Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы N 289 "Қарқаралы ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы N 113 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 шілдеде N 2348 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 31.05.2016 № 141 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы N 289 "Қарқаралы ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-13-107 болып тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы N 91-92(11007) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Қарқаралы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар қылмыстық-атқару инспекциясы пробациясы қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
       1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Қарқаралы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір пайызы мөлшерінде, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін нөл бүтін бес ондық пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарқаралы ауданының әкімі
К. Максутов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады