"Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 404 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы N 439 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 қарашада N 2403 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы N 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 11.05.2016 N 132 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 404 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 13-6-155 тіркелген, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Есіл таңы" және "Ишим" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      Кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Әбішев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы соты жанындағы
соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
Солтүстік Қазақстан облыстық
Сот кеңсесінің басшысы
2013 жылғы 31 қазан
Сайран Қайыржанұлы Ақтанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша "Халыққа қызмет
көрсету орталығы"
республикалық мемлекеттік
кәсіпорын филиалының
Есіл ауданы бойынша
бөлімінің басшысы
2013 жылғы 31 қазан
Жасұлан Серікұлы Бұжықаев
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2013 жылғы 31 қазан
Мақсот Жәкияұлы Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады