Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 29 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда N 2070 болып тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы 2014 жылғы 17 маусымдағы N 16.7.3/1350 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы 17.06.2014 N 16.7.3/1350 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2013 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
      2. Қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақы төлемінің мөлшері бекітілсін.
      3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 451-002-100 «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері есебінен жүргізілсін.
      5. Қоғамдық жұмыстардың шарттары 5 (бес) күн ұзақтығымен, екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) жұмыс аптасы, сегіз сағаттық жұмыс күні, 1 (бір) сағат түскі үзіліс белгіленеді, еңбек жағдайларын ескеріп, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шарттарымен көзделген жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады.
      6. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Т. Мұхамедьяров):
      1) уақытша қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жіберуді қамтамасыз етсін, бекітілген тізбеге сәйкес;
      2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.
      7. Петропавл қаласы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын, қосымшаға сәйкес.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы оны алғашқы рет ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Петропавл қаласы әкімінің м.а.        Н. Байбақтинов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «ЖИТС-тің алдын алу және күресу
      жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық       А. Сыздықова
      орталығы» ММ бастығы

      «Коммунхоз Петропавловск» жауапкершілігі     М. Қалиев
      шектеулі серіктестігінің директоры

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      «Солтүстік Қазақстан облысының              Е. Сейдімбеков
      Әділет департаменті» ММ бастығы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      «Солтүстік Қазақстан облысының
      Әділет департаменті Петропавл қаласының       Ж. Самашев
      әділет басқармасы» ММ бастығы

      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Сот актілерін орындау комитетінің
      Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін      Р. Базылов
      орындау департаменті» ММ бастығы

      «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан      Ж. Ілияс
      облысы бойынша басқармасы» ММ бастығы

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің «Облыстық наркологиялық
      орталығы» шаруашылық жүргізу
      құқығындағы коммуналдық мемлекеттік           Б. Ыбыраев
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері

      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
      жанындағы соттардың қызметін
      қамтамасыз ету департаментінің
      Солтүстік Қазақстан облыстық сотының          С. Ақтанов
      кеңсесі» ММ бастығы

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының қорғаныс істері           Д. Ғабдуллин
      жөніндегі басқармасы» ММ бастығы

      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Салық комитеті Солтүстік Қазақстан
      облысы бойынша Салық департаментінің
      Петропавл қаласы бойынша                   М. Мұхамеджанов
      Салық басқармасы» ММ бастығы

      «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер
      департаменті Петропавл қаласының             Ә. Қасейінов
      ішкі істер басқармасы» ММ бастығы

Петропавл қала әкімдігінің
2013 жылғы 14 қаңтарда
№ 29 қаулысымен
бекітілді

Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 06.06.2013 N 1019 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)


р/
р

Кәсіпорын, ұйым атауы

Жұмыс
орын-
дары

Қоғамдық жұмыс түрі

Жұмыс көлемі

Қоғамдық жұмыстар-
дың ұзақ-
тығы (ай)

Қаржылан-
дыру көзі

1

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

230 адам

Қала аумағын жинауға көмек көрсету;
аумақтарды көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету;
мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындауға көмек көрсету

453735000 шаршы метр;
 
57150 шаршы метр;
 
 
28000 мұзды блоктар

12

Петропавл қаласының бюджеті

2

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

7 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету;

қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

3

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы «Сот актілерін орындау бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі

10 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету, құжаттарды өңдеуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

4

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі

7 адам

АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттармен, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету, құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

5

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі

7 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапалығы және жеделділігі мақсатында мәліметтер дерекқорын құруға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

6

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

9 адам

Петропавл қаласы бойынша есептелген және төленбеген салық сомасы туралы хабарлама тапсыру

80000 хабарлама

12

Петропавл қаласының бюджеті

7

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының мәліметтер дерекқорын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

8

«Петропавл қаласының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Иесіз мүлік ретінде жер учаскелерін тексеруге және таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек; мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек

7000 құжат

12

Петропавл қаласының бюджеті

9

«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітаптарын жасауға көмек, құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

10

«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

11

«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Петропавл қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылдау үшін иесіз тұрғын және адам тұрмайтын объектілерді анықтау.
Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету

1250 тұрғын объектілерін тексеру
 
 
 
 
 
Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

12

«ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Халықтың әлжуаз топтарының арасында АИТВ–инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында алдын алу бағдарламаларын іске асыруға көмек көрсету

2500 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелесулер өткізу барысында маманға көмек

12

Петропавл қаласының бюджеті

13

«Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі

29 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету

8400 іс

12

Петропавл қаласының бюджеті

14

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

15

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

8 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

16

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

10 адам

АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттармен, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, жеке тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету, құжаттарды сақтауға даярлауда өңдеуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

17

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

2 адам

Қаланың оқу орындарында есірткі инъекциялары мен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету

3200 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелесулер өткізу барысында маманға көмек

12

Петропавл қаласының бюджеті

18

«Петропавл қаласының жұмыспен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету;

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

19

«Петропавл қаласының жұмыспен дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

20

«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті


Қорытынды

339 адам





Петропавл қала әкімдігінің
2013 жылғы 14 қаңтарда
№ 29 қаулысымен
бекітілді

Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар еңбекақы төлемінің мөлшері

      Ескерту. Жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 06.06.2013 N 1019 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)


р/р

Жұмыс түрлері

Бір жұмыссызға еңбекақы төлемінің мөлшері

Жұмыс тәртібі

Бес күндік жұмыс аптасы

1

Физикалық жүктеме және ашық ауамен байланысты жұмыстар (қаланы абаттандыру, тазалау, жөндеу және құрылыс жұмыстары)

2,2 ең төменгі еңбекақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

жұмыс күні - 8 сағат

2

Ғимарат ішінде орындалатын және физикалық жүктемемен байланыссыз жұмыстар

1,2 ең төменгі еңбекақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

жұмыс күні - 8 сағат

Петропавл қала әкімдігінің
2013 жылғы 14 қаңтардағы
№ 29 қаулысына
қосымша

Петропавл қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі

      1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысы (2011 жылғы 27 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-209, 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1 «Қызылжар нұры», 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1 «Проспект СК» газеттерінде жарияланған).
      2. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 249 қаулысы (2012 жылғы 28 ақпандағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-211, 2012 жылғы 2 наурыздағы № 9 (379) «Қызылжар нұры», 2012 жылғы 2 наурыздағы № 9 (426) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған).
      3. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 879 қаулысы (2012 жылғы 23 мамырдағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-220, 2012 жылғы 1 маусымдағы № 22 (392) «Қызылжар нұры», 2012 жылғы 1 маусымдағы № 22 (439) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған).
      4. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 1375 қаулысы (2012 жылғы 24 тамыздағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-232, 2012 жылғы 30 тамыздағы № 35 (405) «Қызылжар нұры», 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 38 (455) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған).
      5. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1936 қаулысы (2012 жылғы 11 қазандағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1896, 2012 жылғы 19 қазандағы № 42 (412) «Қызылжар нұры», 2012 жылғы 26 қазандағы № 43 (460) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады