"Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 887 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 желтоқсанда № 9019 тіркелді

      Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 тіркелген «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 26 шілдедегі № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шілдедегі № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шілдедегі № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шілдедегі № 107 (2098) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық:
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ӘҚҚ органдары нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ оларға тиісті функцияларды орындау үшін қажетті жанартаудың қызметі туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.»;
      408-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «408. Авариялық хабардар етумен:
      1) диспетчерлік қызмет көрсету ұсынылатын барлық әуе кемелері;
      2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының және 61-бабының 4-тармағының ережелерін есептеу ұшу жоспарын ұсынған немесе олардың орналасу орны ӘҚҚ органдарына өзге көздерден белгілі болған басқа әуе кемелері;
      3) заңсыз араласу объектісі болып табылатын әуе кемесі, белгілі болуына немесе болжалуына қатысты қамтамасыз етіледі.»;
      411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «411. ӘҚҚ-да тұрған әуе кемесінде апатты жағдай туындаған кезде ӘДО диспетчерінде (ӘАДП) ол бұл туралы әуеайлақтың апатты-құтқару командасын және тиісті іздестіру және құтқару үйлестіру орталығын кезектілік ретімен хабардар етеді.»;
      412-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «412. Егер ӘҚҚ органы бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің экипаждары радиобайланысының кезекті сеанс уақытын белгілемесе, ұшу жоспарға сай өткізіліп жатқандығын көрсету үшін радиобайланыстың соңғы уақытынан кейін 20 және 40 минут аралығында ӘҚҚ органымен радиобайланысты тексереді. Хабарлау әуе кемесінің танымдық (шақыру) индексін және «ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөзді немесе QRU (ЩРУ) сигналын қамтиды»;
      мынадай мазмұндағы 412-1-тармағымен толықтырылсын:
      «412-1. «Ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөздерді қамтитын хабарлама тиісті диспетчерлік пунктке хабарламаны тарату үшін әуе кемесі ұшуды орындайтын жауапкершілік ауданындағы тиісті диспетчерлік пунктінің (авиациялық электрбайланыс станциясы), соның ішінде аралас диспетчерлік пункттің жұмыс жиілігінде немесе басқа жиілікте беріледі.
      413-тармақ алып тасталсын;
      414-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «414. Осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген жағдайларда ӘҚҚ органдары іздестіру және құтқару органдарын үйлестіру орталықтарына хабар береді.»;
      415-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «415. Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына берілген ақпараттың мынадай мазмұны бар:
      1) авариялық жағдай сатысы (белгісіздік сатысы - INCERFA, дабыл сатысы - ALERFA немесе апат сатысы - DETRESFA);
      2) хабарлама берген органның атауы;
      3) оқиғаның сипаты;
      4) ұнғу жоспарына қатысты қажетті ақпарат;
      5) әуе кемесінің экипажы байланыста соңғы рет болған орган, уақыт және пайдаланылған құрал;
      6) соңғы орналасқан жері туралы ақпарат және оны анықтау тәсілдері;
      7) әуе кемесінің түсі мен ерекшеленетін таңбасы (ақпарат бар болған кезде);
      8) қауіпті жүктердің бар болуы (ақпарат болған жағдайда);
      9) хабарламаны және басқа қажетті мәліметтерді беретін, орган қолданатын іс-қимылдар.
      Егер осы тармақта аталған кез келген ақпарат іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына хабарлама беру сәтінде болмаса, егер апат сатысы болады деген негізделген сенімділік бар болса, ӘҚҚ органы оны апат сатысына дейін алуға тырысады.»;
      416-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «416. Авариялық жағдай сатысы туралы хабарламадан басқа іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы кез келген қосымша маңызды ақпаратпен, әсіресе сатылар бойынша авариялық жағдайдың өзгерісі туралы ақпаратпен немесе апатты жағдайды болдырмау туралы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.»;
      422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «422. Егер ӘҚҚ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп белгілесе, осы Нұсқаулықтың 423-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол авариялық жағдай сипаты туралы жақында орналасқан әуе кемелерінің экипаждарына хабарлайды.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің    
2013 жылғы 12 қарашадағы    
№ 887 бұйрығына           
қосымша              

Әуе қозғалысын ұйымдастыру және
оған қызмет көрсету жөніндегі 
нұсқаулыққа 4-қосымша     

Авариялық сатыларды енгізу және іздестіру және құтқарудың
үйлестіру орталығына хабарлау

Авариялық


Енгізілетін авариялық сатылар

Белгісіздік сатысы (хабарлама - ALR INCERFA)

Дабыл (хабарлама -  ALR ALERF

Апат сатысы (хабарлама - ALR DETRESFA)

Алынатын ақпарат

Ұшу кезінде радиобайланыстың жоғалуы

ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдалану кезінде екіжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды.

әуе кемесінің радиолокация ық белгісі бар болған жағдайда радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жібергендігі) анықталғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі

белгіленген рұқсат етілген ұшу  бағытынан ауытқушылығы кезінде радиобайланыс болмаған енгізіледі

мәжбүрлі қонуды орындау кезінде және радиобайланыс болмаған кезде енгізіледі

ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдаланбаған кезде екіжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды.

енгізілмейді

радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жібергендігі) анықталғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі


Әуе кемесі экипажының байланысқа шықпауы

Егер бақыланатын әуе кеңістігіне кіруге рұқсат алған әуе кемесі сұратылған уақытта байланысқа шықпаса және оның орналасқан жері белгісіз болса.

кірудің сұратылған (рұқсат етілген) уақытынан кейін 5 минут өткен соң енгізіледі

белгісіздік сатысы  енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Егер әуе кемесінің экипажынан бақыланатын әуе кеңістігіне шығуы туралы мәлімет түспесе немесе оның орналасқан жері белгісіз болса

шығудың есептік уақытынан кейін 5 минуттан соң енгізіледі

белгісіздік сатысы  енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесі белгісінің жоғалуы

Егер әуе кемесінің радиолокациялық белгісі жоғалса, радио байланыс болмаса, ал әуе кемесінің орналасқан жері белгісіз болса

енгізілмейді

осы уақыт ішінде әуе кемесімен радиобайланыс орнатудың сәті түспесе, әуе кемесінің радиолокациялық белгісі жоғалғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесінің әуе айлаққа, тікұшақ айлағына немесе қону алаңына келмеуі

Бақыланбайтын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлаққа (қону алаңына) әуе кемесі келмеуі туралы ақпарат түскен кезде

енгізілмейді

ақпарат кейін 5 соң енгізіледі

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақта (қону жолағында) қонуды орындайтын әуе кемесінің экипажы қонуды орындағандығы туралы ӘҚҚ органына хабарламады, радиобайланыс жоқ және орналасқан жері белгісіз

енгізілмейді

келудің уақыты 20 минуттан соң

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесінің экипажы бақыланатын әуеайлакка (қону алаңына) қонуға рұқсат алды және қонбады, әуе кемесінің орналасқан жері белгісіз, ал осы әуе кемесімен радиобайланыс жоқ

енгізілмейді

әуежайдың (әуеайлақтың) авариялық-құтқару командасына қосымша хабар берумен рұқсат бергеннен кейін 5 минуттан соң

АЖ туралы сенімді ақпаратты алған кезде немесе дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесінің бортындағы өрт, жүмыс істемеуі, бүзылуы

Егер экипаж мэжбүрлі қону туралы мэлімет бермесе, жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зілзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің коды) немесе эуе кемесінің пайдалану жай-күйі нашарлағандығын көрсететін ақпарат алынды

енгізілмейді

ақпаратты кейін 5 ішінде

іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған кезде енгізіледі

Жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зілзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің коды) жэне/немесе эуе кемесінің жай-күйінің нашарлығы жақын арадағы әуеайлаққа мэжбүрлі қонуды орындагандығынан көрсетілетін ақпарат алынды

енгізілмейді

ақпаратты кейін 5 ішінде

іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған кезде енгізіледі

Әуе айлақтан тыс мәжбүрлі қону

Ақпарат алынды немесе эуе кемесі мэжбүрлі қонуды орындағалы жатканы немесе орындағаны жэне іздестіру-құтқару операциясы орындау қажет етілетін негізді сенімділіктің бар болуы

енгізілмейді

енгізілмейді

ақпаратты  алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі

Заңсыз араласы актілері

Әуе кемесі заңсыз араласу объектісі болғандығы белгілі немесе болжамдалады (Әуе кемесінің экипажынан баяндау алынды, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің кодын көрсету, басқа сенімді көздерден мәліметтерің келуі)

енгізілмейді

ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі

мәжбүрлі қонуды орындаған және іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған жағдайда енгізіледі

Әуе кемесінің бортындағы жарылғыш құрылғы

Әуе кемесінің бортындағы жарылғыш құрылғы туралы ақпарат алынды

енгізілмейді

ақпарат кейін 5 ішінде

мәжбүрлі қонуды орындаған және іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған жағдайда енгізіледі

Отынның ең аз қалуы

Әуе кемесінің бортындағы жанармай қоры ұшудың қауіпсіз аяқталуына кепілдік бермейтіндігі туралы әуе кемесі экипажынан хабарлама келді немесе басқа да көздерден белгілі болды

енгізілмейді

енгізілмейді

ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады