Мамлют ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 сәуірдегі N 13/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 мамырда N 2263 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты 2014 жылғы 3 наурыздағы N 11.24.3.9/44 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты 3.03.2014 N 11.24.3.9/44 хаты)

      «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, 2013 жылға Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                            А. Жұнысов

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық мәслихаты
      хатшысы                                         Р. Нұрмұқанова

        «КЕЛIСIЛДІ»

      «Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлiмi»
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы                 Ы. Насыров

      «Мамлют аудандық экономика және қаржы бөлімі»
      мемлекеттiк мекемесi бастығының м.а.            А. Яковенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады