Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 мамырдағы N 97 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 мамырда N 4459 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 08.11.2017 № 103 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңдарына, және "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" N 56 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4329 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2012 жылы 07 қарашадағы N 90 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының
      кезектен тыс он бесінші
      сессиясының төрағасы Б. Турахметов
      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Данабай

  Арал аудандық мәслихатының
2013 жылғы "02" мамырдағы
кезектен тыс он бесінші сессиясының
N 97 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне" сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 2-тармағында көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 14.08.2013 N 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 05.05.2015 N 232 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 18.02.2014 N 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:
      1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      1 адамға - 70 киловатт;
      2 адамға – 140 киловатт;
      3 және одан да көп адамға – 150 киловатт.
      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:
      4 адамға дейін – 10 килограмм;
      4 және одан да көп адамға – 20 килограмм.
      3) отын пайдалану от жағу маусымына:
      4 адамға дейін – 0,5 тонна.
      4 және одан да көп адамға – 1 тонна.
      4) сумен жабдықтау – 1 айға 1 адамға тиісті уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша.
      5) тұрғын үйді күтіп ұстау – ай сайын 1 адамға 18 шаршы метр.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады