Бір жолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 17-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 шілдеде № 1967 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 25-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 31.03.2014 № 25-8 шешімішен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Молдашева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы
      мәслихат хатшысы                           Б. Саудабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады