Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 221-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8690 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 266-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3872 нөмірмен тіркелген).

      2) "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 14-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігі

      төрағасының міндетін атқарушы

      ______________ Ж. Жарқынбаев

      2013 жылғы 25 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрінің міндетін атқарушы

      ______________ М. Құсайынов

      2013 жылғы 8 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 221-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі - субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.

      3. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бөлек есептің негізгі қағидаттары:

      1) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде қызметтердің тиісті түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығы;

      2) кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің өздері байланысқан қызметтердің сол бір түрлерімен себеп-салдарлық байланысының болуы;

      3) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтық.

      5. Бөлек есеп бастапқы құжаттарға және (немесе) бухгалтерлік және басқарушылық есептің деректеріне негізделеді, олар кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді осы Қағидаларға сәйкес қызметтердің түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Қағидалар субъектілердің белгіленген қаржылық және салық есептілігін ұсынудың тәртібі мен нысанын өзгертпейді.

      6. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) бөлу базасы - шығындар мен активтердің қолданысқа енгізілген дәрежесін қызметтер түрлеріне бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

      2) бөлу коэффициенті - бөлу базасын қолдану нәтижесінде алынған жалпы шығындардың немесе активтердің үлесі, ол қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлу үшін пайдаланылады;

      3) жалпы активтер - қызметтердің екі және одан да көп түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ активтер, сондықтан қызметтер ұсынуда олардың қолданысқа енгізілу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталады;

      4) жалпы шығындар - қызметтердің екі және одан да көп түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді;

      5) қолданысқа енгізілген активтер - субъектінің негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қамтитын қызметті (қызметтерді) ұсыну үшін пайдаланылатын активтері;

      6) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер - белгілі бір қызметті ұсынуға тікелей себеп-салдарлық байланысы бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылады;

      7) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылады;

      8) өзге қызмет – табиғи монополия саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын табиғи монополия субъектісінің қызметі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Субъектілердің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу тәртібі

      7. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Субъект жалпы активтер мен шығындарды бөлу базасы ретінде көрсеткіштерді дербес таңдайды және оларды уәкілетті органмен келіседі. Бөлу базасын анықтау үшін пайдаланылатын деректер мынадай талаптарға жауап береді:

      1) деректердің дұрыстығы мен тексерілуі;

      2) технологиялық процеске қатысуына сүйене отырып, деректерді таңдаудың негізділігі.

      Қолданысқа енгізілген активтерді бөлу базалары қаржылық жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет қайта қаралуы мүмкін.

      9. Қызметтер көрсетуден түсетін кірістер реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде:

      1) реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде көрсетілген қызметтердің нақты көлеміне сәйкес және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша;

      2) реттеліп көрсетілмейтін қызмет түрлері бойынша - тиісті қызметтер ұсынылған көлемдер мен бағаларға сүйене отырып, жеке ескеріледі.

      Қызметтер түрлері бойынша кірістерді бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 6-қосымшаның нысаны бойынша жасалады.

      10. Қолданысқа енгізілген активтердің реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша бөлек есебін жүргізу мақсатында негізгі құралдардың барлық тізбесінен:

      1) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер;

      2) жалпы активтер болып бөлінеді.

      11. Тікелей қолданысқа енгізілген активтер белгілі бір қызметке тікелей жатқызылады. Жалпы активтер қызметтерге бөлу базалары мен олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттері қолданылып жатқызылады.

      12. Қолданысқа енгізілген активтерге шығындардың бөлек есебін жүргізу және пайданы қалыптастыру мақсатында субъектінің негізгі құралдарын субъект өзінің есепке алу саясатында белгіленген негізгі құралдардың топтарына сәйкес дербес топтастырады, оның ішінде:

      1) ғимараттар мен құрылыстар;

      2) машиналар, жабдықтар және өткізу құрылғылары;

      3) көлік құралдары;

      4) шаруашылық құрал-жабдық;

      5) басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер (өзге де негізгі құралдар).

      13. Жалпы негізгі құралдардың әрбір тобы үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалпы негізгі құралдарды тобы бойынша, не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің есебі жасалады, оның нәтижесі бөлу коэффициентін негізгі құралдардың тобы үшін тұтастай анықтау болып табылады. Жалпы негізгі құралдарды тобы бойынша, не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің есебінде (осы Қағидаларға 1-қосымша) көзделген жалпы негізгі құралдарды не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентін есептеу кезінде топтың жалпы негізгі құралдарының барлық бірліктері енгізіледі, жалпы активтердің әрбір тобы үшін бөлу базасы анықталады. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша жалпы негізгі құралдардың әрбір тобының бөлу коэффициенттері осы қызмет түріне жалпы негізгі құралдардың әрбір бірлігінің жатқызылған құндары сомасының осы топтағы жалпы негізгі құралдардың жиынтық құнына бөліндісі ретінде анықталады.

      Жалпы негізгі құралдардың не материалдық емес активтердің бөлу коэффициентін есептеу кезінде бөлу базасы жеке жолмен анықталады және екі және одан да көп қызмет түрлерін көрсету кезінде пайдаланылатын материалдық емес (жалпы) активтерді бөлу коэффициенттері есептеледі.

      14. Қолданысқа енгізілген активтердің құнын қызметтерге бөлу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтер туралы есеп толтырылады, онда активтердің құны алдыңғы қаржы жылының соңғы есепті күндегі жағдайы бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде анықталады. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін бөлу коэффициенті жалпы негізгі құралдарды не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің тиісті есебінің жиынтық жолынан қызметтер түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу туралы есепке ауыстырылады. Әрбір қызметке жатқызылған негізгі құралдар тобы активтерінің құны қолданысқа енгізілген активтер құнының бөлу коэффициентіне туынды ретінде анықталады.

      15. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлерін және тұтастай өзге де қызметті көрсетуге байланысты шығындар субъектінің есепке алу саясатына және (немесе) уәкілетті органмен келісілген кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес бөлінеді.

      Шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есеп осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      16. Шығындар толығымен тиісті қызметке жататын тікелей не қызметтің екі және одан да көп түрлерін көрсетумен байланысты және осы қызметтерге бөлу базасын қолдану арқылы жататын жалпы болып бөлінеді.

      17. Шығындарды қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады. Бухгалтерлік есепте тікелей шығындар әрбір реттеліп көрсетілетін қызметке және тұтастай өзге қызметке сәйкес келетін жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) құрылады. Жалпы шығындар үшін бухгалтерлік есепте шығындардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) көзделеді.

      18. Бөлек есепке реттеліп көрсетілетін қызметтерді және өзге де қызметті көрсетуге арналған субъектінің барлық шығындары жатады, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі - ерекше тәртіп бойынша шығындар) сәйкес ескерілмейтін және ескерілетін шығындар жатады, өзіне мынадай баптарды қамтиды:

      1) негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы;

      2) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеу шығыстары;

      3) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      4) әлеуметтік салық бойынша шығыстар;

      5) пайдалану шығыстары;

      6) кезең шығыстары;

      7) өзге де шығыстар.

      Әрбір баптың ішінде шығындар барынша жан-жақты нақтылануы мүмкін.

      19. Екі және одан да көп қызметті көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы осы Қағидалардың 12-тармағында санамаланған негізгі құралдардың әрбір тобы үшін айқындалады және реттеліп көрсетілетін қызметтерге және өзге де қызметке Жалпы негізгі құралдарды тобы бойынша, не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген бөлу коэффициенттері пайдаланыла отырып бөлінеді.

      20. Жалпы материалдық емес активтердің амортизациясы реттеліп көрсетілетін қызметтерге және өзге де қызметке Жалпы негізгі құралдарды тобы бойынша, не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді.

      21. Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды (жалпы) жөндеу шығыстары қызметтерге Жалпы негізгі құралдарды тобы бойынша, не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген тиісті бөлу коэффициенттеріне сәйкес негізгі құралдардың топтары бойынша жатқызылады.

      22. Еңбекке ақы төлеу шығыстары тікелей және жалпы болып бөлінеді. Технологиялық процеске қатысы бойынша өндірістік персонал мынадай топтарға бөлінеді:

      1) негізгі және негізгі емес қызметпен айналысатын персонал;

      2) көмекші персонал;

      3) әкімшілік-басқару персоналы.

      Персоналдың әрбір тобындағы еңбекке ақы төлеу шығыстары нақты қызметке, егер персоналдың жұмысы тек бір ғана қызметпен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады.

      Егер осы топта жұмысы екі немесе одан да көп қызметті көрсетумен байланысты персонал болса, онда еңбекке ақы төлеу шығыстары Жалпы негізгі құралдарды тобы бойынша, не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 1-қосымша) деректерінің негізінде есептелген жалпы активтердің бөлу коэффициенттеріне (тұтастай барлық топтар бойынша) сәйкес не субъект айқындаған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын қолдану арқылы және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстарын бөлу коэффициентінің есебі бойынша есептелген бөлу коэффициенттерімен қызметтер арасында бөлінеді.

      23. Әлеуметтік салық бойынша шығыстар қызметтерге персоналдың тиісті тобындағы еңбекке ақы төлеу шығыстарын бөлу коэффициенттері сияқты не еңбекке ақы төлеу қорының бөлінуіне тепе-тең бөлінеді.

      24. Негізгі құралдарды пайдалану шығыстары қызметтерге Жалпы негізгі құралдарды тобы бойынша, не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген негізгі құралдардың тиісті топтарының бөлу коэффициентін пайдаланыла отырып жатқызылады. Пайдалану шығыстарын реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері және тұтастай өзге де қызмет бойынша бөлу кезінде мыналар назарға алынады:

      1) негізгі құралдарға қызмет көрсетуге арналған материалдардың шығындары қызметтерге тиісті негізгі құралдардың қызметтеріне бөлу қағидаты бойынша бөлінеді;

      2) отын шығындары қызметтерге бөлу базасы (уәкілетті органмен келісілген) және олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттері қолданылып жатқызылады;

      3) жанар-жағар материалдардың (ЖЖМ) шығындары қызметтерге "көлік және арнаулы техника" негізгі құралдар тобының бөлу коэффициенті бойынша бөлінеді;

      4) автокөлік қызметтері (жалдау), негізгі құралдарды жалдау, байланыс қызметтері, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі және одан да көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар шығындардың бөлу базасы (уәкілетті органмен келісілген) және есептелген бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді;

      5) негізгі және қосалқы өндіріс үшін электр энергиясына, шаруашылық мұқтаждарға, жылуға, ыстық сумен жабдықтауға, суық сумен жабдықтауға, кәрізге және өзге коммуналдық қызметтерге арналған шығыстар қызметтерге, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен тікелей байланысты болған жағдайда тікелей немесе, егер олар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты болған жағдайда тиісті ғимараттар мен құрылыстарға есептелген қызметтерге бөлу коэффициенті бойынша жатқызылады;

      6) персоналды оқыту шығыстары, іссапар шығыстары, еңбекті қорғау шығыстары қызметтерге персоналдың тиісті топтарына еңбекақы төлеу қағидаттары сияқты жатқызылады;

      7) өрт және күзеттік қорғау шығыстары қызметтерге тиісті негізгі құралдар тозуының бөлінуіне ұқсас жатқызылады;

      8) өзге де пайдалану шығыстары қызметтерге субъект айқындаған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасы бойынша жатқызылады.

      25. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жалпы және әкімшілік шығыстар қызметтерге негізгі өндірістік шығындардың тиісті қағидаттары сияқты бөлінеді;

      2) өткізу бойынша шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге субъект айқындаған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кезең шығыстарын бөлу коэффициентінің есебі бойынша есептелген бөлу коэффициенттерін пайдалану арқылы бөлінеді;

      3) сыйақылар (пайыздар) бойынша шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге субъект айқындаған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын және Кезең шығыстарын бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 4-қосымша) бойынша есептелген бөлу коэффициенттерін пайдалану арқылы бөлінеді.

      26. Өзге де шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге субъект айқындаған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын пайдалану арқылы бөлінеді.

      27. Кірістерінің, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерінің бөлек есебін жүргізу туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) субъект өткен күнтізбелік жыл үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес үстіміздегі жылғы 1 мамырға дейін ұсынады.

      28. Кірістерді қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есептегі кірістердің жиынтық сомасы субъект тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден кіріс" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

      29. Шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есептегі шығыстардың жиынтық сомасы кезең шығыстарының минусымен субъект тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

      30. Шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есептегі кезең шығыстарының жиынтық сомасы субъект тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

      31. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептілік (қалдық) құны бухгалтерлік есептің тиісті күнгі деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      32. Қағаз жеткізгіштегі мәліметтерге субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды және мөрімен расталады. Мәліметтер уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады.

  Жылу энергиясын өндіру
және (немесе) беру және (немесе) тарату
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
нысан

Жалпы негізгі құралдарды _______________________ тобы бойынша,
(негізгі құралдар тобының атауы)
не материалдық емес активтерді бөлу коэфициентінің есебі

Атауы

Жұмыс жағдайы (жұмыс істейді немесе резервте)

Жыл басындағы қалдық құны, барлығы, мың теңге

Бөлу базасы үшін көрсеткі штің атауы (заттай көрсеткіш)

Бөлу базасы

көрсеткішінің мәні

барлығы

№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет

заттай көрсеткіште

заттай көрсеткіште

коэффициенті 6-бағ./5-бағ.

құны, мың теңге 7-бағ./3-бағ.


1

2

3

4

5

6

7

8


№ 1 жалпы негізгі құралдардың тобы








1.1

№ 1 объект








1.2

№ 2 объект








1.3

№ 3 объект








1._


...









топтың құны, мың теңге (сома (1.1-бет:1._-бет)


(сома (1.1-бет: 1._бет)





(сома(1.1- бет: 1._ бет)


Топ бойынша бөлу коэффициенті







8-бағ./3-бағ.


      кестенің жалғасы

Атауы

Бөлу базасы көрсеткішінің мәні

№ 2 реттеліп көрсетілетін қызмет

Өзге де қызметтер

заттай

көрсеткіште

Коэффициенті 9-бағ./5-бағ.

құны, мың теңге

10-бағ./3-бағ.

заттай

көрсеткіште

Коэффициенті 12-бағ./5-бағ.

құны,

мың теңге

13-бағ./3-бағ.


1

9

10

11

12

13

14


№ 1 жалпы негізгі құралдардың тобы







1.1

№ 1 объект







1.2

№ 2 объект







1.3

№ 3 объект







1._


...








топтың құны, мың теңге (сома (1.1-бет: 1.-бет)



(сома (1.1-жол: 1._жол)



(сома (1.1-жол: 1._жол)


Топ бойынша бөлу коэффициенті



11-бағ./3-бағ.



14-бағ./3-бағ.


      М.О.

      Басшы _________________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      Бас бухгалтер _________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      _______жылғы "____"______________

  Жылу энергиясын өндіру
және (немесе) беру және (немесе) тарату
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан

Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген
активтер туралы есеп
Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: РУ-жылу-2

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне

      Тапсыру мерзімі – ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтер туралы есеп
1. Жалпы нұсқаулар

      Осы түсініктеме жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және тарату қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерді қызмет түрлері бойынша бөлу есебін дайындауына арналған.

      Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.

      Барлық көрсеткіштер құндық көріністе ондық мыңдық белгісіз мың теңгеде толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі есепке субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды және мөрімен расталады. Есеп уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есеп қағаз жеткізгіштегі есепке сәйкес келуі тиіс.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктемелер

      Нысанды толтыру кезінде Субъект жоғарғы сол бұрышта кәсіпорнының атауын, жоғарғы оң бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті.

      Субъект алдыңғы күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.

      Қолданысқа енгізілген активтердің құнын қызметтерге бөлу үшін осы нысан толтырылады, онда активтердің құны алдыңғы қаржы жылының соңғы есепті күндегі жағдайы бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде анықталады.

      Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін бөлу коэффициенті жалпы негізгі құралдарды не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің тиісті есебінің жиынтық жолынан қызметтер түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу туралы есепке ауыстырылады. Әрбір қызметке жатқызылған негізгі құралдар тобының активтерінің құны бөлу коэффициентіне қолданысқа енгізілген активтер құнының туындысы ретінде анықталады.

      1-баған бойынша негізгі құралдардың атаулары бойынша реттік сандары көрсетіледі.

      2-баған бойынша Субъект көрсететін қызмет түрлері бойынша негізгі құралдардың атаулары туралы ақпарат көрсетіледі.

      3-баған бойынша жылдың басындағы қолданысқа енгізілген активтердің қалдық құны туралы ақпарат көрсетіледі.

      4-баған бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес есептелген 1-жалпы негізгі құралдардың тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      5-баған бойынша 1-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі, (3-баған * 4-баған).

      6-баған бойынша Осы Қағидаларға 1-қосымшада есептелген 2-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша негізгі құралдардың тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      7-баған бойынша 2-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі, (3-баған * 6-баған).

      8-баған бойынша Осы Қағидалардың 1-қосымшасында есептелген өзге қызмет бойынша негізгі құралдардың тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      9-баған бойынша өзге қызмет бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі, (3-баған* 8-баған).

      _________________________________

      Мекеменің атауы

р/с

Негізгі құралдардың атауы

Жыл басына қолданысқа енгізілген активтердің қалдық құны, барлығы, мың теңге

қолданысқа енгізілген активтерді қызмет түрлері бойынша бөлу

№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет

№ 2 реттеліп көрсетілетін қызмет

Өзге қызметтер

1-қосымшадан бөлу коэффициенті

активтің құны, мың теңге, 3-бағ.*4-бағ.

1-қосымшадан бөлу коэффициенті

активтің құны, мың теңге, 3-бағ*6-бағ.

1-қосымшадан

бөлу

коэффициенті

активтің

құны, мың

теңге, 3-бағ*8-бағ.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

ғимараттар мен құрылыстар:








1.1.

тікелей қолданысқа енгізілгендер *








1.2.

жалпы








2.

Машиналар, жабдықтар және беру құрылғылары:








2.1.

тікелей қолданысқа енгізілгендер *








2.2.

жалпы








3.

Көлік құралдары:








3.1.

тікелей қолданысқа енгізілгендер *








3.2.

жалпы








4.

Шаруашылық құрал-жабдық:








4.1.

тікелей қолданысқа енгізілгендер *








4.2.

жалпы








5.

Өзге де негізгі құралдар:








5.1.

тікелей қолданысқа енгізілгендер *








5.2.

Жалпы









БАРЛЫҒЫ








6.

Материалдық емес активтер









      * - тікелей қолданысқа енгізілген активтер, яғни тек бір (нақты) қызмет көрсетумен байланысты активтер бөлу коэффициенттері бойынша бөлінбейді және нақты қызметке тікелей жатқызылады. Бұл ретте есепті толтыру кезінде тікелей қолданысқа енгізілген активтердің құны осы кестенің тиісті 5, 7 не 9-бағандарына жатқызылады.

      М.О.

      Басшы _________________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      Бас бухгалтер _________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      _______жылғы "____"______________

  Жылу энергиясын өндіру
және (немесе) беру және (немесе) тарату
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
нысан

_______ жылғы персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстарын бөлу
коэффициентінің есебі

Қызметкердің табельдік нөмірі

Жалақының жылдық қоры, мың теңге

Бөлу базасы үшін көрсеткіштің атауы (заттай көрсеткіш)

Бөлу базасы көрсеткішінің мәні

барлығы

№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет

заттай көрсеткіште

заттай

көрсеткіште

коэффициенті 5-бағ./4-бағ.

осы қызмет

үшін жалақы

қоры, мың теңге6-бағ.*2-бағ.


1

2

3

4

5

6

7

1.

Негізгі және негізгі емес қызметпен айналысатын персонал







1.1.

Қызметкер







1.2.

Қызметкер







1._

...







2.

Көмекші персонал







2.1.

Қызметкер







2.2.

Қызметкер







2._

...







3.

Әкімшілік

басқару

персоналы







3.1.

Қызметкер







3.2.

Қызметкер







3._

...








БАРЛЫҒЫ ЖАҚ, мың теңге (1-бет+2-бет+3-бет)

(1-бет+ 2-бет+ 3-бет)





(1-бет+

2-бет+

3-бет)


Еңбекке ақы

төлеу шығындарын бөлу коэффициенті






7-бағ./

2-бағ.


      кестенің жалғасы

Қызметкердің табельдік нөмірі

Бөлу базасы көрсеткішінің мәні

№ 2 реттеліп көрсетілетін қызмет

Өзге қызметтер

заттай көрсеткіште

коэффициенті 8-бағ./4-бағ.

осы қызмет

үшін жалақы

қоры, мың теңге9-бағ.*2-бағ.

заттай көрсеткіште

коэффициенті 12-бағ./5-

бағ.

осы қызмет

үшін жалақы қоры, мың

теңге 12-бағ.

*2-бағ


1

8

9

10

11

12

13

1.

Негізгі және негізгі емес қызметпен айналысатын персонал







1.1.

Қызметкер







1.2.

Қызметкер







1._

...







2.

Көмекші персонал







2.1.

Қызметкер







2.2.

Қызметкер







2._

...







3.

Әкімшілік-

басқару

персоналы







3.1.

Қызметкер







3.2.

Қызметкер







3._

...








БАРЛЫҒЫ ЖҚ, мың теңге (1-бет+2-бет+3-бет)



(1-бет+ 2-бет+ 3-бет)



(1-бет+ 2-бет+ 3-бет)


Еңбекке ақы

төлеу шығындарын бөлу коэффициенті



10-бағ.

/2-бағ.



13-бағ.

/2-бағ.


      М.О.

      Басшы _________________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      Бас бухгалтер _________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      _______жылғы "____"______________

  Жылу энергиясын өндіру
және (немесе) беру және (немесе) тарату
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
нысан

_______ жылғы кезең шығыстарын бөлу коэффициентінің есебі

Атауы

Жалпы

сома, мың

теңге

Бөлу базасы

үшін көрсеткіштің атауы

(заттай көрсеткіш)

Бөлу базасы көрсеткішінің мәні

барлығы

№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет

заттай көрсеткіште

заттай көрсеткіште

коэффициенті

5-бағ./4-

бағ.

осы қызмет үшін шығындар сомасы, мың теңге 6-бағ.*2-бағ.


1

2

3

4

5

6

7

1

Өткізу бойынша шығыстар







2

Сыйақылар бойынша шығыстар







3

...








шығын БАРЛЫҒЫ, мың теңге (1-бет+2-бет+3-бет)

(1-бет+ 2-бет+3-бет)





(1-бет+2-бет+3-бет)


      кестенің жалғасы

Бөлу базасы көрсеткішінің мәні

№ 2 реттеліп көрсетілетін қызмет

Өзге қызметтер

заттай көрсеткіште

коэффициенті

8-бағ./

4-бағ.

осы қызмет үшін шығындар

сомасы, мың теңге 9-бағ.*2-бағ.

заттай көрсеткіште

коэффициенті

12-бағ./5-

бағ.

осы қызмет үшін шығындар сомасы,

мың теңге 12-бағ.*2-бағ.


8

9

10

11

12

13

1







2







3










(1-бет +2-бет +3-бет)



(1-бет+2-бет+3-бет)


      М.О.

      Басшы _________________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      Бас бухгалтер _________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      _______жылғы "____"______________

  Жылу энергиясын өндіру
және (немесе) беру және (немесе) тарату
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
нысан

Шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: РУ-жылу-5

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне

      Тапсыру мерзімі – ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру
бойынша түсініктеме
Шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есеп
1. Жалпы нұсқаулар

      Осы түсініктеме жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және тарату қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есепті дайындауына арналған.

      Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.

      Барлық көрсеткіштер құндық көріністе ондық мыңдық белгісіз мың теңгеде толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі есепке субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды және мөрімен расталады. Есеп уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есеп қағаз жеткізгіштегі есепке сәйкес келуі тиіс.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктемелер

      Нысанды толтыру кезінде Субъект жоғарғы сол бұрышта кәсіпорнының атауын, жоғарғы оң бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті.

      Субъект алдыңғы күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.

      Шығындарды қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады. Бухгалтерлік есепте тікелей шығындар әрбір реттеліп көрсетілетін қызметке және тұтастай өзге қызметке сәйкес келетін жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) құрылады. Жалпы шығындар үшін бухгалтерлік есепте шығындардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) көзделеді.

      Бөлек есепке реттеліп көрсетілетін қызметтерді және өзге де қызметті көрсетуге арналған субъектінің барлық шығындары жатады, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі - ерекше тәртіп бойынша шығындар) сәйкес ескерілмейтін және ескерілетін шығындар жатады.

      1-нысан бойынша негізгі құралдардың атаулары бойынша реттік сандары көрсетіледі.

      2-нысан бойынша Субъектінің қызмет көрсететін түрлері бойынша шығындардың атауы туралы ақпарат көрсетіледі.

      3-нысан бойынша Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі жалпы сома көрсетіледі, мың теңге (4-баған + 5-баған).

      Шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есептегі шығыстардың жиынтық сомасы кезең шығыстарының минусімен субъект тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.

      Шығындарды қызметтер түрлері бойынша бөлу туралы есептегі кезең шығыстарының жиынтық сомасы субъект тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.

      Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептілік (қалдық) құны бухгалтерлік есептің тиісті күнгі деректеріне сәйкес келуі тиіс.

      4-баған бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы туралы деректер көрсетіледі.

      5-баған бойынша Ерекше тәртіп бойынша шығындардың сомасы туралы ақпарат көрсетіледі.

      6–11-бағандар бойынша Реттеліп көрсетілетін (жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және тарату) және өзге қызметтер (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органмен келісілген өзге қызметтер) бөлінісінде Ерекше тәртіп бойынша шығындар сомасының деректері көрсетіледі, оның ішінде:

      6-баған бойынша уәкілетті орган реттейтін Субъектінің тиісті қызметін бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;

      7-баған бойынша уәкілетті орган реттейтін қызмет шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (6-баған* 5-баған);

      8-баған бойынша уәкілетті орган реттейтін Субъектінің тиісті қызметін бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;

      9-баған бойынша уәкілетті орган реттейтін қызмет шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (8-баған * 5-баған);

      10-баған бойынша Субъектінің өзге қызметтерін (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органмен келісілген өзге қызметтер) бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      11-баған бойынша Субъектінің тиісті реттеліп көрсетілмейтін қызметі шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (10-баған *5-баған).

      Әрбір баптың ішіндегі шығындар жете нақтылануы мүмкін.

      ____________________________________

      Мекеменің атауы

№№

Атауы

Бух. есеп бойынша есепті

кезеңдегі сома, мың теңге

Соманы қызметтерге ерекше тәртіп бойынша бөлу

Барлығы

Оның ішінде

№ 1 реттеліп көрсетілетін

қызмет

№ 2 реттеліп

көрсетілетін

қызмет

Өзге қызметтер

Ерекше тәртіпке сәйкес тарифте ескерілмеген шығындар сомасы

ерекше тәртіп бойынша сома

Бөлу коэффициенті

осы қызметтің шығындар сомасы, 6-баған* 5-баған

Бөлу коэффициенті

осы қызметтің шығындар сомасы, 8-баған * 5-баған

Бөлу коэффициенті

осы қызметтің шығындар сомасы, 10-баған* 5-баған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Негізгі құралдардың тозуы:










1.1.

тікелей қолданысқа енгізілген шығындар*










1.2.

жалпы шығындар










2.

Материалдық емес активтердің амортизациясы:










2.1.

тікелей қолданысқа енгізілген шығындар*










2.2.

жалпы шығындар










3.

Еңбекке ақы төлеу шығыстары:










3.1.

тікелей қолданысқа енгізілген шығындар*










3.2.

жалпы шығындар










4.

Пайдалану шығыстары:










4.1.

тікелей қолданысқа енгізілген шығындар*










4.2.

жалпы шығындар










5.

Кезең шығыстары:










5.1.

тікелей қолданысқа енгізілген шығындар*










5.2.

жалпы шығындар










6.

Өзге шығыстар:










6.1.

тікелей қолданысқа енгізілген шығындар*










6.2.

жалпы шығындар











ЖИЫНЫ











      * - тікелей қолданысқа енгізілген шығындар, яғни тек бір (нақты) қызмет көрсетумен байланысты шығындар бөлу коэффициенттері бойынша бөлінбейді және нақты қызметке тікелей жатқызылады. Бұл ретте есепті толтырған кезде тікелей қолданысқа енгізілген шығындар сомасы осы кестенің тиісті 7, 9 не 11-бағандарына жатқызылады.

      М.О.

      Басшы _________________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      Бас бухгалтер _________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      _______жылғы "____"______________

  Жылу энергиясын өндіру
және (немесе) беру және (немесе) тарату
қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына
6-қосымша
нысан

Қызметтер түрлері бойынша кірістерді бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: РУ-жылу-6

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне

      Тапсыру мерзімі – ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру
бойынша түсініктеме
Қызметтер түрлері бойынша кірістерді бөлу туралы есеп
1. Жалпы нұсқаулар

      Осы түсініктеме жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және тарату қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерді қызмет түрлері бойынша бөлу есебін дайындауына арналған.

      Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.

      Барлық көрсеткіштер құндық көріністе ондық мыңдық белгісіз мың теңгеде толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі есепке субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды және мөрімен расталады. Есеп уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есеп қағаз жеткізгіштегі есепке сәйкес келуі тиіс.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктемелер

      Нысанды толтыру кезінде Субъект жоғарғы сол бұрышта кәсіпорнының атауын, жоғарғы оң бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті.

      Субъект алдыңғы күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.

      1-бағанда есепті кезең көрсетіледі.

      2–15-бағандарда бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кірістер туралы деректер көрсетіледі, мың теңге, реттеліп көрсетілетін (жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру тарату) және өзге қызметтерге (реттеліп көрсетілетін қызметтерімен технологиялық байланысты қызмет түрлері және уәкілетті органмен келісілген басқа қызметтер) оның ішінде:

      2–баған бойынша бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі.

      Қызметтер түрлері бойынша кірістерді бөлу туралы есептегі кірістердің жиынтық сомасы субъекті тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатудан кіріс" деген жолында көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

      3–баған бойынша тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат заттай көріністе көрсетіледі (Гкал);

      4–баған бойынша уәкілетті орган бекіткен тариф туралы деректер көрсетіледі (1Гкал үшін теңге);

      5–баған бойынша есепті кезеңде тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (3-баған* 4-баған);

      6–баған бойынша тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат заттай көріністе көрсетіледі (Гкал);

      7–баған бойынша уәкілетті орган бекіткен тариф туралы деректер көрсетіледі (1Гкал үшін теңге);

      8–баған бойынша есепті кезеңде тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (6-баған * 7-баған);

      9–баған бойынша есепті кезеңде өзге қызметтен түскен кірістің деректері көрсетіледі (12-баған + 15-баған);

      10–баған бойынша тиісті өзге қызметтердің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі(Гкал);

      11–баған бойынша тиісті қызметтер ұсынылған өзге қызметтің бағасы туралы деректер көрсетіледі;

      12–баған бойынша есепті кезеңде тиісті өзге қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (10-баған * 11-баған);

      13–баған бойынша тиісті өзге қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат заттай көріністе көрсетіледі;

      14–баған бойынша тиісті қызметтер ұсынылған өзге қызметтің бағасы туралы деректер көрсетіледі;

      15–баған бойынша есепті кезеңде тиісті өзге қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (13-баған * 14-баған).

      ____________________________________

      Мекеменің атауы

Есепті

кезең

Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кіріс, мың теңге

Жалпы сома (барлығы)

оның ішінде кіріс

№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет

№ 2 реттеліп көрсетілетін қызмет

көрсетілген қызметтердің нақты көлемі (Гкал)

бекітілген

тариф

(1Гкал

үшін теңге)

осы қызметтен

түскен

кіріс, 3-бағ*4-бағ.

көрсетілген қызметтердің нақты көлемі (Гкал)

бекітілген

тариф

(1Гкал

үшін теңге)

осы

қызметтен

түскен

кіріс, 6-бағ*7-бағ.

1

2

3

4

5

6

7

8


















      Кестенің жалғасы

Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кіріс, мың теңге

оның ішінде кіріс

өзге қызметтерден

Барлығы

12-бағ. + 15-бағ.

оның ішінде

№ 1 өзге қызмет

өзге қызмет

көлемі

бағасы

кіріс

бағ. 10 * бағ. 11

көлемі

бағасы

кірісі

бағ. 13 * бағ. 14

9

10

11

12

13

14

15
















      М.О.

      Басшы _________________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      Бас бухгалтер _________________ ______________

      Т.А.Ә. қолы

      _______жылғы "____"______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады