2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 ақпанда № 4005 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағының, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      орта арнайы және кәсіптік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсіптік қайта даярлау курстарын бітірушілер;
      жасқа байланысты еңбекке жарамсыз тұлғалар (елу жастан жоғары);
      "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, олар үшін лайықты жұмыс болмаған жағдайда.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
      _________________ Т. Волоткевич

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады