Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 585 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 желтоқсанда № 2806 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 18.11.2014 № 523 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының3-тармағына және V шақырылған аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 14 маусымдағы ХІІІ сессиясының № 13-7 "Бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі міндетін атқарушы
      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық мәслихаттың ХІІІ
      сессиясының төрағасы
      13 қараша 2013 жыл
      Жылыой ауданы мәслихатының
      хатшысы
      13 қараша 2013 жыл

М. Ізбасов
 
 
Т.Майлыбаев
 
 
М. Кенғанов
 


Жылыой ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 13 қарашадағы № 585
қаулысына қосымша

Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары
      1) күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
      2. Білім беру мамандарының лауазымдарының тізбесі:
      1) директор;
      2) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары; жалпы білім беретін мектептердің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,
      3) интернат, кітапхана меңгерушісі;
      4) барлық мамандықтағы мұғалімдер, педагог-психолог, әлеуметтiк педагог, аға вожатый, интернат тәрбиешісі, тәрбиеші, үйірме жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, көркемдік жетекші, музыкалық жетекші, кітапханашы, зертханашы, медициналық бике.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесі:
      1) Клуб меңгерушісі;
      2) әдіскер;
      3) музыкалық жетекші;
      4) кітапхана меңгерушісі;
      5) кітапханашы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады