Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 154 қаулысы Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 маусымда № 2256 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бекiтiлсiн.
      2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Б.Әлібекова) мамандарды даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегiнде бағдарламаның әкiмшiсi – Маңғыстау облысының бiлiм басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. «Маңғыстау облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (Д.Н.Жұмашева):
      республикалық бюджеттен  нысаналы  трансферттер есебінен техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсiн;
      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Х.Х.Нұрғалиеваға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Облыс әкiмi                             А. Айдарбаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Маңғыстау облысының
      білім басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Д.Н.Жұмашева
      27 мамыр 2013 жыл

      «Маңғыстау облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.М.Қалмұратова
      27 мамыр 2013 жыл

      «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік
      және өнеркәсіп басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.М.Байжауынова
      27 мамыр 2013 жыл

      «Маңғыстау облысының
      қаржы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М.Б. Әлібекова
      27 мамыр 2013 жыл

      «Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      Ж.Ұ. Ұланова
      27 мамыр 2013 жыл


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 мамырда № 154 қаулысымен
бекітілген

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен
техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға
2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
 

Кәсіп пен мамандықтың коды мен атауы

Оқушылар саны

Базалық білімі

Оқыту тілі

Оқу мерзімі

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

1114000 Пісіру ісі (түрлері

бойынша):

111404 2 Электргазымен пісіруші


25


9 сынып


қазақша


2 жыл
10 ай


Жиыны:

25




2. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» МКҚК

1307000 Электр байланысы жүйелі құрылыстары мен сымдық тарату жүйелерін пайдалану:

130702 2 Электр байланысы жүйелі құрылыстары мен сымдық тарату жүйелері электромонтері


 
 
 

25


 
 
 

9 сынып


 
 
 

орысша


 
 
 

2 жыл
10 ай

Жиыны:

25




3. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК

0901000 Электростанциялардың электрожабдықтары, кіші станциялар және желілер (түрлері бойынша):

090104 3 Техник-электрик


 
 
 
 

25


 
 
 
 

9 сынып


 
 
 
 

қазақша


 
 
 
 

3 жыл
6 ай

0906000 Жылулық электрлік станцияларының қазандық, жылу өңдеуші, жылуэнергетикалық қондырғылары:

090603 3 Техник-жылутехнигі


 
 
 
 

25


 
 
 
 

9 сынып


 
 
 
 

орысша


 
 
 
 

3 жыл
10 ай

Жиыны:

50




4. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК

1114000 Пісіру ісі (түрлері бойынша):

111406 3 Техник-механик


25


9 сынып


қазақша


3 жыл
6 ай

Жиыны:

25




5. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» МКҚК

1401000  Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану: 

140121 3 Құрылыс-технигі


25


9 сынып


қазақша


3 жыл
6 ай

0802000 Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану:

080204 3 Техник-механик


25


11 сынып


қазақша


2 жыл
10 ай


Жиыны:

50




6. «Жаңаөзен политехникалық колледжі» ЖШС

1108000 Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша):

110821 3 Электромеханик


 
 
 
 

25


 
 
 
 

11 сынып


 
 
 
 

қазақша


 
 
 
 

2 жыл
10 ай


1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша):

130202 3 Электромеханик


25


9 сынып


қазақша


3 жыл
10 ай


Жиыны:

50




7. «Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының колледжі» мекемесі

1204000 Cу көлікті пайдалану(бейін бойынша):

120410 3 Кеме жүргізуші-техник


25


9 сынып


қазақша


3 жыл
6 ай


Жиыны:

25




8. «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау колледжі» ЖШС

1203000 Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару:

120305 3 Техник


 
 
 

25


 
 
 

11 сынып


 
 
 

қазақша


 
 
 

2 жыл
10 ай


Жиыны:

25





Барлығы:

275





      Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МКҚК - Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
      ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады