"2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпандағы N 45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 335 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 5 қарашада N 2395 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» 2013 жылғы 7 ақпандағы № 45 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2219 бойынша тіркелген, 2013 жылғы 2 сәуірдегі «Нұрлы ел» аудандык газетінің арнайы басылымда, 2013 жылғы 2 сәуірдегі «Қызылту» аудандык газетінің арнайы басылымда жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармағы келесі мазмұнда 13) тармақшасымен толықтырылсын:
      «13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар»;
      2 тармағы келесі мазмұнда 3) және 4) тармақшаларымен толықтырылсын:
      «3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының әкімі                  А.Төрегелдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады