Ақтоғай ауданында 2013 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 60 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 08 сәуірде N 3497 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 қазандағы N 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 11.10.2013 N 254 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) бірде-бір жұмыскері жоқ отбасынан шыққан жұмыссыздар;
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды бітірген жұмыссыздар;
      5) медициналық-санитарлық сараптамалық комиссияның еңбекке шектеулі жарамдығы туралы анықтамасы бар тұлғалар;
      6) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;
      7) мүгедек балаларды және мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші ата-аналар.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын іске асыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Қожанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады