Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 26 наурыздағы № 1/226 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы N 4/1047 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 желтоқсанда N 1017 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы N 3/653 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 05.08.2014 N 3/653 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 26 наурыздағы № 1/226 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 974 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесіндегі:
      «2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген  «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің:
      4 тармағындағы:
      «және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын;
      аталған қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің:
      2 тармағындағы:
      «және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкімі                А. Есімов

Енгізуші:

Алматы қаласы Табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы                       А. Рахимбетов

Келісілді:

Алматы қаласы
әкімінің орынбасары                         Е. Шорманов
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
сапасының сақталуын бақылау
бөлімінің басшысы                           М. Сүйіндіков
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы                       А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады