өзге қызметтерді көрсеткенде де болады. Технологиялық шығыс бойынша шығындар бөлу базасының негізіндегі қызметтерге жатқызылады.

      Электр энергиясының технологиялық шығысы (желілердегі және трансформаторлардағы нормативтік ысыраптар) электр энергиясын берген кезде орын алады, сондықтан осы шығындар электр энергиясын беру қызметтеріне тікелей жатқызылады.

      21. Негізгі құралдардың құнын өсіруге алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген негізгі құралдардың топтары бойынша бөлудің тиісті коэффициенттеріне сай қызметтерге жатады.

      22. Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар тікелей де, жанама да, бірлескен және жалпы болады. Шығындарды бөлектеп есепке алудың мақсаттары үшін персонал мынадай белгілер бойынша:

      1) қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты персоналға;

      2) қызметі екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты персоналға топталады.

      Бір қызметті көрсетумен байланысты персоналдың еңбек ақысын төлеуге арналған шығыстар тікелей болып табылады және толығымен бір қызметке жатқызылады.

      Екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты персоналдың еңбек ақысын төлеуге арналған шығыстар жанама, бірлескен немесе жалпы болып табылады және бөлу базасы мен бөлу коэффициентін пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      23. Өндірістік персонал технологиялық процеске қарай мынадай топтарға:

      негізгі өндірістік персоналға;

      қосалқы персоналға;

      өзге персоналға бөлінеді.

      Егер персоналдың жұмысы бір қызметпен ғана тікелей байланысты болса, персоналдың әрбір тобында еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар нақты қызметке тікелей жатқызылады.

      Егер осы топта жұмысы екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты персонал болса, онда еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтер арасында бөлінеді.

      Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар персоналдың тиісті тобы үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстарды бөлудің коэффициент есебі бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатқызылады:

      1) негізгі өндірістік персоналға ЭБЖ-не, қосалқы станциялардың жабдықтарына, реле қорғанысы мен автоматикасына, АБЖ қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын қызметкерлер, ЖДБ-ның қызметкерлері жатқызылады;

      2) қосалқы персоналға ЖӨБ-ның персоналы және жүргізушілер жатқызылады.

      24. Әлеуметтік салықтар бойынша шығыстар бөлудің сол бір коэффициенттері бойынша, персоналдың тиісті тобындағы еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сияқты қызметтерге бөлінеді.

      25. Негізгі құралдарды пайдалануға арналған шығыстар Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша негізгі құралдардың тиісті топтарының бөлу коэффициентін пайдалана отырып қызметтерге жатқызылады. Пайдалануға шығыстарды бөлген кезде қызметтерге мынадай:

      1) негізгі құралдарға қызмет көрсетуге материалдарға шығындар тиісті негізгі құралдардың қызметтеріне бөлу қағидаты бойынша қызметтерге бөлінетіні;

      2) отынға арналған шығындар қосалқы станцияларды жылытумен тікелей байланысты, сондықтан олар қосалқы станциялардың негізгі құралдарының қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша қызметтерге жатқызылатыны;

      3) жанар-жағар майларға (ЖЖМ) арналған шығындар олармен осы шығындар байланысты көліктің және арнайы техниканың қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша қызметтерге бөлінетіні;

      4) автокөліктің қызметтері (жалдау), негізгі құралдарды (жалдау), байланыс қызметтері, егер олар тек қана бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылатыны. Егер осы қызметтер екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған шығындарды бөлу базасы бойынша бөлінетіні;

      5) негізгі және қосалқы өндірісі үшін электр энергиясына, шаруашылық мұқтаждарға, жылытуға, ыстық сумен жабдықтауға, кәрізге және өзге коммуналдық қызметтерге арналған шығыстар қызметтерге тікелей жатқызылады, егер олар тек қана бір қызметті көрсетумен байланысты болса немесе, тиісті ғимараттар мен құрылыстарға есептелген жағдайда, егер екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, қызметтерге бөлу коэффициенті бойынша;

      6) персоналды оқытуға арналған шығыстар, іссапар шығыстары, еңбекті қорғауға арналған шығыстар персоналдың тиісті тобына еңбек ақысын төлеу сияқты қызметтерге сол қағидаттар бойынша жатқызылатыны;

      7) өртке қарсы және күзет қызметіне шығыстар тиісті негізгі құралдардың тозуын бөлуге ұқсас қызметтерге жатқызылатыны;

      8) өзге пайдалану шығындарының (Гидрометорталық, бөгде ұйымдар қызметтерінің және басқалары) шығыстары бөлу базасы бойынша қызметтерге жатқызылатыны назарға алынады.

      26. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жалпы және әкімшілік шығыстар негізгі өндірістегі тиісті шығындар сияқты сол қағидаттар бойынша қызметтерге бөлінеді;

      2) өткізу бойынша шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады,. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге бөлу базасын пайдалана отырып бөлінеді;

      3) сыйақылар (проценттер) бойынша шығыстар қызметтерге тікелей жатқызылады, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      Өткізу жөніндегі шығыстар және сыйақылар жөніндегі шығыстар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кезең шығындарын бөлудің коэффициентінің есебі бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатқызылады.

      27. Өзге шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      28. Кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) субъект өткен күнтізбелік жыл үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін ұсынады.

      29. Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есептегі (осы Қағидаларға 3-қосымша) кірістердің жиынтық сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес субъекті жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден алынған кірістер" деген жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      30. Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есептегі (осы Қағидаларға 3-қосымша) шығыстардың жиынтық сомасы кезең шығыстарын минусымен тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Субъект жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      31. Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есептегі (осы Қағидаларға 3-қосымша) кірістердің жиынтық сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Субъект жасайтын қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      32. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есептік (қалдық) құны тиісті күнгі бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      33. Қағаз жеткізгіштегі мәліметтерге Субъектінің басшысы, бас бухгалтері, атқарушысы қолдарын қояды және мөрмен растайды. Уәкілетті органға мәліметтер электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады.

  Ұлттық электр желілері
арқылы электр энергиясын беру
жөніндегі қызметтер мен басқа
да қызметтерді көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
нысан

      _____________________________

      Кәсіпорынның атауы

Қызметтердің түрлері бойынша ______ жылға арналған
қолданысқа енгізілген активтерді бөлу
кестесі

р/с

Активтің атау

2-қосымшадан есептік (қалдық) құны, мың теңге

2-қосымшадан қолданысқа енгізілген активтердің құны, барлығы, мың теңге

Оның ішінде қызметтерге

Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша

электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру

электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру

Өзге

2-қосымшадан бөлу коэффициенті

активтің құны, мың теңге, 3-баған * 4-баған

2-қосымшадан бөлу коэффициенті

активтің құны, мың теңге, 3-баған * 6-баған

2-қосымшадан бөлу коэффициенті

активтің құны, мың теңге, 3-баған * 8-баған

2-қосымшадан бөлу коэффициенті

активтің құны, мың теңге, 3-баған * 10-баған


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

ЭБЖ











2.

ҚС











3.

ЖӨБ











4.

СДТУ











5.

Ғимараттар және құрылыстар











6.

Көлік пен арнайы техника











7.

Машиналар мен жабдықтар











8

Есептеуші техника











9.

Өзге НҚ


































      М.О. Басшы ___________________ _______________

      Т.А.Ә. қолы

      Бас бухгалтер ___________________ _______________

      Т.А.Ә. қолы

      Орындаушы ___________________ _______________

      Т.А.Ә. қолы

  Ұлттық электр желілері
арқылы электр энергиясын беру
жөніндегі қызметтер мен басқа
да қызметтерді көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан

      ____________________________

      Кәсіпорынның атауы

_____ жылға арналған _____________________________________ тобы
бойынша активтерді және шығындарды (негізгі құралдар топтарының
атауы) бөлу коэффициентінің есебі

р/с

Активтің атауы

Активтің немесе шығынның түрі

Жұмыс жағдайы (жұмыс істеуде немесе резервте)

Активтің есептік (қалдық) құны, мың теңге

Қолданысқа енгізілген активтің есептік (қалдық) құны, мың теңге

Тарату базасының мәні, бөлу коэффициентінің мәні

Қызметтер

Ұлттық электр желілер арқылы электр энергияны беру

электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру

электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру

Өзге


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
























      М.О. Басшы ________________ __________________

      Т.А.Ә қолы

      Бас бухгалтер ________________ __________________

      Т.А.Ә қолы

      Орындаушы ________________ __________________

      Т.А.Ә қолы

      ______ ж. ____________________

  Ұлттық электр желілері
арқылы электр энергиясын беру
жөніндегі қызметтер мен басқа
да қызметтерді көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
нысан

Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық
бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20__ ж.

      Индексі: РУ-электр-3

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: Ұлттық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне

      Тапсыру мерзімі – үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Қызметтер түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есеп

1. Жалпы нұсқаулар

      Осы түсініктеме ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері табиғи монополия субъектілерінің қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығыстарды жиынтық бөлуі туралы есебін даярлауға арналған.

      Субъектілер әр қызмет түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.

      Құндық көріністегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгеде толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі есепке Субъектінің басшысы, бас бухгалтері және орындаушысы қол қояды және мөрімен расталады. Есеп уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есеп қағаз жеткізгіште ұсынылған есепке сәйкес келуге тиіс.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктер

      Нысанды толтырған кезде Субъект жоғарғы сол бұрышында кәсіпорынның атауын, ал жоғарғы оң бұрышында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті.

      Субъекті өткен күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.

      1-баған бойынша Субъектінің көрсететін қызмет түрлері бойынша шығындардың атауы туралы ақпарат көрсетіледі.

      2-баған бойынша бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезең үшін сома туралы ақпарат көрсетіледі, барлығы, мың теңге.

      Кірістердің жиынтық сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Субъект жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден алынған кіріс" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.

      Кезең шығыстарын алып тастағанда шығыстардың жиынтық сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Субъект жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.

      Кезең шығыстарының жиынтық сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Субъект жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолда көрсетілген деректеріне сәйкес келеді.

      3-баған бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелерін) бекіту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы туралы деректер көрсетіледі.

      4-баған бойынша ерекше тәртіп бойынша шығындар сомасы туралы ақпарат көрсетіледі.

      5-баған бойынша ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді бөлудің бекітілген коэффициенті туралы деректер көрсетіледі.

      6-баған бойынша ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген тарифтік смета бойынша сома туралы деректер көрсетіледі.

      7—16-бағандар бойынша қызметтер бөлінісінде ерекше тәртіп бойынша шығындар сомасы туралы деректер көрсетіледі, оның ішінде:

      7-баған бойынша ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру қызметтеріне ерекше тәртіп бойынша нақты сомасы туралы деректер көрсетіледі (4-баған * 5-баған);

      8-баған бойынша ұлттық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтердің тарифтік сметасында бекітілген сомасынан Ерекше тәртіп бойынша нақты сомасының ауытқуы саналады (баған 7-баған 6);

      9-баған бойынша электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру бойынша бекітілген бөлу коэффициентінің деректері ұсынылады;

      10-баған бойынша электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметке тарифтік сметасында бекітілген сомасы туралы деректері ұсынылады;

      11-баған бойынша электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметіне Ерекше тәртіп бойынша нақты сомасы туралы ақпарат ұсынылады (4-баған * 11-баған);

      12-баған бойынша электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметінің тарифтік сметасында бекітілген сомасынан Ерекше тәртіп бойынша нақты сомасының ауытқуы саналады (11-баған – 10-баған);

      13-баған бойынша электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру қызметіне бекітілген бөлу коэффициентінің деректері ұсынылады;

      14-баған бойынша электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру қызметінің Ерекше тәртіп бойынша нақты сомасы туралы ақпарат ұсынылады (4-баған * 13-баған);

      15-баған бойынша өзге қызметтеріне бекітілген бөлу коэффициентінің деректері ұсынылады;

      16-баған бойынша өзге қызметтерінің Ерекше тәртіп бойынша нақты сомасы туралы ақпарат ұсынылады (4-баған * 15-баған).

      Әрбір баптың ішіндегі шығындар жете нақтылануы мүмкін.

      _____________________________

      Кәсіпорынның атауы

р/с

Атауы

Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезең үшін сома, барлығы, теңге

Оның ішінде

Қызметтерге ерекше тәртіп бойынша сома

Ерекше тәртіпке сай тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы, барлығы, мың. теңге

Ерекше тәртіп сомасы, мың.теңге

ұлттық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру

ұлттық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру

электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру

электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру

Өзге қызметтер

Бекітілген бөлу коэффициенті

Бекітілген тарифтік смета бойынша сома

Нақты сома, 4-баған * 5-баған

Ауытқуы, 7-баған- 6-баған

Бекітілген бөлу коэффициенті

Бекітілген тарифтік смета бойынша сома

Нақты сома, 4-баған * 11-баған

Ауытқуы, 11-баған- 10-баған

Бекітілген бөлу коэффициенті

Нақты сома, 4-баған * 13-баған

Бекітілген бөлу коэффициенті

Нақты сома, 4-баған * 15-баған


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

2

Шығыстар, барлығы

















оның ішінде
















2.1.

Негізгі құралдардың тозығы және материалдық емес активтердің амортизациясы

















оның ішінде

















ЭБЖ тозығы

















ҚС-дың тозығы

















ЖӨБ негізгі құралдарының тозығы

















ДТБҚ негізгі құралдарының тозығы

















ғимараттар мен құрылыстардың тозығы

















көлік пен арнайы техниканың тозығы

















машиналар мен жабдықтың тозығы

















есептеуші техниканың тозығы

















өзге негізгі құралдардың тозығы

















материалдық емес активтердің тозығы
















2.2.

электр энергиясының технологиялық шығысы
















2.3.

негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар

















оның ішінде

















ЭБЖ жөндеу

















ҚС жөндеу

















ЖӨБ-ның негізгі құралдарын жөндеу

















ДТБҚ негізгі құралдарын жөндеу

















ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу

















көлік пен арнайы техниканы жөндеу

















машиналармен жабдықтарды жөндеу

















есептеуші техниканы жөндеу

















өзге негізгі құралдарды жөндеу
















2.4.

Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар, барлығы

















оның ішінде

















негізгі персоналға еңбек ақысын төлеу

















қосалқы персоналға еңбек ақысын төлеу

















уақытша персоналдың еңбек ақысын төлеу

















өзге төлемдер
















2.5.

Сыйлықақылар, барлығы

















оның ішінде:

















негізгі өндірістік персоналға

















қосалқы персоналға

















уақытша персоналға

















өзге
















2.6.

Әлеуметтік салық бойынша шығыстар, барлығы,

















оның ішінде:

















негізгі өндірістік персоналдың

















қосалқы персоналдың

















уақытша персоналдың

















өзге
















2.7.

Пайдалануға арналған шығындар, барлығы

















оның ішінде:

















ЭБЖ пайдалану

















ҚС пайдалану

















ЖӨБ-ның негізгі құралдарын пайдалану

















ДТБҚ негізгі құралдарын пайдалану

















ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану

















көлік пен арнайы техниканы пайдалану

















машиналар мен жабдықтарды пайдалану

















есептеуші техниканы пайдалану

















өзге негізгі құралдарды пайдалану
















2.8.

Кезең шығыстары, барлығы,

















оның ішінде:

















жалпы және әкімшілік шығыстар

















өткізу бойынша шығыстар

















сыйақылар бойынша шығыстар
















2.9.

Өзге шығыстар

















      М.О. Басшы ________________________ __________________

      Тегі, аты-жөні қолы

      Бас бухгалтер ________________________ __________________

      Тегі, аты-жөні қолы

      Орындаушы ________________________ __________________

      Тегі, аты-жөні қолы

      ____ ж. "___" ________________________

  Ұлттық электр желілері
арқылы электр энергиясын беру
жөніндегі қызметтер мен басқа
да қызметтерді көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
нысан

      ____________________________

      Кәсіпорынның атауы

Материалдық емес активтер бойынша шығындарды бөлудің ____ жылға
арналған коэффициент есебі

Активтің атауы

Шығындардың түрі

Жұмыс жағдайы (жұмыс істеуде немесе резервте)

Есептік (қалдық) құны, мың теңге

Қолданысқа енгізілген активтің есептік (қалдық) құны, мың теңге

Бөлу базасының мәні, бөлу коэффициентінің мәні

Қызметтер

Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру

электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру

электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру

Өзге






















      М.О. Басшы ________________________ _________________

      А.Ә.Т қолы

      Бас бухгалтер ________________________ _________________

      А.Ә.Т қолы

      Орындаушы ________________________ _________________

      А.Ә.Т қолы

      _____ ж. _____________________________

  Ұлттық электр желілері
арқылы электр энергиясын беру
жөніндегі қызметтер мен басқа
да қызметтерді көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
нысан

      ____________________________

      Кәсіпорынның атауы

Персоналдың еңбек ақысына жұмсалған шығыстарды бөлудің _____
жылға арналған коэффициент есебі

Қызметкердің табельдік нөмірі (немесе басқа белгі)

Өндірістік бөлімше

Шығыстардың түрі

Жалақының жылдық қоры, мың теңге

Бөлу базасының мәні, бөлу коэффициентінің мәні

Қызметтер

Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру

электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру

электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру

Өзге


      М.О. Басшы ________________________ ________________

      А.Ә.Т қолы

      Бас бухгалтер ________________________ ________________

      А.Ә.Т қолы

      Орындаушы ________________________ ________________

      А.Ә.Т қолы

      _____ ж. _____________________________

  Ұлттық электр желілері
арқылы электр энергиясын беру
жөніндегі қызметтер мен басқа
да қызметтерді көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек
есебін жүргізу қағидаларына
6-қосымша
нысан

      ____________________________

      Кәсіпорынның атауы

Кезең шығындарын бөлудің ______ жылға арналған
коэффициентінің есебі

Атауы

Шығындардың түрі

Сома, мың теңге

Бөлу базасының мәні

Бөлу коэффициентінің мәні

Қызметтер

Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру

электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру

электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру

Өзге










































      М.О. Басшы ________________________ _________________

      А.Ә.Т қолы

      Бас бухгалтер ________________________ _________________

      А.Ә.Т қолы

      Орындаушы ________________________ _________________

      А.Ә.Т қолы

      _____ ж. _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады