2013 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы N 119 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 10 маусымда N 4462 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 394 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 25.12.2013 N 394 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А. Алдажаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                            С. Мақашов

      Қазалы ауданы әкімдігінің
      2013 жылғы "20" мамырдағы
      N 119 қаулысына қосымша

2013 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
      4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
      5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады