"Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтiк көмек беру туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қарашадағы № 10-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 14-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірінде № 1934 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 36-4 қаулысымен

     Ескертпе. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 29.10.2014 ж. № 36-4 қаулысымен.
     РҚАО-ның ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтiк көмек беру туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қарашадағы № 10-4 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1862 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 1 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақта:
      «бір айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «екі айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.
      3. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      С. Абдималиков

Аудандық мәслихат
хатшысы
Б. Дондаұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады