Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын-үй жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі N 22-97 шешімі. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 18 қазанда N 2455 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 38-160 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 38-160 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен тұрғын-үй жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты құқылық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           М. Тілеубай

      Мәслихат хатшысы:                          Б. Смаилов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қаратал ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Серік Жапарұлы Амандосов
      24 қыркүйек 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады