Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы № А-1/3 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 3617 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына және 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 20.09.2013 № А-9/302 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
      3.Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады