Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № А-1/54 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 ақпанда № 3658 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № А-4/123 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе бөлімі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 26.09.2013 № А-9/406 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Т.Б.Қатаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р.Әкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады