Әкімдіктің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 38 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 1051 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 маусымда № 4150 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 956 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 29.04.2014 № 956 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 38 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-142 тіркелген, 2010 жылғы 23 ақпанда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ келесі мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қостанай облысының аумағында Қостанай қаласының сыртында орналасқан арнайы білім беру ұйымдарының объектілеріне бару үшін мүгедек-балаларды және оларды жетелейтін тұлғаларды автомобиль көлігімен Қостанай қаласынан және кері тегін тасымалдау жүргізіледі;".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.

      Әкім                                       Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалары
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______ В. Константинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады