Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2013 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 675 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 сәуірде N 2246 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы N 980 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 27.05.2013 N 980 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына,«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 38–бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2013 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                Б. Жұмабеков

      Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 10 сәуірдегі
№ 675 қаулысына
қосымша

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру
мерзімдерін және Петропавл қаласында 2013 жылы
басым ауылшаруашылық дақылдарын
егудің оңтайлы мерзімдері

р/р

Дақылдардың
атауы

Өтінім беру мерзімдері

Егу мерзімдері

1

Қияр

2013 жылғы 10 мамырға дейін

29.01.2013 жылғы –
30.03.2013 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады