Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2013 жылы ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2013 жылғы 15 наурыздағы № 98 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 сәуірде № 4084 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 22 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 20.01.2014 № 22 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2013 жылы ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезекті сессиясының төрағасы               А. Черкасов

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады