Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" N 5-6-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 5-12-9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде N 2259 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Айыртау аудандық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-3-161 2012 жылғы 24 тамызда тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте «Айыртау таңы» № 36, «Айыртауские зори» № 36 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы»;
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.»;
      көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы»;
      орыс тілінде «Правила оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» деген тақырыптан кейін «1. Общие положения» деген сөздермен толықтырылсын;
      орыс тіліндегі мәтінде 1-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық мәслихатының
      кезекті ХIІ сессиясының
       төрағасы                                   В. Казаркин

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық мәслихатының
      хатшысының м.а                             В. Казаркин

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Е. Қазбеков

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданының экономика
      және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Рамазанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады