Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд селолық округі Затон селосының құраушы бөліктеріне атау беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд селолық округі әкімінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 24 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 мамырда N 2285 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд селолық округі әкімінің 2013 жылғы 22 мамырдағы N 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд селолық округі әкімінің 22.05.2013 N 32 шешімімен

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес және Затон селосының тұрғындарының пікірлерін есепке ала отыра, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд селолық округі Затон селосының құраушы бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округінің әкімі                    Б. Еңсегенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қызылжар аудандық құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            И. Нұрғалиев

      «Қызылжар аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С. Алдаева

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Петерфельд селолық округі әкімінің
2013 жылғы 10 сәуірдегі № 24
шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд селолық округі Затон селосының құраушы бөліктерінің атауы

      Бірінші көше - Железнодорожная көшесі;
      Екінші көше - Молодежная көшесі;
      Үшінші көше - Заводская көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады