Ақтоғай ауданы бойынша 1997 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қаңтарда № 2500 болып тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында 2014 жылғы 01 сәуірге дейін ұйымдастырылсын.

      2. Тіркеуге жататын азаматтар шақыру қағаздарын алған күннен бастап білім беру ұйымдарының және басқа ұйымдардың басшылары оларды дәрігерлік сараптамадан өту және құжаттар жинау үшін жұмыстан, оқудан босатсын.

      3. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Алишев - келісім бойынша) 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты Ақтоғай ауданының әкіміне 2014 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қайрат Оразұлы Нөкешке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Омарханов Н.И.

КЕЛІСІЛДІ


Балқаш қаласының қорғаныс


істері жөніндегі біріктірілген


бөлімінің бастығы

Б.А. Алишев


      6 желтоқсан 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады