Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 60 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 сәуірде № 3551 болып тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, сәйкес Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау үшін Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілген жобаның негізінде Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері;

      Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 10.07.2020 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бекітілген жобалық құжаттаманы Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарының және Ақтөбе қаласы әкімдеріне тапсырсын.

      3. Ақтөбе қаласының, Хромтау, Қарғалы, және Мәртөк аудандарының әкімдері, Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан ұсыныс жасау:

      бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізсін;

      олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етсін.

      4. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Үсенғалиев Ә.Е.) осы қаулыны басқарманың ғаламтор-қорында жариялауын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Облыс әкімдігінің
2013 жылғы 6 наурыздағы
№ 60 қаулысына қосымша

Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      авиациалық - химиялық жұмыстарды жүргізуге;

      өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптерге қарсы химиялық құралдар қолдануға;

      топырақтарды тыңайту үшін көң ағындары пайдалануға;

      улы химикаттар, минералдық тыңайтқыштар және жанар-жағар май материалдары қоймалары, аппаратураларға улы химикаттар құю алаңдары, мал шаруашылығы кешендері мен фермалары, өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын үю және көму орындары, молалар мен малкөмінділері, сарқынды сулар жинағыштар орналастыруға;

      көң және қоқыс жинақтауға;

      техникалық қызмет көрсету пунктерінде, автомобильдерге, тракторларға және басқа да машиналар мен механизмдерге отын құйылмайды, оларды жуу және жөндеу жүргізуге;

      су қорғау аймақтары 100 метрден кем болған және іргелес жатқан аумақ баурайының тіктігі 3 градустан асқан кезде саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер орналастыруға;

      көлік құралдарының тұрақтары, соның ішінде олар саяжайлық және бау-бақшалық учаскелердің аумақтарында да орналастыруға;

      басты мақсатта ағаш кесуге;

      жергілікті атқарушы органдардың және су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкілетті органдардың келісімінсіз ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникациялар мен басқа нысандарды реконструкциялау, сонымен бірге пайдалы қазбалар өндіру, жер қазу жұмыстарды және басқа жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.

      2. Су қорғау белдеулері шегінде:

      жүйелі түрде жер жыртуға, тыңайтқыштар пайдалануға;

      шайылған топырақ үйінділері жинауға;

      мал жайюға және олардың жазғы лагерлерін (дәстүрлі суат орындарын пайдаланбағанда) ұйымдастыруға;

      саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер жайғастыруға;

      жеке тұрғын үй немесе саяжайлық және басқа құрылыстарға учаскелер бөлуге;

      арнайы мақсаттағы техниканы қоспағанда, автомобильдердің, тракторлардың және механизмдердің қозғалысына жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады