Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 сәуірдегі N 121 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 мамырда N 4443 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 шілдедегі N 161 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 26.07.2013 N 161 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Облыстық бюджет есебінен 2013 жылдың 30 маусымына дейін біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 68000 (алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
      3) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істегендігі (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 42630 (қырық екі мың алты жүз отыз) теңге мөлшерінде.
      2. Аудандық бюджет есебінен біржолғы материалдық көмек 2013 жылдың 30 маусымына дейін көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесiрлерiне; екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан; сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 30 (отыз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХV сессиясының төрағасы                Ш. Ерімбетов

      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы               С. Каюпов

Об оказании единовременной материальной помощи

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 24 апреля 2013 года N 121. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 13 мая 2013 года за N 4443. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 26 июля 2013 года N 161

      Сноска. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 26.07.2013 N 161.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Законом Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года "О специальном государственном пособии в Республике Казахстан" Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать единовременную материальную помощь до 30 июня 2013 года за счет средств областного бюджета:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны; не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне; бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере 68000 (шестьдесят восемь тысяч) тенге;
      2) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 25000 (двадцать пять тысяч) тенге;
      3) лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 42630 (сорок две тысячи шестьсот тридцать) тенге.
      2. Оказать единовременную материальную помощь в срок до 30 июня 2013 года за счет средств районного бюджета:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;
      2) не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне; бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны и лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;
      3) военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, а также военнослужащим, ставшими инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия; лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях; лицам ставшими инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      ХV сессии районного маслихата             Ш. Еримбетов

      Исполняющий обязанности
      секретаря районного маслихата             С. Каюпов