Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 қарашада № 8885 тіркелді

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-1) тармақшасын іске асыру және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.
      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 30 қазандағы 
№ 440 бұйрығына      
қосымша         

Орта білім беруді жан басына нормативтік
қаржыландыру әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес азаматтардың міндетті тегін орта білім алу құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз етудің жан басына қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында әзірленді.
      2. Жан басына нормативтік қаржыландыру орта білім беру ұйымдарының білім беру процесіне және білім беру ортасына шығыстарды қаржыландыруды қамтиды.
      3. Орта білім беру ұйымының білім беру процесіне мынадай шығыстар жатады:
      қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге арналған шығыстар;
      жұмыс берушінің жарналары;
      қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына бір лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыру үшін берілетін жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстар;
      оқу шығыстары (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекілік материалдар және құралдар);
      білім беру процесін қаржыландыру көлеміндегі ынталандыратын бөлік – орта білім беру ұйымының қызметкерлеріне сыйлықақылар төлеуге және олардың еңбекақысын қызмет нәтижелеріне қарай саралау мақсатында ынталандыратын үстемеақылар белгілеуге, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының білім беру процесімен байланысты басқа да қажеттіліктерді өтеу үшін қарастырылған республикалық бюджет қаражаты.
      Орта білім беру ұйымының білім беру процесіне жұмсалатын шығыстар әрбір білім алушыға анықталады (білім беру процесіне жан басына қаржыландыру нормативі).
      Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшері мыналар бойынша ажыратылады:
      іске асырылатын білім беру бағдарламаларының түріне қарай: жалпы білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру оқыту бағдарламалары, үйде жеке оқыту;
      іске асырылатын білім беру бағдарламаласының деңгейіне байланысты: жалпы орта білім беретін мектептер, лицей және гимназияларда мектепалды сыныптарындағы мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру;
      білім беру бағдарламасының іске асырылу орнына қарай: қала, ауылдық жер.
      4. Білім беру ортасын қаржыландыру төмендегілер үшін төлемдерді қамтиды:
      коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтері;
      ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, ғимарат пен жабдықтарды ұстау және күту, мектеп жанындағы интернаттарды ұстау бойынша қызметтер;
      оқушыларды тамақтандыру және тасымалдау;
      Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығыстары;
      басқадай қызметтер (қаржылық қызметтер, салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер).
      Білім беру ортасына шығыстар орта білім беру ұйымдарының нақты қажеттіліктері негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары есепке алына отырып қаржыландырылады.
      5. Орта білім беру ұйымының білім беру процесін қаржыландыру – республикалық бюджет қаражатынан, білім беру ортасын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Әдістемеде орта білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін және білім беру ортасын қаржыландырумен байланысты тұрақты сипаттағы шығындар ескеріледі.
      Күрделі шығыстар Әдістемеде ескерілмейді. Күрделі шығыстар республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Барлық меншік нысандарындағы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін қаржыландыру бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі білім беру саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім беру ортасын қаржыландыру бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшілері облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беру бөлімдері болып табылады.
      7. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынаста білім беру процесін қаржыландыру көлеміне кіретін ынталандыру бөлігін құруға қосымша шығыстар қарастырады.

2. Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативін және
қаржыландыру көлемін есептеуде қолданылатын көрсеткіштер

      8. Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативін және қаржыландыру көлемін есептеуде пайдаланылатын көрсеткіштер:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін базалық лауазымдық қызметақы (бұдан әрі – БЛҚ);
      2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагогикалық қызметкердің апталық нормативтік оқу жүктемесі:
      18 сағат – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сыныптарындағы жұмыс үшін;
      24 сағат – орта білім беру ұйымдарында мектепалды сыныптардағы жұмыс үшін;
      3) білім беру деңгейлері бойынша үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес апталық сағат саны:
      22 сағат – үлгілік оқу жоспары бойынша бір мектепалды даярлық сыныбына есептегендегі орташа сағат саны;
      34 сағат – үлгілік оқу жоспары бойынша бастауыш білім беретін бір сыныпқа (шағын топтарға бөлінуін ескере отырып) есептегендегі орташа сағат саны;
      44 сағат – үлгілік оқу жоспары бойынша орта білім беретін бір сыныпқа (шағын топтарға бөлінуін ескере отырып) есептегендегі орташа сағат саны;
      46 сағат – үлгілік оқу жоспары бойынша жалпы орта білім беретін бір сыныпқа (шағын топтарға бөлінуін ескере отырып) есептегендегі орташа сағат саны;
      8 сағат – үйде жеке оқыту жағдайында бастауыш білім беруге есептегендегі аптасына орташа сағат саны;
      10 сағат – үйде жеке оқыту жағдайында негізгі орта білім беруге есептегендегі аптасына орташа сағат саны;
      12 сағат – үйде жеке оқыту жағдайында жалпы орта білім беруге есептегендегі аптасына орташа сағат саны.
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты нормаларының негізінде алынған сыныптардың есептік (мөлшерленген) толымдылығы:
      қалалық жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда және лицейлерде – 24 адам;
      ауылдық жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда және лицейлерде – 20 адам.
      5) «Балалар мен жасөсіпірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда сыныптардың шекті толымдылығы инклюзивті сыныптарды іріктеу шарттарын есепке алғанда 25 оқушыдан аспайды.

3. Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативін және
қаржыландыру көлемін есептеу

      9. Орта білім беру ұйымдарының бір жылда білім беру процесін қаржыландыру көлемі мына формула бойынша анықталады:

      мұндағы:
      БПҚ – орта білім беру ұйымдарының бір жылдағы білім беру процесін қаржыландыруы.
      Бір орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда БПҚ білім беру бағдарламаларының түрлері мен білім беру деңгейлері бойынша бір оқушыға шаққандағы құнды саралау негізінде анықталады.
      Стzy – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру процесін қаржыландыру көлемі (бір жылдағы жан басына қаржыландыру нормативі) мына формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      Трzy – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы педагогикалық құрам, әкімшілік, басқарушылық, қосымша және техникалық қызметкерлердің жылдық еңбекақы қоры,
      X – қорлану циклін ескере отырып, бір жылда бір оқушыға шаққандағы тиісті жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген бір айлық есептік көрсеткішке тең келетін (2013 – 1731 теңге) оқу шығыстары.
      Трzy – білім беру бағдарламасының түріне (z) және білім беру деңгейіне (y) байланысты мына формула бойынша есептеледі:

 

       мұндағы
       

       мұндағы:
       Трzy нег. – педагогикалық қызметкерлер, басқарушылық, әкімшілік, қосымша және техникалық персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы қоры;
      Трzy өтем. – Арал өңіріндегі және Семей ядролық сынақ полигонындағы экологиялық апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақылық сипаттағы ақшалай төлемдердің жылдық мөлшері;
      ЛҚe – айлық тарифтік мөлшерлеме немесе экологиялық апат аймақтарында тұратындардың лауазымдық қызметақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақы;
      Wf – төмендегі формуламен анықталатын педагогикалық қызметкерлер, басқарушылық, әкімшілік, қосымша және техникалық персоналдың айлық еңбекақы қоры:

      мұндағы:
      ЛҚ – 50 967 теңгені құрайтын бір айдағы педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық қызметақысы;
      с – ауылдық жерде жұмыс үшін төленетін еңбекақы қорының қымбаттау коэффициенті. Ауылдық жерде коэффициент 1,25-ке, қалалық жерде – 1,0-ге тең;
      е – экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін еңбекақы қорының қымбаттау коэффициенті – 0,5;
      БЛҚ – базалық лауазымдық қызметақы;
      uzy – қосымша төлемдер мен үстемақылардың коэффициенті:
      жалпы үлгідегі орта білім беру ұйымдары және арнайы (түзету) орта білім беру ұйымдары (сыныптар, топтар) үшін uz мәні 1,25 тең;
      жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын орта білім беру ұйымдары (сыныптар, топтар) үшін uz мәні 1,29 тең.
      h – педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің коэффициенті – 0,06.
      Бұл коэффициент педагогикалық қызметкерлердің жалпы санындағы біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы алатын педагогикалық қызметкерлердің үлесін көрсетеді.
      r – радиациялық қауіп-қатер аймақтарында тұрғаны үшін еңбекақы қорының қымбаттау коэффициентінің мөлшері – 2,0.
      АЕК – тиісті жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
      Дe – экологиялық апат аймақтарында тұратындар үшін қосымша демалыстың ұзақтығы күнтізбелік 12 күн болғандағы қосымша демалыс ақысының мөлшері;
      Дr – радиациялық қауіп-қатер аймақтарында тұратындар үшін қосымша демалыстың ұзақтығы күнтізбелік 14 күн болғандағы қосымша демалыс ақысының мөлшері;
      t – ҮОЖ бойынша аптадағы сағаттар саны;
      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;
      d – сыныптардың есептік (мөлшерленген) толымдылығы;
      f – басқарушылық, әкімшілік, қосымша және техникалық персоналға арналған еңбекақы қорының қымбаттау коэффициенті – 0,55;
      in – мектеп жанындағы интернаттардың персоналына арналған еңбекақы қорының қымбаттау коэффициенті – 0,1.
      Мектеп жанында интернаты жоқ білім беру ұйымдары үшін коэффициент 0-ге тең;
      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;
      s – салықтар мен аударымдар коэффициенті, ондық бөлшек. 1+(1-р)* sno формуласы бойынша есептеледі, мұндағы
      р – зейнетақы аударымдарының коэфициенті, ондық бөлшек;
      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэфициенті, ондық бөлшек – 0,11;
      z – білім беру бағдарламасының түрін (жалпы білім беру, тереңдетілген, жеке (үйде) оқыту) көрсететін индекс;
      y – білім беру деңгейін (мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) көрсететін индекс;
      Контzy – білім алушылар контингенті;
      Қынта – білім беру процесін қаржыландыру көлемін құрайтын ынталандыру бөлігі.
      10. Білім беру процесін бір жылда бір оқушыға шаққандағы жан басына қаржыландыру нормативі (Стzy) сыныпқа белгіленген мөлшерден тыс қосылған әр бала үшін азая береді:
      26-дан 30 балаға дейін – 4%-ға;
      30-дан 40 балаға дейін - 5%-ға;
      41 және одан көп балаға - 6%-ға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады