Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 593 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қазанда № 3843 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 23 қаңтардағы 2015 жылғы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 23.01.2015 № 48 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы әкімдігінің "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 25 маусымдағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-186, 2012 жылдың 17 шілдесінде "Зеренді" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Зеренді ауданы әкімдігінің "2013 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3605, 2013 жылдың 1 ақпанында "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Жүсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады