Байланыс формасы

Қызылорда облысы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру, елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі N 118 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 тамызда N 4496 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы N 255 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қызылорда облыстық мәслихатының 13.02.2015 № 255 шешімімен (шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады).
      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берiлген Қызылорда облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын көріктендіру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау Қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда облыстық мәслихатының
      18 сессиясының төрағасы А. Шоманов
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Еламанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Өңірлік даму министрінің
      міндетін атқарушы
      _________________ Қ. Өскенбаев
      2013 жылғы "10" шілде

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2013 жылғы 10 шілдедегі
N 118 шешiмiмен бекiтiлген

Қызылорда облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын көріктендіру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызылорда облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын көріктендіру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексiне, "Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Қағида елдi мекендер аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазарту, тазалығын сақтау, инфрақұрылым объектiлерiн күтiп ұстау және қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қатынастарын реттейдi, қалдықтарды жинау, әкету, қайта өңдеу және көму тәртiбiн анықтайды, сондай-ақ, меншiк нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға облыстың елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Елдi мекендердiң аумағын көріктендіру, санитарлық күтiп ұстау, тазартуды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету, жасыл желектердi күтiп ұстау, қорғау және шауып тастау жөнiндегi жұмыстардың үйлестiрлуiн және ұйымдастырылуын қарамағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары мәселелерi бар қала және аудандар әкiмдiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi жүзеге асырады.

2. Осы Қағидада қолданылатын негiзгi ұғымдар мен анықтамалар

      4. Ғимарат – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ, жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн.
      5. Елдi мекеннiң аумағы – қалалық немесе селолық елдi мекеннiң белгiленген шекара (iшкi аумағы) шегiндегi кеңiстiк.
      6. Алынып тасталды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2014 N 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. Жол – мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ, трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда – соларды қамтиды.
      8. Алынып тасталды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2014 N 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      9. Алынып тасталды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2014 N 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      10. Қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрi кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлiнген орындарға немесе объектiлерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет.
      11. Қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.
      12. Қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою.
      13. Қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерiнен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектiлерiне тасымалдау.
      14. Мамандандырылған кәсiпорындар – қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмудi жүзеге асыратын ұйымдар.
      15. Санитарлық тазарту – мақсаты елдi мекенде халықтың тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын iс-шаралар жүйесi.
      16. Алынып тасталды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2014 N 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      17. Тротуар – жолдың жүргiн бөлiгiмен қатарлас немесе одан газонмен бөлiнген жаяу жүргiншiнiң қозғалуына арналған элементi.
      18. Үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Үйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн.

3. Елдi мекендердiң объектiлерiн, аумақтарын тазалау және күтiп ұстау

      19. Елді мекендердің аумағын санитариялық тазалау жүйесі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды ұтымды жинауды, жоюды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды көздейді және оларды мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
      20. Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару күнделікті таңертеңгі сағат 7-ден ерте емес және кешкі сағат 23-тен кеш емес уақытта жүргізіледі.
      21. Қоғамдық пайдалану орындарында урналар орнатылады. Урналар арасындағы қашықтық адамдар көп жүретін көшелерде кемінде 40 метр және адамдар аз жүретін көшелерде кемінде 100 метр көзделеді. Қоғамдық көліктің аялдама орындарда урналарды орнату міндетті. Урналарды тазарту олардың толуына байланысты жүргізіледі.
      22. Жол жабындары жолдың жүретін бөліктеріне жиналатын ластанулар жасыл желектер жолдарына немесе тротуарларға сарқынды сулардың ағынымен шықпайтын етіп жуылады.
      23. Қозғалысы жоғары қарқынды көшелерге жылдың ыстық уақытында су себіледі.
      24. Алынып тасталды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2014 N 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      25. Жапырақтар түсетін кезеңде түскен жапырақтар уақтылы жиналады. Жиналған жапырақтар арнайы бөлінген учаскелерге немесе компостеу алаңына шығарылады. Тұрғын үй құрылыстарының аумағында, гүлзарлар мен саябақтарда жапырақтарды өртеуге жол берілмейді.
      26. Тұрғын үй аудандарының, шағын аудандардың аумақтарында, сондай-ақ үй жанындағы аумақтарда бөлінген жер учаскелерінің шекараларында мынадай тәртіп сақталады:
      1) аумақ таза ұсталуы тиіс, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарының, кварталшылық өткелдердің және жолдардың жабындары тегіс болуы тиіс;
      2) аулаларға өз еркімен әртүрлі шаруашылық немесе қосымша құрылыстар салуға тыйым салынады;
      3) үй жанындағы аумақты құрылыс материалдарымен қоқыстауға тыйым салынады;
      4) инженерлік коммуникациялар мен құдықтарды тексеру және тазалау уақтылы жүргізіледі.
      27. Суаратын-жуатын және сыпырып-жинау машиналарын толтыру техникалық сумен жүзеге асырылады.
      28. Жасыл желектер алаңына, тротуарларға, газондарға мұз сынықтарын, қарды лақтыруға, орналастыруға және жинақтауға тыйым салынады.
      29. Тұрғын үй объектісінің, ұйымның, мекеменің аумағына санитариялық ажыраулары ұйымдастырылмаған қоқыс жинау алаңдарын және септиктерді, қазылған шұқырларды, аулалық қондырғыларды салуға және қайта жабдықтауға тыйым салынады.
      30. Жағажай аумағына урналар орнатылады және бір-бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта ауыз су келіп тұратын бұрқақтар орнатуға жол беріледі.
      31. Күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағаны, шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды жинау, дәретханаларды тазалау және дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдық жинау жүргізіледі.
      32. Шешінетін орындар, шешінуге арналған павильондар, киім ілетін ашық және жабық орындар күнделікті дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады және жуылады.
      33. 33. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сирек жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі.
      34. Адамдар шомылуға арналған орындарда кір жууға және жануарларды шомылдыруға жол берілмейді.
      35. Қоқыс жинайтын қондырғыларды орнатуға бөлінген учаскелері бар саябақтардың шаруашылық аймағы демалушылар жаппай жиналатын орындарынан (би, эстрада алаңдары, бұрқақтар, бас аллеялар, көпшілік павильондары) 50 метрден жақын емес орналасады.
      36. Саябақтарда урналар 800 шаршы метр алаңға кемінде бір урна есебінен орнатылады. Бас аллеялардағы урналар арасындағы қашықтық 40 метр болып көзделеді. Урналар ларектар, дүңгіршектердің және жылжымалы үстелдердің жанына орнатылады.
      37. Ауладағы дәретхана мен су өтпейтін сыйымдылықты объектінің шаруашылық аймағына орналастырады.
      38. Демалушылар жаппай жиналатын орындардан алыс орындарда қалдықтарды жинаудың ыңғайлылығы үшін қалдықтар мен сыпырындыларды уақытша сақтау үшін арақашықтық жинақтағыштар орнатылады.
      39. Негізгі жинау саябақ жабылғаннан кейін таңертеңгі сағат 8-ге дейін жүргізіледі. Күндіз ағымдық жинау, жасыл желектерді суару, қалдықтар мен түскен жапырақтарды жинау жүргізіледі.
      40. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы-тұрақты тазарту аптасына бір реттен сирек жүргізіледі.
      41. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 "Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген, Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыру ережесiне сәйкес орналастырылады.
      42. Сыртқы жарық элементтерiн, жарық жарнама және маңдайшаларды күтiп-ұстау және пайдалану "Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы N 1354 қаулысына сәйкес қамтамасыз етiледi.

4. Жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау

      43. Жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары;
      атмосфералық ауа;
      ормандар мен өзге де өсiмдiктер;
      жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры;
      табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиiс.
      44. Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.
      45. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды.
      46. Жердi қорғау мақсатында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар:
      1) жердi су және жел эрозиясынан, селдерден, су басудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, радиоактивтi және химиялық заттармен ластанудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан, оның iшiнде биогендiк ластанудан, сондай-ақ басқа да терiс әсерлерден сақтау;
      2) ауыл шаруашылығы алқаптарын және басқа да жердi бактериялық-паразиттiк және карантиндiк зиянкестермен және өсiмдiктер ауруларымен зақымданудан, арамшөптер, бұталар және шiлiктер басып кетуден, жердiң жай-күйiнiң өзге де нашарлану түрлерiнен қорғау;
      3) ластанудың, оның iшiнде биогендiк ластанудың және жердiң қоқыстануының салдарларын жою;
      4) мелиорацияның қол жеткiзiлген деңгейiн сақтау;
      5) бүлiнген жердiң құнарлылығын қалпына келтiру, топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, жердi айналымға уақтылы енгiзу;
      6) топырақтың құнарлы қабатын кейiннен жердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн алу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
      47. Сауда базарларының аумақтарын күтiп ұстау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 131 "Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу, кәдеге жарату, зиянсыз ету, тасымалдау, сақтау және жою

      48. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.
      49. Елді мекендер аумағында тұтыну қалдықтарын жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады.
      50. Орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәріз жүйелеріне қосылған тұрғын объектілері, ұйымдар мен кәсіпорындар аумағында қоқыс жинауға арналған аулалық қондырғылар, қазылған қоқыс төгетін орлар мен алаңдар салуға немесе қайтадан жабдықтауға жол берілмейді.
      51. Кәрізденбеген аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңнан және дем алатын орындардан кем дегенде 25 метр қашықтыққа, құдықтан, бұлақ көзінен кем дегенде 50 метр қашықтыққа алшақтатады.
      52. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы аудандарында алаңның шетінен 1,5 метр радиустағы контейнер алаңына іргелес аумақта қажеттілігіне қарай қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы-тұрақты тазарту жүргізеді.
      53. Көлік құралдарын жууға арналған алаңды шаруашылық аймағынан тыс жерде орналастырады. Алаңда салқын су келтірілген жуу бөлімшесі қарастырылады. Таза және лас контейнерлердің және полигонға келетін қоқыс тасығыштардың көлік ағындары қиылыспауы тиіс.

6. Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      54. Осы Қағиданы бұзған кiнәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады