Байланыс формасы

Атырау облысы Мақат ауданының Ескене және Байшонас елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 130-V шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 139 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 2713 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 62737-баптарына сәйкес, Атырау облысы Мақат аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХІІІ сессиясында ШЕШТІ:
      1. Атырау облысы Мақат ауданының Ескене және Байшонас елді мекендері таратылсын.
      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Облыс әкімі
      М. Қаражігітова                            Б. Ізмұхамбетов

      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады