Павлодар ауданы ауылдық округтер және ауыл әкімдеріне кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 маусымдағы N 195/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде N 3571 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы N 529/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 12.12.2013 N 529/12 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық округтер және ауыл әкімдеріне кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жай ретінде Павлодар ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрайымы                     А. Әшірбекова
      24 маусым 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады