Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 қазандағы № 263 "Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 95 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 мамырда № 3592 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 27.06.2013 № 101 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 қазанындағы № 263 «Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-2-122 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде № 49 (1667) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Осы шешімнің тақырыбындағы «және спорт» деген сөз, «спорт және ветеринария» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1 тармақтағы «және спорт» деген сөз «спорт және ветеринария» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                Аудандық мәслихат
        сессия төрағасы:                       хатшысы:

         А.АЛМАҒАМБЕТОВ                      А.ЕРМАҒАМБЕТ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады