Ақсу ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 11-87 шешімі, Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 13 ақпанда N 2299 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қазандағы № 34-221 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 16.10.2014 № 34-221 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік - мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      мәслихат хатшысы                           С.Серпербаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақсу аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы"                                   Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы
      22 қаңтар 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады