Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессиясының № 26/260 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 2518 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі № 26 (3927) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), Абай аудандық мәслихатының 14 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы № 14/145 "Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2222 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 наурыздағы № 14 (3965) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), Абай аудандық мәслихатының 17 сессиясының 2013 жылғы 20 маусымдағы № 17/179 "Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2358 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 шілдедегі № 29 (3980) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 2 тармағының 4) тармақшасындағы ";" белгісі "." белгісіне ауыстырылсын;
      2) Ереженің 2 тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) Ереженің 7 тармағындағы "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын," сөздері алынып тасталсын;
      4) Ереженің 8 тармағының 9) тармақшасындағы ";" белгісі "." белгісіне ауыстырылсын;
      5) Ереженің 8 тармағының 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
      6) Ереженің 1 қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туғындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы                            Б. Жұмабеков

      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ

      "Абай ауданының экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            Б. Муталяпова
      23.12.13 г

      "Абай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            З. Шакентаев
      23.12.2013

Абай аудандық мәслихатының
26 сессиясының 2013 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 26/260 шешіміне
қосымша

Абай ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін
көрсету Ережесiне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде
Өтініш

      Өтініш иесін қосқанда ___________________ адамнан тұратын менің
отбасыма тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша
шығындарды өтеуге жәрдемақы төлеуді өтінемін.
      Мен және менің отбасымның мүшелері, заңды және жеке тұлғаларға
берілуі мүмкін табыстар жөнінде, ақпаратты ашуға өз рұқсатымызды
береміз.

Өтініш берушінің деректері:

Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________

Жеке куәлігінің деректері ___________________________________________
                                (туған күні, нөмірі және жеке куәлігінің берілген күні)

Банк шоты _________________________ ЖСН _____________________________

Кіріс түрі (зейнетақы, еңбекақы, стипендия) _________________________

Өтініште көрсетілген басқа кірістерім жоқ.

Мекенжайы: қала (кент) ______________, көше ______________, үй ______
пәтер ______ телефон ___________________.

Меншігі ___________________________ Түрі ____________________________
                                                         (жеке, мемлекеттік)

Жалпы алаңы ______________ шаршы метр, бөлмелер саны ________________

Күні _____________________                 Қолы _____________________

_____________________________________________________________________
                          (кесу сызығы)

      Жалған ақпараттар мен дерексіз (жалған) құжаттарды бергені үшін
жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтініш берушінің қолы ____________________________

      Өтініш __________ тіркеу нөмірі _______ саны ________ дана қоса
беріліп отырған құжаттармен 20 ___ жылғы "___"__________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметі
және қолы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады