Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 133 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қазанда № 4275 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 30.03.2017 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Мәслихаттың 2013 жылғы 27 наурыздағы № 95 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4096 тіркелген, 2013 жылғы 26 сәуірде "Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Арқалық қалалық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрайымы Г. Елтебаева
      Арқалық қалалық
      мәслихаттың хатшысы Н. Шалдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ К. Омарова
      

  Мәслихаттың
2013 жылғы 3 қазандағы
№ 133 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) ең төменгі күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органымен есептелетiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкiлеттi ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      8) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешiмiмен құрылатын комиссия;
      10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органдарымен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
      4. Жеңіс күні - 9 мамыр мереке күні болып табылады.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi

      5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
      6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарды есептемегенде:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 29.05.2014 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге, табыстарды есептемегенде, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажайларға және оңалту орталықтарына жол жүруге және кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарды есептемегенде, 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға, табыстарды есептемегенде, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
      4) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есептемегенде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша жоғары білімді алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен көп емес мөлшерінде;
      5) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, ерлі-зайыптыларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына, кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұрмыстық қажеттіліктерге, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарды есептемегенде, 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 150 мың теңге мөлшерінде;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 235 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) жергілікті өкілді органдармен ең төменгі күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
      Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі Қостанай облысы бойынша бір еселік ең төменгі күнкөрiс деңгейi мөлшерінде белгіленсін.
      9. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
      10. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      11. Мереке күнiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органмен бекiтілген тiзiм бойынша көрсетiледi.
      12. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тұлғалар ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты;
      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады.
      13. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтініш беруші өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл әкіміне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
      4) осы Қағидалардың 7-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардың (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      15. Әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      16. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл әкiмiне жiбередi.
      Кент, ауыл әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      17. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      18. Өтініш берушінің қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      19. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл әкімінен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      20. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      21. Уәкiлеттi орган өтініш берушінің әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      22. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етедi.
      23. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек өтініш берушінің банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Арқалық қаласының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      27. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе заңнамада белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң деректер қорын пайдалана отырып жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады