"2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 4-2/621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 4-2/681 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 30 желтоқсанда № 9053 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріні 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 4-2/621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8944 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                                     А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 27 желтоқсандағы 
№ 4-2/681 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 3 желтоқсандағы 
№ 4-2/621 бұйрығымен бекітілген

2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына
облыстар бойынша астық сатып алу квоталары

Облыс атаулары

Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу квотасының көлемі, мың тонна

Ақмола

65,8

Шығыс Қазақстан

8,8

Қарағанды

8,4

Қостанай

46,9

Павлодар

7,3

Солтүстік Қазақстан

51,4

БАРЛЫҒЫ

188,6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады